Материалдар / Жаратылыстану іріктеу тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану іріктеу тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған іріктеу тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2024
143
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаратылыстану 4 сынып

1-нұсқа

Нұсқаулық: Сізге бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.

1. Фотосинтез жүру үшін не қажет?

А) су

В) ауа

С) күн сәулесі

Д) көмір қышқыл газ


2. Бунақденелер көбі жұмыртқа салады. Кейбір бунақденелердің ұрпағы дамудың әр сатысында өзгеріп отырады. Төменде жәндіктің даму сатысы көрсетілген: 3 саты арқылы дамитын бунақденені анықтаңыз.

А) шегіртке

В) көбелек

С) қаңқыз

Д) маса

3. Зәр шығару жүйесінің негізгі қызметі- қанды тазартып, оның құрамындағы зиянды заттарды сыртқа шығару. Дені сау адам тәулігіне 4-6 рет қажеттсіз заттарды зәр шығару жүйесі арқылы сыртқа шығарады.

Суретте х-пен белгіленген мүше қалай аталады?

Shape1 х

А) несепағар

В) бүйрек

С) қуық

Д) өкпе


4. Сөйлемді толықтырыңыз:

Дене жаттығуларын орындаған кезде Самат жиі тыныс ала бастағанын байқады. Себебі, адам ағзасы .... тапшылығын сезінгенде тыныс алу жиілігі артады.

А) көмір қышқыл газы

В) оттек

С) азық

Д) су


5. Су сұйық, қатты немесе газ болуы мүмкін. Төмендегілердің қайсысы қатты денеге жатады?

А) бу

В) бұлт

С) жаңбыр тамшысы

Д) мұз қиыршығы


6. Қандай материалдар электр тоғын өткізеді?

А) резеңке етік

В) фарфор ыдыс

С) аллюмин қасық

Д) пластмас тарелке


7. Сипаттамасы бойынша тау жынысын анықтаңыз:

Әктастан түзілген өте қатты және тығыз тау жынысы. Оның түсі әртүрлі, көбінесе әдемі өрнектілері де кездеседі. Оңай өндіріледі, ескерткіштер орнату және ғимараттарды безендіру үшін қолданылады.

Дұрыс жауапты таңда:

А) әктәс

В) мрамор

С) гранит

Д) тас көмір


8. Жұмыртқа салатын, бірақ балапандарын сүтпен қоректендіретін жануар-...

А) тырна

В) бөдене

С) күркетауық

Д) үйректұмсық


9. Өсімдіктің даму кезеңдерін дұрыс ретімен көрсетіңіз:

А) жас өсімдік, тұқым, гүл, көшет, жеміс түзілуі.

В) гүл, жас өсімдік, тұқым, өскін, жеміс түзілуі.

С) тұқым, өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс түзілуі.

Д) көшет, тұқым, жас өсімдік, гүл, жеміс түзілуі.


10. Күзде аңдардың жүндері түседі. Оны қалай атайды?

А) өсу

В) түлеу

С) түсу

Д) кәрілік



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!