400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстану Магнит

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Жаратылыстану

Мектеп: № 271 орта мектеп


Күні:23.06.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Жарасова Г


Сынып:1

Қатысқандар : 25


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит


Ұзақ мерзімді оқу мақсаты

1.5.6.1.Магниттік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу;

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар:

Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтай алады, тәжірибе жасау арқылы түсіндіріп бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Магниттердің қасиеттеріне зерттеу жүргізе алады, қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Эксперимент жүргізе алады, талдайды.

Бағалау критерийі

Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтайды, түсіндіріп береді.

Ойлау деңгейі

Білу,түсіну,қолдану, анализ

Сөздік қор

Магнит, тарту, тебу

Құндылықтар дарыту

Сабақ барысында оқушылар бірлесіп, топтасып берілген тапсырмаларды орындау арқылы бірін-бірі тыңдайды, көмектеседі.

Денсаулық және техникалық қауіпсіздік

Магнит және металдан жасалған түрлі заттарды қолданғанда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.

Пәнаралық байланыс

Математика

Бастапқы білім

Электр

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы













Ұйымдастыру кезеңі

Атомдар мен молекулалар ойынын ойнату. Әр қатысушы жеке атомдар. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі. Молекуланың санын айтқанда балалар бірігіп тұра қалады. Осылай ойын жалғасады. Осы ойын арқылы оқушыларды темір, тас, шыны, ағаш деген топтарға топтастырамын.

"Серпілген сауал" әдісі

-Балалар, сендер топқа қалай бөліндіңдер?

-Атом сөзін естігенде қандай қозғалыс болды?

- Молекула сөзін естігенде ше? (балалардың жауабын тыңдау)

- Балалар, сендер өз бойына темір-терсектерді тартып алатын затты білесіңдер ме?

- Балалар, үстелдеріңнің үстінде топтың атына сәйкес заттар жатыр. Олар магнитке тартыла ма? Неліктен? Тексеріп көріңдер.(Жауаптарын тыңдау)

Олай болса бүгінгі тақырыбымыз: Магнит.

Сендер бүгін магниттің қасиеті туралы және қандай заттар магниттік қасиеттерге ие екенін білетін боласыңдар.







Топтың аты жазылған қағаздар, магнит, шыны, ағаш, темір, тас.




Сабақтың ортасы


Оқулықпен жұмыс.

Магниттің пайда болуы туралы мәлімет айту.

Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқады. Содан бері сол ерекше тасты "Магнус тасы" немесе магнит деп атап кеткен. Магнит металдан жасалған заттарды өзіне тартып алатын немесе тебетін қасиеті бар зат.

Енді оқулықтағы суретке қарайық.

- Негеш қандай тәжірибе жасап отыр? Барлық заттар магнитке тартыла ма?

- Қане, балалар, алдарыңдағы заттармен тәжірибе жасап көрейік.

- Эврика қолына не ұстап отыр? Эвриканың іс-әрекетіне назар аудар. Магнитке не болды?


"Аквариум" әдісі арқылы топта белсенді оқу ортасын құру.

(Т)

1-топ.

Магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табыңдар? Қанша зат таптыңдар? Неге қалған заттар магнитке тартылмады?


2-топ.

Магниттің көмегімен ыдыстағы суды төкпей, қолыңды салмай ішіндегі заттарды алып көр. Қанша затты судың ішінен шығара алдыңдар? Неліктен басқа заттар магнитке тартылмады?


3-топ.

Магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма? Неліктен? Тексеріп көр.


4-топ.

Магнит өз қасиеттерін шынының арғы жағынан сақтай ала ма? Неліктен?Тексеріп көр.


  • Топтар бір - бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалайды.


(Ө) Дәптермен жұмыс.

46-жұмыс парағы.

"Смайлик" арқылы мұғалім тарапынан бағаланады.

Сергіту сәті "Австралиялық жаңбыр"

(Ж) "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі

Тапсырма. Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтаңыз. Ол үшін қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз. Төмендегі кестеге магниттік қасиеті бар екі заттың және магниттік қасиеті жоқ екі заттың атауын жазыңыз немесе суретін салыңыз.


Магниттік қасиеті бар заттар

Магниттік қасиеті жоқ заттар

1.

2.

1.

2.

Дескриптор:

- Магнитпен тәжірибе жасайды;

- Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды;

- Нәтижесін кестеге жазады немесе суретін салады.

"Әткеншек" арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

Сараланған тапсырма

Барынша қолдау көрсету:

- Магнитке тартылатын заттарды сәйкестендір.

Орташа қолдау көрсету:

- Зерттеу кезінде магнитке тартылған заттардың суретін сал.

Қолдау көрсету аз:

- Егер сен магнит болсаң бойыңа қандай қасиеттерді тартар едің?

Ауызша кері байланыс жүргізу.


Қ/Б арналған тапсырма:

Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің тұсына (+) белгісін қойыңыз. Олар неліктен тартылады деп ойлайсыз?

Дескриптор:

- магниттік қасиеті бар заттарды белгілейді;

- дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді.

Оқулық















Магнит, құм, су, табақша, құмыра, резеңке, бұрандалар, қатты қағаз;















Жұмыс дәптері




Таратпа материал, магнит

Сабақтың соңы



Рефлексия


Сиқырлы магнит

Мен жақсы түсіндім –магнит

Әлі де түсінбегенім бар – тарту

Түсіне алмадым – тебу


Магнит, тарту, тебу сөздері жазылған қағаз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі