400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану кафесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаратылыстану кафесі» атты сайыс.

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, жаратылысьану пәндеріне деген қызығушылың ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

Командалардың таныстыруы.

Ас мәзірі:

«Ұмытылмас мәңгілік» салаты

«Математикалық винегрет»

«Оливье» салаты

«Физикалық рулет»

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

«Рагу»

«Біздің үстелден сіздің үстелге»

«Мерекелік шашу» торты

І. Әділ – қазылар алқасын таныстыру.

Сіздер кафенің «Бухгалтерлік мекеме» деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңыз сұралады.

Қымбатты жанкүйерлер және залға жиналғандар! Мектебімізде өткізіліп жатырған жаратылыстану апталығының қорытындылау кеші құрметіне орай бүгін ашылғалы тұрған «Жаратылыстану кафесіне» хош келдіңіздер демекпін.

ІІ. Біздің кафеде бүгін алғырлар мен тапқырлар білімдерімен күш сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар:

І – топ: «Алғырлар»

ІІ – топ: «Тапқырлар»

Құрметті кафе қонақтары өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңдер!

1 – сайыс: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафеміздің аспаздары әзірлеген сұрақтар соуысынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін камандаларға кезектесіп сұрақ қойылады. Сұрақ эканомика пәнінен болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептеледі.

  1. Валютаның сатылу, айырбастау бағасы?

  2. Ақша бағасының құнсыздануы?

  3. Ақшасыз негізде тауарды тауарға айырбастау?

  4. Нарық туралы ғылым, басқару жүйесі?

  5. Тауарлар айналысының сферасы немесе сауда – саттықтың күшейген заманы.

Жауаптары: 1. Курс. 2. Инфляция. 3. Бартер. 4. Маркетинг. 5. Нарық

2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте « Математикалық винегрет» ұсынылады. Даяршылар ұсынған астан алып отырыңыздар. Даяршылар ұсынған аста әзіл есептер берілген. Кім тапқыр? Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

І – топқа: «Түлкі мен қасқыр»

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған ешеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Жауабы: Ең көп балықты түлкі алды – 110, 10 балық артық.

ІІ топқа: «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақытып отыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Жауабы: 127

3 – сайыс: Қадірменді қонақтар келесі сайысымыз «Оливье» салаты. Даяршылар берген салатта информатика пәнінен келген сұрақтар бар. Оқу отырып тез, нақты жауап беру керек.

І – топқа: 1. Вирустық кері әсерін жоятын программа?

2. Информацияның өлшем бірлігі?

3. Мәтін жазуға арналған редактор?

4. Ақпаратты шығару құрылғысы?

5. Ақпарат дегеніміз не?

6. Ақпараттың түрлерін ата.

7. Операциялық жүйе дегеніміз не?

8. Терезе дегеніміз не?

9. Команда дегеніміз?

10. Дисклерді оқу құрылғысы.

Жауаптары: 1. Антивирус. 2. Бит, байт. 3. WORD. 4. Принтер 5. Түсіндіру, баяндау, мәлімет. 6. Мәтіндік, графикалық, бейнелі. 7. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмыстарын ұйымдасиыратын бағдарламалар жүйесі. 8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аумақ. 9. Маус нұсқағышын шерткенде орындалатын әрекет. 10. дискжетек

ІІ – топқа: 1. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы?

2. Информатика нені зерттейді?

3. Файл дегеніміз не?

4. Бірінші ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалынды?

5. Ақпаратты енгізу құрылғысы?

6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс?

7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?

8. Есептер тақтасы дегеніміз не?

9. Графикалық суреттерді салуға арналған программа?

10. Объект дегеніміз?

Жауаптары: 1. CD – ROM. 2. Ақпараттық роцесстерді зерттейтін ғылым. 3. Бір типтегі байттар тізбегі 4. 1946 жылы АҚШ – тың Пенсельван университетінде жасалынды, оны ЕМҚАС деп атады. 5. Пернетақта. 6. Интернет 7. Кактус. 8. Экранның төменгі жағындағы жіңішке көк жолақ. 9. Графикалық редактор. 10. Windows – пен жұмыс істейтіндердің барлығы

4 – сайыс: «Физикалық рулетте» алдарыңызға келіп қалған екен. Бұл рулет аты айтып тұрғандай физика пәнінен. Есепке кім жүйрік екен көрейік.

І – топқа: ЭҚК ε ═5,0В және ішкі кедергісі 0,2 Ом гальван элементі 40 Ом сыртқы кедергімен тұйықталады. Сыртқы кедергінің кернеуі неге тең?

Жауабы: 4,97В

ІІ – топқа: ЭҚК – і 12В тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзінің кедергісі 5 Ом тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күші және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.

Жауабы: 2 А, 10 В

5 – сайыс: «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ.

6 – сайыс: «Рагу»

7 – сайыс: «Біздің үстелдан сіздің үстелге» география пәнінен 5 сұрақтан.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі