400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жаратылыстану. Бөлме гүлі.Фикус

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу-қызметі Білім беру саласы:Таным Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы:Бөлме гүлі. Фикус. Балабақша Ересек топ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

оқу пәнінің саласы: Жаратылыстану

Тақырыбы "Бөлме гүлі.Фикус"

Оқыту мақсаты: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, "өлі табиғат" ұғымы (тас, су, жел, күннің көзі, жаңбыр).

ҰОҚ мақсаты: Фикус гүлін танып атап, құрылымын ажыратады.

Әдіс-тәсілдер: Жұмбақ жасыру, ашық сұрақтар әдісі,бақылау, саралау, "Галерея" әдісі, "Бағдаршам" әдісі

Оқыту дағдылары: балалардың бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін байыту. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелер: өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі;

Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Сыни ойлау.Жұмбақ жасыру:

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң бұзылады. (Гүл)

-Жарайсыңдар, ендеше біз бөлме өсімдігімен танысамыз.

Біз бүгін табиғаттың ғажайып байлығы- гүлдермен танысамыз, гүлдердің көптеген түрлері бар. Дала гүлдері,бөлме гүлдері, емдік гүлдер және т.б. Дала гүлдеріне қызғалдақ, бақбақ, түймедағы т.б. жатады.Бұл гүлдер далада өседі. Сондықтан дала гүлдері деп аталады.

"Сұрақтар алаңы" әдісі

-Балалар бізге гүлдер не үшін керек?

-Бөлмедегі ауаны тазартады, әдемі сән береді, гүл адамдарға қуанышсыйлайды. Мереке күндері анамызға, тәрбиеші апайларға әдемі гүл шоқтарын сыйлаймыз.

-Егер де гүлдер болмаса не болар еді? (сыни ойлау)

-Бұл гүлдің аты-фикус. Кәне, менімен қосылып қайталаңдаршы. Фикус- әдемі жапырақты бұтақты өсімдік.Өсімдіктің діңі жуан болса да жапырағы майда ірі болып келеді.Фикустың шырмалап өсетін де түрлері болады.

-Фикус гүлінің түсі қандай?Жапырағы қандай болып келген?Гүлдің жапырағы үлкен , әрі жалпақ.Бөлме температурасының тым ыстық болуынан және желде қалғандығынан жапырағы түсе бастауы мүмкін.

Енді ойын ойнайық.

Ойын

Педагог жетекшілігімен ойын:

"Бөлме гүлі. Фикустың жапырағын табайық"

Әртүрлі гүл жапырақтарының арасынан фикустың жапырағын тақтаға ілу.



Құрылымдалған ойын: Топтық жұмыс.

Балаларды үш топқа бөлемін. 1ші топ - жапырақты бояуды,

2ші топ - жапырақты ермексазбен ,

3ші топ - акварельмен жұмыс жасайды.

"Галерея" әдісі

Бала үнін ескеремін. Жанама бақылаймын, жұмыс жасай алмай отырған балаларға қолдау арқылы көмектесемін.

Практика әрекет: "Гүл отырғызу"

Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз. Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз. Балалар гүл отырғыздық, енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек.

Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.

– Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.

– Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. – Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет.

Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.

Еркін ойын: "Табиғатты қамқормыз" ,

Гүлдердің шаңын сүртіп, суару.

Кері байланыс: Балардың өзара қарым-қатынасы жақсарды. Командамен жұмыс жасауға ұмтылыс жасады.

Құрылымдалған ойын жақсы өтті.

Еркін ойын кезінде балалар шығармашылық танымдарын көрсете білді.



Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

Жасыл түсіндім, қызыл түсінбедім.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі