400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану. Денеге қалай күтім жасаймыз? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану. Денеге қалай күтім жасаймыз? 2 сынып Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтайды. Оқушылар денеге күтім жасау жолдарын біледі.Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№3 сабақ Жаратылыстану

Бөлімі:

Адам

Педагогтің аты-жөні:

Досмайлова Жанар

Күні:

24.11.2021 жыл

Сыныбы:2

Қатысушылар саны: 21 Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

Денеге қалай күтім жасаймыз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.3.4. Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

2.2.3.5. Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау ;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар денеге күтім жасау жолдарын біледі.Жеке гигиеналық тазалық туралы өз ойларымен әңгімелейді ;

Көптеген оқушылар:Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Кейбір оқушылар: Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

2 мин.


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Оқушыларды топтарға

3 топқа біріктіру.

I-«Әдімі балалар» тобы

II –«Үлгілі балалар» тобы

III–«Сымбатты балалар» тобы

Саралау:Бұл жерде қолданудың

«Жіктеу» тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.

(Ұ) “Кездесу” әдісі арқылы оқушылар бір- біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындасты-рады, көңіл -күйін көтереді, бауырмал-дығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»




Миға шабуыл. «Жедел жауап» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.


6 мин.


Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында сұрақтарға мұғалімнің көмегімен жауап береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқу-шыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұ-рақтар қойылады.

Сұрақтар:

1.Бұлшық ет қандай қызмет атқарады?

2.Ең күшті бұлшық етті ата?

3.Ең кішкентай бұлшық ет қайда орналасқан?

4.Бұлшы ет қалай жұмысжасайды?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау-ға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық.

Жаңа сабақ

5 мин


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

«Ауы қуысының тазалығы» бейнебаянын тамашалау.Сұрақ-жауап.



Сұрақтар:

1.Тісті күніне неше рет тазалау керек?

2.Тісті не үшін тазалаймыз?

3.Тіс кариесі деген не?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының таным-дық дағдысы артады.

Өз ойын дұрыс мағынада білді-ріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқу-шыға «Жарай-сың!»

«Керемет»

«Сенің қолың-нан келеді» деген мадақ-тау сөзімен ынталандыру.

бейнебаян

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Топтық жұмыс.

10 мин.

Жазылым.




«Зертте» әдісі.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты суреттердің беріледі.Тістің атауларын олардың орнымен және атқаратын қызметімен сәйкестендіреді.

Төмендегі адамның жеке гигиенасына қатысты сөздерді топта талдап, гигиеналық тазалық туралы өз ойларымен әңгімелейді;Тіс күтуге арналған ереже құрастырады.

Мақсаты: Адамның жеке гигиенасына қатысты сөздерді ажыратады.

Тиімділігі: Тыңдалым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Зерделеу» тәсілі көрініс табады.

№ 1 -тапсырма: Тіс суреттерін атауларымен сейкестендіру.Тіс күтімі туралы ереже құрастыру.

№ 2 -тапсырма:Тіс күтімі туралы ереже құрастырады.


Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп өз ойларымен әңгімелейді;

Дескриптор:

-Жеке гигиена туралы бір-біріне айтады;

-Денеге күтім жасаудың маңызын түсінеді;


-Иллюстрацияға сүйеніп жұпта диалог құрады;

-Гигиеналық тазалық туралы өз ойларымен әңгімелейді;

Жалпы-4 балл.

Оқулық.

суреттер

Сергіту сәті

2 мин

Тісті тазалау жаттығулары

Оқушылар қолдарына қалам алып тісті тазарту үлгі жаттығуларын мұғалімнің көмегімен жасайды

Оқушыларға «Жарайсың!»

«Керемет!»

деген мадақ-тау сөзімен ынталандыру.


Жұптық жұмыс.

9 мин.

Жеке гигиенаға қатысты кеңестерді оқып, сұрақтарға жауап бер.

Мақсаты: Жеке гигиенаға қатысты кеңестермен таныстыру.

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау:Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

№ 3 -тапсырма: Берілген тапсырма бойынша оқиды. Өзіндік ойын тұжырымдайды. Оқып, танысқан кеңестерді басшылыққа алып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-Кеңестерді оқиды. 1б

-Сұрақтарға жауап береді. 1б

-Жеке және ортақ заттарды ажыратады. 1б

-Адамның жеке бас гигиенасына мысал айтады-1б

Жалпы – 4 балл.

Оқулық, үлестірме қағаздар.

Сабақты бекіту

5 мин.



«Кластер» әдісі Мақсаты:Берілген сөздердің атқаратын қызметін жазу арқылы жаңа сабақты бекітеді.

Тиімділігі: Оқушының жаңа сабақ бойынша өтілген материалдарды топтастырады


«Кластер» әдісі Қима сөздерді пайдалана отырып кластер құрау

Дескриптор:

Жеке бас ги-гиенасы тура-лы біледі -1б- Адамның жеке бас гигиена-сына мысал айтады. 1б

Жалпы – 2 балл.

Қима сөздер

Үйге тапсырма

1 мин

Мәтінді оқу,өз тістерін айнаға қарап зерттеу.

Сабақтың соңы.

Бағалау

2 мин

Рефлексия

3 мин





«Еркін микрафон» әдісін пайдаланып сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.


Мақсаты:Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі