400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жаратылыстану "Жарықтың шағылуы деген не?" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар табиғи және жасанды жарық көздері, дыбыс көздерін ажыратып, дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктей алады. Денелердің жарықты өткізу қасиеттері әр түрлі болатынын біледі, кейбір денелердің температурасын өлшей алады. Магниттердің қасиеттері мен пайдалану аясын біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс,электерлік құбылыс,магниттілік.

Күні: 5.04.2019

Сынып: 3-сынып

Мектеп: №19 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: К.С.Мендыгарина

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Жарықтың шағылуы деген не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.5.2.2 денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: түрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратынын біледі.

Кейбір оқушылар: жарықтың шағылуын адам қалай пайдаланатынын түсінеді.

Бағалау критерийлері

денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіреді.

түрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратынын біледі.

жарықтың шағылуын адам қалай пайдаланатынын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шағылу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Адам жарықтың шағылуын қалай пайдаланады?

Қандай заттарда жарықтың шағылу қасиеті пайдаланылады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс,электерлік құбылыс,магниттілік туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылар табиғи және жасанды жарық көздері, дыбыс көздерін ажыратып, дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктей алады. Денелердің жарықты өткізу қасиеттері әр түрлі болатынын біледі, кейбір денелердің температурасын өлшей алады. Магниттердің қасиеттері мен пайдалану аясын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)

Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

  • Күшті қалай азайтуға болады?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау

«Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

  • Адам жарықтың шағылуын қалай пайдаланады?

  • Қандай заттарда жарықтың шағылу қасиеті пайдаланылады?

Біз денелерді жарықтың шағылуының арқасында көреміз. Жарық сәулесі екі ортаның шегарасына түскен кезде, жарықтың бір бөлігі ортаның ішіне өтеді де, екінші бөлігі шағылады. Жарықтың шағылу заңы бойынша сәуленің түсу бұрышы шағылу бұрышына

тең. Шағылудың екі түрі бар: айналық және шашыранды. Шашыранды шағылу – бұл жарықтың беті кедір-бұдыр заттардан шағылуы. Ақ парақтың бетіне түскен жарық осылай шағылады. Одан сәулелер әр түрлі бағытта шағылады. Айналық шағылу деп қандай да бір бетке түскен сәулелердің бір-біріне параллель шағылуын айтамыз. Мұндай шағылу беті тегіс жазықтықтарда болады. Калейдоскоптың болашақ үлгісі ежелгі Мысырда ойлап табылған. 1816 жылы шотландық физик Брю-

стер калейдоскопты ойлап тауып, патенттеді.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Дескриптор:

денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіреді.

түрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратынын біледі.

жарықтың шағылуын адам қалай пайдаланатынын түсінеді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Жұлдыздар шеруі» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.















Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.







«Жұлдыздар шеруі» кері байланыс

парағы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
234 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
13416
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі