Жаратылыстану пәні Ашық сабақ "Заттың күйі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану пәні Ашық сабақ "Заттың күйі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Қазақ тілі 38-сабақ.

Бөлім:Уақыт

Уақыт туралы не білемін?

Сабақ тақырыбы

Дыбыстардың үндесуі.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 13.11.2018


Сынып: 3 Б

Қатысқандар: 28

Қатыспағандар саны: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.6.1 бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбейжəне біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;;

Оқушылардыңкөбі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

  • қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;

  • жіберілген орфографиялық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

  • сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:

  • жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;

- сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Дыбыстар үндестігі. Жуан, жіңішке дыбыстар.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Аңыз неліктен «Өмір-уақыт» деп аталған деп ойлайсың?

Мұндай болжам жасауыңа не негіз болды?

Ол жексенбі күні неліктен ауырып қалмады? Ойыңды бөліс.

Өзің жексенбі күнді қалай өткізесің?

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі нені білдіреді?

Дыбыс үндестігінің қандай ерекшеліктерін білесің?

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды пайдалана білуге баулу;

Оқушыларды уақытты бағалай  білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Дыбыс үндестігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


4 минут

І. Ұйымдастыру бөлімі.

(ҰЖ) «Доппен қозғалыс» әдісі

Мақсаты: Оқушылар берілген тақырып туралы ойларын жүйелейді, сабаққа қызығушылығын арттырады. Бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Оқушылар ортада дөңгелене тұрады. Жүргізуші шығып, допты кез-келген балаға сабақта өткен тақырыпқа қатысты сөз айтып, лақтырады. (дыбыстар, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, жуан дауысты дыбыс т, б) Допты қағып алған бала сол тақырыпқа байланысты білетінін айтады. Осылайша ойын жалғасын табады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.



доп







Сабақтың ортасы

3 минут





8 минут




















6 минут
























3 минут




4 минут

















4 минут







5 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Жж ЖЖЖ жжж жұлдыз жүлдегер жігерлі жеңіске жүлделі

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

3.2.4.1(Ө, Т, Ж, қ) Мәтінмен жұмыс.

«Өмір-уақыт» аңыз әңгімесі

Мұғалім аңызды әңгімелеп береді. (Қажет жағдайда қайта айтады)

Мақсаты: Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту,аңыздағы негізгі ойды анықтауға дағдыландыру.

Аңызды тыңда.

  • Аңыз не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.

  • Аңыз әңгімеден тірек сөздерді тап.

  • Аңыз неліктен «Өмір-уақыт» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.

  • Өзің бос уақытыңда қандай істермен айналысасың?

  • Аңыздан қандай ой түйдің?

(Оқушыларды топқа бөлу. Аңыздағы тірек сөздерді, негізгі ойдытопта ақылдаса отырып, жазады.)

Тірек сөздерменжұмыс.

Тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Әр сөйлем ішіндегі бір сөзді сөз құрамына талдау.

Бағалау дескрипторы:

  • негізгі ойды анықтай алады;

  • дәптерге қатесіз, сауатты жазады.

(МК; Ө, Т; Қ) Оқылым.

3.2.4.1; 3.1.7.1 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мұғалім өлеңді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады.

Оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айту ұсынылады.

  • Өлеңде қандай бала суреттелген деп ойлайсың?

  • Ол жексенбі күні неліктен ауырып қалмады? Ойыңды бөліс.

Кейіпкер туралы өз пікіріңді айт.

Оқушылар топта өлеңде қандай бала суреттелгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Өлең кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып, сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Әр топ стикерлерге кейіпкер туралы көзқарастарын жазып, постер құрастырады.

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды.

(Ұ; Ө; Қ) Сөздікпен жұмыс.

  • Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыр және жаз.

Бағалау дескрипторы:

  • негізгі ойды анықтайды;

  • қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, қатесіз жазылуын қадағалайды;

  • баланыңіс әрекеттеріне баға береді;

Сергіту сәті. «Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.

«Су» дегенде қолдарымен толқынды бейнелейді.

3.1.7.1, 3.3.5.1 (Т, Ж; Ұ) 6-жаттығу. Кестемен жұмыс.

Оқушылар топқа бөлініп, кестені берілген үлгіге сүйеніп толықтырады. Топта идея алмасып, ой бөліседі.

Ұл бала

Қыз бала

Дүйсенбек

Жұмагүл







  • Дүйсенбек, Жұмагүл деп ат қою себебі неде деп ойлайсың?

Әр топтан бір оқушыдан шығып, ат қоюдың себебін, нақты дәлелдемелер келтіріп, айтады. Топта жазған адам аттарының қатесіз жазылуына мән береді, өзара тексереді. Қате болса түзетеді.

Бағалау дескрипторы:

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, емлесін сақтап жазады;

- сөздердің қатесіз жазылуын тексеріп, қатесі болса, түзетеді.

3.1.7.1(Ө; Ж; Қ) Шығармашылық үзіліс, 8-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. (Шешуі: аптаның жеті күні). Оқушылар сызбадағы апта күндерін атап, сол күндері не істегенің әңгімелейді. Өзара бағалау.

Бағалау дескрипторы:

- қарамен жазылған сөздерге назар аударып, олардың айтылуы

мен жазылуын салыстырады;

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, емлесін сақтап жазады.

3.1.7.1, 3.3.6.1(Ж, Ж) Саралау. «Қате болса, тауып көр» әдісі..

Мақсаты: Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға дағдыландыру.

Маханбет, түнеугүні, жексембі, бүрсікүні, бейсенбі, жаздыгүні, күздігүні, қыстыкүні, Қартпағамбет, Сәндігүл.

(Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, бірін-бірі тексереді, қатесін түзетеді.)

Бағалау дескрипторы:

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап

айтады;

- берілген сөздердің қателерін түзетеді.

1 Дәптермен жұмыс




«Самопознание КЗ»журна

лы








1 Дәптермен жұмыс








«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.










А4 қағаздар


стикер











1 Дәптермен жұмыс














1 парақ қағазы





1 Дәптермен жұмыс




Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтіннің тақырыбын қоямын, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтаймын;



сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтамын;



жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табамын, түзетемін.



Үй тапсырма

«Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» сұрағына жауап жазу.















Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі