Материалдар / "Жаратылыстану пәнінен 2 сынып оқушыларына тақырыптық тасырмалар жинағы" дидактикалық құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаратылыстану пәнінен 2 сынып оқушыларына тақырыптық тасырмалар жинағы" дидактикалық құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бастауыш сынып оқушыларына 2 сынып оқу бағдарламасына сай негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өткен материалдарды қайталау және жаңа тақырыптарды қортындылау үшін тиімді түрде құрастырылған. Тестік жұмыстар және тапсырмалар бағалау орындау арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға, толықтыруға нақты мүмкіндік туады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
1538
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туребекова Лазиза Мукушовна

Қοстанай οблысы әκімдігінің білім басқармасының «Әулиеκөл ауданы білім
бөлімінің
№2 Аманқарағай жалпы білім беретін меκтебі» ΚММ

Жаратылыстану пәнінен 2 сынып оқушыларына
тақырыптық тапсырмалар жинағы.
дидактикалық материал

Құрастырған:Туребекова Лазиза Мукушовна
Бастауыш сынып мұғалімі

Әулиекөл, 2022

1

Туребекова Лазиза Мукушовна

2

Туребекова Лазиза Мукушовна

Түсінік хат.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бастауыш сынып оқушыларына
2 сынып оқу бағдарламасына сай негізгі тақырыптар және қортындылау
тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Өткен материалдарды қайталау және
жаңа тақырыптарды қортындылау үшін тиімді түрде құрастырылған. Тестік
жұмыстар және тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың өткен
тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға, толықтыруға нақты
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар:
-Баланың білімін, деңгейін көтереді;
-Өзіне деген сенімділік туғызады;
-Өзіне-өзі баға береді;
-Пәнге деген қызығушылығы артады.
Берілген тест және тапсырмаларды орындау барысында оқушылар да өзінің
оқу жұмысындағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктері туралы
мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасап, білім мен ғылымға деген
құштарлығын арттыруға дағдыланады.
Мақсаты:
1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру;
2.Алған білімдерін одан-әрі тереңдету.
3.Логикалық ойлауды қалыптастыру.

Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін
Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

кеңейту ойлау қаблетін дамыту.

Күтілетін нәтиже
1.Оқушылардың дүниетанымы қалыптасады;
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады;
3.Өздігінен білім алуға дағдыланады;
4.Пәнге деген қызығушылығы артады;

«Жанды табиғат»
«Өсімдік»
3

Туребекова Лазиза Мукушовна

1. Өсімдіктерді неге тірі ағзаға жатқызады?
А) Олар өседі, тыныс алады, қоректенеді,көбейеді
Б) Өседі, ауаны тазартады, гүлдейді
С) Өседі, қурайды, дыбыстайды

2. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
А)Ағаштар, гүлдер, шөптер
Б)Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер
С) Жемістер, жидектер, гүлдер

3. Жапыраққа жасыл түс беретін затты қалай атайды?
А) Хлорофилл
Б) Су
С) Топырақ
4.Адам өсімдіктерге қандай күтім жасайды?
А) Қоректендіреді, тазалайды
Б) Суарады, топырағын қопсытады
С) серуендетеді, қоректендіреді

5.Өсімдіктер қоректі заттарды қайдан алады?
А) Тамырдан
Б)Жапырақтан
С) Топырақтан

6. Өсімдіктердің тіршілігі үшін қандай жағдай қажет?
А) Су, топырақ, жаңбыр
Б) Су,ауа, жарық, жылу, қоректі заттар
С) Су, бу, жаңбыр,топырақ
4

Туребекова Лазиза Мукушовна

7-тапсырма.
Мына өсімдіктердің тіршілік ортасы қандай екенін анықтап
нөмірлерін жаз..

А) Ылғал сүйгіш өсімдіктер
Б) Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
С) Жарық сүйгіш өсімдіктер
Д) Суыққа төзімді өсімдіктер
 Өсімдіктің тіршілік ортасы деген не екенін жаз.
_______________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- өсімдіктердің тіршілік ортасын анықтайды;
- тіршілік орта дегенді түсінеді.

8-тапсырма
Кактустың қандай бөліктері бар? Атауын жаз

 кактустың
қызметін жаз.
5

әр

бөлігінің

ерекшелігімен

Туребекова Лазиза Мукушовна

1) ________________________________________________
2) ________________________________________________
3) ________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- кактус өсімдігінің бөлігін анықтайды;
- кактустың бөлігінің қызыметін сипаттайды,

9- тапсырма
Ағаштардың жапырақтарының
өзгерістерінің себебін түсіндір.

жыл

мезгіліне

қарай

болатын

__________________________________________________________
( күзде күн мен жылудың азаюы
Дескриптор: Білім алушы
- жыл мезгілін анықта;
- өсімдіктің маусымдық өзгерісін тсінеді;

10- тапсырма
Диаграммаға қара. Бағандар жылдың қай мезгіліне сәйкес келетінін
анықтап, бос орынға жыл мезгілін жаз.

6

Туребекова Лазиза Мукушовна

Дескриптор: Білім алушы
- Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін анықтайды;
- жыл мезгіліне анықтап жазады.

«Жануарлар»
1. Жануарларды неге тірі ағзаға жатқызады?
А) Олар өседі, жүгіреді, қоректенеді
Б) Өседі,қоректенеді, тыныс алады, көбейеді
С) Өседі, ұйықтайды, дыбыстайды
2. Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылығын белгіле
А) Бойы
Б) Қорегі
7

Туребекова Лазиза Мукушовна

С) Қозғалысы
3.Тек жабайы жануарларды белгіле
А) Аю, қасқыр, түйе
Б) Жылқы, құлан, киік
С) Жолбарыс, қоян, арыстан
4. Жылқы мен түйенің сүтінен қандай өнім алады?
А) Шұбат, қымыз
Б) Айран, қымыз
С) Сүзбе, шұбат
5.Адамдар күтіп- баптайтын жануарларды қалай атайды?
А) Ит, мысық
Б) Жабайы жануарлар
С) Үй жануарлары
6. Балықтар қалай көбейеді?
А) Жұмыртқадан
Б) Баласын туады
С) уылдырықтан

7-тапсырма
Суретке мұқият қара. Әр жануар қай кластың өкілі болып табылады? Бос
орындарға жануарлар класының атауын жаз.

8

Туребекова Лазиза Мукушовна

Дескриптор: Білім алушы
- жануарлардың класын анықтайды;
- жануарлардың тобын жазады.
-

8-тапсырма
Қандай жануарлардың жасырынғанын анықтап бос орынға жаз.

 Табиғи ортада бүркенудің себебін жаз.
_____________________________________________________
9

Туребекова Лазиза Мукушовна

_____________________________________________________
Дескриптор: Білім алушы
- жануарларды анықтайды;
- жануарлардың бүркену себебін жазады.

9- тапсырма
Төмендегі дұрыс тұжырымдамаға белгі қой

Дескриптор: Білім алушы
- диаграмманы дұрыс түсінеді;
- дұрыс жауапты белгілейді.

10-тапсырма
Әрбір жануарлар тобының ерекшеліктерін кестеге жаз.
Атауы

Сыртқы түрінің Аяқтары
ерекшелігі

10

Көбеюі

Туребекова Лазиза Мукушовна

Дескриптор: Білім алушы
- Жануарлардың
сыртқы
түрінің
ерекшелігін
сипаттайды;
- жануарлардың аяқ құрылысын анықтайды;
- Көбею жолдарын анықтап жазады.

11

Туребекова Лазиза Мукушовна

«Адам»

Тест
1.Адамның өмір сүруіне қандай жағдай керек?
А) Жылу,киім, үй
Б) Ауа, жылу, жарық, тамақ, су
С) Тамақ, киім, жұмыс
2. Адам не үшін тамақтанады?
А) Өмір сүру, даму үшін
Б) Шаршамау үшін
С) Аш болмау үшін
3. Тірек-қозғалыс жүйесі нелерден құралады?
А) Қаңқадан
Б) Аяқ – қолдан
С) Қаңқа мен бұлшық еттен
4.Жеке бас гигиенасы деген не?
А) басыңды жиі жуу
Б) Дене күтімін қадағалап, таза ұстау
С) Аптасына бір-екі рет басыңды жуу
5.Сымбатты, дені сау адам болу үшін, не істеу керек?
А) Көп қозғалу керек
Б) Дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу керек
С) Таза ауада серуендеу керек
6. Адам неше жасқа дейін өсуі мүмкін?
А) 25 жасқа дейін
Б) 20 жасқа дейін
С) 18 жасқа дейін

7-тапсырма
Қаңқаның бөліктерін анықтап жаз

12

Туребекова Лазиза Мукушовна

 Сөйлемді толықтырп жаз.
Нәрестенің қаңқасы____ сүйектен.
Сенің қаңқаң _____ сүйектен.
Ересек адамның қаңқасы _____ сүйек құрайды.
Дескриптор: Білім алушы
- Қаңқаның негізгі бөліктерінің атауын жазады;
- қаңқаның қанша сүйектен тұратынын анықтайды.

8-тапсырма
Суретке қара. Сөйлемді толықтыр.
 Бұлшық еттер ________ және _______ арқылы сүйектерді қозғалтады.

 Сенің денеңде қанша бұлшық ет бар?
А) 350-ге жуық
 Б) 205-ке жуық
 С) 600-ге жуық
Дескриптор: Білім алушы
- бұлшық еттің қызыметін анықтап жазады;
- бұлшық еттің санын анықтайды.

13

Туребекова Лазиза Мукушовна

9 – тапсырма
2-сынып оқушысының сөмкесінің салмағы оқулық және оқу құралдарымен
бірге қанша килограмнан аспауы керек?

А) 2 килограмнан аспауы керек
Б) 3 килограмнанаспауы керек
С) 4 килограмнан аспауы керек
 Дене сымбаты дұрыс қалыптасуы үшін оқушы қалай отыру керек
екенін жаз.
1._______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
Жауабы:партада тік, басын көтеріңкі ұстау керек.

Дескриптор: Білім алушы
- жас ерекшелігіне сай тиіс салмағын анықтайды;
- денсаулыққа тиер зиянын жазады.

10 -тапсырм
Суретті қара.Тістердің атауын жаз.

-Не себепті тісті үнемі тазалау керек?
___________________________________________________________
14

Туребекова Лазиза Мукушовна

«Заттар және олардың қасиеттері»
Тест
1. Ауаның қасиеттерін ата?
А) дәмсіз, иіссіз, пішінсіз, түссіз, сығылады
Б) иіссіз, дәмді, пішінді
С) иіссіз, жылы, суық
2. Ауа деген не?
А) табиғи газдар қоспасы
Б) азот, темір, оттегі
С) көмірқышқыл газ, оттегі
3. Ауа жылуды қалай өткізеді?
А) жақсы өткізеді
Б) нашар өткізеді
С) өткізбейді
4. Атмосфера дегеніміз не?
А)жердің ауа қабаты
Б) жердің төменгі қабаты
С) жердің үстіңгі қабаты
5. Тірі табиғатқа ауа не үшін қажет?
А) тыныс алу үшін
Б) ауырмау үшін
С)сымбатты болу үшін
6. Бір ағаш бір тәулікте қанша тұрғынға қажетті оттегін бөліп
шығарады?
А) 7 тұрғынның
Б) 5 тұрғынның
С) 2 тұрғынның

15

Туребекова Лазиза Мукушовна

7-тапсырма
Суретке қара. Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның пайдасын жаз.

____________________________________________________________
Дескриптор: Білім алушы
- ауаның пайдасын анықтайды;
- ауаның ғаламшарға пайдасын жазады.

8-тапсырма
Суретке қара. Ауаның ластану себептерін анықтап жаз.

1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- қоршаған ауаны ластануын анықтайды;
- ауаның ластану себептерін түсінеді.

16

Туребекова Лазиза Мукушовна

9-тапсырма
 Суретке қара. Қай жердегі ауа таза белгі қой

 Ауаның тазалығы үшін не істеу керек?. Мысал келтір.
1.____________________________________________
2.____________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- мекені бойынша ауаның күйін анықтайды;
- ауны ластанудан қорғау шараларын біледі.

10- тапсырма
Диаграммаға қара. Ауаның құрамында қандай газдар көп, анықтап жаз.

____________________________________________
Дескриптор: Білім алушы
17

Туребекова Лазиза Мукушовна

- ауаның құрамын анықтайды;
- ауаның құрамындағы ең көп газды ажыратады;
«Су»
Тест
1.Судың негізгі қасиеттері қандай?
А) Ащы, тұщы,
Б) Ақ, мөлдір
С) Мөлдір, дәмсіз, иіссіз,түссіз, пішінсіз, аққыш
2.Судың неше күі бар?
А) Ыстық, суық, ащы
Б) сұйық, қатты, бу(газ)
С) Суық, тұщы
4. Сусыз адам қанша уақыт шыдайды?
А) 7 күн
Б) 2-3 күн
С) 1 ай
5. Адам ағзасы қанша пайыз су ?
А) 30%
Б) 70%
C) 90%
6. Жердің қанша пайызын сулар қошап тұр ?
А) жердің 80%-ын сулар қошап тұр
Б) жердің 70%-ын сулар қошап тұр
С) жердің 60%-ын сулар қошап тұр
7. Судың агрегаттық күйіне қарай, ең жылысынан
орналасқан тізбегін көрсет.
А ) мұз,су, бу
Б) мұз, бу, су
С) бу, су, мұз

ең суығына дейін

8-тапсырма
Суретке қара. Судың бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық
күйге көшу процестерін анықтап жаз.
18

Туребекова Лазиза Мукушовна

1.____________________________________________
2.____________________________________________
3.____________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- Cудың күйін анықтайды;
- Судың ауысу процесін жазады.

9-тапсырма
Суретте ортақ нені байқауға болады?

_______________________________________________________
Дескриптор: Білім алушы
- Cудың табиғаттағы байланысын анықтайды;
- Табиғаттағы байланыстарды жазады.

19

Туребекова Лазиза Мукушовна

10-тапсырма
Суретке қара. Теңіз суының тартылып, шөлге айналу себебін
жаз.

Дескриптор: Білім алушы
- Теңіз суының тартылу себебін анықтайды;
- Теңіз суының шөлге айналу себептерін жазады.

Табиғи ресурстар қандай болады?
Тест
1. Ресурс деп нені айтады ?
А) тамақ, су
Б) орман, теңіз, көл
С) адамның өзі пайдаланып,өзі жасайтындардың бәрі
2.Ресурстар нешеге бөлінеді?
А)табиғи және жасанды
Б) адамның қолымен жасаған заттар
С) шет елден әкелген заттар
3.Табиғат ресурстарын қалай қорғауға болады?
А) желден,суықтан қорғау
Б) қорғау
С) Тиімді, үнемді пайдалану
4. Қазақстан қандай табиғи ресурстарға бай?
А) өзен, көлдер
Б) Жануарлар, аңдар
С)қарағайлы орман,егістік алқап,пайдалы қазбалар
5.Жасанды ресурстар дегенді қалай түсінесің?
20

Туребекова Лазиза Мукушовна

А) Қытайдан әкелген заттар
Б) Жел, құйын
С) адам қолымен жасалған заттар
6. Адамдар күнделікті өмірде пайдаланатын заттарды қайдан
алады?
А) завод, фабрикадан
Б) табиғаттан
С) жануалардан, аңдардан

7-тапсырма
Суретке қара. Ресурстар қандай топқа жатады, нөмірін жаз.

1. Табиғи ресурстар –
2. Жасанды ресурстар –
Дескриптор: Білім алушы
- табиғи ресурстарды анықтайды;
- жасанды ресурстарды ажыратады.

8-тапсырма
Табиғи және жасанды ресурстардың байланысын сәкестендір.

21

Туребекова Лазиза Мукушовна

Дескриптор: Білім алушы
- табиғи және жасанды ресурстарды ажыратады;
- табиғи ресурс көздерінен алынатын өнімдерді анықтайды.
9- тапсырма
Суретке қара. Табиғи дененеге белгі қой.

 Суреттегі заттар қандай табиғи денеден алынған.
1._______________________________________________________________
2._______________________________________________________________
3._______________________________________________________________
Дескриптор: Білім алушы
- табиғи ресурс көздерінен алынатын өнімдерді жазады.
10- тапсырма
Суретке қара. Ереже құрастыр.

22

Туребекова Лазиза Мукушовна

1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- табиғи ресурстардың маңызын түсінеді;
- табиғи
ресурстарды
қорғау
үшін
атқарылатын
әрекеттерді жазады.

«Жер және ғарыш»
Тест
1. Жердің жалғыз табиғи серігі
А) жұлдыз
Б) марс
С) ай
2. Ай өзінен жарық шығарады ма?
А) шығармайды
Б) шығарады
С) жартылай шығарады
3.Ғаламшарымыз үшін Күн қаншалықты маңызды?
А) жерде тіршілік болмас еді
Б) жануарлар болмас еді
С) құстар болмас еді
4.Күнді неше ғаламшар айналып жүреді?
А) 6
Б) 7
С) 8
23

Туребекова Лазиза Мукушовна

5.Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар?
А) Меркурий
Б)Марс
С)Шолпан
6.Тіршілік белгілері бар қандай ғаламшар?
А) Шолпан
Б) Ай
С)Жер
7-тапсырма
Ай пішіндерінің өзгеруін ретін нөмірлеп көрсет.(1,2,3)

Дескриптор: Білім алушы
- Ай пішіндерінің өзгеруін ретімен орналастырады.

8-тапсырма
Суретке қара. Аспан денелерінің атауын және қозғалысын түсіндіріп жаз.

1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
24

Туребекова Лазиза Мукушовна

Дескриптор: Білім алушы
- Аспан денелерін атайды;
- Аспан денелерінің қозғалысын біледі.

9-тапсырма
Суретке қара. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

 Айдың бетіндегі шұңқырлар
деп аталады.
 Олар
құлауынан пайда болады.

Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша 1- сөйлемді толықтырады;
- сурет бойынша 2- сөйлемді толықтырады;

10-тапсырма
Суретке қара. Күн жүйесінің ғаламшарларының атауларын бос орынға жаз.

25

Туребекова Лазиза Мукушовна

 Сөйлемді толықтыр.
Әр ғаламшар өзінің жолы, яғни ............... бойынша қозғалады.

Дескриптор: Білім алушы
- Күн жүйесінің ғаламшарларының атауын жазады;
- сурет бойынша сөйлемді толықтырады;

«Табиғат физикасы»
Заттар неліктен қозғалады?
Тест
1. Заттың қозғалуына не әсер етеді?
А)заттар қозғалмайды
Б) заттар күштің әсерінен қозғалады
С) заттар доңғалақтың әсерінен қозғалады
2.Күштің түрлерін ата
А) желдің, судың күші
Б) найзағайдың, желдің күші
С) ауырлық, үйкеліс, серпіліс күші
26

Туребекова Лазиза Мукушовна

3. Затты итергенде адам оған күш жұмсайды ма?
А) жұмсайды
Б)жұмсамайды
С)өзі қозғалады
4.Күш көп болу үшін не істеу керек?
А)Жақсы тамақтану керек
Б)Күш көп жұмсамау керек
С)Бірнеше күшті біріктіру керек
5.Өзінен 5 есе ауыр жүкті көтере алатын жануар?
А) піл
Б) шегіртке
С) құмырсқа
6.Қандай табиғи құбылыс заттарды қозғалысқа келтіреді?
А) жаңбыр, күн
Б) жел, боран, дауыл
С) шық, тү, жануарлар
7-тапсырма
Суретке қара. Күштің әсерінен қозғалатын заттарды белгіле.

 Cөйлемдерді толықтыр.

Дескриптор: Білім алушы
- күштің әсерінен қозғалатын заттарды анықтайды;
- сөйлемді толықтырып жазады.

27

Туребекова Лазиза Мукушовна

8-тапсырма
Суретке қарап, күштің қандай болатынын анықтап жаз.

Дескриптор: Білім алушы
-бірінші күшті анықтайды;
-екінші күшті анықтайды;
- үшінші күшті анықтайды.

9-тапсырма
Батпырауықтың ұшуына не әcер етеді?

_____________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- күштің түрін анықтайды;
- затты қозғалысқа әкелген күшті жазады.

10- тапсырма
Суретте күш қай жаққа бағытталған?
28

Туребекова Лазиза Мукушовна

________________________________________________

Дескриптор: Білім алушы
- күштің бағытын анықтайды.

«Қайсысы жылдам?»
Тест
1. Жылдамдықты сипаттайтын сөз?
А) жеңіл, баяу
Б)жылдам, ауыр
С) жылдам, баяу
2.Жылдамдықты қандай құралмен өлшейді?
А) термометр
Б)спидометр
С) желбағдар
3.Жылдамдық деген не?
А)заттың қозғалысы
Б) заттың жүрген жолы
С)зат қозғалысының шапшаңдығы

4.Жер бетіндегі ең жылдам жүгіретін жануар ?
А) Қоян
Б) Қасқыр
С) Қабылан
5.Жер бетінде ең баяу қозғалатын жануар?
А) Ұлу
29

Туребекова Лазиза Мукушовна

Б)Жылан
С) Тасбақа
6.Жер бетінде ең жылдам жүгіретін құс?
А) Түйеқұс
Б) Күрке тауық
С) Пингвин

7-тапсырма
Суретте жануарлардың 1 сағатта жүріп өтетін жолы берілген. Берілген
жылдамдықтарын диаграммада көрсет.

Дескриптор: Білім алушы
- жануарлардың жылдамдығын салыстырады;
- жылдамдықтарын диаграммада белгілейді.

8-тапсырма
Суретке қара. Жәндіктердің атауын жазып, ең жүрігін анықта.
30

Туребекова Лазиза Мукушовна

Ең жүйрік жәндік ______________________

Дескриптор: Білім алушы
- жәндіктерді ажыратады;
- жылдамдығын анықтайды.

9-тапсырма
Суретке қара. Жылдамдығы бойынша ретімен нөмірлеп көрсет.

Дескриптор: Білім алушы
- көліктердің жылдамдығын анықтайды.

10-тапсырма
Суретке қара. Құстарды атауын жаз.
31

Туребекова Лазиза Мукушовна

Ең жылдам құс___________________
Ең баяу құс ___________________

Дескриптор: Білім алушы
- құстарды атайды;
- жылдамдықтарын салыстырады.

32

Туребекова Лазиза Мукушовна

МАЗМҰНЫ

Түсінік хат -------------------------------------------------------------------------------------2
1.Өсімдіктер.-----------------------------------------------------------------------------------3
2.Жануарлар -----------------------------------------------------------------------------------6
3.Адам -----------------------------------------------------------------------------------------11
4.«Заттар және олардың қасиеті» Ауа --------------------------------------------------14
5.Су ---------------------------------------------------------------------------------------------17
6.Табиғат ресурстары қандай болады?-------------------------------------------==----19
7.Жер және ғарыш ---------------------------------------------------------------------------21
8.Заттар неліктен қозғалады? -------------------------------------------------------------25
9.Қайсысы жылдам? -------------------------------------------------------28
10.Пайдаланылған әдебиеттер ------------------------------------------------------------33

33

Туребекова Лазиза Мукушовна

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Л.Хаджиева «Дүниетану оқыту әдістемесі» «Алматыкітап» 2010 ж.
2. Жүнісқызы К., Бірмағамбетов Ә., Аймағамбетов Қ. «Дүниетану» оқулығы.
«Атамұра» 2003 ж.
4.Жұмабекова Р.М., Нұрмұхаметова Ж.Ғ., Саймасаева Г.А., Алмабаев Ә.О.
«Бастауыш мектепке арналған тестілер жинағы» Астана 2009ж.
5.Ж.Т.Сүйіндікова, В.Н.Зворыгина,Н.А.Болтушенко, Т.В.Помогайка,О.А.Лауто,
Т.Л.Яндулова.-/Жаратылыстану 2-сынып, оқулық/Алматы:Алматыкітап
баспасы,2022.

34
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!