|
Жұмбақ:
Шомыласың
жүзесің,
Шөлдегенде ішесің
(су)
- Өте жақсы
балалар!
Ғажайып
сәт
Балалар бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы
екенің тыңдайықшы.
- Бізге қонаққа Тамшы
келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен
сәлемдесейік.
-Бірақ өзі неге сондай көңілсіз
екен?
Тамшы: Сәлем, достар!
Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып,
оқығым келеді. Мен өзім туралы ештеме білмейді екенмін.
Сондықтан менің көңіл күйім
жоқ.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне
тәжірибе жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе
ме?
- Тамшы:
Әрине білгім
келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап
отыр.
-Балалар! - Көп тамшыдан су пайда болады.
Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз "Судың да
сұрауы бар"деп айтатыны
сондықтан.
Ия балалар бізге су әрқашанда керек екен.
Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су кажет екен. Ал
адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге
керек.
Олай болса судың қасиеттерімен танысайық,
суға тәжірибе жасайық
Тәжірибе
жасау.
1
тәжірибе: «Су
мөлдір
Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады,
біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып,
қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін
бақылайды
2 тәжірибе:
«Судың түсін
өзгерту.»
Тәрбиеші бояу жағылған қылқаламды суға
арластырады.
-Судың түсі қандай болды
балалар?
-Судың түсін өзгертуге бола
ма?
Билингвальды
компонент:
Су-вода.
Сергіту
жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар,
орнымыздан тұрып бой сергітіп
алайық.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың
жу.
Жуынсаң сен
әрдайым,
Аппақ бетің,
маңдайың.
Тазалықтың
досы,
Су дегенің
осы.
- Балалар біз бүгін ермесазды жұмсарту арқылы
тамшыны мүсіндейміз.
Көк түсті ермексазды алақан
арасында домалақтап, алақанның жоғарғы жағын ашып ілгері – кейін
ысамыз.
-Балалар жұмыс жасар алдында саусақпен ауада
жаттығып алайық.
Тамшы:
Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен.
Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп
тұр.
Қимылды - қозғалыс
ойыны:
"Күн мен жаңбыр"деген ойынды
ойнайық.
Ойын шарты: Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге
серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы
керек.
Мақсаты: Балалардың көріп, естіп қабылдауын
жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға
үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын
арттыру.
Тамшы:
- Балалар, сендерге көп - көп рахмет!Мен
туралы көп біледі екенсіңдер. Менің мүсінімді ермексазбен де
мүсіндеп бердіңдер.Сендерге үлкен рахмет.Мен сендерге арнап
сыйлықтар әкелдім. .Сау
болыңдар!
- Тамшы, саған да көп
рахмет!
Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін
көтеріп тастадың. Келесі кездескенше қош сау
бол!
|