«Тәй-тәй» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Өткізілген уақыты: 26.09.17
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Білімділік:Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп әңгімелеп айтып беруге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін бекіту.
Тәрбиелік: Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу
Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Ойыншықтар дүкеніне саяхат,мазмұнды рөлді «Дүкен»ойынын ұйымдастыру.
Әдіс – тәсілдер:Сөздік,көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап.
Қажетті құрал – жабдықтар:Жұмыс дәптері,түрлі-түсті қарындаштар,құрастыруға арналған материалдар.
|
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Жылулық шеңберіне жиналу. Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкімізді күн қылып, Гүл өссін деп тілейік |
Балалар жылулық шеңберіне тұрады. |
|
|
Балалар, қалай ойлайсыңдар ойыншықты кімдер жасайды? Балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға машина,қуыршақ,кірпі,күшік,робот,автобус,құрылыс материалдары,т.б.әртүрлі материалдардан жасалған ойыншықтардың ішінен өзіне ұнаған ойыншықтың біреуіне сипаттама жасауды,екінші орталықтағы балаларға ойыншықтарға арнап үй құрастыруды тапсырады. Екі орталықта жұмыс істеген балалардың жұмыстарын қадағалап, Сергіту сәті Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ, Сол аяқ жаттығу оңай-ақ. Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары,төмен қарайық, Орнымызды табайық. Алақанды ұрайық. |
Екінші орталықтағы балалар ойыншықтарға арнап үй құрастырып, соңынан барлық құрастырған үйлерді біріктіріп қалашық (городок) жасайды.
Балалар қимылмен орындайды. |
|
Ұйымдастыру шылық – ізденістік |
||
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
|
Біз бүгін ойыншықтар туралы білдік.
Ия, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады. |
|
Балалар, бүгін біз не туралы білдік? -Сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау. |
Күтілетін нәтиже:
Нені үйренді: Ойыншықтардың көлемі,түсі,материалы жағынан алуан түрлі болатынын,бір ойыншықтың бірнеше материалдан жасалуы мүмкін екендігін,ойыншықтарға зер салып,әрекет ету жолдарын.
Қандай түсініктерді игерді:Ойыншық түрлері,олардың жасалу жолдары,оларды жасайтын адамдар туралы әңгімелеуді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Өздеріне ұнаған ойыншықтарды зерттеу арқылы зерттеу жүргізудің қарапайым тәсілін,ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен,жанашырлықпен қарауды,достарымен ойыншықтарды бөлісіп ойнауды.
«Тәй-тәй» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 12.09.17
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің тобым
Мақсаты: Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреттері.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру) |
«Шаттық шеңбері»тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады. Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, «Қайырлы таң!»-деймін мен. Күндіз де елді елеймін: «Қайырлы күн!»-тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!»-деп кіремін. Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма? Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз? Қане бәріміз бірге қайталайықшы. –«Қайырлы таң!». Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!». Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?- «Қайырлы күн!». Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!» |
Шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды. -Иә. -«Қайырлы таң», -«Сәлеметсізбе!», -«Қайырлы таң!», -«Кеш жарық!». |
|
Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру |
Балалар бізге қонаққа торғай ұшып келіпті. Торғайды балабақшамен таныстырып, оған айтып берейік. Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады. Торғай Торғай – торғай, тоқылдақ Жерден тары шоқып ап Бөтегесі бұлтиып Шиқ-шиқ етіп отырмақ Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр. -Балалар балабақша дегеніміз не? -Балабақшада біз не істейміз? -Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді? -Қане, олар кімдер? Балабақша біздің екінші үйіміз сияқты екен, ал бірінші үйіміз өз үйіміз, себебі онда сендерді жақсы көретін жақын адамдар тұрады, әке – шешең, ата – әжең, ағаң, апайын. Олар сендерге қамқорлық көрсетеді. Сергіту сәті Бала, бала, баламыз Бала, бала, баламыз Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз! |
Балалар қызыға қарап, тәрбиешінің айтқанын тыңдап сабаққа қатысады. Бірге айтады. -біздің екінші үйіміз. -Ойнаймыз, сабақ оқимыз, ұйықтаймыз, т.б. -көп. - тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар. Іс-қимылын қызығушылықпен жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сөздерді қайталауды.
Игереді: Әңгімелеуді шыдамдылықпен тыңдауды.
Меңгереді: Сұрақтарға жауап бере білуді
Тәй-тәй» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 03.10.17
Білім беру саласы :Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді енгізіп,отбасы мүшелерін атау.Сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету.Отбасы мүшелері туралы тақпақтар оқу,үлкендерді құрметтеуге,сыйлауға үйрету.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Қолданатын көрнекілік: отбасы туралы суреттер.
Билингвистикалық компонент: отбасы-семья
|
Іс - әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекет |
Баланың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушылық ізденімпаздық
Рефлексивті коорекциялаушы |
Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Еш уайымды білмейміз. Балалар барлығымыздың да отбасымыз бар.Сондықтанда бұл отбасы туралы тақырып барлығымызға да жақсы таныс деп ойлаймын.Қане үйдегі отбасы мүшелерін атайық. Тәрбиеші: Кім отбасы туралы әңгімелейді? -Сенің отбасыңда неше адам бар? -Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың? -Отбасындағы өзіңе ең жақын адам кім? Олай болса қазір «Кім жоқ» дидактикалық ойынынын ойнайық. Тәрбиеші:отбасы мүшелерінің суретін тақтаға іліп қойып,балаларға көрсетеді. Кәне балалар мен тақпақ оқимын.Сендер мұқият тыңдап тақпақ кім туралы екенін айтыңдар. 1.Менің әжем ер әжем, Мінезі өте жайлы әжем. Тірек болып жүр әжем. 2.Бақшасында балалар, Іні,әпке,аға бар Ойыншықтар көп онда, Машина,ат,түйе бар. Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдер аталған. Сергіту сәті. Бас бармақ -әкем, Балан үйрек –шешем. Ортан терек-ағам, Шылдыр шүмек-әпкем. Кішкене бөбек-мен Бір үйде біз нешеуміз. Бір үйде біз бесеуміз Рахмет сендерге балалар ата-әжелеріңді ,әке-аналарыңды жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер. Енді балалар осы отбасы мүшелеріне әрқайсымыз өзіміздің жақсы тілектерімізді айтайық. |
Балалар отбасы туралы білетіндіктерін көрсетіп,отбасы мүшелерін атап береді.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді -Отбасы мүшелері және отбасылық сыйластық қарым-қатынастары туралы өз ойларымен бөліседі. Тақпақ әже туралы екенін Бұл тақпақ ініміз,ағамыз,әпке -міз туралы айтылған.
Балалар сергіту сәтін қызығушылықпен орындады. Балалар өз білген тақпақтарын айтады. Балалар отбасына деген жылы лебіздерін білдіріп,жақсы сөздерін айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:үлкендерді құрметтеуді,сыйлауды білуі керек.
Нені игерді: Отбасы мүшелерін ажыратуды,отбасы мүшелеріне мейірімді,адал,отбасына деген жылы сөздер айтуды меңгерді.
Нені үйренді: отбасы мүшелерінің өзіндік орны жайлы үйренді.

Күні: 10.10.2017
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: Балаларға отбасының өте қымбаттылығын, қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Өз ойларын ортаға салып, еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Шығармашылық
қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, еліміздің жақсы
азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Айналаны қоршаған орта әліппе-дәптер, күлімдеген күн, түнерген бұлт,
интерактивті тақта, музыка, жүрек, бейне таспа
Әдіс –тәсілдері: шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау,өлеңдер
Білім салаларының байланыстылығы: қатынас, математика, музыка, өзін-өзі тану
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дәлелдеу - ояту |
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті амандасып алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз. |
Балалар қонақтармен амандасады |

Ұйымдастыру іздену |
- Қане, балалар қолымдағы тұрған күнді біз мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. ІІ. Өткенге шолу 1-бұлт - Бір жылда неше мезгіл бар? - Бір мезгілде қанша ай болады? 2-бұлт - Күз мезгілінің айларын кім айтады? - Алтын күздің ерекшеліктері неде? - Кім күз туралы өлең біледі 3-бұлт - Қыс мезгілінде қандай айлар бар? - Қыста табиғат қалай өзгереді - Кім қыс туралы өлең айтады? 4-бұлт - Көктемнің айларын атап шығыңдар - Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? - Кім көктем туралы өлең біледі? 5-бұлт - Жаз мегіліне қандай айлар жатады? - Жазда нелер піседі? - Кім күз туралы өлең айтады? ІІІ. Күн ашылды Күлімде, күн күлімде! Бүлдіршіндер қуансын. Қырдың қызыл гүліндей, Қолдарына ту алсын! Осы жарқыраған күн мейірімін, жан шуағын төксе, адамгершілікті, мейірімділікті, жылы сөздерді кімнен аласыңдар? -Дұрыс айтасыңдар балалар анадан, әкеден, атадан, әжеден, ағадан... — Олай болса, балалар, бүгін біз «Мен және менің отбасым» тақырыбында әңгімелейміз. Суреттегі отбасы мүшелерін ата? Кімнің немен айналысып жүргенін айтып бер? Ой шақыру. Күн шуғын толтыру апа ата іні ана сіңілі
әке әже аға «Туыстық атаулар» атты бейне көріністі тамашалау Балалар, бүгін біз ата- аналарымыз, туыстарымыз, бауырларымыз жайлы айтамыз. Ешкім де туысқан – туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да, адамнан тараған, сонысымен ол көп жапырақты, көп тамырлы ағашқа ұқсайды. Туыстар дегеніміз – сол бір түбірден өскен, бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Сол себептен біздің ата- бабаларымыз « Туысым – түп тамырым » деп бекер айтпаған. Сергіту сәті Бас бармағым — атам Шаңырақ данасы Балан үйрек — әжем Шаңырақ анасы Ортан терек — әкем Шаңырақ панасы, Шылдыр шүмек — анам Ошақ ажары Кішкене бөбек — мен Бәрінің базары Мінеки, балалар, біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен. Ойын: «Жүректен жүрекке»
Санап санын жаз? Б.Серікбаевтің Мен –апамның ай мен күні өлеңін оқу Апам мені: «Айым!» — дейді, Мен мұңайсам, уайым жейді. Апам мен: «Күнім!» — дейді, Мен қуансам, күлімдейді Сендерді үйлеріңде атаң, әжең,әкең, анаң , тәтең, қалай еркелетеді? |
Тыңдайды
Балалар жыл мезгілдері туралы сұрақтарға өз беттерінше жауап береді
Тыңдайды
Балалардың жауабы
Суретке қарап әңгімелеп беруді үйренеді
Ата,әже, әке, ана, аға, апа, іні деп өздері тақтаға жазады
Балалар бейне көріністі тамашалайды. Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыспен орындайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Отбасында қанша адам бар екенін санап айтып жүрекке санын жазып тақтаға жапсырады Балалар өлеңді мұқият тыңдайды
Отбасы қалай ерке-лететінін айтып береді.

Рефлекс түзету |
Қорытынды Туысқандық парыз – ағайын – туысқанға бір әулеттің жалғасымыз деген сезіммен қарау, соған лайық жақындық жасап, ілтипат көрсету, жиі барып тұру, хал – жағдайын сұрасып, қажет жәрдем көрсету, қуаныштарында құттықтап тұру. Солай еткенде әр туыстың отбасы сәулетті, берік те бекем , берекелі болмақ. -Бәрімізде, балалар, ата-анамыздың құшағында бақытты өмір сүріп жатырмыз. -Әрқашан аспанымыз ашық болып, күніміз жарық болып ата-анамыз әрдайым қасымызда болсын. Олай болса «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін бәріміз бірге айтайық. Мадақтау |
Балалар әнді ұйымшылдықпен орындайды. ҰОІӘ-не жақсы қатысқан балалар мадақталады. |

Білді: Балалар отбасы мүшелерін бір-біріне туыстық қарым-қатынасын
Игерді: Суретке қарап әңгіме айтуды, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді өз ойларын
еркін жеткізе білуді
Меңгерді: «Мен және менің отбасым» тақырыбын түсініп, ойларын нақты жеткізе білуді

Күні: 19.09.2017ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Достар
Мақсаты:
Білімділік: өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру
Дамытушылық: Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін үйрету.
Тәрбиелік: Адамдармен өзара түсінісіп, қарым қатынас жасай білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар:ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.
Билингвальды компонент: дос-друг, ұл-мальчик, қыз девочка.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешініңіс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір бірімізге игі тілектерімізді айтайық. Бізге қонаққа кім келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіреді) Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін. Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді. |
Шаттық шеңберіне тұрады, бір біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады. |
|
Ұйымдастыру шылық-ізденістік
|
Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік. Сендердің достарың бар ма Достық дегенді қалай түсінесіңдер
Билингивальды компонент: дос друг, ұл қыз, қыз девочка. Достық (дружба) адамдардың бір бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме? Ынтымақ (адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік. «Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетініндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптарымен білдіреді. |
Мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады. |
|
|
- Ұзақ дос боламыз. - Достықты біз бағалаймыз. - Бірге ойнаймыз. - Бір бірімізге көмек көрсетеміз. - Достарды ренжітеміз. - Досымнан қолындағы ойыншығын тартып аламын. Саусаққа арналған жаттығу: Достық Қыздар менен ұлдар Дос қой біздің топта. Ұсынса біреу қолын, Ешқашан бас тартпа. «Досың туралы айт» жаттығуы Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?
Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме? |
-Иә -Иә -Иә -Иә -Жоқ
-Жоқ
Жаттығуды қимыл қозғалыс арқылы орындайды.
Өз достарын сипаттайды. Менің досымның аты Айша. Ол қыз бала.
Ол мейірімді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тышқан балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады.
|
Тышқанмен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:Заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
.Түсінеді: маталл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап
.Қолданады: Заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.

Күні: 17.10.17
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Анамның тәтті тамағы (өтпелі тақырып « Менің отбасым»)
Мақсаты: Отбасы туралы мағұлматтар беру.

Күні: 24.10.17
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып:Менің отбасым
Тақырыбы: Үйде жалғыз қалғанда
Мақсаты: Білімділік:Балаларға үйге жалғыз қалғандағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қауіпті заттармен, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Өмірлеріне қауіпті келенсіз жағдайларға ұшырамас үшін қандай заттарды ұстауға болмайтындығы жқнінде дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды үйде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жауапкершілікке тәрбиелеу, қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.

Қажетті құрал – жабдықтар:қорапша, сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы, суреттер.
|
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар мен бір қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін көргілерін келе ме? Қорапшаны ашамын. Қорапшаның ішінде сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы т.б. заттар болады. |
Балалар Қызығушылықпен қарайды. Ия. |
|
|
-Балаларға сіріңкемен ойнауға бола ма? -Не себепті болмайды? -Газды балалар жақпайды -Пышақты алуға болмайды. -Үйде жалғыз қалғанда бөтен адамдарға есік ашуға бола ма? -Не себепті болмайды? -Электор приборларын балаларға іске қосу-қауіпті! -Қайшыны дұрыс ұстамасаң көзге кіріп кетуі ықтимал. Сергіту сәті. Д/о: «Болады, болмайды» Тәрбиеші балаларға суреттер арқылы көрсетіп, ондағы іс-әрекеттердің дұрыс не бұрыс екенңн сұрайды. Сурет бойынша әңгімелеу. |
-жоқ -өрт шығуы мүмкін Пышақ үшкір болғандықтан онымен ойнау қауіпті -жоқ -балалар өз ойларын айтады. Есінде сақтайды. Сергіту сәтін орындайды. Балалар сұрақтарға жауап береді, қауіпті заттарды естерінде сақтайды. Суретпен көргендерін әңгімелейді. |
|
Ұйымдастыру шылық – ізденістік |
||
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
|
Балалар үйде жалғыз қалғанда өздерін тәртіпті ұстау керектігін түсінеді. Сіріңкемен ойнауға болмайды, бөтен адамдарға есік ашуға болмайды, пышақты алуға болмайды. |
|
Балалар үйде жалғыз болғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қауіпсіздік ережелерін
Түсінеді: Қауіп- қатерлер туралы
Қолданады: Үйде жалғыз қалғанда өзін-өзі ұстай алу дағдыларын.

Оқу іс –әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.
|
МАД |
Жаратылыстану(өтпелі тақырып «Менің отбасым») |
Күні:31.10.17 |
тобы: Тәй-тәй |
||
|
Тақырыбы |
Шынықсан шымыр боламыз |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Балаларға өлеңді жаттата отырып, әр мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру. «Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Сөздік жұмыс: құрыспай, құрыштай. Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: спорт туралы, шынығу туралы суреттер |
||||
|
Көрнекіліктер |
|||||
|
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті |
|||
|
Психологиялық ахуалды қалыптастыру
|
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. - Сымбат, денсаулығың мықты болсын! - Дулат, шымыр болып өс! Педагог балаларға жұмбақ жасырады. «Қыста ғана болады, ұстасаң, қолың тоңады». (Қар) Қимылды ойын: «Кім жылдам?» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Балалар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап келуі керек. Ойын осылай жалғаса береді. Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңін оқу Жүріңдер, балалар, Сырғанақ тебеміз. Құрыспай, құрыштай, Шынықсын денеміз. - Қыста ауырмас үшін не істеу керек? - «Құрыспай, құрыштай» деген сөзді қалай түсінесіңдер? |
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. |
|||
|
Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ
|
Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. |
||||
|
Сергіту сәті |
«Мен білемін». Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту. Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу. – Мен ұлдардың бес атын білемін: Арман – бір Аділет – екі Қуаныш – үш Асхат – төрт Нариман – бес Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар). |
Оқушылар ойын ойнайды |
|||
|
Рефлексивті — түзетушілік |
Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймын шаттана. (Қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Кім тез шананы құрайды?» Ойын шарты: Бірнеше қиып дайындалған шана бөліктері. Берілген белгі бойынша балалар шананы құрастырады. Ойын осылайша жалғасып отырады. Қорытынды: - Күз мезгілі сендерге ұнай ма? - Күзде ойнайтын қандай ойындарды білесің? |
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. |
|||
|
Күтілетін нәтиже: |
|||||
|
Білу |
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. |
||||
|
Өзіне үйренгені |
Жаңа білімді түсінеді |
||||
|
Үйрену |
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. |
||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаратылыстану "Менің ойыншықтарым"

шағым қалдыра аласыз