400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану математикалық пәндерді оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама матемаика пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сапалы білім беру – Қазақстанның

индустрияландыруының және

инновациялық дамуының негізі»

Н.Ә.Назарбаев

29.01.2011 ж. Қазақстан халқына жолдауынан.

Жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқыту ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанымен, оларды оқытудың дидактикалық проблемалары уақыт өткен сайын тереңдеуде. Мектептегі әр түрлі пәндерден берілетін мол ақпараттар ағыны көптеген артық мәліметтерден тұрады, мектеп оқулықтарындағы материалды баяндаудың формальдығы мен жалаңдығы оқушылардың оқуға деген ынтасын төмендетіп, нәтижесінде білім сапасының төмендеуіне алып келеді. Білім алудың қызықты процесі көпшілік үшін ең ауыр. Қазіргі кезде республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саналы жан – жақты өзгертуге бағытталғын кешенді шаралармен тығыз байланысты.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым – қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда және педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән беруде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық – педагогикалық бағыты негізгі ой – тұжырымдары былайша сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы менгергендерді пайдалана отырып, ақыл – ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп, саралау бағдарламасына өту.

Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары, жаңа технологиялары бар. Сондықтан жаратылыстану – математикалық пәндерді оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру, оқушыларға меңгерте білу интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану – математикалық пәндерден білім алушылардың оқу тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың өздігінен білім алу, сыни тұрғыдан ойлау, топпен және жеке жұмыс жасау, зерттеу жұмыстарын орындау, коммунткативтік қарым – қатынас қабілеттерін, оның ішінде тілдік дағдыларды дамытуда, білім деңгейін көтеруде әсері мол.

Қазіргі уақытта үрісінде қолданыста жүрген педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін жіктеуге болады: деңгейлі саралап оқыту, модульдік оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту, тұлғалы іс – әрекетті оқыту, ойын арқылы оқыту, ұжымдық оқыту технологиялары.

Оқыту мақсатының мәселелерін зерттеген американдық ғалым Б.С.Блум білімді меңгеру кезеңінде мақсат қодың мынадай алты деңгейлі тізбегін ұсынды: білу; түсіну; қолдану; анализ; синтез; бағалау. Осы пайымдауларға сүйене отырып, профессор Ж.А.Қараев білімді меңгеру деңгейлері мен ынталандыру, белсенділік және біліктілік, білім сапалары арасындағы байланысты анықтаған.

Қарастырылып отырған Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» моделіне сәйкес жаратылыстану – математикалық пәндерге математика бойынша қойылатын деңгей талаптарын тұжырымдаймыз.

1 – деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:

  • жаттап алуға лайықталған анықтамалар,тұжырымдамалар ,аксиома,теорема т.б.

  • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауға арналған сұрақтар;

  • тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі қорытып шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.


2 – деңгей: алгоритмдік деңгей – елеулі белгілерді есте сақтау дағдысына негізделеді:

  • өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, бірақ оларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп, тереңдете пайдануды қажет етеді.Математикада мұндай іс-әрекетке келтірілетін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

  • оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.


3 – деңгей: тапсырмалары – эвристиалық танымдық іздену түрінде орындалатын тапсырмалар:

  • танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, оқушы тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылытақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс – тәсілдермен есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;

  • өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздіктерінен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, өрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.


4 – деңгей: шығармашылық деңгей:

  • оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығар, олипиадалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындау, өздігінен тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау.

Оқушылардың әрқайсысы математика сабағында бірінші деңгейлік тапсырмаларды және оғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша әрбір оқушы бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді.

Жаратылыстану – математикалық пәндерді оқытудың инновациялық тәжірибесінің мақсаттары: жаңа әдіс – тәсілдер туралы оқушылардың ойын кеңейту арқылы, олардың ортадағы қарым – қатынасы мен қоғамдастығын дамыту.

Міндеттері:

  • Мұғалімнің сабақтағы жағымды және жағымсыз жақтары туралы ойларын тұжырымдау.

  • Пәнге деген дағдыларының дамуына әсер ететін әдістермен бөлісу.

  • Оқушыға әсер етудің тиімді тәсілдерін қарастыру.

Сабаққа дайындалу сәтінде, оның түрін анықтауда, тапсырмаларды дайындауда біз мына сұраққа жүгінеміз: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен бір – бірімен қарым – қатынасын арттыру үшін оларға қалай ықпал етуге болады?

Қазақстан Республикасы педагогикалық жұмыстарының оқуға деген көзқарасын өзгерту деңгейлік курстарының негізгі қағидасы болып табылады .

Жаратылыстану – математикалық пәндерді оқытудың инновациялық тәжірибесін қолдануда сабақта біз кейбір әдіс–тәсілдердің оқу үрдісінде қолдануда тиімді тұстарын көрсетеміз, бұл әрине «оқушы – мұғалім» арасындағы қарым қатынасқа және барлық қатынасушылардың бір – біріне деген жылы ықпалына байланысты.

Мұғалімдер оқушылардың психологиялық ынтасын сабаққа аудару процесі негізгі роль атқаратынын біледі.


































Тақырыбы:

Бұрыш

Мақсаты:

Бұрыштар тақырыбын меңгертуде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Деңгейлі тапсырмалар орындата отырып, білімдерін толықтыру.

Сілтеме:

Оқулық 2015 жыл, үлестірме материалдар.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып, бұрыштар мен олардың түрлерін меңгереді. Берілген тапсырмалар арқылы білімдерін толықтырады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, смайликтер, бағалау парақшалары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, Блум таксономиясы, сәйкестендіру, Өзара бағалау және өзін өзі бағалау: Кері байланыс,

Негізгі дереккөздері:

Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал 2014 №2, №4 математика оқулығы.

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті:

Тапсырмалар береді.

Оқушы әрекеті:

Тапсырмалар орындайды, талдайды.

Ұйымдастыру.

2 минут

Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу. Топқа бөлу.

Білу.

3 минут

Өткенді еске түсіру.

Бұрыш дегеніміз не?

Бұрыштардың атауларын, қабырғаларын, төбелерін жазыңдар.

Оқушылар ауызша талдап айтады. Теңдеуді шешу жолдарын ажыратып айтып береді. Бірін-бірі толықтырады..

Түсіну.

Оқулықпен жұмыс.

2 минут

Есте сақталған мәліметтерді таныс жүйеге түрлендіру. 

Топпен жұмыс.

Бір-біріне қолдау көрсетеді. Әр топ жұмыстарын қорғап шығады.

Қолдану.

Тақтамен жұмыс. 7 минут

№66, №67, № 69 Бұрыштарды табу.


Әр топтан бір оқушы шығып тақтада есеп шығарады. Қатемен жұмыс жасалады.

Талдау.  12 минут

№66

1-топ.  а/ шамасы 450

2 – топ. ә/ 520

3 – топ. б/

4 – топ №67 1350 - 450 =900

Есептерді топта бір-біріне көмектесіп отырып  шығарады. Топ басшысы басқа топ мүшелеріне есепті қалай шығарғанын түсіндіреді. Қатемен жұмыс жасалады.

Жинақтау.  Сәйкестендіру.

8 минут

Оқушыларға қиылған қағаздар беріледі. Ол қағаздарда бұрыш ұғымы туралы сұрақтар беріледі. Сонымен қатар олардың жауаптары жазылған қағаздар да таратылады.  Әр оқушыға бір тапсырмадан беріледі. Тақтада ілінген тапсырмаларды қолдарындағы тапсырмалардың жұптарымен сәйкестендіреді.

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия бөлімі.

2 минут

Кері байланыс орнату.

Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?

Парақша толықтыру.

Білдім.   Білгім келеді.    Үйренемін.

Үйге: № 68

Бағалау.

