400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жаратылыстану пәні бойынша 1 сыныпқа арналған 3 тоқсан қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сынып мұғалімдеріне керек. Мұғалімдерге менің жұмысымның көп септігі тиеді деп ойлаймын, мұғалімдердің уақыттары үнемделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітмін:______________


Сабақ тақырыбы:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: кейбір ғарыш денелерін сипаттау;


Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

ұшу аппараттарының әртүрлі суреттері;

телескоптардың суреттері. Интернет-ресурстар:

телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=k6vs_sjzGFY;

Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы, мысалы, http://masik.tv/zapusk-kosmicheskoy-raketyi/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;

  2. расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр­ машылығын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ғарыш — бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі оптикалық құрылғылар қажет.


Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метео­ рологиялық ақпараттар алынады, Күннің құбылыс­­­ тарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анық­ тайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда, Марста болған.


Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын­ ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.


Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы­ мамандандырылған мекеме. Ағылшынның­ “бақылау”­ сөзінен шыққан.


Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір ра­ сытхана.


Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Үлкен Алматы көлінің маңайында орналасқан.


Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.


Ойлан


Жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба әлде биік ағашта отырған адам ба?


Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушыларды топтарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Немесе алдын ала қарсылас топтарға “Ғарыш” тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойластыруды тапсыру. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады.


Телескоп.

Оқушылардан дүрбі туралы не білетіндерін сұрау. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беру. Оқулықтағы суреттерге назар аударту. Оларды салыстыруды ұсыну. Оқушылардан­ алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болғанын сұрау. Егер олар жауап беруге қиналса, сіз сұрағыңызды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге бола ма?” — деп нақтылау. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұрау. Кескін анық болды ма?


Оқушылар “заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады” деген қорытындыға келеді.

Жер қандай?


Ертеде адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?



Зерттейік.

Оқушыларды төрт топқа бөліп, нұсқаулықтар беру.


1-топ. “Суретшілер” — зымыранның суретін салады.

2-топ. “Мүсіншілер” — оны ермексаздан жасайды.

3-топ. “Оригами” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды. (Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсету.)


4-топ. “Тәжірибе” — зымыранды ұшырады. (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)


Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинау. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беру. Содан кейін қатысушыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақыру. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлерімен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу мақсатында оқу диалогін құру.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Көркем еңбек. Аппликация жасау.


Ғарышкерлер тобында ойнауды ұсыну. Ғарыштағы салмақсыздық туралы айту. Пантомима көрсетуді ұсыну: ғарышкерлер қалай тамақ жейді, ішеді, ұйықтайды? Фильм көрсетуге болады. Мүмкіндігінше, расытханаларға саяхат ұйымдастыру. Егер ғаламторға шығу мүмкіндігі болса, Жер серіктері көмегімен ғарыштан алынған фото­ суреттерді көрсетуге болады.


Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап, сәйкес­сіздікті­ анықтап, себебін түсіндіре алады. (Расытханалардың­ айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.) Осыдан кейін оқушыларға суретті бояп шығуды ұсыну.

Бағалау



  1. Оқушылар ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олар­ дың көмегімен жаңалықтар ашылатынын тү­ сінеді.

Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасай алады. Әр оқу­ шыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элемент­­ тер қосып, атын ойлап табу ұсынылады. Кейбір оқушылар ойдан шығарған бөлшектерін толық сипаттап­ беруі мүмкін.


Бекітемін: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жер ғаламшарының көрінісі

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс­ терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. шар;

  2. доп;

  3. глобус;

  4. желім;

  5. Ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті;

  6. ойыншық кеме. Интернет-ресурстар:

  7. http://www.youtube.com/watch?v=pg9gelaIJmM

  8. https://www.youtube.com/watch?v=Emb62UbUaVc

  9. ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мульт­ фильмнен және “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінділер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

  3. жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі­ шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.


Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған.


Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай

қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.


Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.


Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле­ міне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы­­-­ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына­ қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе­ ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не бай­қа­ дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.


Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл­ даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға тыры­ сыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.


Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет­ терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам­ шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы­ лауға болады.


Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.


Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.


Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу­­ ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек.


Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көк­ жиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдері­ мен және жасаған қорытындыларымен бөлісуі үшін ортақ талқылау жасатыңыз.


Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа­ салған­ кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз.

Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло­ бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз:


Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас?


Қандай айырмашылықтары бар?

Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз:

Шардың пішіні қандай?

Ол неге ұқсайды?

Шардың бұрыштары бар ма?


Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.

Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Шар —көлемді геометриялық пішін.




Оқушыларға папье -машеден (қағаз массасынан жасалған қатты нығыз бұйым) шар жасауды ұсы­ ныңыз. Ең алдымен оқушыларды қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстырып, желіммен және қайшымен жұмыс жасағанда, сақ болуларын ескерткеніңіз жөн. Шардың сыртына ұсақтап жыртылған қағаздарды желімдеп жабыстырып, Жер шарын жасаймыз. Шар кепкен соң сыртына құрлықтар, теңіздер, мұхиттар мен өзен-көлдерді бейнелейміз. Бұл тапсырманы топтық жұмыс ретінде ұсынсаңыз болады. Жұмыс барысын бақылаңыз, ынтымақтасып, бір -біріне қол-дау­ көрсетіп, шарды әдемілеп жасаған топтың жұ­ мысы сәтті болатынын ескертіңіз.

Бағалау


Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар­ дың атын біледі.

Ол қандай?

Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз­ дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады.

Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз.


Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.

Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі,­ тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер­ дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені­ таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика­ сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө­ лемді фигураларды­ көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады.
































Бекітемін___________


Сабақ тақырыбы:

Глобусты қалай қолданады?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пі­ шінін анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. глобус (әр топқа біреу);


  1. түрлі түсті түймелер.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. глобуспен танысады;

  3. oқушылар глобустан Қазақстан Республикасын таба алады;

  4. глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады.

Сабақтың мақсаты:

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл­ діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші­ рейтілген моделі.


Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді.


Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар.


Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын.


ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы.

Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз:

Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет?

Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма?

Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Оқушылардың пікірін толық тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асық­ паңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсыр­маны орындау барысында өздері түсінеді.

Ойыншықтар. Оқулық суреттеріндегі заттар­ дың моделін қарастыруды ұсыныңыз. Оқушыларға:­ “Бұл заттардың өзі емес, олардың моделі, кіші­ рейтілген көшірмесі” — деп ескертіңіз. Барлық оқушылардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін алдын ала сынып бөлмесіндегі заттардың суреттерін,­ макеттерін дайындаңыз. Әр затты көрсете отырып, “Бұл не?” — деп сұраңыз. “Тек же­ келеген­ заттардың ғана емес, үйдің, бөлменің де моделін жасауға болады” — деп айтыңыз. Алдыңғы тапсырманы­ орындау кезіндегі “Біздің үлкен ғалам­ шарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?” деген сұраққа қайта оралыңыз. Оқу­-шылардың пікірін тыңдап, бұл үшін бізге оның кіші­ рейтілген моделін жасау қажет деген тұжырымға келуге жетелеңіз. Олар “Мұндай модель — глобус. Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі” деген

қорытындыға келуі тиіс.

Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар­ сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қойыңыз.

Глобуспен танысу. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Әр жұпқа бір глобус, түрлі түсті түймелер қажет. Оқушы глобустан көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, мұхиттардың атауларын оқиды және сол жерге көк немесе көгілдір түсті түймелерді бекітеді. Құрлықтарды да осы әдіспен­ іздеп тауып, ол жерлерге қағаздан жасалған адамның­ бейнелерін жапсыртуға болады.

Глобустың басым бөлігі неліктен көк түспен боялғаны­ туралы оқушылардың өздері қорытын­ дылағаны жөн. Осы тапсырмадан кейін глобус — Жердің кішірейтілген моделі екенін тағы қайталап, алған білімдерін тиянақтау керек.

Сен білесің бе? Оқушылардың естеріне өт­ кен сабақтағы Жердің шарға ұқсайтыны туралы қорытынды жасалған тәжірибені түсіртіңіз. Жердің шар тәрізді екенінің тағы бір дәлелі — Жер шарын кемемен айналып шыққан адамдардың саяхаты екенін айтыңыз. Егер Жер “дөңес диск” тәрізді болса, теңізшілер шыққан жеріне қайта оралмайтынын түсіндіріңіз. Фернан Магеллан саяхаты туралы, яғни бес кеменің тек біреуі оралғаны туралы тарихты айтып беріңіз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Модель сөзін математикамен байланыстырады.

Көркем еңбек. Ермексазбен жұмыс. Бөлменің моделін салады және картадан құрлықтар мен өзендерді, көлдер мен мұхиттарды тауып бояйды.



Зат моделі. Оқушылар кез келген екі заттың моделін салады. Мүмкіндік болса google.planet.

сайтының көмегімен саяхатқа шығуға болады. Саралау мақсатында зерек оқушыларға­ әртүрлі

энциклопедиялардан Жер ғаламшары­ туралы үзін­ ділерді­ оқытып, мынадай тест жұмысын­ ұсынуға болады:

Глобус дегеніміз не?

а) оқу бөлмесінің моделі; ә) ғаламшар;

б) Жер ғаламшарының моделі.

Жер ғаламшарында неше құрлық бар? а) алты; ә) тоғыз; б) төрт.

Жер шарында неше мұхит бар? а) тоғыз; ә) бес; б) төрт.


Бағалау


Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген мо­ делі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады.


Сұрақтар бойынша әңгімелесу

  1. Глобус дегеніміз не?

  2. Глобус бізге не үшін қажет?

  3. Глобустың пішіні қандай?

  4. Глобустың басым бөлігі қандай түстермен боялған? Неге?


Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қа­ жетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құр­ лық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсін­ генін жұмыс барысында бақылаңыз











































Бекітемін: ___________


Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау не үшін қажет?

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: уақыттың маңызын түсіну;



  • Оқушылардың басым бөлігі: уақытты өлшеу құралдарын анықтау;


  • Кейбір оқушылар: көрсетілген тәжірибені түсіндіру.

Ресурстар:

  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

  2. күнсағаттың фотосуреті;

  3. табуға мүмкіндік болса, Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт туралы ертегі” кітабы;

  4. ұзындық өлшегіш таспа. Интернет-ресурстар:

  5. әйгілі сағаттар туралы сайт, мысалы, http://old-clock.kz/o-chasax/samye-izvestnye-chasy-v-mire/.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. уақытты үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді;

  3. уақытты анықтайтын құралдар мен әдістерді атап, олардың ішіндегі ең дәл көрсететінін анық­ тайды;

  4. қанша уақыт кеткенін анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әр тарихи кезеңде уақыт пен кеңістік туралы өз танымдары болған. Ертеректе адамдар күндерді, апталарды, айлар мен жылдарды көрінбейтін уақыт өзені ағызып әкетеді деп санаған. Тәуліктің жарық бөлігі аса маңызды саналған, себебі аңға шығу, тамақ табу, отын жинау жұмыстарын адамдар күндіз атқарған. Ал қараңғыда адамдар түрлі қауіптерге тап болуы мүмкін еді. Таң атқанда барлық тіршілік басталған. Кейіннен жасанды жарық көздері пайда болғанда уақытты арнайы құралдар көмегімен анықтау қажеттігі туды.


Уақыт — бұл қандай да бір әрекеттің, оқиғаның орындалу немесе қандай да бір заттың өмір сүру ұзақтығы. Айналадағы кеңістікте болып жат­-қан құбылыстар мен оқиғалардың барлығы уақыт аралығында болып жатыр. Уақыт үнемі қозға­

лыста болады, оны тоқтату немесе

кері қай­

тару мүмкін емес. Өміріміздің әр

секундында

біз уақыт кеңістігінде боламыз, оған

бағытталып

түрлі әрекеттер жасаймыз. Алғашқы сағаттар — күнсағаттар, онда уақыт көлеңкенің көмегімен анықталған. Кейін Ежелгі Мысырда сусағаттар (клеп­ сидрлер)­ пайда болған. Одан кейін құмсағаттар шықты. Бірнеше жылдардан соң механикалық және электронды сағаттар пайда болған.

Тілдік құзыреттілікті дамыту


Сынып оқушыларын шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздарды таратып беріңіз. Оқушылар олар­ дан тірек сөздер құрастырып, айта алады. Дең­ гейлеп оқыту мақсатында кейбір оқушыларға осы сөздермен сөйлем құрастыруды тапсыруға болады.



Саяхат. Негеш пен Эврика саяхатқа шығуға жиналды деп айтыңыз. Оқушылардың қайсысы саяхаттап­ көргенін сұраңыз. Саяхаттан алған әсер­ лерін сипаттасын. Басқа елдерге саяхаттап баруға, қонақүйлерге, қонақжайларға тоқтауға болады деп айтыңыз. Сонымен қатар табиғатқа шығуға, орманға баруға, шатырларда демалуға болады. Оқулықтағы суретке назар аудартыңыз.

Сұраңыз:

Негеш пен Эврика қалай демалмақшы ? (Жолдорбаларын алып, табиғат аясында белсенді серуендеуге барады.)


Сапаржайдағы карта мен жазуға қараңдар. Біздің кейіпкерлеріміз қай жерден қайда барады? (Астанадан — Бурабайға.)


Оқушыларға Қазақстанның інжу-маржаны болып табылатын осы өлке туралы айтып берулерін ұсы­ ныңыз.

Төмендегі сұрақтарды қойыңыз:


Балалар бірден Бурабайға жете ала ма? Неге?


Олар қандай көлікпен жетеді?

Ол қанша уақыт алады?

Сендерге кейде уақыт “жүйрік” болып көріне ме?


Ал кейде өте баяу жылжитындай болып көрінді ме? Қандай жағдайда? Айтып беріңдер.


Талқылау жүргізіп, қажетті жерге жету үшін белгілі­ бір уақыт керек деген қорытынды жасаңыз. Баратын жер неғұрлым алыс болса, жету үшін соғұр­ лым көп уақыт жұмсалады.


Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет? Суреттерге назар аудартыңыз. Сұраңыз: “Бірінші суретте не бейнеленген? (Тұқым.) Екіншіде? (Өскін.) Өскін қайдан пайда болды? (Тұқымнан.) Үшінші суретте не бейнеленген? (Өсімдік гүл жарды.) Сендер қалай ойлайсыңдар, бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қанша уақыт өтті? (Бір айға жуық.) Уақытты тоқтатып қоюға бола ма? (Жоқ.) “Егер уақыт тоқтап қалса, онда...” — деп, қиялдауды ұсыныңыз.


Уақыт көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды деп қорытынды жасап, жинақтаңыз. Ол өткен шақтан болашаққа қарай жылжиды. Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.


Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан сұраңыз:


Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?


Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)


Сағаттар қандай болады?

Ойлан!


Оқушыларға мәселелік сұрақ қойыңыз: “Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?”


Оқушылардың ойларын тыңдаңыз. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсырыңыз. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)


Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесе спортзалда жүргізсе,­ жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.


Сөренің және мәренің орнын анықтаңыз, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеңіз.


Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап алыңыз. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.


Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.


Тәжірибе аяқталғаннан кейін “Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?” — деп сұраңыз.


Оқушылардан қай сағат бәрінен де нақты бол­ ғанын сұрап, нақтылаңыз.


Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондық­ тан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ың­ ғайлы” деген қорытынды жасай алады.


Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аудартыңыз. Сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:


Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?


Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?


Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?


Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт ара­ лығы қажет екенін түсіне алады.


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Уақыт.


Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсы­ ныңыз. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.


Қосымша материал ретінде оқушыларға ата-анасымен бірге Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт ту­ ралы ертегісін” оқуға және оның мазмұнын талдауға­ ұсыныс жасауға болады.

Бағалау


Оқушылар уақытты анықтайтын құралдар мен құрылғыларды біледі.


Кеш — ерте. Оқушыларға суреттерді қарауды тапсырыңыз. Сұраңыз: “Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті?” Ағаштар қанша жыл тіршілік­ ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі