жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаратылыстану пәні Ашық сабақ: 1 сынып Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті: Магнит
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі Табиғат физикасы Бөлімшесі:Магниттілік Ортақ тақырып:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Мектеп: № 11 |
|||||||
Күні:
Сынып:1 сынып
|
Мұғалімнің аты-жөні:Оразбаева Элмира Қадырханқызы
Қатысқандар саны:22 Қатыспағандар саны 0 |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Магнит |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу 1.1.2.2 көрсетілген тәжірибені түсіндіру |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:магниттік қасиетке ие болатын заттарды анықтайды Көптеген оқушылар:заттардың магниттердің қасиеттеріне сай қолдану аясын сипаттайды Кейбір оқушылар: тәжірибе жасау арқылы магниттің күші қағаз, шыны, пласмассадан өте алатындығы жөнінде қорытынды жасайды |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.
Өндірістегі магниттің қолданылуын талқылайды
Тәжірибенің негізінде магниттің қасиетін анықтайды
|
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Магнит, магниттік қасиеттер, магниттің күші, магниттерді пайдалану, тұрақты магнит, электромагнит
Диалог пен жазу үшін пайдаланған сөздер мен тіркестер: Магнит неғұрлым … болса, оның магниттік қасиеттері соғұрлым … Магнитке дейінгі қашықтық неғұрлым … болса, соғұрлым оның магниттік күші … болады. Магниттер … үшін пайдаланылады. |
|||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу Магниттелетін металдың көмегімен тұсбағдар (компас) жасату Өмір бойы білім алу Электромагниттің қолданысы жөнінде бейнежазбадан әңгімелейді. |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
Сауат ашу Кестені толтыру Кестеге заттың атауын жаз немесе белгісін сал.
Математика Жасалған материалына қарай заттарды салыстыру Дүниетану Картамен жұмыс жасайды
|
|||||||
АКТ қолдану дағдысы |
Интерактивті тақта,ұялы телефон |
|||||||
Бастапқы білім |
Жер бетінде магниттік қасиеттері бар денелерді біледі.
|
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы
5 минут
|
Оқушыларды сабаққа бағыттау. Қайырлы күн! Сабағыма қош келдіңіздер! Менімен бірігіп ойын ойналық! Ширату (Ұ). Ойын Мақсаты: оқушылардың байқағыштық қабілетін дамыту Оқушылар жұптасып бір-біріне арқасын беріп тұрады. «сендер тебілдіңдер ме немесе тартылдыңдар ма?» деп сұраймын. Оқушылар «Тартыламыз!» деп жауап береді. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. «Сендер тебілдіңдер ме, тартылдыңдар ма?» деген сұраққа оқушылар «Тебілеміз» деп жауап бере алады. Осыдан «Қандай зат басқа заттарды тарта алады, немесе тебе алады?»- деп сұраймын. Оқушылар «Магнит»-деп жауап береді. ҚБ: Мұғaлiмнiң «Жapaйcыңдap!», «Тaмaшa!» Сабақта оқушылар алдына қойылатын мақсат: Бүгінгі сабақта Магнит тақырыбының аясында жұмыс жасаймыз |
|
||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
3 минут
7 минут
5 минут
7 минут |
«Бейнеметафора» әдісі (МК, Ұ) Оқушыларға магнит туралы мультфильм көруге ұсыныс жасаймын. Магниттің қасиеттері туралы не білетіндерін сұрап талқылаймын. -Бейнежазбадан нені байқадыңыз? -Фиксиктер нені зерттеген? -Магниттің қандай қасиеті бар? -Магнитке барлық металдар түгел тартылады ма? -Түгел тартылмайды. - Бұрандаға (болтик) айналған фиксик магнитке тартылмайды. ҚБ: Мұғaлiмнiң «Жapaйcыңдap!», «Тaмaшa!» (МК, Ұ) Оқулықпен жұмыс Эврикаға көмектес Оқушылардың назары суретке аударылады. -Негеш нені қарап тұр? -Ол неге ойланып тұр? (Ж)Сұрақты жұпта талдатамын. -Магнитке барлық заттар тартылды ма? -Жоқ -Магниттерді бір біріне жақындатқанда не болды? -Тартылды. -Тебілді. -Магниттердің түсі қандай? -Бір ұшы қызыл, бір ұшы көк. -Эврика не істемекші? - -Магниттер тебіледі. -Қандай қорытынды жасауға болады? -Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындағанда олар бір бірінен тебіледі. ҚБ: «От шашу» бағалау. Мұғалімнің көмегімен төменнен бастап жоғарға дейін шапалақтау.
(Т. МК) Тапсырма 1. Топтарға берілген тапсырмаларды орындайды, қорытынды жасайды. «Зерттеу» әдісі арқылы орындайды. А. Магниттілік қасиеті бар денелерді анықтайды. В.Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі екендігін айтып, көрсетеді. С. Магниттердің қасиеттерін зерттеп , жүргізілген эксперементті түсіндіре алады. 1-топ. Табақшадағы құмның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін табу. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. 2-топ Құмырадағы су ішінен темір бұрандалар мен сомындарды, резеңке бөлшегін табу. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізеді. 3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көрсетеді. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтайшаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. 4-топ. Шыны әйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе барысында оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. (ҚБ) «Ауа райы» әдісі арқылы бағаланады.
(Т) Тапсырма 4. Оқулықпен жұмыс . Оқушылардың қаламсаптарын ортаға жинатып, мұғалім ортадағы қаламды таңдау арқылы сұрақ қоямын. «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы орындайды. Барлық оқушылар: Ауыр жүк көтеру үшін пайдаланатындығын атай алады. Көптеген оқушылар: Магниттің өмірде адамдар еңбегін жеңелтуге әсер ететіндігін айта алады. Кейбір
оқушылар: Тағы қай
жерде қолданылатынын түсіндіре алады.
Мысалдар келтіреді. (Үйде:
наушникте, телефон тұтқасында, әшекей
бұйымдарда Сабақтан бұрын(күні бұрын) оқушыларымның ата-аналарына электромагнит туралы бейнежазба жіберіп, баласымен қарап шығуына мүмкіндік беремін. Сабақта ата-аналарымен бірге талдаған сілтемеге сүйеніп, берілген сұрақтарға жауап береді. 1-топқа Үлкен электромагниттерді қайда, не үшін пайдаланады? 2-топқа Электромагнит адамдар еңбегін жеңелтуге әсер ете ме? 3-топқа Магниттің өмірде пайдасы бар ма? ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Қызыл түс-түсінген жоқпын Сары түс-әлі де түсінбеген тұстарым бар Жасыл түс-барлығы түсінікті
Саралау тапсырмасы (ОТ) Оқушыларға жердің магниттік алқабын зерттеуді ұсынамын. Барлық оқушылар магниттелетін нәрсемен тәжірибе жасауға кедергі болатын магниттелетін заттарды анықтап, тәжірибе жасау алаңынан алшақтатады. Көптеген оқушылар тәжірибе барысында иненің су бетіндегі орналасуын бақылайды, компастың тілімен сәйкестендіреді. Кейбір оқушылар тәжірибедегі иненің су бетіне орналасуының компасқа қатысын анықтап жердің магниттік алқабымен өзара әрекеттесітіндігі жөнінде талқылайды. Компастың жұмысы да осы, оның магниттік тілшесі жердің магниттік алқаптарының шекараларын жағалай қозғалып, ылғи солтүстікке нұсқап тұратындығы жөнінде картадан көрсетеді. -Компас ежелгі Қытайда ойлап табылған. Біздер де компас жасап, бағдарлап көрейік! Ол үшін ине мен су құйылған кесе қажет. - Тәжірибе өткелі тұрған орыннан магнит пен магниттік алқаптың көздерін (ұялы телефон, компьютер, динамик) алып тастаңыз. -Ине магниттеңіз. Сосын инені өсімдік майымен майлап, абайлап су бетіне қойыңыз. -Нені байқадыңыз? Тартылыс заңына сай ине суға батпайды, су бетінде қалқып қала береді. -Инені судан алып тағы да магниттеп суға салыңыз. -Не өзгерді? -Қалқып қана қалмай, су бетінде белгілі бір бағытқа бұрылады Тәжірибені қанша өткізсеңіз де, нәтижесі осылай болады. Иненің ақпаратын магниттің қызыл тілшесімен салыстырып көріңіз – олар сай түсуі қажет Тәжірибе нәтижесі қандай болуы тиіс? Біздің Жер – үлкен магнит және оның полюстері ғаламшардың географиялық полюстеріне өте жақын орналасқан. Біздің барлық магниттердің магниттік алқаптары Жердің магниттік алқабымен өзара әрекеттеседі. Компастың жұмысы да осы, оның магниттік тілшесі жердің магниттік алқаптарының шекараларын жағалай қозғалып, ылғи солтүстікке нұсқап тұрады.
|
Мультфильм «Магнит» https://www.youtube.com/watch?v=ZK1kBU0EhWYМультфильм «Фиксиктер.
Құм,темір шеге,бұранда, резеңке,магнит
Су, резеңке, темір шеге, магнит
Қатты қағаз, қағаз қыстырғыш,маг нит
Шыны әйнек, қағаз қыстырғыш, магнит.
Оқулық -69 бет.
Наушник, телефон тұтқасы
https://www.youtube.com/watch?v=9ykxgVufhIo
Компас, темір ине, су құйылған шыны ыдыс, карта
|
||||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
(Ж) Тапсырма 2. Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің тұсына () белгісін қойыңыз. «Түртіп алу» әдісі арқылы орындайды. 1. Магниттілік қасиеті бар денелерді жасыл қаламмен белгілейді. 2. Суреттерден тауып алып, темірдің қасиеттерін атай алады. 3. Адам өмірінде магнитті қолдануды түсіндіреді.
ҚБ + , - әдісі, Шарты яғни, оқушы суреттегі заттардың атын атаса +,атай алмаса -. Магниттелетін заттарды анықтай алса +, анықтай алмаса -. - суреттегі темірдің қасиетін атай алса + , атай алмаса-, - магнитке тартылатын заттарды белгілей алса + ,белгілей алмаса -. Ал
балалар, енді әр кім өзінің -, + санап
есептей қойыныздар. 4 + , болса ең жоғары
ұпай
Кімде
3 – болса
Кімде
3 тен төмен болса - Рефлексия: «Әуе шарын толтырамыз» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі. Оқушылар магнит туралы жақсы түсінсе жасыл түске бояйды және бірінші қалташаға салады, сұрақтары болса сары түске бояйды және орташа қалташаға салады, түсінбесе қызыл түске бояйды және соңғы қалташаға салады., «Әуе шары» салынған суретке апарып қалташаларға салады
|
|
||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||||
Саралау тапсырмасы (ОТ, Ж) Оқушыларға Жердің магниттік алқабын зерттеуді ұсынамын. Барлық оқушылар магниттелетін нәрсемен тәжірибе жасауға кедергі болатын магниттелетін заттарды анықтап, тәжірибе жасау алаңынан алшақтатады. Көптеген оқушылар тәжірибе барысында иненің су бетіндегі орналасуын бақылайды, компастың тілімен сәйкестендіреді. Кейбір оқушылар тәжірибедегі иненің су бетіне орналасуының компасқа қатысын анықтап жердің магниттік алқабымен өзара әрекеттесітіндігі жөнінде талқылайды. Компастың жұмысы да осы, оның магниттік тілшесі жердің магниттік алқаптарының шекараларын жағалай қозғалып, ылғи солтүстікке нұсқап тұратындығы жөнінде картадан көрсетеді.
|
Сабақта әр тапсырма орындалып болған соң оқу үшін бағалау мақсатында (формативті) «Ауа райы», « + , - әдісі», «Сәнді жұлдыздар», «От шашу», «Жapaйcыңдap!», «Тaмaшa!» сияқты қалыптастырушы бағалаулары арқылы өзін-өзі, топтық, жұптық бағалау түрлері пайдаланылады.
Рефлексия: «Әуе шарын толтырамыз» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі. Оқушылар магнит туралы жақсы түсінсе жасыл түске бояйды және бірінші қалташаға салады, сұрақтары болса сары түске бояйды және орташа қалташаға салады, түсінбесе қызыл түске бояйды және соңғы қалташаға салады., «Әуе шары» салынған суретке апарып қалташаларға салады
|
Шыны, шеге, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында қауіпсіз ережелерін сақтау ескертіледі.
|
||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||
Кейбіреуі
күштірек тартылса, кейбіреуі әлсіздеу
тартылады.
Неліктен
Эвриканың магниттерді қосуға
талпынғанынан еш нәтиже шықпады?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген