жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаратылыстану 1 класс Табиғат физикасы
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Табиғат физикасы Күні: 13.04.2018ж Сынып: 1 |
Мектеп:«Науалы орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова Анар Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||
|
Сабақ тақырыбы: |
Жарық не үшін қажет? |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.2.3. жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау 1.1.2.1.қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:жасанды жарықтың қажеттілігінжәне оның көздерін анықтайды ,қоршаған әлем құбылыстарын бақылай алады. Көптеген оқушылар: жасанды жарықтың қажеттілігін өмірмен байланыстыра алады және оның шығу көздерін анықтай алады. Кейбір оқушылар: жасанды жарықтың шығу көздерін зерттей алады және адам өміріне маңыздылығын дәлелдейді. |
||
|
Бағалау критерийлері |
Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтайды. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді. |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:жасанды жарықтың қажеттілігі туралы айтады. Пәнге тән лексика мен терминология: жарықтандыру, безендіру Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Әртүрлі жарық көздері не үшін қажет ? - Адам жарықты қай кезде пайдаланады ? - Жаңа жыл мерекесінде мектеп қандай жарық көздерімен безендіріледі ? |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті,жауапкершілік,өмір бойы оқуға дайын болу |
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу,көркем еңбек. |
||
|
АКТ қолданудағдылары |
Бейнежазба,слайд |
||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар жасанды жарықтың қай кезде қажет екенін біледі, әлем құбылыстарын ажырата біледі |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы
3минут
3 минут |
Оқушылар өлең жолдары арқылы бір-бірлеріне жылы лебіздерін «Шаттық шеңбері» аясында білдіреді Қолымызды созайық, Күннен жылу алайық. Күннен алған жылуды, Жүрекке әкеп салайық. Жүректегі жылуды Бір-бірімізге сыйлайық. Топқа бөліну (күн, ай, жұлдыз, қалта шам) суреттер арқылы жүзеге асырылады «Қалта шам» туралы бейнежазбадан көргендерімен бөлісе отырып оқу мақсаты жарияланады: -Бейне жазбаны мұқият тыңда,көр. - Қандай жарық көздерін білеміз? -Жарық көздері не үшін қажет? Табиғи жарық көздеріне нелер жатады? -Ендеше,бүгінгі сабақта нені үйреніп,білеміз? |
Суреттер Бейнежазба |
|
|
Сабақтың ортасы 7 минут 7 минут 3 минут 7 минут |
(Ж)Т1: «Топтастыр» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
- -Оларды тиісті кәрзеңкеге орналастыр. ҚБ:«Майшам» әдісі бойынша бағалаймын. Толық- жарық көздерін дұрыс анықтаған, оларды нақты топтастыра алған . Жартылай-жарық көздерін анықтағанда және топтастырғанда аздаған қателіктер жіберген . Аз қалған-жарық көздерін ажыратуда қиналған және көмек қажет ететін. (Т)Т2:«Мен зерттеушімін» әдісі арқылы жүргізіледі. Әр топқа берілген сюжетті суреттер арқылы оқушылар қандай жарық көздерінің бар екенін және оларды қандай көздерден алып тұрғандығын дәлелдейді. -Сюжетті суретке қараңдар.Бұл қай жер? -Сол нысанда қандай жарық көздері бар екенін анықтаңдар.Сипаттаңдар. -1 топ-мектеп асханасы -2 топ-мектептің өнер залына саяхаттаңдар -3 топ-кешкі қала көрінісін тамашалаңдар -4 топ-түнгі аспанды бақылаңдар ҚБ: «Дәмін тат» әдісі арқылы топтар бір-бірін сусындар ұсына отырып бағалайды. Қымыз-нысандағы жарық көздерін анықтады,сипаттады. Шұбат- нысандағы жарық көздерін анықтады.сипаттауда қателіктер жіберді. Сүт-нысандағы жарық көздерін анықтады, сипаттауда қосымша көмекті қажет етеді. Сергіту сәті:«Күн мен түн» ойыны. (Д)Т3«Сәйкестендір»әдісі арқылы жүргізіледі. -Қай жерге қандай жарық көздерінің пайдаланылатынын анықта. -Сурет пен сөйлемді сәйкестендір. ҚБ : «Торт сыйлау» әдісі арқылы бағалаймын
|
Сюжетті суреттер
Үлестірме қағаздар
|
|
|
Сабақтың соңы 7 минут 3 минут |
(Ұ) Т4:«Ойлан да, боя»әдісі -Суреттегі жарық көздеріне қара. - Торкөзге сәйкес келетін жарық көздерінің суретін сал,боя. ҚБ: «Шамдар » әдісі Аспалы шам- торкөзге сәйкес келетін жарық көзінің суретін салып, бояса. Үстел шамы – торкөзге сәйес келетін жарық көзінің суретін салғанда қателіктер жіберсе. Қалта шамы-торкөзге сәйкес жарық көзерінің суреттерін сала алмаса, көмек қажет етсе. Кері байланыс: «Кемпірқосақ» әдісі арқылы жүргізіледі. -Бүгінгі сабақта не түсіндік? -Жарық бізге не үшін қажет ? Жоғарғы бөлігі-бүгінгі сабақ қызықты болды, ұнады. Ортаңғы бөлігі-бүгінгі сабақ ұнады, жарық көздерін анықтауда қиналдым. Төменгі бөлігі-жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтауда қосымша көмек қажет. |
|
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
|
Тапсырма –барлық тапсырмаларда байқалады. Қажеттілігіне қарай көмек көрсетіледі. Кейбір оқушыларға қосымша жарықтың қайдан алынатынын дәлелдеу ұсынылады. Қарқын - №1,№2 тапсырмаларында көрінеді. Тапсырманы орындауда көмек қажет оқушыларға уақыт беріледі. Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істегендіктен оларға жарық өткізгіш заттарды ататып, дәлелдету үшін қосымша карточкалар беріледі. -Жарық көздердің әр түріне мысал келтір. -Жарық көздерін пайдалануда үнемдеу жолдарын көрсетіп көр. Дереккөздер - №3,4 тапсырмаларда анық байқалады. Кейбір оқушыларға бақылауға негіз болған жасанды жарық көздері, жасанды жарық көздерінің тағы да қайдан, қалай алынатындығы жайлы қосымша дереккөздер беріледі. Диалог және қолдау көрсету-№3 тапсырмада көрінеді. Кейбір оқушыларға ойланту үшін ашық сұрақтар қойылады: -Жасанды жарық көздері адамдарға не үшін қажет, дәлелде. Көмек қажет еткен оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады: -Тағы да қандай жасанды жарық көздерін білесің? Жіктеу №2 тапсырманы орындау үшін талаптары әртүрлі оқушылар бір топқа топтастырылады. |
Қалыптастырушы бағалау мынандай әдістер арқылы жүргізіледі: «Майшам», «Дәмін тат», «Торт сыйлау», «Шамдар» Кері байланыс «Кемпірқосақ» әдісі арқылы жүргізіледі. -Бүгінгі сабақта не түсіндік? -Жарық бізге не үшін қажет ? Жоғарғы бөлігі-бүгінгі сабақ қызықты болды, ұнады Ортаңғы бөлігі- бүгінгі сабақ ұнады, жарық көздерін анықтауда қиналдым. Төменгі бөлігі- жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтауда қосымша көмек қажет. |
Оқушыларға ширату жаттығуларын жасағанда,топқа бөлінгенде және қарындаштармен жұмыстар жасағанда мұқият болу керектігін және қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі. «Сергіту сәті» «Күн мен түн» ойыны арқылы жүргізіледі. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз |
||
|
|
|||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет? |
|||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген