400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану Ай - Жер серігі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3B бөлім: Ғарыш

Мектеп: №19орта мектебі КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Тымбаева С Ж

Мерзімі: 3-тоқсан


Сынып: 2 Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ай - Жер серігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.6.1.5 Жердің серігі (Ай) туралы, оның фазалары туралы білу.

2.1.1.1. Ай фазаларын бақылау арқылы сұрақтарға жауап табу

Сабақ мақсаттары

Оқушыларда судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Ай - Жердің табиғи серігі екенін біледі;

Айдың фазаларының өзгеріп тұратынын біледі және бейнелеп көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың ғарыш тақырыбында сөздік қоры молаяды. Ай, Жер, серік, Ай-Жердің табиғи серігі сөздері мен сөз тіркестерін үш тілде айтып үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

Ғарыш туралы білуге, зерттеуге деген құлшыныстары артады.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ дүниетану пәнімен байланысты өтеді.

АКТ

АКТ-дан видео материалдар көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Күн және көлеңке туралы білім алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.

Шаттық шеңбері

Армысың досым,

Кел,маған қосыл

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.


Шеңбердің ортасында қоржын тұрады. Сол қоржының ішінде жердің, айдың, күннің суреттері бар. Соларды бір бірден таңдап алады



Оқушылар таңдаған ғаламшарына қарай 3 топқа бөлінеді.

Балалар бүгінгі сабақта кім жақсы қатысатын болса, сол топқа смайлик беріледі. Смайликтерді көп жинаған топ жеңіске жетеді.




Сабақ ортасы

33 минут








7 минут




5 минут



























10минут











5 минут













5 минут

Ендеше бүгінгі сабақ не туралы екенін білу үшін жұмбақ шешіп көрейік.


(Ұ) Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге. (Ай)

Дұрыс. Жарайсыңдар. Бүгін біздер Ай - Жер серігі туралы танысамыз. Бүгінгі сабақтын мақсаты Жердің серігі (Ай) туралы, оның фазалары туралы білу

Ай туралы бейнебаян көру.

Серік дегеніміздің не екенін талқылау.

Айдың ғарыштан түсірілген суреттерін көрсете отырып, Айды Жердің серігі ретінде сипаттау.

(МТ) Серік деп үнемі біреудің қасында жолдас болып жүретін кісіні айтады. Ай үнемі біздің ғаламшарымызбен ілесіп жүреді. Серіктер табиғи және жасанды болады. Жасанды серік адамның қолымен жасалады. Ай жерді айналып қозғалады. Ай Жерден еш уақытта алыстап кетпейді.

Ай - жердің жалғыз серігі. Ол жерді айналып қозғалады.

Айды адамдар түнгі аспаннан көре алады. Ол біздің ғаламшарымыздан кіші, онда атмосфера жоқ.



Жұппен жұмыс Жер мен айдың моделін жасаймыз ол үшін екі таяқша, жасыл, көк және ақ ермексаз аламыз.Бірінші ермексазды алып домалатамыз.Бізде ай мен жер шықты .Содан соң бір таяқшаны алып жерге орналастырамыз. Екінші таяқшаны айға орналастырамыз. Енді айы бар таяқшаны жерге орналастырамыз. Орналастырып болсақ жер мен айдың қозғалу жүйесін бақылаймыз. Ол үшін таяқшаны айналдырамыз.

Ай фазаларын көрсетіп тұрған күнтізбе арқылы ондағы өзгерістерді талқылату. Бейнебаян көру.

(МТ) Топтық жұмыс: Фазалардың айналымы жаңа Айдан басталады. Ол әуелі көрінбейді, содан кейін жіңішке қиығы көрінеді. Айдың жартысы көрініп тұрса, ол-бірінші ширек. Содан кейін ол өсіп, толған Айға айналады. Сол кезде ол дөңгелек болып көрінеді. Оны кемуші Ай деп атайды.

Суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың Ай және оның фазалары туралы білімдерін бағалау.

(Ө) Қабілеті төмен оқушылар: Сызбадағы Жер мен Айды анықтап,атауларын жазады. Бояйды.

Қабілеті орташа оқушылар: Айды сипаттап жазады.

Қабілеті жоғары оқушылар: Мәтінді оқып қай мәтінде сипатталған денені атайды;

суреттен Жердің табиғи серігін белгілеп көрсетеді.



Сабақтың соңы

3 минут










Рефлексия

Оқушыларға толған Ай мен жарты Айдың суреті көрсетіледі.

Сабақты өте жақсы түсіндім деген оқушылар толған Айға отырады, ал сабақты жартылай түсіндім деген оқушылар жарты Айға отырады.




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар: Мәтінді оқып қай мәтінде сипатталған денені атайды;

суреттен Жердің табиғи серігін белгілеп көрсетеді.

Қабілеті орташа оқушылар Айды сипаттап жазады.

Қабілеті төмен оқушылар: Сызбадағы Жер мен Айды анықтап, атауларын жазады. Бояйды.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және фишка беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Суреттерді пайдалана отырып, оқушылардың Ай және оның фазалары туралы білімдерін бағалау.

Зерттеу жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі:





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.02.2019
1033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі