жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаратылыстану
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ: Жаратылыстану |
Сабақтың тақырыбы: «Біз қалай қозғаламыз?» |
||
|
Күні: 16.01.2018 |
Мектеп: Железин ЖОББ№ 3 мектебі |
Мұғалімнің аты: Жалатбекова Макпал Куаткызы |
|
|
Сынып: 1 |
Қатысқаны:14 |
Қатыспағаны: |
|
|
Ортақ тақырып: |
Бізді қоршаған әлем |
||
|
Бөлім: |
Бізді қоршаған әлем |
||
|
Бөлімше: |
5.1 Күштер және қозғалыс |
||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: |
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушы: адамның қандай қозғалыстар жасайтынын біледі. Оқушының көпшілігі: денеледің қалай қозғалатының анықтайды. Оқушының кейбірі: қозғалыстың адам өміріне маңыздылығы туралы әңгімелейді. |
||
|
Ойлау деңгейлері: |
Білу, түсіну, қолдану. |
||
|
Бағалау критерийлері: |
1.Күнделікті өмірде қандай қозғалыстар жасайтыны туралы айтады. 2.Адам қозғалу үшін қандай мүшелердің көмегімен қимыл жасайтынын көрсетеді. 3.Қимыл қозғалысқа өз бетімен ойын құрастырады. |
||
|
Тілдік мақсат: |
1.Бұны не қозғалтады? 2.Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата немесе тоқтата аламын? 3.Бізді қоршаған әлемде ненің қозғалатынын санап шығайықшы? Т.б |
||
|
Пәндік лексика және терминдер: |
Тірек сөздер: Әсер ету-влиять-Influence,басқару-управлять- to govern,айналдыру-крутить-twist |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Бұны не қозғалтады? Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата / тоқтата аламын? Бұл қалай қозғалды,ненің әсерінен қозғалды…? Адамдар не үшін қозғалады? Жануарлар ше? т.б |
||
|
Бағалау түрі: |
Бағдаршамның 3 түсі арқылы Қызыл-төмен, сары-орташа, жасыл –тамаша |
||
|
Құндылықтар: |
Рухани адамгершілік құндылығы |
||
|
Пәнаралық байланыс: |
Дене шынықтыру «Жаттығулар жасау», Дүниетану « Таңертеңгілік жаттығулардың пайдасы» |
||
|
АКТ – мен байланыс: |
Интербелсенді тақта |
||
|
Бұған дейін меңгерілген білім |
Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? Жолдағы мәшине,жолдағы жаяу жүргінші ,аспандағы ұшақ қалай қозғалады? Үнемі түзу сызық бойымен қозғалу мүмкін бе? |
||
|
ТЖ – топтық жұмыс, ЖЖ – жұптық жұмыс |
|||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған тапсырмалар |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 3 минут |
1.Кіріспе тапсырма. Оқушыларға түрлі қимыл көрсетіп тұрған суреттерді көрсетемін және осы қимылдарды көрсетіп сұрақ қоямын: 1.Балалар біз не жасадық? Қалай жасадық? 2.Қимыл –қозғалысымызды ненің көмегімен жасадық? деп сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Бүгін біз сендермен «Біз қалай қозғаламыз ?» деген жаңа тақырыппен танысамыз. |
Әртүрлі қимыл қозғалыстағы суреттері |
|
|
Сабақтың ортасы 35 минут жұптық жұмыс Ширату топтық жұмыс |
1 тапсырма( ТЖ) Суретке қарап, адамдардың күнделікті өмірде қалай қозғалатындығын айт.
Дескриптор: Суретке қарап қимыл қозғалыстарды айта алады. 2.Спорт залда (Кітаппен жұмыс) Балалар біз осы қимыл қозғалыс жаттығуларын спорт залда жасайды екенбіз. 3.Біз заттарды қалай қозғаймыз? Суретке назар аудартамын. Алдымен балалар не істеп жүр деп сұраймын. Ойыншықтар өз бетімен қозғалады ма? Адамдар заттарды Қозғалысқа келтіру үшін оларға қалай әсер етеді? Сурет бойынша сөйлем құрауды сұраймын. Тап сырманы күрделендіру мақсатында кейбір оқушыларға суреттерге қарап әңгіме құрауды ұсынамын.Осыдан кейін оқушылардың назарын қалған екі суретке аудартамын. Кімдер бейнеленген? (Балалардың аналары.) Олар қандай заттарды қозғалтты? (Арба мен бесік.) “Бесікті кім біледі? Ол не үшін керек?” — деп сұраймын. “Бесікке салу” салт-дәстүрі туралы түсінік беріп, бейнефильм көрсетемін. Бесікті қалай тербетеді? Оқушылар “әсер ету” сөзінің мағынасын түсінетініне көз жеткіземін. Жақсы түсінуі үшін сол сөздің синонимін мысал ретінде келтіремін: ықпал ету, қол тигізу арқылы қозғалысқа келтіру. Кейбір дене мүшелері қозғалмалы келеді.Мысалы аяқ пен қол. Оларды бүгуге,жазуға және айналдыруға болады. 2 тапсырма (жұптық жұмыс) “Сәйкестендіру әдісі” арқылы суретке қарап адамдардың қандай қимыл қозғалыс жасап жатқанын сәйкестендіру сыз.
Дескриптор: 1 Суретке қарап адамдардың қандай қимыл қозғалыс жасап жатқанын атай алады. Ширату жаттығуын жасату «Аңдар» биі 4. Зерттейік. Бұл жұмысты алаңда өткізуге болады.“Денелерді қасына жақындамай қалай қозғауға болады?” — деп сұраймын. Топта асық ойнауды ұсынамын. “Оқушылар асықты қалай қозғады?” — деп сұраймын. Оларды жанасты ма әлде қашықтықтан басқарды ма? (Жоқ, оларды басқа асықпен қозғады.) Пульттің көмегімен ойыншықтарды басқарғанда, модельдерді қозғағанда олармен жанасады ма әлде қашықтықтан басқарады ма? Оқушылар ойыншықты пульттің көмегімен қашықтықтан басқаруға немесе басқа заттар арқылы қозғауға болатынын қорытындылау жасалады. 5.Сен білесің бе? Пульт арқылы қозғалатын алғашқы кеменің суретін көрсетемін, қазіргі заманғы кемемен салыстыруды сұраймын. 7. Жануарлардың қозғалысы. Жануарлар да адам сияқты қозғалады. Бірақ қимыл – қозғалыс жағынан айырмашылықтар бар: мысалы адам секіреді, жүгіреді, жүреді, жорғалайды, ал жануарлардың кейбіреуі осылардың біреуін ғана жасай алады. Оқушыларды оқулықтағы тапсырманың суреттеріне қаратып, осындай сұрақтарды қоямын: “Бейнеленіп тұрған жануарлар қандай қимыл-қозғалыс жасап тұр? Адам осындай қимыл-қозғалыс жасай ала ма?”. Осы қимыл- қозғалысты жасауларын сұраймын. Оқытылып жатқан тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады. Мұғалім жануарды (жолбарыс, жылан, маймыл, бақа және т.б.) атаймын, ал оқушылар осы жануарға тән қимыл-қозғалысты жасайды. 7.Дәптермен жұмыс Адам қалай қозғалады? және жануарлар қалай қозғалады? Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жануар мен адамның қозғалысын салыстырады 3 тапсырма (топтық жұмыс) 2 топқа бөлінген оқушылар
қимыл – қозғалысқа байланысты өз бетімен ойын құрастыру. |
суреттер Жаратылыстану оқулығы «Бесікке салу рәсімі» бейнефильм https:/youtube/e UwgPuXPWpU Флипчарт Аңдар биі бейнеленген видео https:/youtube/X4Ivaa1dEGY Балалар ойыншықтары: коляска, пультпен басқарылатын машина, жіппен тартатын машина т.б Жануарлар бейнеленген суреттер Жаратылыстану пәнінің дәптері |
|
|
Сабақтың соңы 7 минут |
8.«Венн диаграммасы» бойынша сабағымды қорытындылаймын. Мынадай сұрақтар қойямын: Егер адамдар қозғалмаса не болар еді? Жаттығулардың пайдасы неде? Біз қозғалмасақ өмір сүре аламыз ба? Жануарлар не үшін қозғалады? (Тіршілік ету үшін: қорегін табу, тірі қалу.) |
Венн диаграммасы және адам мен жануарлардың қозғалысының маңыздылығын көрсететін суреттер |
|
|
Қосымша мәліметтер |
|||
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті балаға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушылар заттардың қозғалысын ажыратады. Б Төмен
Орташа
Жоғары
|
||
|
Жеке қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырмалардың дескрипторларын орындау барысында жекелей қолдау көрсетіп оқушының ішкі уәжін оятып отырамын. Қабілеті жоғары оқушыға алдарына қойылған заттардың қалай және ненің көмегімен қозғалатындарын сұраймын. |
|||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген