400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Жаратылыстану "Ағза аурудан қалай қорғанады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Жаратылыстану "Ағза аурудан қалай қорғанады?" 3сынып. Бастауыш сынып мұғалімі Жанпейісова Шынар Мартенқызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 « ә»

Жанды табиғат. Адам

Мектеп: «№4ЖОББМ»КММ

Мұғалім: Ш.М.Жанпейісова

Күні: 10.12.2020ж



Тақырыбы:


Ағза аурудан қалай қорғанады?

Оқу мақсаты:

3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

иммундық жүйе, вирустық инфекция туралы түсінік алады;

адам ағзасын инфекциялардан қорғау жолдарымен танысады;

Бағалау критерийі

Жұқпалы аурулар, олардан қорғану жолдарын біледі;

Өз беттерімен зерттеу-ізденушілік жұмыспен айналысып, ақпараттармен бөліседі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Инфекциядан қорғану туралы әңгіме құрастырады.

Иммунитетті нығайту туралы құнды пікірлермен ой бөліседі.

Ауырмаудың жолы туралы жазылым тапсырмасын орындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

иммунитет

Құндылықтар

тазалықты сақтау

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,математика.

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Қанайналым жүйесінің жұмысын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру:

Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Үй тапсырмасы:Мозайка құру: Адам бейнесі:

Сұрақ-жауап:1.Қанайналым жүйесі мүшелерін ата?

2.Кішкентай балалардың тамыры минутына неше рет соғады?

3.Көмірқышқыл газын қай тамыр сыртқа шығарады?

4.Ең ұсақ тамырларды ата?

5. Жүректің ырғақ соғысын қалай байқауға болады?

6.Жүрегі тас төбесіне шықты деген нені білдіреді?











7.Жүрек жақсы жұмыс жасау үшін адам не істеу к






ерек?

(адамның суреті)

Ойын «Шатасқан әріпте»: ИНФЕКЦИЯ

НЕФЕКЯИЦ


































































Шатасқан әріптер ойыны. Орны ауысып кеткен әріптерден сөз құрастыру. цияфекин (инфекция)

ББҮ кестесінің 1, 2-бағанын толтыру. Инфекция туралы не білетіндерін және не білгісі келетіндерін жазу. 3-ші бағанды сабақ соңында толтыру.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Сабақ тақырыбымен таныстыру.

- Адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін?

- Неліктен адамдар ауырады?

- Адам ағзасы қалай қорғанады?

- Қандай инфекциялық ауруларды білесіңдер?

Слайд















Сабақтың ортасы






Шатасқан әріптер: Инфекция




Ойлан тап: -Бала абайсызда саусағын абайсызда кесіп алды пышақпен сонда анасы не істейді?Қандай көмек береді? Неге қолыңды таңып қою керек?


Мұғалімнің түсіндіруі. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Ағза аурудан қалай қорғанады?.

-Біз қауіпті аурулар туралы жиі айтамыз. Медицинада мұндай аурулар жұқпалы деп аталады. Латын тілінде «инфекция» деген сөз жұқтыру, бүлдіру дегенді білдіреді. Ауру адамнан немесе жануардан (иттерден, мысықтан) жұғуы мүмкін. Бірқатар жұқпалы аурулардың таралуына қан соратын жәндіктер де қатысады. Инфекция ауа, су, тамақ арқылы таралады. Науқастың қаны инфекция көзі болуы мүмкін. Бұл қан құю немесе медициналық құралдарды бірнеше рет қолдану арқылы туындауы мүмкін. Яғни тұмау ауруыда әртүрлі инфекциялардың жиынтығы.

Инфекция жайында бейнебаян: Медбике

Зертте: -(мұз)

-Балалар мұзды қолымызға қаншалықты қысып тұра аламыз?

-Ағза бізді суықтан ыстықтан қорғайды.

Сұрақ-жауап:

  • Біздің денемізді қауіптен ең бірінші не қорғайды?

Тері. . Тері жайлы ой бөлісу.

  • Маса немесе ара шаққаннан кейін теріміз қалай өзгереді?

  • Қолымызды кесіп не сырып алсақ, сол жердің терісінен не байқауға болады?

  • Ешқандай жарақаты жоқ таза тері инфекцияға неліктен тосқауыл болады деп ойлайсың?

  • С
    ау тері қандай болады? Инфекциямен зақымдалған тері қандай болады?


Сау тері мен зақымданған теріні сипаттау

Сау тері

Зақымдалған тері











Мұрын суреті:

- Мұрын – тыныс алу мүшесі. Ол тағы қандай қызмет атқарады?

- Өзің ауырып қалған кезің болды ма?

- Суық тигенде неліктен мұрнымыздан су ағады деп ойлайсың?


Сұрақ-жауап:-Біздің сыныпта неше бала бар?

-Сыныпта балалар ауырып қалғаны болды ма?

-Басы ауырған жөтелген?

-Сендер білесіңдер ме? Бұл тұмау белгілері және ол жұқпалы?

-Яғни сыныптағы барлық бала ауырып қалу керек?

-Әрине жоқ. Ауырған бала мектепке келгенде барлық балаға жұқпауы мүмкін себебі олардың имуннитеті күшті. Иммунитет дегеніміз адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру қасиеті. Оны иммундық жүйе басқарады. Инфекциямен қанның құрамындағы арнайы элементтер күреседі. Иммунитеті жақсы адам аз ауырады


Бейнебаян: Иммунитет

Зертте

1. Өз денсаулығына тест тапсырмалары арқылы зерттеу жасау.


Тест «Менің денсаулығым»

( «+» немесе «-» қою)

№

мазмұны

+/-

1

Менің басым жиі ауырады


2

Мұрным жиі бітеледі


3

Тісім ауырып мазамды алады


4

Кейде құлағым ауырады


5

Менің тамағым жиі ауырады


6

Жыл сайын тұмаумен ауырамын


7

Кейде жүрегім айниды


8

Кейбір тағамдар мен дәрілерге аллергиям бар


9

Көзім ауырады


10

Мен жиі ауырып қаламын




Өз денсаулығы жайлы қорытынды шығару.

Иммуниетті көтеру дегеніміз не?

-Дұрыс тамақтану,спортпен айналысу.

Оқулықпен жұмыс.Мәтінмен жұмыс

Асүйде. Сұрақ: Ас үйден қалай микробтар тарайды?


Асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтауымыз қажет?

- Ішек ауруларының алдын алу неліктен осы асханадан басталады деп ойлайсыңдар?

- Неліктен тамақты тоңазытқышта сақтау қажет?

Оқушылардың ойын тыңдау.



Сен білесің бе? Сабақ оқу мен демалуды араластырып отыру, қатты шаршауға жол бермеу, таза ауада көбірек болу, толыққанды ұйықтау, уақытылы тамақтанып, таңғы гимнастика жасау, салқын сумен жуынып, денені шынықтыру өте маңызды шаралар екенін ескерту.

Тапсырма: Ауырып ем іздегенше,ауырмаудың жолын ізде!

Тақырып: Аурудың алдын алайық!

(балаларға ауырмаудың жолы туралы ақыл-кеңес беру)

Жазылым критерийлері:

1. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады

2. Өз ойын нақты жеткізеді.


Кубизм әдісі бойынша.

1.Суретте. Вирустық аурулардың қандай түрлері болады?

2. Салыстыр. Ауру адам мен сау адамның арасындағы айырмашылықты салыстыру.

3. Зертте. Аурудың пайда болу себептері?

4. Қолдан. Вирустық аурулармен ауырмау жолдары.

5. Дәлелде. Иммунитет қандай қызмет атқарады? 

6. Талда. Вирустық инфекция науқастанған адамнан онымен бір бөлмеде отырған адамдарға қалай тарайды





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі