Білім
беру саласы: Таным
Пән:
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып: Алғашқы
сыңғырлаған тамшылар.
Тақырыбы:
:«Мен
табиғатты бақылай аламын ба?»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Табиғат
байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
2.Дамытушылық:
Жанды
және жансыз табиғатқа не жататынын
түсіндіру арқылы
есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту:
Бақылау» ұғымын түсіндіру. Жанды табиғат,
оның тіршілік ортасы және
жансыз
табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері
туралы білімдерін жетілдіру.
Педагогикалық
технологиялар: әңгімелеу,
суретпен жұсмыс.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: тақырыпқа
байланысты суреттер,
Сөздік
жұмыс:
табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су,тұман,
құм, жаңбыр, жел.
Билингвалды
компонент: Жанды
табиғат –живая природа- wildlife
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі (2 мин)
Балалардан
адамдардың табиғатты бақылауы не үшін
қажет екендігі туралы ойланып жауап
берулерін өтіну.
Сұрақ
-жауап: Жанды және жансыз табиғатқа не
жатады?
Жануарлар
неге жабайы және үй жануарлары болып
бөлінеді?
Күн
неге жарқырайды?
Кемпірқосақ
қай мезгілде пайда болады?
Өсімдіктің
тіршілігі үшін не қажет?
ІІ.
Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Біздер
балалар қызықты да, қыр сыры мол ғажайып
әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға
қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап
жатқанын білеміз. Олар: неше түрлі әдемі
ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ,
жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы
заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз
өздері пайда болған. Оларға жер мен су,
ағаштар мен жануарлар,күн мен аспан
жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп
атаймыз. Табиғаттың бір бөлігіне азық
та, су да , киім де қажет емес. Олар тау
тас, ауа, ғаламшар, жансыз табиғат. Ал
бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп
көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат
қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам,
өсімдік, жануар жатады.
2.Сергіту
сәті:
Көлдің
беті кілегей,
Жер
сап сары бірегей.
Тырау
тырау тырналар
Түстікке
бетті бұрды олар.
Қара
суық жел есті,
Күннің
көзі көмескі.
3.
Тапсырма
№1.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Тапсырма
№2. Торғайдың тіршілігі үшін не қажет?
Белгіле.Торғайды неліктен жанды табиғат
бөлігі дейді
ІІІ.
Қорытынды (2 мин)
-Жансыз
табиғатқа нелер жатады?
-Жанды
табиғатқа нелер жатады?
-Олардың
айырмашылығы неде?