400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану əдістеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1

Е.В.Бритвина, Т.Л. Яндулова







ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас)
педагогтеріне арналған


Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
















Алматыкітап баспасы
2018


Page 2

2






























Бритвина Е.В.
Жаратылыстану. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне
арналған.Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 82 б.








© Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018


Page 3

3

Кіріспе

«Жаратылыстану» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес
дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі
5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

«Жаратылыстану» бойынша әдістемелік нұсқау «Таным» саласы бойынша
ұйымдастырылған оқу қызметтері жиынтығынан тұрады. Ол мектепке дейінгі ұйымдарда
3–4 жастағы балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған. Мемлекеттік мектепке
дейінгі білім және тәрбиенің жалпыға міндетті стандартының жаңартылған нұсқасында
мектеп жасына дейінгі балаларға «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі (бұдан
әрі ҰОҚ) енгізілген болатын. Осыған байланысты оны әдістемелік жағынан
қамсыздандыруға қажеттілік туып отыр. Ұсынылып отырған ОӘК мектепке дейінгі білім
беретін педагогтердің талаптарына толық жауап береді және оның мазмұны Мектепке
дейінгі тәрбие және білім беру үлгілік оқу бағдарламасының мақсаттық талаптарына сай
келеді.
«Жаратылыстану» ОӘК құрамы:
 педагогке арналған әдістемелік нұсқау (бір жылға арналған жоспар мен 36 ҰОҚ-ның
жоспарлары);
 балаларға арналған үлестірмелі материалдан тұрады.
«Жаратылыстану» оқу әдістемелік кешені – аталған бағыт бойынша 1 жастан 7 жасқа
дейінгі балаларды оқыту жөніндегі әдістемелік жүйенің бір бөлігі. Осы арқылы білім
берудің түрлі деңгейлерінде өзара сабақтастық қамтамасыз етіледі. ОӘК Мемлекеттік
стандартқа қол жеткізуге бағытталған және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі
балалық саласындағы білім саясатындағы заманауи үдерістерді ескереді. Мәселен, оқу-
әдістеме кешенінде 2016 жылы 26 сәуірде Қазақстан Халқы ассамблеясының ХХІV
сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеялары негізге алынған.
ҰОҚ барысында балалар «Қазақстанда тұратын әр азаматтың жасына, жынысына, ұлты
мен әлеуметтік жағдайына қарамастан мақтан тұтатын негізгі құндылықтарын» меңгереді.
Осы сезімдер балалардың бойында алғаш рет отбасында және балабақшада пайда болады.
Осының нәтижесінде бала жеке тұлға болып дамиды.
Жаратылыстану пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:
 Жанды және жансыз табиғаттағы құбылыстар туралы түсіндіру.
 Балалардың табиғаттағы құбылыстарға қызығушылығын ояту, өсімдіктер мен
жануарларға қамқорлық жасауға үйрету.

Мынадай дағды қалыптастыру:
 Ауа райын анықтау;


Page 4

4

 Табиғат құбылыстарын (маусымдық өзгерістер) бақылау;
 Табиғаттағы қарапайым өзгерістердің атауларын үйрету және оларды байқау қабілеті.

Өсімдіктер әлемі
Туған өлкеде өсетін өсімдіктердің кейбір түрлері, көгөністер мен жемістер туралы
қарапайым түсіндіру; бөлме гүлдерінің түрлері мен олардың айырмашылықтары туралы
білім беру (шегіргүл, қазтамақ, бегония және т.б.). Пияз егу және гүл егу үдерісін бақылау
(бақбақ, шырайгүл, барқытгүл).
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімін нығайту. Үй жануарлары мен
Қазақстан аумағында тіршілік ететін жабайы жануарлар туралы түсіндіру; жанды
табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерді бақылау тәсілдерін үйрету.
Табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерге, қыстап қалатын (қарға, торғай, көгершін,
шауқарға) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құм мен судың қасиеттерімен таныстыру.
Бағдарламалық мақсаттарды іске асыру балалардың бойында танымдық дағды
қалыптастырып, тиісті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жыл соңына қарай балалар:
 табиғаттағы құбылыстарға қызығушылық танытады, жануарлар мен өсімдіктерге
сүйспеншілікпен қарайды, оларға қамқорлық танытады;
 ауа райын ажырата алады, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды;
 туған өлкедегі кейбір өсімдіктер жайлы түсінік қалыптастырады;
 гүлдейтін шөптесін өсімдіктердің атауларын біледі және таниды (шырайгүл,
барқытгүл);
 жемістер мен көгөністердің кей түрлерінің атауларын біледі және таниды;
 бөлме гүлдерінің 3-4 түрін таниды және оларды бір-бірінен ажырата біледі;
 Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын
біледі және оларды өзіне тән белгілеріне қарап ажырата алады;
 құстардың мінез-құлық ерекшеліктеріне назар аударады;
 жанды табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерге, қыстап қалатын құстарға
қамқорлық жасайды, жемсауыт жайлы біледі;
 құм мен судың қасиеттерінен хабары бар;
 материалдармен өз бетінше зерттеу жұмысын жасай алады.
ҰОҚ бағдарламалық материалдар мен ізденімдік қызметті ықпалдастыру және ҰОҚ-
ға дайындық жұмыстарына ерекше назар аудару арқылы дайындалды. Жаратылыстану
пәні ҰОҚ-ларының ерекшелігі де осында. Өйткені екінші кіші топта ҰОҚ-ны өткізуге
небәрі 15 минут берілген (Үлгілік оқу жоспары негізінде). Сондықтан бұл жерде ҰОҚ-ға
дайындық пен одан кейінгі жұмыстар ауадай қажет. С ебебі бұл жүйелі және
жүйелендірілген білім қалыптастырудың лайықты іргетасын қалайды. Оқу-әдістеме
кешенінде 3–4 жастағы балалармен мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылып
отыр: зерттеу мақсатындағы серуендер, әңгімелесу, иллюстрациялармен танысу,
мақалдар, тақпақтар жаттау, жұмбақтар шешу, табиғаттану тақырыбындағы көркем
әдебиеттерді оқу, табиғаттың бұрышында жұмыс істеу, ойындар (дидактикалық, сөздік,
үстел үсті, қимыл-қозғалыс, музыкалық, театрландырылған, құрылыс-конструктивтік,
сюжеттік-тақырыптық), табиғи материалдар түрлі заттар жасау, ересектердің жұмысын
бақылау, гербарий жасау және т.б.
Ғалым Н. Поддьяковтың пікірі бойынша «Баланың жаңа нәрсені, қоршаған ортаны
танып-білуге деген қажеттілігі бағдарлы-зерттеу іс-әрекетінің пайда болуы мен дамуының
негізінде. Іздену іс-әрекеті алуан түрлі және қарқынды түрде болған сайын, бала


Page 5

5

ақпараттарды молымен алады және оның дамуы толыққанды болады». Технологиялық
карталарда берілген ҰОҚ-ның қарқынын шағын зерттеу жұмыстарының (мысалы: қолдан
жауын жаудырамыз), тәжірибелік жұмыс нұсқаларының (мысалы: шалшық сулар қайда
кетеді; аппақ және лас қармен тәжірибе жұмыстарын жасау), өзекті мәселелерді пайдалану
(мысалы: мыршай жемістер мен көгөністерді шатастырып алады, оған көмектесу керек),
жіктеуге, өзара байланысын анықтауға арналған логикалық ойындар; заттың белгілі бір
қызметін анықтау (мысалы: ол не істей алады?), рефлексифтік қызметке дайындау т.б.
жұмыстардың көптігінен аңғаруға болады. Балалардың интеллектуалдық белсенділігін
арттыруға сұрақтар, салыстыруға арналған тапсырмалар, циклдік алгоритмдер мен
мнемокестелер көмектеседі.
Жаратылыстану ҰОҚ-сын өткізу алгоритмі қазіргі заманғы технологияларға тән:
проблемалық-диалогтік, жеке басқа бағытталған оқыту сынды негізгі кезеңдерден
тұрады.ҰОҚ-ның тақырыбы сұрақ түрінде қалыптасқан. Оқушылар ұйымдастырылған оқу
қызметі барысында осы сұрақтарға жауап алуы тиіс.
ҰОҚ-ның құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
• Бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі;
• Екінші кезең – негізгі кезең;
• Үшінші кезең – қорытынды кезең (рефлексия).
Әр ҰОҚ-ның бағдарламалық мақсаттарының орындалу деңгейін бақылау МЖБС мен
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген
индикаторларға сай жүргізіледі:
1-деңгей – бала білімдеріне сүйеніп, белгілі бір және басқа да тапсырмаларды орындай
алады;
2-деңгей – бала өзінің тапсырманы қалай орындағанын біледі, белгілі бір білім қоры
бар;
3-деңгей – бала білетіні мен қолынан келетінін пайдалана біледі, білімдерін өздігінше,
шығармашылық тұрғыдан пайдалана алады.
Оқу-әдістемелік кешенінде табиғат нысандарын, үлкендердің еңбегін сырттай бақылау,
зжапырақ, жеміс, көгөніс, тұқымдармен ойналатын тақырыптық ойындар, суреттермен
жұмыс, иллюстрациялар, әңгімелер, жұмбақтар ұсынылған. Олар балалардың зейінін, есте
сақтау, байқампаздық қабілеттерін дамытады. Олардың сөздік қорын байытып,
жандандырады. Тақырыптарға негізделген сергіту сәттері, психологиялық жаттығулар,
имитациялық ойындар бала миына түскен қысымды азайтып, өтіп жатқан материалға
деген қызығушылығын арттырады.
Балалардың табиғатты шынайы қалпында жанды және жансыз ретінде қабылдауы
үшін ҰОҚ танымдық мақсатта, заманауи талаптарға сай дайындалған.
Педагогтің міндеті – балалардың табиғатты шынайы қалпында көріп, ести білу
(жапырақтың сыбдыры, желдің гуілі, құстардың сайрауы) қабілетінің қалыптасуына
ықпал ету, алдымен олардың қызығушылығын оятып, кейін білуге құштарлығын арттыру,
табиғатқа мейірімді болуға үйрету, балалардың мінезін қалыптастыру, интеллектін
дамыту. Табиғаттану пәнін оқытудың негізгі шарты – жанды табиғат бұрышын жасау,
сынып бөлмесін ізденімдік мақсаттағы жұмыстарға сай жабдықтау (оның тізімі әр ҰОҚ-ға
арнап жеке-жеке әзірленген) және табиғи жағдайда бақылау жүргізу телімдерімен
қамтамасыз ету. Балабақша аумағында экологиялық сүрлеу жасауға мүмкіндік табылса,
тіпті жақсы.
Оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріліп берілді: білімдік, дамытушылық, тәрбиелік:
а – білімдік; ә – дамытушылық; б – тәрбиелік.
Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған дидактикалық материал
әзірленген (үлестірмелі материалдар). Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге,


Page 6

6

сабақ тақырыбы бойынша түсінігін нығайтуға мүмкіндік береді. 3–4 жастағы балаларға
арналған тапсырмалар Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелендірілген және
балаларды келесі сатылардағы білім беру жүйесіне дайындауға көмектеседі.
Аталған әдістемелік нұсқауда ұйымдастырылған оқу қызметтерінің үлгі жоспарлары
берілген. Педагогтер бұл жоспарларды қалауларынша өзгертіп, толықтырады.
Авторлар ұсынылған оқу-әдістемелік кешен балаларды шығармашылық тұрғыдан
дамытуға, бағдарламалардың міндетін қызықты етіп іске асыруға және «Жаратылыстану»
ұйымдастырылған оқу қызметтерінде тиісті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді
деп үміттенеді.
Құрметпен және серіктестікпен
авторлар ұжымы





І. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

№ Тақырыбы Мақсаты Сағат
саны
1 Алтын күз Мақсаттары: а) Күз маусымында жанды және жансыз
табиғатта болатын алғашқы өзгерістер туралы
түсіндіру.
ә) Ауа райы жағдайын анықтау; бақылау қабілетін
дамыту.
б) Қарапайым экологиялық мәдениет қалыптастыру.
1
2 Бақшадағы
көгөністер
Мақсаттары: а) Көгөністерді тану және олардың
атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша
дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту.
ә) Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Танымдық
қызметке деген қызығушылығын ояту.
б) Еңбекқорлыққа баулу.
1
3 Жеміс толы себет Мақсаттары: а) Жемістің бірнеше түрі жайлы
түсінігін жүйелендіру; оларды өсіру тәсілдері
туралы түсінігін кеңейту.
ә) Есте сақтау, зейін қою, ойлау қабілетін дамыту.
б) Қарапайым зерттеу жұмыстарымен айналысу
қабілетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа баулу.
1
4 Күзгі гүлдер Мақсаттары: а) Гүлдің құрылысы жайлы түсіндіру.
ә) Байқампаздық қабілетін, зейінін дамыту.
б) Табиғатты аялай білуге үйрету.
1
5 Жау, жау, жаңбыр! Мақсаттары: а) Жансыз табиғаттағы құбылыстар
жайлы түсіндіру; табиғат құбылыстарының бірі –
жаңбырмен таныстыру.
ә) Балалардың табиғатқа, табиғат құбылыстарына, оны
танып-білуге деген қызығушылығын ояту.
б) Жаңбырға қуануға үйрету.
1


Page 7

7

6 Күздегі
жапырақтардың
түсуі
Мақсаттары: а) Күз мезгіліне тән белгілермен
таныстыру.
ә) Күзгі маусымда табиғат және табиғат құбылыстарын
бақылай білу дағдыларын қалыптастыру. табиғат
дауыстарын тыңдай білу (жапырақтың сыбдырын,
желдің дауысын, құстардың сайрағанын)
шеберліктерін қалыптастыру.
б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту және
табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
1
7 Жабайы жануарлар Мақсаттары: а) Жабайы жануарлар мен олардың
төлдері туралы алғашқы түсінік
қалыптастыру.
ә) Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат
бере отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жанды табиғатты аялауға үйрету.
1
8 Ағаштар Мақсаттары: а) Ағаштардың 2-3 түрін тану және
атауын атауға үйрету.
ә) Қарапайым тәжірибе-зерттеу жұмысын жасау
қабілетін дамыту.
б) Туған өлкенің өсімдіктер әлемін қорғауға деген
құлшынысын арттыру.
1
9 Жел Мақсаттары:
а) Табиғат құбылыстарының бірі – жел туралы
түсіндіру.
ә) Зерттеудің қарапайым тәсілдерін дамыту, есте
сақтау, зейін қою қабілетін нығайту.
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған қамқорлық
жасауға баулу.
1
10 Үй жануарлары

Мақсаттары: а) Балалардың үй жануарлары, оларға
күтім жасау туралы түсінігін байыту.
ә) Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
б) Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді
болуға тәрбиелеу.
1
11 Судың қасиеті Мақсаттары: а) Судың қасиеттері туралы қарапайым
түсіндіру.
ә) Танымдық белсенділігін дамыту.
б) Табиғаттың сұлулығын көре білу және түсіну, сол
сұлулықты сақтап қалуға деген ынтасын күшейту.
1
12 Аңдар қысқа қалай
дайындалады?

Мақсаттары: а) Балалардың жабайы жануарлар,
олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге
бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту және
кеңейту.
ә) Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен
жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым
байланыстарды анықтау қабілетін дамыту: жүнінің
түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор
жинауы.
б) Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.
1


Page 8

8

13 Қыс келді

Мақсаттары: а) Қыста табиғатта болатын құбылыстар
жайлы түсінігін кеңейту.
ә) Байқампаздық қабілетін, жыл мезгілдері мен ауа
райының арасындағы қарапайым себеп-салдар
байланысын анықтау қабілетін дамыту.
б) Барлық тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға
үйрету.
1
14 Аққала Мақсаттары: а) Қардың қасиеттері туралы түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
дағдыларын қалыптастыру.
б) Қайырымдылық, ізгілік, бір-біріне қол ұшын беру
сынды қасиеттерге баулу.
1
15 Бөлме гүлдері Мақсаттары: а) Балалардың бөлме гүлдері туралы
түсінігін кеңейту.
ә) Бөлме гүлдерін өсіруге қызығушылығын ояту,
байқампаздық қабілеті мен білуге деген құштарлығын
дамыту.
б) Бөлме гүлдеріне қамқор болуға үйрету.
1
16 Алтын балық қайда
тұрады?
Мақсаттары: а) Балықтың екі-үш түрін тану және
ажырата білуге үйрету.
ә) Оларға тән белгілерді көру және оларды бір-бірімен
салыстыру қабілетін дамыту.
б) Балықтарды күтуге деген құштарлығын ояту.
1
17 Тасбақа Мақсаттары: а) Барлық тіршілік иелері адамдар
тарапынан белгілі бір күтімді қажет ететіні жөнінде
түсіндіру.
ә) Байқампаздық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
б) Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.
1
18 Қыста құстарға
қамқор боламыз
Мақсаттары: а) Қыстап қалатын құстар туралы
түсіндіру.
ә) Жұмбақ шешу қабілетін дамыту.
б) Балаларды «біздің кішкентай достарымызға»
жанашырлық танытуға баулу.
1
19 Қаңтарда қар көп
жауады
Мақсаттары: а) Балалардың қыста жанды және
жансыз табиғатта болатын құбылыстар
жайлы түсінігін нығайту.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
дағдыларын
қалыптастыру.
б) Қатар құрбыларымен достық қарым-қатынаста
болуға тәрбиелеу.
1
20 Пияз егу Мақсаттары: а) Пияз туралы түсіндіру.
ә) Балалардың пияз егу үдерісі туралы түсінігін
дамыту.
б) Еңбек етуге, пайда келтіруге деген ықыласын
дамыту.
1
21 Қыстап қалатын
құстар
Мақсаттары: а) Қыстап қалатын құстармен
таныстыру.
ә) Тануға, білуге деген құштарлығын дамыту.
б) Балаларды қайырымды болуға, құстарға көмектесуге
1


Page 9

9

(жем шашу) баулу.
22 Бөлме өсімдіктерін
күту
Мақсаттары: а) Балалардың бөлме гүлдері, олардың
түрлері мен айырмашылықтары туралы
түсінігін кеңейту; өсімдіктерді су құятын ыдыстан
суаруды үйрету.
ә) Өсімдіктерге күтім жасауға деген құштарлығын
ояту.
б) Олардың сұлулығына қуануға үйрету.
1
23 Көрінбейтін ауа Мақсаттары: а) Балаларды ауа және оның қасиеттері
туралы түсінікпен таныстыру.
ә) Зерттеу қызметіне деген қызығушылығын ояту.
б) Төңірегіндегі қатар құрбыларына қайырымды болуға
үйрету.
1
24 Ғажайып қап Мақсаттары: а) Балаларға заттардың бірі адамдардың
қолымен, бірі табиғаттың күшімен
жасалғанын түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
қабілеттерін қалыптастыру.
б) Зерттеушілік мінез-құлық, қоршаған ортадағы
заттарға күтім жасау дағдысын қалыптастыру.
1
25 Қағаз бен мата Мақсаттары: а) Қағаз бен матаның қасиеттері туралы
түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
дағдыларын қалыптастыру.
б) Қоршаған ортадағы заттарға, ересектердің еңбегіне
құрметпен қарауға үйрету.
1
26 Көктем келді Мақсаттары: а) Көктем белгілері туралы түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
дағдыларын қалыптастыру.
б) Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету.
1
27 Шұбар тауық Мақсаттары: а) Үй құстары туралы түсіндіру.
ә) Балалардың зейін қою, есте сақтау, ойлау қабілетін
дамыту; тану үдерісін жандандыру.
б) Үй құстарына қамқорлық жасауға үйрету.
1
28 Құстар ұшып келді Мақсаттары: а) Жыл құстары туралы түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
қабілеттерін қалыптастыру.
б) Жанды табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға,
құстарды аялауға үйрету.
1
29 Шуақты күн Мақсаттары: а) Жер бетінде тіршілік болуы үшін
Күннің қажеттігін түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
қабілеттерін қалыптастыру.
б) Балаларды жылдың кез келген мезгілінде
табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
1
30 Көгілдір көктем Мақсаттары: а) Табиғатта көктемде болатын
құбылыстар жайлы түсіндіру.
ә) Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінігін
1


Page 10

10

кеңейту; байқампаздығын дамыту.
б) Көктемде табиғаттың оянуына, оны қызықтауға
деген ынтасын ояту.
31 Жәндіктер Мақсаттары: а) Жәндіктердің бәрі тірі жан иесі деген
түсіндіру: олар да тыныс
алады, қозғалады, тамақтанады.
ә) Қарапайым тәжірибелік-зерттеу жүргізе білу
қабілеттерін қалыптастыру.
б) Табиғат әлеміне мейірімді болуға үйрету.
1
32 Тұқымнан не өсіп
шығады?
Мақсаттары: а) Асбұршақ тұқымы және оны егу
жолдары туралы түсіндіру.
ә) Зейін қою, ойлау, сөйлеу қабілетін, қолдың
моторикасын дамыту.
б) Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,
табиғатты аялауға үйрету.
1
33 Құм және
сазбалшық
Мақсаттары: а) Құм мен балшықтың қасиеттері
туралы түсіндіру.
ә) Тәжірибелік жұмыстардың қарапайым тәсілдерін
үйрету.
б) Жансыз табиғатқа деген қызығушылығын ояту.
1
34 Бақбақ пен
қызғалдақты
салыстыру

Мақсаттары: а) Көктемнің алғашқы гүлдері туралы
түсіндіру; олардың негізгі бөліктерінің атауларын
дұрыс атауға үйрету.
ә) Есте сақтау, байқампаздық және ойлау қабілетін
дамыту.
б) Балаларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға
мейірімді болуға, қоршаған ортаның сұлулығын
қызықтай білуге үйрету.
1
35 Көк майса шөп Мақсаттары: а) Шөп пен гүлдейтін шөптесін
өсімдіктер туралы түсіндіру.
ә) Қарапайым тәжірибе-зерттеу жүргізе білу
дағдыларын қалыптастыру.
б) Балалардың экологиялық сана-сезімін дамыту.
1
36 Табиғатты қорға Мақсаттары: а) Адамдардың табиғатқа қалай
көмектесе алатынын еске түсіру.
ә) Ойлау, қиялдау қабілетін дамыту.
б) Әлсіздерге, қорғансыздарға көмектесу, табиғатты
аялауға деген құштарлығын нығайту.
1
Барлығы 36








Page 11

11


Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары

№ 1
Білім беру саласы: Таным, Әлеумет
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаттары: а) Күз маусымында жанды және жансыз табиғатта
болатын алғашқы өзгерістер туралы түсіндіру.
ә) Ауа райы жағдайын анықтау; бақылау қабілетін дамыту.
б) Қарапайым экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: күздің белгілерін;
Түсінеді: жанды және жансыз табиғаттағы өзгерістеріне; ауа райының ерекшеліктеріне;
Қолданады: ауа райын қалай бақылау керектігін үйренеді және бақылауға.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:тақпақ оқу, өлеңдер жаттау; күз туралы суреттер мен
иллюстрацияларды қарап шығу; серуендеу барысында бақылау жүргізу, гербарий
жинау; заттық және сюжеттік суреттер жиынтығын қарап шығу – «Күз»; «1, 2, 3 – ағашқа
қарай жүгір!», «Қай құс ұшып кетті?», «Дәмі арқылы тап» атты дидактикалық ойындар
ұйымдастыру, күз туралы тақпақтар оқу және жаттау; күз жайлы жұмбақтар жасыру.

Құралдар мен материалдар: күздік суреті, CD дискідегі жазба, үлкен себет; қызыл, сары,
қызғылт сары, жасыл түсті күзгі жапырақтар; ағаштар бұтақтары.
Сөздік жұмыс: жыл мезгілдері, күз, күзгі, алтын, жапырақтардың түсуі, бұлыңғыр,
түнерген, салқын.
Билингвалды компонент: күз – осень, сап-сары – ярко-желтый
1. ҰОҚ барысы:
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Балалардың білімін нығайту.

Қарашы күз келді, күз келді.
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

«Далада жаңбыр жауып тұрғанда үстің су болып қалмас үшін не алып шығу керек?
Қолшатыр. Мынадай әдемі қолшатырды кім сыйлады екен?». Күз. (Егер балалар жауап
беруге қиналып жатса, олардан қазір жылдың қай мезгілі екенін сұраймыз).
Күзге қонаққа баруға шақырады. ҰОҚ тақырыбына қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең


Page 12

12

Педагог балалардың назарын түскен жыл мезгілі – күзге аударады. Төңірекке қарап,
күздің бізге не бергенін айтып берулерін сұрайды. Суреттерді, фотосуреттерді (слайдтар,
тұсаукесер) қарап шығады. Күз бізге күн, аспан, бұлттар, жапырақтар, гүлдер, жемістер
мен көгөністер, жидектер мен саңырауқұлақ сыйлағанын айтады. Суреттердегі өздері
білетін жемістерді атап көрсетеді, олардың көлемі мен түсін нақтылайды. Жемістер,
жапырақтар мен гүлдердің көлемдерін салыстырады.
Сөздерді бірнеше рет қайталап айтады: күз – осень, сап-сары – ярко-желтый.
Ауа райындағы өзгерістер туралы, аспанға қарап, ол туралы әңгімелеп берулерін сұрайды.
Аспанды сұрғылт, ауыр бұлттар қаптағанын айтады. Мұндай бұлттарды бұлт дейміз. Қара
бұлттар не істеді? (Күнді жауып тастады). Балалар, қалай ойлайсыңдар, күн көңілсіз бе?
Терезеден қарайды – аспан таза, көгілдір, жылы немесе сұрланып, күңгірттеніп, ауыр
бұлттар торлап тұрғанын айтады. Балалардың «бұлыңғыр», «түнерген», «суық» деген
сөздермен сөздік қорларын толықтырады. Педагогтің «Түсі ең күңгірт бұлтты тап» деген
ұсынысын қабыл алады. Оның түсінің қандай екенін айтады.
Жапырақтың сыбдырлаған дауысын тыңдайды (аудиожазба).

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

«Күзгі жапырақтардың түсуі» атты тыныс алу жаттығуына қатысады. Жаттығуларды
орындайды: Бөтелкенің қақпағындағы есікке салынған түтікшеден үрлейді. Жел пайда
болады.
Түрлі түсті қағаз майлық қиындыларымен толтырылған бөтелке мен түтікшелер таратып
береді.
Сергіту сәті.

Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Балалар қолдарына жапырақ ұстап дөңгеленіп тұрады, жан-жаққа бытырап қашады,
аяқтарының ұшымен жүгіреді, жапырақ ұстаған қолын бұлғайды, тізесін бүгіп отырып,
жапырақтарын басынан асыра көтереді).

Педагог балаларға «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар
таратып, оның қызметін, атауын айтады. Тәрбиеленушілер белгілі бір нысан бейнеленген
карточкаларды алады. Аталған қызметті атқаратын нысанның карточкасын ұстаған
балалар педагогтің қасына жақындайды.
П: Менің достарым – барлық тірі жан иелері.
Б: Мысық, ағаш, гүл, құс
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу: «Суреттерді қарап шығып, күздің бізге не
сыйлағанын айтып бер. Күзгі жапырақтың суретін боя. Ол қай ағаштан үзіліп түсті
екен?»
3.Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог «Күн»: Күнге қарап мысық сияқты жымиып күл; күн жарқырап, мысықты
жылытып тұр, ол бұған қуанып, керіліп мәз болып тұр. Күн сияқты күл (көңіл күй:
рақаттану, ләззат алу).


Page 13

13

«Жылы леп»: Жылы леп соқты, жанға сондай жағымды.
«Қара бұлт»: Қара бұлт күннің бетін торлап алды. Ол ашулы, қорқынышты. Бұлт сияқты
қабағыңды түй.
«Жаңбыр»: Жаңбыр жауып, аспан жылап тұр. Ал балалар асыр салып, мәз болып жүр.
«Жел»: Жел соқты, тамшылардың зәресі ұшып, жан-жақты бытырап ұшып кетті.
Тренинг-ойын ұйымдастырады.

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін
білдіруге шақырады. Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің
ұнап,нені орындау қиынға соққанын анықтайды.


№ 2 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшадағы көгөністер
Мақсаттары: а) Көгөністерді тану және олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-
бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту.
ә) Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Танымдық қызметке деген қызығушылығын ояту.
б) Еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көгөністің бірнеше түрінің атауы мен сипаттамаларын біледі;
Түсінеді: көгөністердің әртүрлі болатынына назар аударады;
Қолданады: алған білімін дидактикалық ойындар барысында пайдалана алады.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: көгөністердің суреті бейнеленген
иллюстрациялармен; бақшадан жұлып әкелінген көгөністермен танысу; жемістер мен
көгөністердің муляждары; «Шалқан» ертегісін сахналау; жұмбақтардың шешуін табу.
Құралдар мен материалдар: жемістер мен көгөністердің муляждары, иллюстрациялық
материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, жас көгөністер. Әр затқа
жетілу деңгейінің реті бойынша 3–4–5 карточкалар (мысалы: жасыл, кішкентай қызанақ,
қоңыр және қызыл), өсу тәртібіне қарай (дән, сабақ, бойы биік сабақ, өсіп жетілген
өсімдік).
Сөздік жұмыс: көгөністер, түбір.
Билингвалды компонент: көгөністер – овощи, шалқан – репа, шалғам – редиска.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)

Педагог жұмбақта қандай көгөністер жайлы айтылып тұрғанын сұрайды.

Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)


Page 14

14

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсатын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді:
Мыршай көгөністер мен
жемістердің бәрін шатастырып алды. Болып жатқан оқиғаларға, ҰОҚ-ға ерекше
қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең
Педагог балалардан күзді қандай белгілеріне қарай анықтауға болатынын сұрайды. Күзде
табиғатта қандай құбылыстар байқауға болады? Балалар өз болжамдарын айтады: Далада
жаңбыр жауып тұр, күн суыта бастады, салқын жел соғып, сарғайған жапырақтар жерге
түсіп жатыр. Күн шығып тұрғанымен бұрынғыдай қыздырмайды.
Сол арқылы балалардың табиғат құбылыстарының атауларын ауа райындағы
өзгерістермен салыстыра отырып атап көрсету қабілетін нығайтады. Құстар жылы жаққа
ұшып кетіп жатыр, аңдар да қыстың қамын қылып жатыр. Адамдар егін жинап, көгөніс
пен жемістерден қыста жейтін азық дайындап жатыр. Мысалы: жаңбыр жауды – жер
батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды;
күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн
бұлттанды.
Балаларды жемістер мен көгөністер салынған себеттен тек қана көгөністерді іріктеп алуға
шақырады.Тапсырманы орындауға атсалысады. Жұмбақты шешеді:

Көгөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды. (Сәбіз)

Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,
Дер кезінде жинамасаң,
Сарғайып кетер батыр. (Қияр)

Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)

Анықтауды сұрайды:
Көгөністер қайда өседі?
Көгөністер қандай болады?
Көгөністерді неліктен пайдалы дейміз?
Балаларға дәруменнің не қажеті бар?

Диалогке қатысады. Өмірде көргендеріне (жеке тәжірибесіне) сүйеніп, талқылайды:
Көгөністер жеу үшін қажет. Олар үлкен және кіші, ұзын және қысқа, тәтті, тұзды,
ащы болып келеді.
Педагог көгөністер топырақтың үстінде және топырақтың арасында өсетініне балалардың
назарын аударады. Қоңыр себеттерге топырақтың арасында өсіп-жетілетін көгөністерді
салады (картоп, сәбіз, шалқан, шалғам); сары түсті себетке – жер бетінде өсетін
көгөністерді салады (қияр, қызанақ, кәді, орамжапырақ). Көгөністердің аттарын
атайды. Балаларға оларды бір сөзбен КӨГӨНІСТЕР деп атайтынын айтады.
(Көгөністердің атаулары мен олардың бәрі КӨГӨНІС деп аталатынын бәрі бірге
қайталайды).
Сөздерді бірнеше рет қайталайды: көгөністер – овощи, шалқан – репа, шалғам – редиска.
Көгөністермен танысуға шақырады. Олар әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Олардың
бір-бірінен айырмашылығы қандай? Көгөністер түсі мен пішіні жағынан әртүрлі
болатынын атап өтеді


Page 15

15

Балалардан жасыл (көк) түсті көгөністерді табуды сұрайды –орамжапырақ, қияр, кәді;
қызыл түсті көгөністер – шалғам, қызанақ; сары түсті көгөністер –шалқан т.б.
Педагог көрсеткен карточкалардың түстерін айтып шығады (бәрі бірге айтады). Ойын
түріндегі жаттығуға қатысады. Белгілі бір түсті көгөністі атайды.

Сергіту сәті.

Бақшаға біз барамыз, (Бір орында сап түзіп жүру).
Өнімдерді жинаймыз. (Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру).
Сәбізді жұлып, картопты қазып,
Орамжапырақтың түбін кесеміз. (Сәбізді кесіп, қазып, тасып жатқанын салады).
Дәмді қымыздықтан (Қолдарымен көрсетеді).
Аз-аздап жұламыз. («Жұлады»).
Соқпаққа түсіп, қайтамыз үйге. (Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру).

«Дәміне қарап таны» ойынын ұйымдастырады. Қияр, қызанақ, тәтті бұрыштан дәм атады.
Атауларын атайды.
«Көгөністер» ойыны.
Балалар шеңбер құрап отырады. Педагог көгөністің атын атайды, балалар қолдарымен
қимыл жасайды: егер ол топырақтың үстінде, жүйекте өсетін көгөніс болса, қолдарын
жоғары көтереді. Ал егер педагог топырақтың астында өсетін көгөністі атаса, қолдарын
төмен түсіреді.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеуге шақырады: «Суретшінің салғандарын бір
сөзбен қалай атауға болады? Топырақтың астында өсетін көгөністі қарындашпен қоршап
сыз. Ол қалай аталады?»
Тағы бір нұсқа:«Бірінші қайсысы, кейін қайсысы?» дидактикалық ойынын ұйымдастыруға
болады. Балаларға әртүрлі реттегі карточкалар таратылады. Жүргізушінің белгісі
бойынша олар тиісті суреттің реті бойынша сапқа тұрады.
3.Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытады, алған әсерлерімен бөлісуге шақырады.
Балалар көгөніске «айналады». Өздерінің қандай екенін айтады. Көңілді, қышқыл, ащы,
тәтті және т.б.
Алған әсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға
көмектеседі.

№ 3 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жеміс толы себет.
Мақсаттары: а) Жемістің бірнеше түрі жайлы түсінігін жүйелендіру; оларды өсіру
тәсілдері
туралы түсінігін кеңейту.
ә) Есте сақтау, зейін қою, ойлау қабілетін дамыту.
б) Қарапайым зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа
баулу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістің бірнеше түрінің атауын біледі;
Түсінеді: жемістерді өсіру жолдарын біледі;


Page 16

16

Қолданады: анализаторлардың көмегімен жемістерді зерттеуді біледі; алған білімін ойын
барысында пайдалана алады.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: жемістердің иллюстрацияларымен танысу; «Не
қайда өседі?», «Ғажайып қап» дидактикалық ойындары; «Жемістерден не дайындауға
болады?» тақырыбында әңгімелесу; муляждарды зерттеу; сынап көру үдерісіне қатысу.
Құралдар мен материалдар:жемістер салынған себет – алма, алмұрт, алхоры,
жемістердің муляждары, магнитті тақтада үлкен ағаштың суреті, түрлі магнит-жемістер.
Сөздік жұмыс:жемістер, ағаш, алма, алмұрт.
Билингвалды компонент: жеміс – фрукт.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

Тақырыпқа сәйкес балалардың әлеуметтік тәжірибесі мен бұрыналған білімдерін
нығайтады: Балалар бір-бірлеп қолдарын қаптың ішіне салады. Алдымен қолына іліккен
заттың не екенін табуы тиіс. Содан соң ол затты алып шығады.
«Қаптың ішінде не бар?» ойынын ойнауға шақырады. Оның не екенін айтады: жеміс пе,
көгөніс пе?
Оқу қызметінің мақсаттарын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді: Жеміс дегеніміз
не екенін білу.
Жұмбақты шешеді:

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң –
Майда, майда қызыл шоқ.
(Анар)

Өзі қызыл , өзі қызық,
Ортасында бір сызық.
(Шабдалы)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
(Алма)
2. Негізгі кезең
Педагогтің қолында балаларға таныс жемістер салынған қорап бар. Ол балалардың бірін
өзіне көмекші етіп алады. Көмекші кез келген суретті алып, оны педагогке көрсетеді және
екеуі сол жеміс туралы айтып береді (циклдық алгоритмді пайдаланып).

Балалар заттардың сыртқы ерекшеліктерін айқындап (түсі, пішіні, үлкендігі), содан
соң оларды қандай мақсаттарда пайдаланатынын анықтауды үйренеді.


Мысалы, «бұл жемістің түсі сары,сопақ пішінді, кішкентай, қышқыл,оны кесіп шайға
салады» (лимон);«бұл жемістің түсі қызыл, домалақ,пішінді, кішкентай, дәмді, тәтті,


Page 17

17

одан повидло, компот қайнатады» (алма) және тағы басқа. Педагог балаларға: «Өздеріңде
«сиқырлы «ағаштарым» бар» деп елестетіңдер», – дейді. Онда әртүрлі жемістер өседі.
Балалардан бір-бірлеп тақтаға келіп, ұнаған жемісті таңдап алуды және оның атын айтып,
ағашқа орналастыруды сұрайды. Өзекті мәселе: Жемістерді неліктен ағашқа ілдік?
Оларды неге бақшадағы жүйекке орналастырмадық? «Жемістер ағашта өседі» деген ой
түйеді.

Сергіту сәті.

Пісіп тұрған төрт алмұрт,
Қызығатын көрген жұрт. (Аспанға қызыға қарайды).
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Мұратқан.
(Алмұрттарды жеген сияқты қимылдар келтіреді).
Қанша қалды алмұрттан?(Екі саусақтарын көрсетеді).

«Дәмі арқылы тап» ойынын ұйымдастырады. Балалар көздерін жұмып, ауыздарын
ашады. Жемістің (алма, алмұрт, банан, апельсин) дәмін татады. Батылдау баланың
аузына кішкене лимон тілімін салады. Балалар әр жемісті жегеннен кейін оны сипаттап
береді.
«Қолымдағы не?» ойынын ұйымдастырады. Балалар қолдарын арқасына қойып,
шеңбер құрап тұрады. Педагог оларға жемістердің муляждарын салып шығады.
Содан кейін бір жемісті көрсетеді. Сол жемістің өз қолында тұрғанын білген
балалар белгі берілген кезде педагогтің қасына жүгіріп барады. Қолында тұрған жеміске
қарауға болмайды. Оны тек қолымен ұстап қана біле алады.
Балаларға адамдардың түрлі жемістер өсіретінін хабарлайды. Себебі жемістердің
құрамында дәрумендер өте көп. Бірақ оларды көп сақтай алмаймыз. Оларды бірден жеп
қоймаса бұзылады. Жемістер бұзылып кетпес үшін оларды түрлі тәсілдермен сақтаймыз.
Жемістерден түрлі-түрлі тағамдар жасаймыз. Балалар аналары мен әжелерінің жемістен
не дайындайтынын айтады: тосап, нәрсу, бәліш және самсалардың ішіне салады.
Балаларды суға бояу араластырып, жемістен шырын дайындайтынын көрсетуге
шақырады. Шыққан сұйықтықтың түсіне қарап, мұндай әдемі сусынның қандай жемістен
дайындалатынын табады.
Үлестірмелі материалдардағы тапсырманы орындайды: «Әр қатардағы басы артық суретті
түрлі түсті қарындашпен қоршап сызады.»
«Жеуге жарамды – жарамсыз» ойынын ұйымдастырады: жүргізуші белгілі бір көгөніс,
жеміс, жидек немесе кез келген заттың атауын атап, қатысушыларға кезекпен доп
лақтырады. Егер айтылған заттың тапсырмаға қатысы болса бала допты қағып алуы тиіс.
Бала педагог айтқан заттың жеуге жарайтын және жарамайтындығын анықтайды. Егер
жарамды болса допты қағып алады (немесе қол шапалақтайды).
Топпен бірге ойнауға болады (доптың орнына қол шапалақтайды, егер айтылған заттың
берілген тапсырмаға қатысы болмаса қол шапалақтайды).
3.Қорытынды кезең (Рефлексия).
Балаларды зерттеу жұмысын жасағаннан кейін қалай өскенін білу үшін созылуға
шақырады. Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған әсерлері жайлы
әңгімелейді.


№ 4 ҰОҚ


Page 18

18


Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Күзгі гүлдер.
Мақсаттары: а) Гүлдің құрылысы жайлы түсіндіру.
ә) Байқампаздық қабілетін, зейінін дамыту.
б) Табиғатты аялай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: гүлдің бөліктерін;
Түсінеді: өсімдіктер тіршілігінің жыл мезгілдеріне тәуелді екенін түсінеді;
Қолданады: үлескідегі өсімдіктерге қамқорлық жасауға ынтасы оянады.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен кезінде бақылаулар жүргізу; ересектердің
балабақшаүлескесіндегі еңбегін бақылау; гүлдер туралы әңгімелесу; фотосуреттер мен
иллюстрацияларды қарап шығу; жұмбақтардың шешуін табу.
Құралдар мен материалдар: күз бен күзгі құбылыстар бейнеленген иллюстрациялар.
Сөздік жұмыс: гүлдер, жұлдызгүл (ақкекіре), сабақ, жапырақ, гүл.
Билингвалды компонент: гүл – цветок, жұлдызгүл (ақкекіре) – астра.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог «Суретті құрастырып жина» ойынының көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы
эмоционалдық жағдай қалыптастырады. Қиылған суреттерді құрастырып жинайды
(түймедақ, ақкекіре).

Балалардың білімін нығайту педагог балалардан жыл мезгілдерін атап беруді, олардың
серуендеген кезде нені аңғарғанын еске түсірулерін сұрайды. Күздің белгілерін атап
көрсетеді: күн суытты, аспанды жиі бұлт торлайды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа
ұшып кетеді.
Гүлдердің суреті салынған картинаны көрсетіп, осы гүлдерді қайдан көргендерін сұрайды.
Балалар бұл гүлдерді балабақшадағы гүлзарлардан көргенін еске түсіреді.
Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.
2. Негізгі кезең
Педагог гүлзарлардағы өсімдіктердің арасында суықтанқорықпайтын гүлдер барын
айтады. Олар әбден күн суытқанғадейін бізді сұлулығымен қуантыптұрады. Ол – ақкекіре,
түймедақ. Суреттерді қарап шығады. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атап көрсетеді.
Қолдарымен көрсетіп, оның қандай бөліктерден тұратынын айтып береді:
тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі. Олардың биік немесе аласа, ұзын немесе қысқалығын
анықтайды.
Сөздерді бірнеше рет қайталайды: гүл – цветок, жұлдызгүл (ақкекіре) – астра.

Педагог балаларға қосымша мәліметтер береді: бір ғана жаз бен күзде гүлдейтін гүлдерді
біржылдық дейміз. Ал бірнеше жыл қатарынан гүлдеп, біздің көз қуанышымызға
айналатын гүлдерді көпжылдық дейміз. Олардың тамырлары қыста жердің астында жата
береді. Балаларға өсімдіктерге қалай қарау керектігін түсіндіреді: оларды жұлуға, аяқпен
таптап басуға болмайды.

Сергіту сәті.

Шалғынға серуенге барамыз,
(Тізелерін жоғары көтеріп, бір орында тұрып жүреді).
Гүлдерді иіскейміз,(Еңкейеді).


Page 19

19

Хош иісті гүлдер жайқалады, (Мұрнымен бірнеше рет құшырлана иіскейді).
Гүлдерді жұлмаймыз, (Бойын тіктеп, басын оңға-солға бұрады).
Қандай керемет! (Алақандарын жаяды).

Тәрбиеленушілерді жоғарғы топтағы балалар жинаған гүл тұқымдарымен танысуға
шақырады. Балалар тұқымдарды зерттейді, қолдарымен ұстап, үлкейткіш әйнек арқылы
қарап көреді.
Балаларға айтады: гүлзарда гүл өсу үшін алдымен оның тұқымдарын топыраққа егу қажет.
Одан жіңішке сабақ өсіп шығады, содан соң жапырақтар пайда болады. Кейін гүл пайда
болады. Бірақ оған міндетті түрде су құйып тұру қажет. Өйткені олар тірі тіршілік иесі
болғандықтан суды қажет етеді. Гүлдер туралы жұмбақтарды шешуге шақырады. Дала
гүлдері мен бақша гүлдері жайлы түсінік береді. Педагог жұлдызгүлді ақкекіре деп те
атайтынын айтады.

Суыққа шыдар
Аппақ, сары, қызыл гүлдер.
Қырық күнге дейін гүлдер,
Хош иісті қай гүлдер?

– Жауабы: жұлдызгүл.


Жапырағын ұстасаң,
Асты суық,
Жылы үсті,
Дәрі жасар бұл гүлден,
Емдер күйік, тынысты.

– Жауабы: түймедақ.
– Түймедақтың далада өсетін бақшада өсетін түрлері болады. Оны адамдар үй алдындағы
гүлзарларға егеді.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу: «Гүлмен мұқият таныс. Оның бөліктерін
(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі) көрсет».
3.Қорытынды кезең (Рефлексия). Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытады.
Балаларды «Мен – өсімдікпін» атты психологиялық жаттығуға қатысуға шақырады.
Балалар көздерін жұмады. Олар өздерін кішкентай өсімдік ретінде сезінуге тырысады.
Жаттығу аяқталған кезде балалардан «Өсімдік болған ұнады ма?» – деп сұрайды.
«Сендерді жылы, қара топыраққа апарып екті. Әлі кішкентай, өте әлсіз,
қорғансызсыңдар.Бірақ мейірімді адам сендерге су құяды, тамырларың тыныстау
үшін топырақты қопсытады. Сендер өсе бастайсыңдар. Жапырақтарың өсіп, сабақ
та қатайды. Күнге қарай бой созып, күн сайын өсіп жатырсыңдар. Гүлзардағы гүлдердің
қасында әдемі болып тұрған қандай жақсы!»


№5 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жау, жау, жаңбыр!


Page 20

20

Мақсаттары: а) Жансыз табиғаттағы құбылыстар жайлы түсіндіру; табиғат
құбылыстарының бірі – жаңбырмен таныстыру.
ә) Балалардың табиғатқа, табиғат құбылыстарына, оны танып-білуге деген
қызығушылығын ояту.
б) Жаңбырға қуануға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жансыз табиғаттағы құбылыстардың атауларын біледі;
Түсінеді:судың адам өмірі мен табиғаттағы тіршілік үшін атқаратын рөлін түсінеді;
Қолданады: танымдық бағытта әңгімелеседі, пікір білдіреді, қарапайым тұжырымдар
жасайды.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру;
табиғат құбылыстарын бақылау; иллюстрациялармен танысу; жұмбақ шешу;
шығармашылықпен айналысу; тәжірибелік жұмыстар.
Құралдар мен материалдар: сорғыш, су құйылған тәрелкелер, клеенка, қағаз
орамалдар, иллюстрациялар, «Жаңбыр дыбысы» аудиожазбасы, түрлі түсті қарындаштар,
үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: күз, жел, жапырақтардың түсуі, жаңбыр.
Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi. (Жаңбыр)

Балалардың білімін нығайту педагог балалардан сұрайды: Жаңбыр дегеніміз не? Ол қай
кезде жауады? Жазда қандай жауын жауады? Ал күзде ше?
Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды. Балалар өмірде көргендеріне, тәжірибесіне
сүйене отырып жауап береді. Өтіп жатқан сабаққа қызығушылық танытады.

2. Негізгі кезең
Күздік киім киген балалардың фотосуреттері мен суреттерін қарап шығуға шақырады.
Балалардан сұрайды: Оларды қай кезде суретке түсірген? Жазда ма, күзде ма?
Фотосуреттермен және суреттермен жұмыс істеуге кіріседі. Балалардың неге етік, күрте,
малақай кигенін талқылайды. Күн суытты, күшті жел соқты, қара бұлтты
айдап әкеліп, жаңбыр жауды. Қызға қолшатырдың не үшін керектігін айтып беруді
сұрайды (тағы бір фотосуретке назар аударады). Қолшатырдың астында жаңбырдан
тығылуға болады. Күздегі ауа райының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Күзде ауа райы қандай болады? Тануға, білуге ерекше құштарлық, белсенділік танытады
Балаларды қолдан жаңбыр жасауға шақырады. Балалардың алдына су құйылған
тәрелкелер қояды. Бұл – «өзен».
Көрсетеді: жайпақ ыдысқа су себетін ыдыстан су құяды, жаңбыр «жауады» (Ақырын
құямыз – жаңбыр тамшылап тұр, майдалап жауып тұр деген сөз; су құйғыш ыдысты
жоғары көтеріп, қаттырақ еңкейтеміз – жаңбыр қатты жауып тұр, нөсер жауып тұр дегенді
білдіреді). Тәрелкелердің жанында суды өзіне сіңіріп алатын сорғыштар жатыр.Бұл –
«бұлттар». Сорғышты қолдарына алады. Бұлттар жеңіл ме, ауыр ма, соны анықтайды.


Page 21

21

Жеңіл. Себебі олар құрғақ. Ал бұлттар өзеннің қасынан өткен кезде судан көтерілген буды
бойына сіңіріп, су тамшыларын жинайды. Балалар сорғыштарды суға салады. Енді бұлт
ауырлады. Енді сорғышты сығады –жаңбыр жауып жатыр. Суды сорғышпен жинап алып,
екінші ыдыстың үстіне сығамыз –жаңбыр жауып тұр. (Сорғышты клеенкаға қояды)
Балаларды өз бетінше қолдан жаңбыр жасап көруге шақырады. Балалар жаңбыр туралы
білетіндерін айтады.
Аудиожазбаны (жаңбырдың дыбысын) таңдатады.

Сергіту сәті.

Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің әсем қалама
Бақыт болып жаушы, жаңбыр,
Менің байтақ далама,
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.
Балалардан жаңбыр жауғанда қандай көңіл күйде болатынын сұрайды. Балалар жаңбыр
жауғаннан кейін жердің қарайып, дымқылданып, балшыққа айналатынын айтады.
Терезені, шатырды соққылап жауып тұрған жаңбырдың дыбысын тыңдайды (жаңбырлы
күні).
– Балалар, сендер судың бұлтқа қалай жиналатынын білесіңдер ма? Жаңбырдың қандай
болатыны (ұсақ, нөсер, майдалап жауатын, құйып жауатын) туралы түсінік
береді. Бүгінгі ауа райын анықтайды (жауын-шашынды, күн бұлттанып тұр). Әр жерде
шалшық су жиналған. Алдымен аспанды қою бұлт торлайды. Содан соң ол ауыр су
тамшыларынан құралған қара бұлтқа айналады. Олар бұлтта көпке дейін тұра алмайды,
жерге жауады.
Тағы бір нұсқа: педагог «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады:
балаларға карточкалар таратады, функциясын таңдап алып, оның атауын атап береді.
Балалар белгілі бір нысанның суреті бейнеленген карточкаларды алады. Қолындағы
карточкасының қызметі айтылған функцияға сәйкес келген бала педагогтің жанына
(жүгіріп) барады.
П: Менің достарым адамның күзде тоңып қалмауына көмектеседі.
Б: Күрте, малақай, қолғап, етік, жемпір…
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу: «Шынымен жаңбыр жауды! Жаңбырдың,
жерге тамшылап жатқан тамшылардың суретін сал. Әр тамшы мен жердің арасын
қарындашпен сызып көрсет».
3.Қорытынды кезең (Рефлексия). Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл
күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады. Балалар смайлды (күліп
немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын
анықтайды.


№ 6 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Күздегі жапырақтардың түсуі.
Мақсаттары: а) Күз мезгіліне тән белгілермен таныстыру.


Page 22

22

ә) Күзгі маусымда табиғат және табиғат құбылыстарын бақылай білу дағдыларын
қалыптастыру. табиғат дауыстарын тыңдай білу (жапырақтың сыбдырын, желдің
дауысын, құстардың сайрағанын) шеберліктерін қалыптастыру.
б) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту және табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз белгілерін;
Түсінеді: жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістердің себептеріне;
Қолданады: ауа райындағы өзгерістерді бақылауға.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: күз туралы өлеңдер оқу, тақпақтар жаттату, күзгі еңбек
туралы әңгіме жүргізу, табиғат құбылыстарын зерттеу және бақылау мақсатында серуенге
шығу.
Құралдар мен материалдар: түрлі түсті гүлсауыттар (сары, қызыл, жасыл, қоңыр), үлкен
ағаш жапырақтары, екіге бөлінген үлестірмелі парақтар.
Сөздік жұмыс: жапырақтардың түсуі, жел, жапырақтар, терек, суық, бұлт.
Билингвалды компонент: жапырақтар – листья, жапырақтардың түсуі – листопад.

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог тосын сый арқылы ҰОҚ-ға қолайлы эмоционалдық жағдай қалыптастырады.
Кейіпкер – Күз кіреді.
Бар білімдерін белсендіру. Педагог күз мезгілін қайдан көруге болатындығын сұрайды.
– Балабақша үлескісінен күзде піскен қандай жеміс, көгөністерді көруге болады?
Үлескіге баруға ұсыныс тастайды. Балалардың танымдық іс-әрекеттерін дамытуға мақсат
қояды.

2. Негізгі кезең
Педагог тақтап оқиды.

Кездескен сон күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ – сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.


Балалардың назарын айналаға, яғни ағаштардан түсіп жатқан сары, қызғылт сары, қызыл
түсті жапырақтарға аударады. Бұл құбылысты жапырақтың түсуі деп аталатынын
түсіндіріп айтады. Балалар жапырақтың жерге түсуі деген сөздерді бірнеше рет қайталап
айтады. Балалар педагогтің көмегімен күз белгілерін: сұр бұлт, жаңбыр жауды, күн
шуағы ыстық емес, күн суық, адамдар жемістер мен көгөністерді жинайды деген
сөздерді айтады.
Ойын: «Үлкен және кішкентай жапырақтар».
Педагог балаларға кішкентай және үлкен жапырақтарды табуға тапсырма береді.
Үлкен жапырақты алақандарына салып, оның үстіне кішкентай жапырақты қоюды
ұсынады. Сонан соң олардың орындарын ауыстыруларын сұрайды. Балалар кішкентай
жапырақ үлкен жапырақтың артына тығылып қалғанын айтады.
Тыныс алу жаттығуы: «Жапырақты үрле». Балалар алақандарындағы
жапырақты үрлейді. Енді педагог күзгі дыбыстарды тыңдауға ұсыныс салады:
жапырақтардың сыбдырын, құстардың әнін. Осыдан кейін балабақша аумағын аралап
жүріп, күз түскелі қандай өзгерістер болғанын анықтауға тапсырма береді.
Сергіту сәті: Жапырақтар


Page 23

23


Біз күзгі жапырақтармыз (қолдарын жоғары көтеріп, ақырын шайқалады).
Ой-ой, жел соқты (ауыздарымен үрлеп, қолдарын екі жаққа созады).
Біз ұштық, ұшып келеміз (жүгіреді).
Ақырын жерге қондық (отырады).
Жел қайтадан соқты (ауыздарымен үрлеп, ақырын шайқалады).
Айнала ұшып,
Жерге қайтадан қондық (отырады).

Дидактикалық жаттығу: «Түстеріне қарай жапырақтарды жина». Педагог
балалардың назарын жапырақтардың әртүрлі түсіне аударады. Гүлсауытқа түстеріне
қарай жапырақтарды жинап салуға тапсырма береді: қызыл жапырақты қызыл
гүлсауытқа және т.б.
Дидактикалық жаттығу: «Жапырақ пазлдар». Педагог алдын ала бірнеше
жапырақты алып, оларды қайшымен бірнеше бөлікке бөліп дайындап қояды. Осы
жапырақ бөліктерін араластырып қойып, жапырақ құрастыруға тапсырма береді.
Дарынды балаларға күрделірек, мысалы, «еменнің жапырақ құрастыр» деген тапсырма
беруге болады.
Педагог балаларды топқа алып келіп, үлестірмелі парақтағы тапсырманы
орындатады. Балалар Қуаныш пен Айсұлуға көмектесіп, тапсырманы орындайды:
саябақ жолы бойынша әдемі күзгі ағашқа екі саусақтарын жүргізіп алып келеді.
3.Қорытынды кезең (Рефлексия)
Педагог ҰОҚ-ны қорытады. «Қайда барып келдік?», «Үлескіде не жинадық?» деген
тәрізді сұрақтарға жауап береді.


№7 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаттары: а) Жабайы жануарлар мен олардың төлдері туралы алғашқы түсінік
қалыптастыру.
ә) Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат бере отырып, балалардың ойлау
қабілеттерін дамыту.
б) Жанды табиғатты аялауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:жабайы жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын атап береді;
Түсінеді: олардың бәріне баспана, тамақ пен жылу керектігін түсінеді;
Қолданады: жануарларға жаны ашиды, оларға көмектескісі келеді.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: серуендеу барысында бақылау жүргізу;
иллюстрациялармен танысу; жануарлардың тіршілігі мен күзде табиғатта болатын
өзгерістер жайлы әңгімелесу; тақпақтар мен өлеңдер жаттау; қимыл-қозғалыс ойындары.

Құралдар мен материалдар: жабайы жануарлар мен олардың төлдері бейнеленген
карточкалар, суреттер, жабайы жануарлардың бетперделері, үлестірмелі материалдар,
түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: жабайы жануарлар, апан, құйрық, жыртқыштар, ағаштың қуысы, ін,
қасқырдың апаны.
Билингвалды компонент: түлкі – лиса.


Page 24

24

1. ҰОҚ барысы:
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Балалардың білімін
нығайту:

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айғай-шу. (Түлкі)

Балаларға мынадай сұрақтар қояды: Түлкі адамдардың қасында тіршілік ете ме? Түлкінің
мекені қайда? Түлкінің қасында нелер тұрады? Талқылайды. Танып, білуге ұштарлық
танытады. «Жабайы жануарлардың дауыстары» аудиожазбасын тыңдайды және
дауыстардың нелердікі екенін анықтауға тырысады. Жұмбақты шешеді және түлкінің
қасында нелер тұратынын айтады:

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)

Сұрғылт тартқан түсi бар,
Ақсиған көп тiсi бар.
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)

Жауымнан мен қашқанда,
Ағаштарға самғап бағам.
Ал қарным ашқанда,
Отырып ап жаңғақ шағам. (Тиін)

Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды. Өтіп жатқан сабаққа қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең

Балалардан бұл жануарлардың қай жерді мекендейтінін сұрайды? Олардың жабайы
жануарлар екенін түсіндіреді. Талқылайды. Оларға ешкім қамқорлық жасамайтынын,
аңдар өз үйлерін өздері салып, тамақты да өздері тауып жейтінін айтысады. Жабайы
жануарлардың үйлерінің қалай аталатынын анықтауға шақырады. Тақырыпқа қатысты
суреттер, фотосуреттер мен слайдтарды көрсетеді.
– Аю мен қасқырдың апаны болады. Тиін ағаштың қуысын мекендейді. Түлкінің іні бар.
Құстардың ұясы болады.
Педагогтің айтқандарын өз білгендерімен толықтырады:Жабайы жануарлардың ін,
апандары туралы білетіндерін айтады. Балаларды «Аналары мен балалары» ойынын
ойнауға шақырады. Үлкені – тиін, ал кішкентайлары – оның балалары.
Үлкені – түлкі, кішкентайлары – мыршай.
Үлкені – аю, кішкентайы – қонжық, қонжықтар. Үлкені – кірпі. Оның қасындағылары –
кірпінің балалары.
Қасқыр үлкен, ал кішкентайы – бөлтірік.


Page 25

25

Ал қоянның баласы көжек деп аталады. Бірнеше көжекті көжектер дейді.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Педагог «Менің достарым» ойынын ұйымдастырады.
Балаларға карточкалар таратып,олардың функцияларын таңдайды және атауларын атайды.
Педагогтер белгілі бір нысандардың суреті бейнеленген карточкаларды алады.
Карточкадағы нысан аталған функцияға сай келетін балалар педагогтің қасына (жүгіріп)
барады.
П: Менің «достарым» – орманда тұрады.
Б: Қасқыр, түлкі, тиін, аю…
Үлестірмелі материалдармен жұмыс: орман тұрғындарының құйрықтарын тауып береді.
Педагог балалардан жабайы жануарлардың жүрісін салып беруді сұрайды. Балалар қоян
мен тиіннің секіргенін,қасқыр мен түлкінің ақырындап келіп тарпа бас салатынын, аюдың
қорбаңдаған жүрісін салады.
Тағы бір нұсқа: Балаларды «Жануарлар келе жатыр» атты дидактикалық ойын ойнауға
шақырады. Педагог балаларды төрт топқа бөледі: аюлар, қасқырлар, тиіндермен кірпілер.
Балалар қуана келіседі. Педагогтің айтуы бойынша жануарлардың жүрісін салады.
Жануарлардың атын атайды: Аюлар келе жатыр. Қасқырлар келе жатыр. Аю сияқты
аяқтарын қатты дүрсілдетіп жүреді. Қасқырдың жүріс салып, аяқтарын қатты
дүрсілдетпейді.
3. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін
білдіруге шақырады. Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің
ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

№8 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ағаштар
Мақсаттары: а) Ағаштардың 2-3 түрін тану және атауын атауға үйрету.
ә) Қарапайым тәжірибе-зерттеу жұмысын жасау қабілетін дамыту.
б) Туған өлкенің өсімдіктер әлемін қорғауға деген құлшынысын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: ағаштардың атаулары мен олардың ерекшеліктерін;
Түсінеді:ағаштар мен бұталардың қандай пайдасы бар екеніне;
Қолданады: алған білімдерін ойын барысында пайдалана алады; өсімдіктер әлеміне
қамқорлық жасай біледі.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: үлескіде серуендеу, ағаштармен таныстыру.
жұмбақтардың шешуін табу; дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындарына қатысу;
тұсаукесерлермен танысу.

Құралдар мен материалдар: «Табиғаттағы дыбыстар (орманның шуылы, құстардың


Page 26

26

даусы)» аудиожазбасы, орманның суреті бейнеленген иллюстрациялар, ағаштар мен
үйеңкінің макеттері. Қақпағы бұрап ашылатын пластик құтыларға жөк, шаған мен
үйеңкінің тұқымдарын саламыз (әрқайсысын бөлек-бөлек салу керек). Құтылардың
қақпағында жөке, шаған мен үйеңкінің жапырақтары бейнеленген.
Сөздік жұмыс: ағаш, бұта, дің, бұтақтар, жапырақтар.
Билингвалды компонент: ағаш – дерево
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен сабаққа қолайлы эмоциялық жағдай тудырады
Тыныстайды, өседі, бірақ жүре алмайды. Ол не? (ағаш).

Балалардың түсінігі мен білімін нығайту.
Бала-бақша ауласында ағаш өсе ме? Қандай ағаштар өседі?
Педагог балалардан осыны еске түсіруді сұрайды.
– Мен қайсысы ағаш, қайсысы бұта екенін шатастырып алдым, көмектесіңдерші.

Балаларды сыртқа шығып, ағаштарды зерттеуге шақырады.
2. Негізгі кезең.
Балалардың назарын бала-бақша ауласында өсетін ағаштарға аударады.
Олардың жапырағы бар ма? Неге ағаш құламайды? Оны не ұстап тұр?
(Ағашты тамырымен бірге жерге егіп жатқан сәтті бейнелейтін суретті көрсетеді).
Тамыр қатты, ағашты ұстап тұрады және оған нәр береді. Ағаш тамыры арқылы су
ішеді. Ал, ағашқа жапырақтың не қажеті бар? (Сол арқылы дем алады). Ал біз қалай
тыныстаймыз? Балаларға түсіндіреді: ағаш өседі, тыныстайды, қоректенеді. Яғни ағаш
– тірі нысан деген сөз. Әр ағаштың өзінің аты болады.
Ағаш – бұл өсімдік.

Бұталар туралы түсінік береді – бірнеше сабағы, бұтақтары, тамыры, жапырақтары
болады.
Ағаштар мен бұталарды күту қажеттігін түсіндіреді. Ағаштар мен бұталар ауаны
тазартады. Бұталардың да аттары бар.

Сергіту сәті

Балалардан жерге назар аударуды сұрайды. Жердің бәрін сарғайған жапырақтар жауып
тастапты. Сондықтан да жылдың бұл мезгілін алтын күз деп атайды. Тек жапырақтар ғана
сары ма?

Балалардың назарын аударады: бір жапырақ жерге қалықтап түсіп барады. Екіншісі
айналып, айналып, ақырындап жерге құлады. Жапырақ жеңіл болғандықтан жерге ақырын
түседі. Жел соқты. Ағаштағы сарғайған жапырақтардың бір тобы сыбдырлап жерге түсті.
Мұны жапырақтардың түсуі дейміз.

Балаларды қызықтыруға тырысады: жапырақтар неге сарғайды? (өйткені, күн аса қатты
жылытпайды).
Ағаштың ішетін суы да азайды. Сондықтан жапырақтары түсіп жатыр. Өсімдік қысқа
осылай дайындалады. Біз жылы киімдер кидік, ал, ағаштар суды аз жұмсау үшін
жапырақтарын бәрін жерге түсіріп тастады.

«Ағаштармен сөйлесу»


Page 27

27

– Қараңдаршы, балалар, біздің бала-бақшаның ауласында қаншама ағаш бар!
Өздеріңе ұнаған ағашты таңдап алып, оны құшақтаңдар және көздеріңді жұмып біраз
тұрыңдар. Ол сендерге не жайлы «әңгімелейтініне» құлақ түріп көріңдер. Мен белгі
берген кезде қайтып келесіңдер.

Тағы бір нұсқа
«Бұл тұқымдар қай ағаштан түсті» ойынын ұйымдастыруға болады.
Материал: Қақпағы бұрап ашылатын пластик құтыларға жөк, шаған мен үйеңкінің тұқымдарын
саламыз (әрқайсысын бөлек-бөлек салу керек). Құтылардың қақпағында жөке, шаған мен
үйеңкінің жапырақтары бейнеленген.

Үлестірме парақтармен жұмыс істеу
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

3.Қорытынды кезең (Рефлексия).

№9 ҰОҚ

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Жел
Мақсаттары:
а) Табиғат құбылыстарының бірі – жел туралы түсіндіру.
ә) Зерттеудің қарапайым тәсілдерін дамыту, есте сақтау, зейін қою қабілетін нығайту.
б) Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған қамқорлық жасауға баулу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылысының атауын біледі – жел;
Түсінеді: желдің қуаты әртүрлі болатынын біледі;
Қолданады: табиғаттағы себеп-салдар байланысын анықтай алады.
Сабаққа дайындық жұмыстары: ауа туралы әңгімелесу; жоғарғы топтағы балалардың
ойынын бақылау; фотосуреттер мен иллюстрацияларды қарап шығу; зерттеу мақсатында
серуенге шығу.

Құралдар мен материалдар: «Ауа», «Су» көрнекі құралы, әуе шарлары, желдің, судың
дыбыстары жазылған дискілер, кемелер, желпуіштер.
Сөздік жұмыс: Күз, ауа, көзге көрінбейді, дәмі жоқ, жеңіл, иісі жоқ.
Билингвалды компонет: ветер – жел.

Ағаштарды шайқайды,
Көзге көрiнбейдi.
Шарлағанда сай-сайды,
Бiр сәт ерiнбейдi. (Жел)

Балалардың табиғат құбылыстары туралы білімдерін толықтырады, ауа райын сипаттауға
жаттықтырады. Бүгінгі ауа райын анықтайды. Мысалы:жаңбыр жауды –жер батпақ
болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн
шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн
бұлттанды. Болып жатқан оқиғаларға ерекше қызығушылық танытады. Жел қайда


Page 28

28

тұратынын сұрайды.Серуенге шыққан кезде желді іздеп көруге шақырады. Балалар іздейді
(таппайды, отырып демалады).
Желді қайдан кездестіруге болады? Біз оны көре аламыз ба? Жоқ. Біз оның заттарды
қимылдатқанын ғана көре аламыз. Мысалы; аспандағы бұлттарды қуалайды, ағаш
бұтақтарын тербетеді. Жел көзге көрінбейді. Сұрақтарға жауап береді. Балаларды алдағы
жұмысқа дайындайды.
2. Негізгі кезең
Балалардан қандай заттың көмегімен жел тудыруға болатынын сұрайды (шаш кептіретін
фен, диірмен, желпуішті шығарып көрсетеді). Ал біз қолдан жел тұрғыза аламыз ба?
Қалайша? Зерттеу жұмысын жүргізуге жасауға атысуға шақырады. Балалар бетін
қолдарымен желпиді. Сол арқылы ауаның қозғалысын сезінеді. Не сезінгенін айтады:
ауа жылы ма әлде салқын ба? Балаларға түсіндіреді: Жел – ауаның қозғалысы. Ауа барлық
жерде бар! Біз онымен далада,үйде, балабақшада да, ұйықтап жатқанда да тыныстаймыз.
Біздің ішімізде де, төңірегімізде де ауа бар. Біз оны жұтамыз, содан соң сыртқа
шығарамыз. Біз ауамен тыныстаймыз. Және ол тек бізге ғана емес, төңірегіміздегі барлық
тіршілік иелеріне ауадай қажет. Өзекті мәселе:адамдардан басқа тағы кімдерге ауа қажет?
Ал үстелге, кітапқа ауа керек пе? Талқылайды. Ауа жануарларға да, өсімдіктер мен
құстарға да қажеттігін айтады. Кітап пен үстелге ауа қажет еместігін дәлелдейді. Өйткені
олар тіршілік иесі емес.
Желді тағы да қандай тәсілмен тудыруға болатынын сұрайды.Балаларға мақта
түйіршіктерін ұсынады. Өздігінше «жел» тудырып көреді. Еріндерін дөңгелетіп,
алақанында жатқан мақтаны үрлеп көрсетеді. Балаларды қайталауға шақырады. Беттерін
желпуішпен желпіп, салқын леп келгенін сезінеді.
Желпуішпен ойын ұйымдастырады. Балаларды «Салқын, ыстық ауа» тақырыбында
тәжірибе жасап көруге шақырады. Ауыздарын кеңірек ашып, алақандарына
үрлейді. Алақандары арқылы қандай ауа сезінгенін айтады. Содан кейін еріндерін
дөңгелентіп алақандарына үрлейді. Соққан лептің қандай екенін анықтайды.
Сергіту сәті

Самал жел өпті бетімді (беттерін қолымен желпиді),
Қозғалады ағаштар (оңға, солға теңселеді).
Жел баяулады (отырады, қолдарын жоғары-төмен сермейді),
Ағаштар біп-биік болып өседі (жоғары қарай созылады).

Балалардың назарын әуе шарларына аударады. Біз неге оларды әуе шары дейміз? Тағы
қайда ауа бар? Көңілді пакеттерді үрлейді (сурет салынған полиэтилен пакеттер).
Педагог әуе шарын үрлейді.Ауаның иісі мен дәмін зерттеп көруге шақырады.
Ауаны жұтып көріп оның ешқандай дәмі жоқ екенін айтады. Содан соң ауаны
мұрындарымен жұтып көріп, иісінің де жоқтығын анықтайды. Педагог иісі шығатын
заттарды дайындайды (алма, апельсин, пияз, лимон, қарағай бұтақтары) және оларды
әртүрлі құтыларға салады. Көздерін жұмып иісі бар заттарды табады.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу. Суреттерді мұқият қарап шық. Суретші
қай суретте күшті желдің суретін бейнелеген. Сен оны қалай білдің?
3.Қорытынды кезең (Рефлексия)
Жел соғып тұр. Ол бізді далаға шығып, көңілді қаптармен, әуе шарларымен,
желбағарлармен ойнауға шақырады. Педагогтің ұсынысын қабыл алады.
Баяу жел болып тұрған кезді таңдап алып, балаларға ағаштардың шайқалып,
жапырақтарының желден иіліп тұрғанын көрсетеді. Ағаштар неге осынша
тынышсызданғанын сұрайды. Қандай жел соғып тұр:салқын ба әлде, жылы ма? Біз
қандай киім кидік?


Page 29

29

Желдің күшін айдаршық, таспа және желбағарлармен анықтау.


Жіп ілінген қағаз шарлар мен қағаздан жасалған ұшақтарды мұқият қарап шығады.
Балаларға үйлердің шатырларын жұлып әкетіп, ағаштарды құлататын, терезелер мен
есіктерді сындыратын, бір сөзбен айтқанда бәрін бүлдіретін күшті желдің –дауыл деп
аталатынын түсіндіреді. Серуенге шыққан кезде солардың көмегімен даладағы желдің
күшін анықтайды.


№ 10 ҰОҚ
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаттары: а) Балалардың үй жануарлары, оларға күтім жасау туралы түсінігін
байыту.
ә) Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
б) Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:үй жануарларының атауларын; олардың дене мүшелерінің атауларын;
Түсінеді: жануарлардың өмірі адаммен тығыз байланысты: ол жануарлардың
тіршілік етуіне қолайлы жағдай тудырады (тамақ береді, күтім жасайды);
Қолданады: жануарлардың тіршілігіне.
ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:үй жануарлары туралы шығармалар оқу. Жануарлар
туралы әңгімелесу, тақпақтар оқу. Иллюстрациялармен, үй жануарларының суреттерімен
танысу.
Құралдар мен материалдар: тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материал,
үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен
жасалған киімдер, «Мал қора» ойыншықтар жиынтығы.
Сөздік жұмыс:үй жануарлары, сиыр, жылқы, ешкі, ит, мысық.
Билингвалды компонент: үй жануарлары – домашние животные, мысық – кошка.

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны – сағыз.
(Сиыр)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең – қанат, сүті – дәрі, еті – тамақ.
(Жылқы)
3. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)


Page 30

30

4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
Болса дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды.
(Ешкі)
5. Кездесті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
6. Әртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.
(Есек)
7. Лағымның құлағы мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(Ит)
8. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
(Мысық)

Балалардан қиынды суреттерді жинап құрастыруды және құрастырған суреттегі
жануардың атауын атап беруді сұрайды. Осы жануарлардың бәрін бір сөзбен қалай атауға
болады? «Үй жануарлары». Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз? ҰОҚ-ға ерекше
қызығушылық танытады.
Балалардың танып-білуге деген құштарлығын оятады.
– Өйткені олар адамдардың қасында тіршілік етеді және пайдасын тигізеді. Ал адамдар
оларға қамқорлық жасайды.
Балалардың танып-білуге деген құштарлығын оятады. Балаларды алдағы жұмысқа
дайындайды.
2. Негізгі кезең
Балаларға үй жануарлары бейнеленген сюжеттік суреттерді (слайдтарды) қарап шығуды
ұсынады. Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы әңгімелеседі. Мысықтың
кішкентай марғауы бар. Иттің кішкентай күшігі бар. Сиырдың бұзауы, жылқының
құлыны бар.
Үй жануарларының дене мүшелеріне назар аударады. Көлемдерін анықтайды: ит үлкен,
күшік кішкентай; мысық үлкен, марғау кішкентай және т.б. Олардың денесін, құйрығын,
басын,аяқтарын, тұмсығы мен құлақтарын т.б. көрсетеді.
Үй жануарларының қалай дыбыстайтындарын еске түсірулерін сұрайды.
Балалар үй жануарларының дыбысын қызығушылықпен салады:
Ит үреді – (әуп-әуп).
Сиыр мөңірейді – (мө-мө).
Жылқы кісінейді – (ио-ио).
Ешкі маңырайды – (ме-ме).
Қой маңырайды – (мә-ә-ә).
Ал мысық оларға қарап мияулады – (мяу-мяу).
Жануарлар өздерінің төлдеріне қалай қамқорлық жасайтынын сұрайды. Ойларын ортаға
салады: оларға сүтімен қоректендіреді, жүнін тілімен жалап тазартады, қорғайды,
жылытады.Жылқыны арбаға жегеді, мінеді, ол –көлік. Еті мен қымызы – тамақ.
Сиыр мен ешкінің сүті – тамақ. Одан біз сүйіп жейтін йогурт, сүзбе, қаймақ
жасалады.Ит біздің үйімізді күзетеді. Ит –адамның досы. Үйде мысық болса, тышқан
болмайды.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі