1.«Ақыл –ой
одиссеиясы» әдісі
«Құпия зат»ойынын
ойнатамын
(Ұ)
-Балалар, менің қолымда
керемет , денсаулыққа пайдалы,өмірде жиі қолданылатын,дәруменге
бай,жасыл түсті зат бар.Біз оны көктем мезгілінде бақшаға,қыс
мезгілінде жылы жайға отырғызамыз. Өзі сопақ,ұсақ тікенекшелері
бар.
-Бұл
не?
-Ал ,енді осы қиярды біз қалай
өсіреміз?
-Қалай
ойлайсыздар?
-Тұқымды қайда
отырғызамыз?
-Тұқымнан (дән) не пайда
болады?......
тұқым-
тамыр-сабақ-жапырақ-гүл-жеміс
Ауызша
мадақтау.
-Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі
сабағымыз не жайында болуы мүмкін?
-Дұрыс айтасыңдар,бүгінгі оқу
тақырыбы Өсімдік бөліктері
Сабақ мақсатымен
таныстырамын.
Өсімдіктердің негізгі
бөліктерін ажырату.
Қоршаған әлем құбылыстарына
бақылау жүргізу
2.(Ж) «Ойлан, тап»
әдісі
1-тапсырма
Суретке мұқият
қараңыз.Өсімдіктің негізгі мүшелерін ата. Өсімдіктің негізгі
мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз:
тамыр – Т, сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс
–Ж.
Дескриптор:
- өсімдіктің негізгі мүшелерін
атайды;
- өсімдіктің тамырын «Т»
әрпімен белгілейді;
- өсімдіктің сабағын «С»
әрпімен белгілейді;
- өсімдіктің жапырағын «Ж»
әрпімен белгілейді;
- өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен
белгілейді;
- өсімдіктің жемісін «Ж»
әрпімен белгілейді.
ҚБ
Басбармақ
(ЖЖ) «Модельдеу»
әдісі
Суреттегі өсімдіктерге мұқият
қараңыз. Өсімдіктердің ұқсас мүшелерін
атаңыз.
Бос орынға тамыры, сабағы,
жапырағы және гүлі, жемісі бар өсімдіктің суретін
салыңыз.
Дескриптор: Білім
алушы
- өсімдіктердің ұқсас
мүшелерін атайды;
- өсімдіктің негізгі
бөліктерін көрсетіп, сурет салады.
ҚБ От
шашу
(Т) 3-тапсырма. «Постер»
әдісі
Өсу үшін өсімдікке не қажет?
Тиісті сөздерді тауып жазыңыз
СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ
КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ ҚАРАҢҒЫ СУЫҚ
ЖЕЛ
Дескриптор:
- өсімдіктердің тіршілігіне
қажетті жағдайларды анықтайды;
- тиісті сөздерді тауып
жазады
ҚБ Бірін-бірі бағалау «Үш
шапалақ»
3. Сергіту
сәті
4. (Ж) Дәптермен
жұмыс
1. Өсімдік бөліктерін
жаз
2.Әр жемісті сәйкестендіріп
сыз және боя
Дескриптор:
- Өсімдік бөліктерінің атауын
жазады
- Әр суреттің атауын
сәйкестендіріп сызады
5.(
Ж)Зерттеу:
- Балалар, мен сіздерге сабақ
басында қиярды бекер көрсеткен жоқпын. Мақсаты: қиярды өсіп-өну
жолдарын зерттеуге аламыз.
Ол үшін мынандай заттар
қажет......
5.(Ж) Зертеу жұмысын
жүргіземіз
1 топ :
Қияр
2-топ:
Бидай
3-топ:Бұршақ
Қажетті құралдармен
таныстыру,отырғызу жолын түсіндіру.
Тапсырма: пластикалық шағын
ыдысты аламыз, түбіне мақта салып,мақта ылғалданатындай, бірақ
тұқымдырдың бетін жаппайтындай етіп,аздап су
құямыз.
Егер ,біз суды мөлшерден артық
құйсақ дән бөртеді,бірақ өнбейді.Себебі, су ауаның өтуіне кедергі
жасайды.
Зерттеуге алынған өнімдерді
сыныптағы зерттеу бұрышына қойып, күнделікті бақылау жүргізіп
тұрамыз.
|