2 минут

Топ басшының бағалауы






Тақырыбы: «Бөлшектер әлеміне саяхат»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөлшектер және аралас сандар, оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

Түрі: дәстүрлі емес сайыс сабақ, өткен тақырыпты қайталау

Типі: Сайыс

Әдісі: топтық жұмыс , сызба-нұсқа, СТО, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: сызба -нұсқа, кесте, ереже, проектор, слайд

Біз санбыз

Сызықпенен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып керілген.

Shape1

Shape2

Shape3

Shape4

1.Шарбақтың астынан аттардың аяғы көрінеді, аулада неше ат?
2.Ең кіші жай сан.
3. Баспалдақ басқыштан тұрады.Дәл ортасында тұру үшін қай басқышты басу керек?
4.Бұрышты өлшейтін құрал.
5.Қояандар ағашты 10 рет аралады. Неше бөлік болды?
6.Төрт аяғы блғанмен жүре алмайды.
7.Егер «Т»- дан бастасаң санмын
«Т»- ны алып тастасаң жаумын.
8.Егер «С»- дан бастасаң санмын
«С» - ны алып тастасаң жанмын.
9.Бөлшек сызығы қандай амалды білдіреді?
10.Бұрышты өлшейтін құрал.

Shape5

Сөзжұмбақ шешу:

  1. Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.

  2. Бөлшек сызығының астындағы сан.

  3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан.

  4. Ең кіші жай сан.

  5. Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.

Рефлексия

Сайыс қалай өтті?

Ұнады ма?

Қиын болды ма?

Түсінбеген сұрақтарыңа жауап ала алдыңдарма?

Тақырыптарды қайталау маңызды ма?

Қайталау білім анасы.

Сабақты үнемі қайталап отыру алға қойған мақсаттарыңыз болсын білім алушы шәкірттерім.



Рефлексия

Тест

  1. Жеке басымның жұмысымның нәтижесі деп мен төмендегіні есептеймін.

а) Теорияны түсіндім. ә) Есептер шығаруды үйрендім.

б) Өткен тақырыптарды қайталап өттім.


  1. Сабақ үстінде есеп шығарғанда өздеріңе не жетіспеді?

а) Білім ә) Уақыт б) Ынтам болмады. в) Есептерді жақсы шығардым.


  1. Сіздерге сабақ үстіндегі қиыншылықтарды жеңуге кім көмек жасады?

а) Сыныптастар ә) Мұғалім б) Оқулық. в) Ешкім


Сәйкестендіру тесті

№

Сұрақ

Жауаптары

1

Бұрыш



2

Жазыңқы бұрыш



3

Тік бұрыш



4

Сүиір бұрыш



5

Доғал бұрыш






Топ басшының бағалауы


№

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын орындауы

Топтық жұмыста ой қосуы

Тапсырманы қорғауы

Оқулықпен жұмыс жасауы

Бағасы

1







2







3







4







5







6













Мен оқушылардың танымдық ойлау қызметін дамытуым үшін өз сабақтарымды оқушының идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруым керек екендігін түсіндім.

Оқушыны танымдық ойлауын дамыту үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау, жетелеуші сұрақтар сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдаландым.

Математика сабағы өмірді танытудың, ойлану мен ойлантудың сабағы болғандықтан, Блум Таксаномиясының «талдау, жинақтау, бағалау» сынды ойлаудың жоғары деңгейлерінің оқушыларды Математика әлеміне енуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді.Келешекте оқушыларымның жан – жақты дамуы үшін сабағымды түрлендіріп жүргізуді оилаймын. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагок өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік пайдалана алтын.Он – лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт – бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. «Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе оны берік ұстау керек» - дейді француз философы.

Қазіргі қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХI – ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны беиімдеп тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстанның Білім және Ғылым журналы. №10 қазан 2012 ж.

  2. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Математика және логика» наурыз 2014 ж.

  3. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Математика және логика» ақпан 2015 ж.

  4. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Математика және логика» мамыр 2015 ж.

  5. Логикалық есептер жинағы.

  6. 5 – сынып оқулығы. Авторы: Алдамұратова

  7. 5 – сынып оқулығы. Арман ТВ баспасы. Авторы Кобдикова.

  8. Bilimdiler.kz сайты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі