400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану 3 сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:



Тақырыбы:


Өкпені шынықтыру

Оқу мақсаты:

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін біледі;

тыныс алу ағзаға оттектің түсуі мен көмірқышқыл газдың шығуын қамтамасыз ететін үдеріс екенін түсінеді.

Бағалау критерийі

тыныс алу жиілігіне байланысты зерттеу жұмысына болжам жасайды, зерттеу жүргізеді, қорытындысын шығарады, жақсарту жолдарын анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тыныс алу жайлы сұрақтарға жауап береді;

Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым жасайды;

Жазба жұмысын орындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тыныс алу жиілігі

Құндылықтар

төзімділік және шыдамдылыққа баулу

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.

  • Неліктен спортпен айналысу керек?

  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?

  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?

  • Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?

  • Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?

  • Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?

  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?

  • Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?


Сабақтың ортасы


  1. Зерттеу жасау. Жұптық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз

а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу.

ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.


Кеуде өлшемі

нәтижесі, см

Бірқалыпты дем алу


Терең тыныс алу


Терең тыныс шығару



  1. Жеке жұмыс.

Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру.








1. Болжам жасау.

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру.

Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау

а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы;

ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі;

б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру. Қорытынды шығару.

Тыныс алу

болжам

нақты

орындықта отырғанда



10 рет отырып-тұрғаннан соң



20 рет отырып-тұрғаннан соң



Қорытынды

(Әр адамның өзіндік тыныс алу ырғағы болады)

Зерттеуден соң сұрақтар қою:

  • Жай бірқалыпты отырғанда өзіңді қалай сезіндің?

  • Жаттығу жасағаннан кейін не өзгерді?

  • Жылдам қозғалған сайын нені аңғардың?

  • Адамның тыныс алу жиілігі дене жаттығуларына байланысты ма?

Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысады.

Қосымша ақпарат. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі.

Тыныс алуға арналған жаттығулар жасау.

Жазылым. Оқушылар жеке жазу жұмысымен айналысады. Ойтолғау «Өкпені қалай шынықтыруға болады?»

Жұмыс дәптері 39-жұмыс парағы (41 б.)


Сабақтың соңы


Рефлексия: "Бес саусақ" әдісі. Балалар параққа алақандарын қойып, саусақтарын қаламмен айналдырып сызады. Содан соң әр саусақтың ішіне сабақ туралы сұрақтарға жауап жазады:

  1. "Бас бармақ"-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды не болды? 

  2. "Балалы үйрек"-бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза қылдым? 

  3. "Ортан терек"-ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 

  4. " Шылдыр шүмек "-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 

  5. "Кішкентай бөбек"-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 






Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тыныс алу мүшесін шынықтыруға арналған жаттығулар топтамасын жинақтау

Зерттеу жұмысына болжам жасау, зерттеу жүргізу, қорытынды шығару

Дене қозғалысын жасағанда сақ болу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
956
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі