400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану ғажайыптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.11.2024

Тақырыбы: Жаратылыстану ғажайыптары

Мақсаты:  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, жаратылыстану пәніне қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру дағдысын дамыту. Топтық жұмыс жасауға, бірлікке, жылдамдыққа және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.


Сайыс жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

  1. Жылдам болсаң, талас жоқ

  2. Гүлдер әлеміне саяхат

  3. Көңілді үзіліс: «Мен суретшімін»

  4. Адасқан мүшелер

  5. Қызықты тәжірибе алаңы

ІІІ. Қорытынды

Әділқазылар алқасына 10 баллдық жүйемен есептеу.


Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.


Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Ұлы ғалымдарға құрметпен сыйынғандар.

Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты,

Тамашалау бақыты бұйырғандар.


-Сайыстың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

-Қатысушы оқушылармен таныстыру

1-топ: Білімділер

2-топ: Білгірлер

  • Әділқазыларды таныстыру


-Оқушылар бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызға Негеш пен Эврика қонаққа келіпті. Олай болса экранға назар аударайық.


ІІ. Сайыс кезеңдері

(Сайыс кезеңдерімен Негеш таныстырады)


Эврика тапсырмасы

1.Жылдам болсаң, талас жоқ

- «CoSpaces» платформасы арқылы жануарлардың, өсімдіктердің тіршілік ортасын тамашалау.

- Тіршілік орталарына қарай, жануарлардың қоректік тізбегін құрастыру.


Негеш тапсырмасы

2.Гүлдер әлеміне саяхат

- «ARLOOPA» платформасы арқылы күнбағыс пен раушан гүлінің құрылысын тамашалау.

- Күнбағыс пен раушан гүлінің мүшелерін құрастырып, гүлдің моделін жасау.


Эврика тапсырмасы

3.Көңілді үзіліс: «Мен суретшімін»

- Берілген қағаздағы бейненің элементін өз қиялдары арқылы әрі қарай дамытып сурет салу.


Негеш тапсырмасы

4.Адасқан мүшелер

- 1 топ: адамның ішкі мүшелерін өз орындарына орналастырады.

- 2 топ: адамның мүшелерін өз орындарына орналастырады.


Эврика тапсырмасы

5.Қызықты тәжірибе алаңы

1-топ: Өсімдіктер мен жемістердің бойында электр энергиясы бар ма? – осы сұрақ төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізеді.

2-топ: Мөлдір, жартылай және мөлдір емес денелер қандай болады? - деген сұрақ төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізеді.


ІІІ. Қорытынды

  • Әділ-қазыларға сөз беру

  • Жеңімпаз топты анықтау

  • Сайысты қорытындылау

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп, оқушыларымызға алдағы уақытта жаратылыстану пәнінен білімдерін одан әрі шыңдап, биіктен көрінулеріне тілек білдіре отырып, алғысымызды айтамыз! Осымен біздің «Жаратылыстану ғажайыптары» атты сыныптан тыс сабағымыз соңына жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!





























Жаратылыстану ғажайыптары

(Сыныптан тыс жұмыс)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18.11.2024
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі