Жаратылыстану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сыныпқа «Жаратылыстану» пәні бойынша орта мерзімді жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.


Авторлары: С.Н. Кузнецова, Д.Н. Сапақов, И.Н. Васева, Ә.Қ. Жамиева, М.Қ. Құсайынова, М.Қ. Тасболатова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен

Мектеп” баспасымен бірлесіп әзірленген

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілген


























4 Мәртөк жалпы орта ББ мектеп





















Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Магнит

Мектеп: №4 Мәртөк жалпы орта ББ мектеп

Күні : 09.04.2019ж.


Мұғалімнің есімі:Турганбаева Т

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі: магниттердің қасиетін зерттеу;

жүргізілген экспериментті түсіндіру.


  • Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жолақты магниттер (әр оқушыға);

  2. металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарын­даштар­ және т.б.);

  3. көзәйнек (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат;

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. магниттік қасиетке ие заттар болатынын біледі;

  3. магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі.


Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік


(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады.


Электромагнит — өзінен электр тогын өткіз­ генде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

Магниттер. Оқушылардың назарын суретке аударып, сұраңыз:

Негеш нені қарап отыр?

Ол не туралы ойланып отыр?


Осыны жұпта талдауды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Мынадай сұрақтарды қойыңыз:


Не болды? Барлық заттар магнитке тартылды ма? (Жоқ.)


Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не бо­ лады?


Осы кезеңде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және онымен тәжірибе жасап көргенін анықтап алу маңызды. Магниттердің бір-біріне тартылуы мүмкін деген қорытынды жа­ саңыз.

Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіне назар аудартыңыз.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)

Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)


Эврика не істемекші?

Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.)


Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.)


Магниттік қасиеттер. Суретке тағы да қараңыз. Оқушылардан магнитке тартылған заттарды атауды сұраңыз. Қорытынды жасатыңыз. Осы заттардың барлығына ортақ не бар? Оқушылар ол заттар металдан жасалған немесе металл бөлшектері бар деген қорытындыға келе алады. Магниттердің кей­ бір заттарды ғана тарта алатынын айтып беріңіз. Магниттің осы қасиетін қалай атауға болатынын сұраңыз. (Магниттік қасиеттер.) Суреттерге сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Ойын өткізіңіз. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұруын сұраңыз. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраңыз. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебі­ леміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды­ тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраңыз­. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.


Зерттейік. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Мүмкіндігінше әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар болсын. Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындай алады. Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны зерттейді. Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді. Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.

1-топ Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның


арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады.


2-топ Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар


мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін­ дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.



3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу



керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай­ шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.

4-топ.



Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнек­-тің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шыны­ның астымен магнитті жылжыту арқылы оқу­ шылар­ қағаз қыстырғыштар­ қозғала ма, жоқ па тексе­ реді. Тәжірибе барысында­ оқушылар: “Магниттің­ тартылысы шыныдан­ өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.



Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдері­ сінің орындалуы туралы айтып береді.



Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді” деген қорытынды жасай алады.



Сен білесің бе?

Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз.



Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жасалған материалына қарай зат­ тарды салыстыру.



Оқушыларға тұсбағар (компас) жасауды тапсы­ рыңыз. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магнит­ теп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәти­-жені тұсбағар көмегімен тексеруге болады.


Кестені толтыр. Оқушыларға түрлі заттардың суреттері салынған үлестірмелі парақшаларды таратыңыз. Олардың арасында металдан жасалған және металл емес заттар болуы керек. Үлестірмелі парақшаларды нөмірлеңіз. Оқушылар берілген заттардың ішінен қайсысы магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары қажет. Осы тапсырмадан кейін оқушылар кестеге сәйкес нөмірлерді жазып, толтыра алады.

Бағалау



  1. Оқушылар магниттердің қасиеттерін біледі.


Сиқырлы магнит. Оқушыларға зерттеу нәтиже­ леріне байланысты магниттің қасиеттерін өткізетін заттар мен материалдарды атауды ұсыныңыз. Кестеде қай материал жоқ? (Құм.) Магниттік қасиеттерге­ ие заттардың суретін салуды ұсыныңыз.

Шыны



Пластик



Ағаш



Су



Топырақ




Қағаз




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жарық

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп: №4 Мәртөк жалпы орта ББ мектеп

Күні : 16.04.19ж


Мұғалімнің есімі: Турганбаева Т

СЫНЫП: 1А

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. Тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарын көрсе­­ тетін cюжетті суреттер.

Найзағайдың пайда болуы туралы бейнефильм­ нен үзінді.


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. әртүрлі жарық көздерінің жарық шығаратынын біледі

  3. табиғи жарық көздерін негізгі белгілер арқылы ажыратады;

  4. күн сәулесінің барлық тірі ағзалар үшін қажет екенін біледі

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Жарық майда бөлшектер ағыны әрі электромагнитті толқын болып табылады.


Ай жарығы күн сәулесінің шағылуынан пайда болады.


Күн — қызған газды шар. Күн сәулесіне тура қарауға болмайды.

Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушыларды позитивтік көңіл күйге келтіру және сабақтың тақырыбына логикалық түрде ауысу үшін “Жарық — қараңғы” деген ойын өткізу керек. Оқы­-тушы рет-ретімен тәуліктің күндізгі және түнгі суреттерін көрсетеді. Oқушылар күнделікті тәжі­ рибелеріне­ сүйене отырып, әр уақыттағы адамның­ іс-әрекетін көрсетеді.

Ойын аяқталған соң, оқушылардан “Неліктен адам қараңғыға қарағанда жарықта тым белсенді болады?” — деп сұраңыз.


Оқушылар “жарықта айнала жақсы көрінеді” деген қорытындыға келуі керек. Адам мен жан-жануар­ лардың табиғатпен қарым-қатынасын қараңғылық шектейді.


Қараңғыда кейбір тіршілік иелері белсенді өмір сүреді, олардың есту, көру және сезу қабілеттері өте жақсы дамыған. Кейбір адамдар өз мамандығы бойынша (дәрігер, өртсөндіруші, полиция, зауыт және фабрикадағы кешкі кезектегі жұмыскерлер) түнгі уақытта жұмыс істеп, күндізгі уақытта ұйықтап, демалады. Түнгі кезекте жұмыс істейтін мамандық иелеріне назар аударыңыздар.


Жұмбақты шеш. Оқушыларға жұмбақты шешуді ұсыныңыз. Жақсы оқи алатын оқушыға оқып беруді ұсынуға болады. Неге күндіз жарық? Жерді не жарық­ тандырады? — деген сұрақтар қойыңыз.


Оқушылар күн өз жарығымен біздің ғаламшарды жарықтандырады деп қорытындылауы керек.

Оқулықтағы суреттерді қарастырып және бәй­ шешекті мысалға ала отырып, өсімдіктердің­ дамуына әрі өсуіне күннің тигізетін әсерін талқылаңыз.


Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің бастал­ ғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Бәйшешек туралы аңызды айтыңыз.

Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл Бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрайды. Күн ержүрек Бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады”. Оқушылар күннің өсімдіктердің өсуінде өте маңызды рөл атқаратынын түсінуі қажет.


Мысалдарды салыстырыңыз: “Неге қараңғы уақыт­­ та сауысқан, аю немесе қояндар ойнамайды?”


Күннің шуағы жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызды екеніне назарын аудартыңыз. Оқушылардан аю мен қоян туралы қандай ертегі білетінін сұраңыз.


Табиғатты түсіну үшін найзағай сияқты табиғи жарықтың пайда болуы жайлы бейнематериалдардың үзіндісін көрсетіңіз.

Суретке қара. Суретте қандай жарық көзі бей­ неленгенін сұраңыз. Әр суретті бөлек қарас­тыруын­ ұсыныңыз: қалай аталады, қалай жарықтан­дырады?­ Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы­ қандай?­ “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұраңыз. Оқу­ шылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Жауабы

Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады.

Зерттейік. Ауа райы ашық күні далада зерттеу жүргізуге болады. Жасалған зерттеулерді белгілеп немесе сурет түрінде түсіріп алу үшін оқушыларға қойындәптер және қарындаш таратып беріңіз. Мүмкіндік болса, қалаға саяхат ұйымдастырыңыз.


Алдын ала қоғамдық орындарда оқушының өзін ұстау тәртібіне байланысты қауіпсіздік техникасы ережесі бойынша нұсқаулық өткізіңіз.


Оқушылар күннің жарығында кімнің тым бел­ сенді болатынын бақылап, бақылау нәтижесін қойын­ дәптеріне түсіруі керек.


Сыныпқа қайтып оралғанда, оқушыларға бақылау нәтижелерімен алмасуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді тіршілік иесі ретінде кімді белгілегендерін­ айтады. Жалпы нәтижелерін жазады, қайталана­ тындарын сызып тастайды.


Бақылау арқылы oқушылар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің күндізгі уақытта белсенді тіршілік ететініне көз жеткізеді. Адамдар оқиды, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады, белсенді демалады және бір-бірімен араласады. Өсімдіктер өседі, гүлдейді және жеміс береді. Үй жануарлары мен аңдар ойнайды, аунайды.





Ойлан! Сұрақты оқып, кері ойлауды ұсыныңыз: “Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады?”. Оқушыларға “Соқыртеке” ойынын ойнатыңыз. Жүргізушіден қараңғыда жол табу оңай болды ма деп сұраңыз. Оқушылардың қауіпсіздігіне байланысты ойынға жеткілікті орынды қамтамасыз етуді ұмытпаңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Оқытушы мәтіндегі тірек сөздерді тастап оқиды, оқушылар мәтіннің мағынасына қарап, тірек сөздерді бейнелегенін айтады. Мысалы, “Жерде …(жарықсыз) өмір сүру мүмкін емес. Ай және Күн — … (табиғи) жарық көзі”.

Таңғажайып жарық әлеміне саяхат жасап, оның сырларымен танысамыз.

Shape2

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жарық көздерін санау. Сандарды салыстыру. “Текше” туралы ұғым.



Текше пішінді зат. Тақырыпты бекіту үшін тек­ шенің қырларында­ орналасқан табиғи жарық көзде­­ рін атауды ұсыныңыз. Оқушы үш жағдайда текшенің үстіңгі қырында не бейнеленгеніне жауап беруі керек.

Жауабы

2, 1, 3.

Бағалау


Оқушы жарықтың не екенін түсіндіре алуы керек.

Сөздерді тап. Оқушылар жұмбақты шешіп, суреттегі қай зат екенін тауып жазады. Қиналып отыр­ ған оқушыларға көмектесіңіз. Қай сурет артық және неге артық екенін оқушылардан сұраңыз.

Жауабы:

Ай, Күн, жұлдыз, найзағай — табиғи жарық көздері. Артығы — түйе. Себебі ол жануар, жарық көзі емес.

Оқушылардың жауаптарын қадағалаңыз. Егер қиналып отырған оқушыларды байқасаңыз, оған қосымша уақыт беріңіз.

Оқушылар табиғи жарық көздерін ажырата алады­ және атайды.

Жарық көздері.

Оқушылар табиғи жарық көзін таңдап бояуы керек.

Жауабы:

Табиғи жарық көздері: найзағай, Күн, Ай, жұлдыз.

Оқушылардың жұмысты қалай орындап жатқанын қадағалаңыз. Егер оқушы жарықтың табиғи көздерін оңай анықтаса, онда тақырыпты жақсы меңгергені. Ал анықтай алмаса, оған көмектесіп, тақырыпты қайта түсіндіру керек.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жасанды жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп: №4 Мәртөк жалпы орта ББ

Күні : 23.04.19ж


Мұғалімнің есімі: Турганбаева Т

СЫНЫП: 1А

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;


  • Оқушылардың басым бөлігі: жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу

  • Кейбір оқушылар: және жасанды жарық көздерін анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

  1. күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;

  2. кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;

  3. cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, пара­ фин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау,

майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.


Сабаққа қатысты ескертпелер


Кіріспе тапсырма. Жарық көздерін зерттеу үшін топтарға бөліп, саяхатқа аттануды ұсынуға болады. Саяхат барысында топ оқушылары тапсырмаларды орындай отырып ұпай жинай алады. Көбірек ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.


Кенеттен жел соғып, дауыл тұрды, теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті”.

Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудың қай жақта екенін анықтап, оқулықтағы тапсырмаларға назар аударып, дұрыс шешімді табуы керек.

Қала көшесі. Тапсырмада оқушыларға фото­ суреттердегі жарық көздерін қарастыру және салыстыру ұсынылады. Бірінші суретте күндізгі уақыт бейнеленген, ал екінші суретте табиғи жарық көзі — жұлдыздар. Бірақ олардың жарығы әлсіз. Алайда қала көшелері жақсы жарықтандырылған. Оқушылар­ көшеге жарық беріп тұрған жарық көздерін атай алады.


Мұғалім қорытындылай келе, екінші суретте адам қолымен жасалған жарық көздері көрсетілгенін айтуы тиіс. Осындай жарық көздері жасанды жарық деп аталатынын түсіндіреді.


Дұрыс орындалған тапсырма топқа ұпай әкеледі.

ЖShape3 Shape4 Shape5 ауабы

Жасанды жарық көздері: бағдаршам, үйдегі шамдар, шырақ, витрина, қалта шамы.

Shape6



Жасанды жарық көздері. Оқулықтағы суретке қарауды ұсыныңыз. Оқушылар күнделікті қолданып жүрген жарық көздерін еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Топ ішінде тізім құруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.


Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтыңыз, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраңыз. Біреуі­ нің ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істесе, жұмыс ту­ ралы егжей-тегжейлі біліп, сыныпқа айтуды ұсыныңыз.


Жасанды жарық көзі не үшін қажет? Оқушы­ ларға тапсырманың сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Талқылау барысында оқушылар кейбір жарық көздерін қолдану арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсінеді. Оқушыларды саяхат жасауға шақырыңыз.


Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қабылдау қажет”.


Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін сұраңыз. Шамшырақ пен белгі

беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?

Жауабы

Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.

Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарық­ тандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсыныңыз

(орындарынан тұрып орындайды).

Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

Сұраңыз: “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетуді ұсыныңыз. Алаудың қандай жарық көзіне жататынын сұраңыз.

Жауабы

Алау — жасанды жарық көзі. Алау отының жалыны жасанды жарық көзіне жатады.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Shape7

Жарық көзі” ойынын өткізіңіз. Әр топта жарық көздері бейнеленген бірдей үлестірмелі парақшалар болуы керек. Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, суреттерін жасанды және табиғи жарық көздері деп, екі топқа топтастырады. Қай топ тапсырманы қатесіз әрі жылдам орындаса, сол топ жеңіске жетеді.

жасанды жарық көздері туралы білетін боласың;

жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата аласың.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.

Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.


Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

Бағалау

Сен білесің бе? Оқушылардан құтыда өмір сүретін жын туралы араб ертегісін еске түсіруді сұраңыз. Саяхатты жалғастырарда оқушылар алғашқы жасанды жарық көздерінің пайда болуы туралы тарихи тұрғыда дәлелді суреттерді қолданады.

Оқушылар адамның қандай жасанды жарық көз­ дерін қолданатынын білетін болады.

Үйіміздегі жарық көзі

Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады.

Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңыз­ дылығын түсінеді.

Аппликация

Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликация­ дан шамшырақ жасап көрсетеді.

Оқушылардың тапсырманы орындауын қадағала­ ңыз. Егер оқушы табиғи және жасанды жарық көздерін айыра алатын болса, демек ол тақырыпты жақсы түсін­ гені. Ал айыра алмаса, зерттелген затты қайта көрсетіп­ түсіндіру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?


Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жарық не үшін қажет?

Мектеп: №4 Мәртөк жалпы орта ББ

Күні : 30.04.19ж


Мұғалімнің есімі: Турганбаева Т

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жасанды жарық көздерін және оның қажет­ тілігін анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. мектепте жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін пайдаланатынын білетін болады;

  3. жасанды жарық көзін қолайлы өмір сүру үшін, жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау үшін пайдалануға болатынын біледі;

  4. жарық көңіл күйді көтеретінін, күнделікті өмірі­­ мізді ғажайыпқа айналдыратынын білетін болады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазіргі заманда жарықты пайдаланбайтын жерді табу қиын. Адам баласы жарықты жұмыстан басқа жағдайларда да пайдаланады. Қолайлы өмір сүруіне, өзінің қауіпсіздігі үшін белгі беру құралы ретінде және жол бойында пайдаланады.


Жарық тасымалдағыштар — жарық энер­гия­ сын тасымалдайтын аспаптар. Оның ішінде жіңішке қуыс жіп тәрізді, мөлдір талшықты жарық жетектері болады. Жарық екі орта шекарасында толық ішкі шағылу нәтижесінде таралады. Жарық тасымалдағыш­­ тары медицинада,­ фотоаппараттарда сәндік шырақ ретінде пайдаланылады.


Жалтылдақ шамшырақтар (мигалка) —авто­ көлік үстінде орнатылатын жарық сигналдарының

бірі. Ол барлық автокөліктерге арнаулы автокөлікті

өткізіп жіберу қажеттілігін ескертеді.


Дала қызғалдақтары — Қазақстанның мақта­ нышы. Маусым айында Қазақстанның барлық қорық­ тарында, ұлттық саябақтарда “Қызғалдақ күнін” атап өтеді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты — көпшіліктің­ назарын қызғалдақтың сирек кездесетін түрлеріне (Грейг, Кауфманн, Островский қызғалдақтары) ау­ дару. Жойылып бара жатқан Регель қызғалдағы­­ның дүниежүзіндегі жалғыз популяциясы Іле тауларында­ сақталған.


Қызғалдақ мерекесі” дүниежүзі бойынша көп­ теген елде атап өтіледі.


Канадада “Қызғалдақ мерекесін” жыл сайын 600 мыңнан аса көрермен тамашалайды.


Голландияда барлық гүлдерге ерекше көңіл бөледі.


Швейцарияда сәуір айынан бастап, мамыр айы­-ның ортасына дейін Морже қаласында “Қызғалдақ мерекесі” өтеді.


Жапония қалаларында жүздеген әдемі гүлдерден таңғажайып суреттер салынады



Ойлан


Жаңа жыл мерекесінде мектеп қандай жасанды жарық көздерімен безендіріледі? Ол не үшін қажет?


Кіріспе тапсырма. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың­ өткен сабақтағы жасанды жарық көз­ дері тақырыбы бойынша білімдерін жетілдіру мақса­ тында мектепте қолданылатын қалташам немесе басқа жарық көзі туралы танымдық фильм көрсетіңіз. Фильмнен соң оқушылардан қандай жасанды жарық­ көздерін көргендерін және оны не үшін қолдана­­ тынын сұраңыз.

Суретке қарап, айтып бер. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. “Мұнда қандай жарық көздері бейнеленген? Олардың әрқайсысы не үшін қажет? Әртүрлі жарық көздері не үшін керек?” — деп сұраңыз.

Жарық жарықтандыру үшін ғана емес, жақсы көңіл күй сыйлау және жанға жайлы жағдай жасау үшін де керек екені туралы әңгімелеңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, жарық жетектері туралы айтыңыз.

Зерттейік. Бұл жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз­. Оқушыларға бөлме ішінде жан-жаққа қарап, қандай жарық көздерін көріп тұрғанын атап беруді сұраңыз. Одан кейін мектеп ішінде асханаға, акт залына шағын саяхат жасаңыздар. Көрген жарық көздерін салуды және жазып отыруды сұраңыз.

Жарық көздерін сипаттау барысында күн сәулесін өткізетін терезелердің үлкендігіне назар аудартыңыз. Егер табиғи жарық көзі ғимаратты толығымен жарық­ тандыра алмаса, онда жасанды жарық көздерін пай­ далану керек екенін айта кетіңіз.

Жауабы

Сахнаны жарықтандыратын софиттер. Қосымша жарық алуға арналған прожектор. Бөлменің бір қырын жарықтандыруға арналған бра. Үлкен аспа­ шам.

Ойлан! “Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекше­ лігі бар? Оны безендіру үшін қандай жасанды жарық көздері пайдаланылады?” — деп сұраңыз. Ол үшін мектеп ертеңгіліктеріндегі фотосуреттерді пайда­ лануға болады.

Жауабы:

Ғимараттарды және шыршаны безендіру үшін шам тізбегі қолданылады.

Прожекторлар.

Мерекелік қойылымдар. Оқушылармен сурет­ терді қарастырыңыз. “Мерекелер не үшін қажет? Оны қалай безендіруге болады?” — деп сұраңыз. Жасанды жарық көзін қолданатын мерекелерді еске түсіріңіз. Мерекеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтіңіз. Сабаққа байланысты деректі материалдарды пайдаланып, “Қызғалдақ мерекесі” туралы айтып кетіңіз.

Оқушылар мерекелердің әрбір отбасын, халықты және елді біріктірудегі маңызын түсінуі керек. Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді сақтау біздің бірлігімізді нығайтатынын және басқа мемлекеттермен бейбіт қатынас құруға көмектесетінін атап өтіңіз.

Жауабы:

Ұшатын шам, әр түсті шам тізбегі, алау, отшашу, шам, қызғалдақ сипатты шам.

Қызғалдақ мерекесі. “Қызғалдақ мерекесінің” суретін қарастыруын ұсыныңыз. Мерекеге қандай жарық көзінің қатысы жоқ? Оқушылар дүкен көрме­ лері мен жарнамаларға назар аударады. “Осы жерде жарық не үшін қажет: безендіруге ме әлде жарық­ тандыруға ма?” Күнделікті өмір үшін жарықтың маңы­ зын сұраңыз.

Сен білесің бе? Ұшатын шамдарды тұрғын үй­ лерден, ағаштардан, жанғыш заттардан алыс жер­ лерде ересек адамдармен бірге ұшырады. Егер оны дұрыс пайдаланбаса, өрт қаупі тууы мүмкін. Алдын ала дайындалған бейнежазбаны көрсетуге болады. Оқушыларға кейбір фрагменттерді көрсетпеген дұрыс.

Shape8

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Ермексаздан жасанды жарық көздерін жасау.

Өткен тақырыпты бекіту және қол қимылдарын дамыту үшін оқушыларға ермексаздан жасанды жарық көздерін жасауды ұсыныңыз.

1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, жұмыстарды рет-ретімен орындауға түсінік­ теме беріңіз. Ермексазбен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіріңіз.

Оқушылардың өздік жұмысын қадағалаңыз, жол көрсетіңіз және көмек беріңіз.

Мерекелер. Оқушылар дәстүрлі көктем уақы­ тында атап өтетін “Қызғалдақ мерекесіндегі”­ цирк алаңы мен сахнадағы суреттерді қарастырады. Сюжеттік­ суреттердің оң жағында жасанды жарық көздері бейнеленген. Ұсынылған үлгілерді пайда­ ланып, балалар жарық көздеріне сәйкес келетін бос торкөздердегі суретті аяқтайды.

Жауабы:

Жонглерлерде — шырақ; сымда — ұшатын қытай шамы; сиқыршыға шамнан жарық түседі; отшашудың сәулелері; сахнадағы әр түсті жарық шамы тізбегінің бөлігі; сахнаның ортасында — қызғалдақ тәрізді үлкен жарқыраған шам

Бағалау


Оқушылар жасанды жарық көзін қалай қолдана­ тынын түсіндіре алады.

Қай жерге жарық керек? Оқушылар жасанды жарық көздерінің қандай түрін мектепте және үйде қолданатынын белгілейді.

Жауабы:

Сарымен: үлкен аспашам, софит, үлкен прожектор. Қызылмен: теледидар (балалар оны жасыл түспен бояуы мүмкін), білтешам, торшер.

Жасылмен: үстел шамы, үй қабырғаларына орнатыл­ ған шам, төбеде орнатылатын ұсақ шам.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Қараңғы қай кезде қажет?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы екенін түсіну;


Оқушылардың басым бөлігі: қарапайым тәжірибелер жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жұқа, жеңіл көрпе;

  2. селдір мата, бала ойыншықтары;

  3. шам;

  4. трафарет;

  5. сорғыш;

  6. әр түсті гуашь.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. қараңғы дегеннің не екенін біледі;

  3. жарық түскен кезде қараңғылықтың жойыла­ тынын біледі;

  4. зерттеу жұмыстарында ғылыми терминдерді пайдаланады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қараңғылық — қараңғы деген сөзге сәйкес. Жарықтың жоқтығы, түнек.


Қараңғылық — жарық көздерін зерттеуде қолда­ нылатын физикалық құбылыс ретінде қарастырылатын түсінік. Сондықтан қараңғылықты өлшей алмаймыз.



Кіріспе тапсырма


Сабақ басталмас бұрын оқушыларға көзге арнал­ ған жаттығуды жасауды ұсыныңыз.


  1. Айналаның сұлулығын, Көзіңменен көресің. Бүкіл көрген-білгеніңді, Сөзіңменен өресің. Зерделі адам зер салып, Көзбен дүние таниды.


  1. Тура алдыңа қарап көзіңді жұмып, үшке дейін сана. Көзіңді ашып, алысқа қарап, беске дейін сана.


Жаттығуды үш рет қайталау керек.


Қай кезде айналадағы заттар көрінбеді? Неге?” деген сұрақ қойыңыз.


Суреттерді салыстыр. Оқушылар оқулықтағы суреттерді қарастыра отырып, оларды салыстыруы керек.


Бірінші суретте көрсетілген заттардың қай­ сысы бөлмеде бар? Екінші суретте олар неге кө­ рінбейді?” — деп сұраңыз.


Зерттейік. Оқушыларға әртүрлі заттарды тара­ тыңыз: көрпе, жұп-жұқа мата. Сыныпты топқа бөліңіз. Әр топ сыныпта өз қараңғы бұрышын жасайды. Оқу­ шылар көрпенің қараңғы бұрыш жасауға ыңғайлы екенін түсінуі керек. Оқушылар өз бұрыштарына ойыншықтарын орналастыруы тиіс.


Әр топ өз бұрыштарына ойыншықтарын ор­ наластырып болған соң, оларға мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қараңғы болу үшін не істедіңдер? Қа­ раңғыда өздеріңді ынғайлы сезесіңдер ме? Неге? Ойыншықтарды көріп тұрсыңдар ма? Қараңғыда ойыншықтар неге ұқсайды? Егер қалташаммен жа­ рықтандырсақ, не болады?”


Оқушыларға “Тимошка және Қараңғылық” ерте­ гісін оқып беріңіз. Қараңғылықтан қорықпау керек­ тігін түсіндіріңіз.


Тимошка және Қараңғылық! (қысқартылған)


Ертеде Тимофей есімді бала өмір сүрді. Ата-анасы және достары оны Тимошка деп атайтын. Тимошка жақсы бала болатын және ештеңеден қорықпайтын. Ол тек қана қараңғылықтан қорқатын.


Жаздың бір кешінде ол балалармен көршілес алаңда ойнап жүрген болатын. Кеш батып, айнала қараңғыланып келе жатқанын аңғармай қалады. Ол қараңғылықты байқап үйіне қарай жүгіреді. Көпір астынан жүгіріп бара жатқанда ол біреудің жылап отырғанын естіп қалaды. Тимошка көпір үстінде кішкентай қыздың жылап отырғанын көрeді.


Ол “Байғұс! Түсе алмай отырған шығар” — деп ойлады.


Сен неге жылап отырсың? Қорқып отырсың ба? Қолыңды бері соз, түсуге көмектесейін!


Мен түсуге қорқып отырған жоқпын. Мен басқа себептен жылап отырмын. Менімен ешкім дос болғысы келмейді. Менен барлығы қорқады.


Неге? — деп, бала таңғалады.

Білмеймін. Мен достарымның болғанын қалаймын!


Мен сенің досың боламын! Есімің кім?

Қараңғылық.

Түнде болатын Қараңғылық па? — деп, бала селт ете қалады.


Міне, сен де қорқасың. Мен ешқандай жаманшы­ лық жасамаймын. Менің анам Қараңғы түн және әкем Ақшам Патшасы үйреткендей тек Күннің батуында келемін.


Сен шынымен ешқандай жаманшылық істемейсің бе? — деп Тимошка дір-дір етеді.


Рас!

Мен әлі де сенен қорқамын. Не істеймін?! — Тимошка одан қорқып тұрса да, Қараңғылықты аяп кетеді.

Қараңғылық Тимошкаға қалай көмектесерін біл­ мей отырды. Оларға қарап тұрған Ай:

Сендер достасыңдар. Қараңғылықтың досы бола­ды,­ ал сен Тимошка одан қорықпайтын бо­ ласың, — деді.


Кел, достасайық! — деді бала.

Кел! — деп, Қараңғылық оған қолын созды. Тимош­ ка жымиып, оған қолын берді.


Менің үйге қайтатын уақытым болды. Анам уайым­ дап отыр.


Мен сені шығарып саламын! Олар көше бойымен жүрді.


Сол кезден бері Тимошка Қараңғылықтан қорық­ пайтын болды. Қараңғылық жерге түскенде до­ сына барып тұрады.


Сәлем, досым, — дейді Қараңғылық.

Сәлем, Қараңғылық, — деп, Тимошка жауап береді.


Сен тыныш ұйықта, мен жаман түстерді қуып

отырамын.

Бала тыныштықта демалып ұйықтайды. Қараңғылық досының жанында тұрып, ұйқысын күзетеді.

(Авторы: Мария Шкурина.)


Немесе “Егер де … не істейсің?” атты кітабындағы психолог Людмила Петрановскаяның кеңестерімен таныстырыңыз. Адамдар ежелгі заманда аңдардан қорғана жүріп, қараңғылықтың қауіпті екенін түсінді. Қазіргі заманда балалар өз қиялдарында жасап алған қорқынышты кейіпкерлерден қорқады. Бұл жағдайда өзінің қорқыныштарын суретке салып, құтылуға бо­ лады. Мүмкін болса, қараңғылықтан қорқатын оқу­ шылар үшін психологты шақыртыңыз.

Қараңғылық қажет пе? Сыныпты екі топқа бө-­ліңіз. Бірінші топ параққа кез келген заттың суретін көздерін жұмып салады. Ал екінші топ сол затты көз­ дерін ашып отырып салады. Нәтижелерін салыстыра отырып, оқушылар жұмулы көзбен тапсыр­­маны орындау қиын екендігін түсінеді, қараңғыда­ ештеңе көрінбейтінін біледі. Оқушылардан “Қараңғыда тағы не істеу қиын? Қараңғылық қай уақытта қажет? Қандай жерлерде әрдайым қараңғы?” деп сұраңыз.

Жауабы:

Фотозертхана.

Қойылымды көру уақытындағы кинотеатр залы. Кейде ауруханада, ғылыми зертханаларда. Жатын бөлмесі.

Қараңғы — жарық. Оқушылар екінші суретті қарастырып, келесі сұраққа жауап берсін: “Жарық болу үшін не істеуге болады?”.

Жауабы:

Жасанды жарық көздерін қосу керек.

Ойлан! Қараңғылықты салыстыруды ұсыныңыз. Осы бөлмені басқа бөлмемен салыстырғанда қараң­ ғылау деп айтуға бола ма?

Жауабы


Қараңғылықты өлшеу мүмкін емес, себебі ол өмір сүрмейді. Қараңғылық — физикалық құбылыс ре­ тінде жарық көздерін зерттеу үшін қажет.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылар сөз жазылған кез келген үлестірмелі парақшаны алады. Жүргізушінің белгісімен олар қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбы пайда бо­ латындай бір-бірімен жұп құрып, тұра қалады.


Есте сақта!

Қараңғы — жарық


сәулесінің болмауы,


еш нәрсенің көрінбеуі.


Shape9


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Трафарет бойынша әшекейлеу­ техникасы.



Түнде көрген түстің картасын дайындауды ұсыныңыз.

Фигура трафареттерін, қара түсті картон, гуашь, сорғыш, шүберек дайындаңыз.

Оқушылар картон үстіне трафаретті қойып, құр­ ғақ сорғышқа бояу жағып, трафарет қиылыстарын­ бояйды. Трафаретті абайлап алып тастау керек. Өз бетімен суретті жалғастырып салуға болады.

Шамды жақ. Шам жанған кезде қараңғылық жойылады. Ажыратқыштан әртүрлі жарық көздеріне дейін лабиринт бойынша жүріп өтуді ұсыныңыз.


Бағалау


  1. Оқушылар жарық жоқ жерде қараңғылық бола­ тынын түсінеді.


Дұрыс пікірді қоршап сыз. Оқушылар дұрыс пікірді анықтауы керек. Қиналған оқушыларға көмек­ тесіңіз, қажет болса тағы да түсіндіріңіз және әр пікірді айқындап беруді сұраңыз.Shape10 Shape11 Shape12

Жауабы

Қараңғы — жарықтың болмауы.

Shape13

  1. Oқушылар қараңғының қай кезде керектігін түсінеді.


Суреттерді белгіле. Оқушылар қараңғылау керек болатын жерді белгілейді. Тапсырманы орын­ дау барысында қиналған оқушыларға назар ауда­ рыңыз, мүмкін оларға адамдар және жануарлар тәуліктің жарық кезінде белсенді болатынын түсіндіру керек шығар.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?













































Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Дыбыс

Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?

Мектеп:

Күні : 12.05.2017ж.


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі: экспериментті түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

жазуға арналған пластикалық планшеттер;


ермексаз;

фотоаппараттар. Интернет-ресурс:

табиғат дыбыстары туралы бейнефильм (мәселен, http://www.youtube.com/watch?v=wghf4fiuPWE).


Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. табиғи дыбыс көздерімен бірге басқа да дыбыс көздері болатыны туралы біледі;

  3. табиғи (жаратылыс) дыбыстар — бұл табиғи (жаратылыс)­ нысандардан шығарылатын дыбыс­ тар екенін­ түсінеді;

  4. бақылау дағдылары жетілдіріледі, табиғи дыбыс көздерін анықтай алады.

Сабақтың мақсаты:

1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру;

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстардың табиғи көздері бар. Бұларды табиғаттың дыбыс көздері деп те атайды. Оларға сайраған құстарды, жағаға соғылған толқындарды, уілдеген желді жат­ қызуға болады. Олардың барлығы табиғи дыбыстар деп аталатын әуен, жел гуілі, жапырақ сыбдыры се­ кілді дыбыстарды тудырады. Табиғи дыбыс көзінің мысалы ретінде ырылдау, жылау және басқа да дыбыс тудыратын жануардың немесе адамның дыбысын атауға болады.

Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушы­ лардың тыныштық сақтауын және не естіп тұрғанын

сұраңыз. Естілген дыбысты кім немесе не тудырды? Жұмбақты шеш. Жұмбақты оқуын сұраңыз.

Мынадай­ сұрақтар қоюға болады: дыбыстың­ әріп­-тен қандай айырмашылығы бар? (Дыбыстарды біз естиміз және айтамыз, ал әріптерді жазамыз және

көреміз.) Дыбысты ұстауға бола ма?

Табиғи дыбыстар. Суретке назар аударыңыз. Оны суреттеуді сұраңыз. Кейбір оқушыларға шағын әңгіме құруын тапсырыңыз. Оқушылардың қайсысы осындай жерде болғаны туралы сұраңыз. Ол туралы әңгімелеуін сұраңыз.

Суретте қандай дыбыс көздерін көруге болатынын сұраңыз.

Жауабы:

Сарқырама, жел, жапырақтар, еліктің аяғының астында жатқан бұтақтар, аралар, Негеш пен Эврика.

Дыбыстарға еліктеу ойынын ұсыныңыз. Құс қалай сайрайды? Жел қалай соғады? Эврика қалай күліп тұр? “Жарық” тарауымен бірге үйлестікте өткізіңіз: “Жарықтың табиғи көздерін еске түсіріңдер. Оларды неге табиғи деп атайды? Суретте бейнеленген дыбыс көздері табиғи мa әлде жасанды ма? Табиғи дыбыс көздеріне нені жатқызуға болады?” Оқушылар табиғи дыбыс көздеріне табиғи нысандар жататыны туралы шешімге келуі керек. Бұдан басқа осындай дыбыс көздерінен туған дыбыстардың табиғи­ дыбыс немесе табиғат дыбыстары деп аталатынын­ айту қажет.

Зерттейік. Оқушыларды саябаққа немесе мек­ теп алаңына апарыңыз. Тәртіп ережелері туралы ескертуді ұмытпаңыз. Алдын ала оқушылардың аллер­ гиясы жоқтығына көз жеткізіңіз.


Оқушылар дыбыстың табиғи көздерін белгілеп және суретін салуы керек немесе атауларын жазуы қажет, мүмкін болса, суретке түсірсін. Адамның сөйлеуі табиғи дыбыс көзі екенін еске түсіріңіз. Ұқсас дыбыс көздерін жазбауын алдын ала ескертіңіз. Мысалы, егер торғайдың шырылын естісеңіз, екінші рет бұндай дыбысты жазбау керек.


Қайтарда топ бойынша бақылау нәтижелері туралы өзара пікір алысуын ұсыныңыз. Оқушылар белсенді нысан ретінде кімді белгілегенін атайды. Жалпы нәтижелер жазылады, қайталауларды ескер­ теді. Одан кейін сынып алдында нәтижелерді талқы­ лайды.

Сен білесің бе? Адам қандай дыбыс шығараты­­ нын еске түсіруді ұсыныңыз. (Күлу, жылау, түшкіру және тіпті ықылық дыбысы.) Бұл дыбыстарды көрсе­ туді ұсыныңыз. Кішкентай сайыс өткізуге болады. “Кім барлығынан ұзақ күле алады? Кім шынайы жылай алады?” және тағы басқа осы тәрізді сұрақтар қо­ йыңыз. Бұл дыбыстардың неге табиғи дыбыстарға жататынын сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Мұғалім тірек сөздердің буындары бар үлес­ тірмелі парақшаларды топ оқушыларына таратады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша оқушылар дұрыс сөзді құрастыра бастайды. Оларды құрастырғаннан­ кейін оқушылар тірек сөздерді дауыстап атайды.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Дауыс, дыбыс, дыбыстарға елік­


теу. Ермексаздан табиғи дыбыс көздерін жасау. Математика. Салыстыру. Ерекшеліктерін табу.




Оқушылармен табиғи дыбыс көздері туралы әңгімелесіңіз. Ермексаздан әртүрлі дыбыс көздерін жасауды ұсынсаңыз болады. Оқушыларды бір тобы — құс, екінші тобын — жануар жасайтындай топтарға­ бөлуге де болады.


Бағалау


Оқушылар табиғи дыбыс көздерін ажырата алуы қажет.

Суретке қара. Оқушылар табиғи дыбыс көздерін таңдай алады және оларды бояу керек. Сабақтың соңында сыныпта бағалау кезеңін өткізуге болады: суретті сипаттаңыз, ал оқушылар бейнеленген нысан табиғи дыбыс көздеріне жататынын немесе жат­ пайтынын ажыратады.

Жауабы:

Шұбаршымшық, күліп тұрған қыз бала, ара, тоқыл­­ дақ, мысық.

Айырмашылығын тап. Оқушылар екі иллюс­­ трацияны қарастырады, олардан табиғи дыбыс көз­-дерін тауып, қоршайды. Осыдан кейін оқушылар иллюстрацияларды салыстырады және олардан 5 айырмашылықты­ табады. Тапқан айырмашылық-­ тарын “” таңбасымен белгілей алады.

Жауабы:

Ерекшеліктер: қонжық жалғызаяқ жолға шықты, қоян шөп арасына тығылды, ара гүлге қонды, инелік бұлақ үстінде ұшты, құс ағаш үстінен ұшты.

Табиғи дыбыс көздері: бұлақ, инелік, қоян табаны­ ның астынан естілген жапырақ сыбдыры, ара, то­ қылдақ, қонжық.

Оқушылардың тапсырманы орындауын бақы­ лаңыз. Егер оқушы табиғи дыбыс көзін тез анықтайтын болса, бұл — оның тақырыпты жақсы түсінгендігі. Егер керісінше болса, оған көмектесу қажет және өткен тақырыпты қайтадан түсіндірген жөн.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
















































Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жасанды дыбыс көздері дегеніміз не?

Дыбыс қайда тарайды?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажырату;


қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.



Оқушылардың басым бөлігі: дыбыстың таралу ерекшелігін түсіндіру;


қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау;


тәжірибелерді түсіндіру.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

бөлме өсімдіктері;

табиғи және жасанды заттар;

сызғыш;

таразы.

Күтілетін нәтижелер:


Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғи дыбыс көздері табиғи нысандар мен құбы­ лыстардан пайда болады. Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Мысалы, музыкада iшектерді тартып не бір нәрсені соғып, дыбыстар шығаруға болады. Мәшине шуы, балғаның тарсылы, есіктің сықырлауы­ — барлығы жасанды дауыс көздерінен шығатын дыбыстар.


Қазіргі адам тұрмысын теледидар мен телефонсыз, магнитофон дыбысынсыз, интернет байланысынсыз елестету мүмкін емес.

Скрипка — ысқымен ойналатын iшекті музыкалық­ аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка кор­ пусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар.


Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Дыбыс көзі — секундына 16 -дан 20 000 ретке дейін жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық денелер.


Шайбалы хоккей — мұз бетінде, сырғытпа таяқ және шайба (кішкентай резеңке дискісiмен) арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Бұл — хоккейдің ең белгілі түрі. Хоккейдің отаны — Канада.


Көгалдағы хоккей — арнайы синтетикалық жабыны бар алаңда, сырғытпа таяқ және қатты доп арқылы ойналатын командалық спорттық ойын. Голландия, Германия, Испания, Англия, Ирландия, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландияда кең та­ ралған.


Допты хоккей (орыс хоккейі) — мұз бетінде, сырғытпа таяқпен, қатты және кішкентай доппен ой­ найтын командалық спорттық ойын.


Хоккейшілер


Суретке қара. Хоккейшілер қалай тұр?


Олардың барлығы жаттықтырушының дауысын естиді ме?



Shape14

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Музыкалық аспаптар, скрипка. Математика. Лабиринт бойынша өту.




Оқушылар табиғи дыбыс көздерін жасанды дыбыс көздерінен ажыратуы керек.


Стадионда. Барлық оқушыға өз бетімен тапсыр­ маны орындауды тапсырыңыз. Mұнда табиғи дыбыс көздерін — көк түспен, ал жасанды дыбыс көздерін жасыл түспен белгілеу қажет. Берілген тапсырманы оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы тексеруіне болады.

Жұмыстың ұқыптылығына, жылдамдығына, оқу­ шылардың өз таңдауын қалай түсіндіргеніне назар аударыңыз.


Жауабы


Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон, құ­ лаққап.


Табиғи дыбыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайла­-ған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер.




Бағалау


Сайыс ұйымдастырыңыз: бір топ — табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс көздерін атайды. Қай топ көбірек атайды, сол топ жеңеді.


Лабиринт. Оқушыларға лабиринт жолы бойынша өтуді тапсырыңыз. Сызықтардың жолдың ортасында болуына назар аударыңыз. Жасанды дыбыс көзін белгілеуі тиіс (қоңырау).



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі