400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстану пәнінен конспект. Тақырыбы: "Орманда жануарлар қалай мекендейді".

Материал туралы қысқаша түсінік
ортағы топқа арналған жаратылыстану пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып:Мен және қоршаған орта

Тақырыбы: «Орманда жануарлар қалай мекендейді?»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды жануарларға деген жанашырлыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Қыс мезгіліндегі жабайы жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін дамыту.

3.Оқыту: Сұрапыл жағдайларға жануарлардың бейімделуі туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, суретпен жұсмыс.

Ресурстармен қамтамасыз ету: жануарлардың суреттері және ойыншықтары.

Билингвалдық компонент:жабайы жануарлар-дикие животные, орман-лес;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Жұмбақ жасыру:

Қыс бойына жатады,

Тəтті ұйқыға батады.(Аю)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бұтақтарға секiрiп,

Əр жерден қылт етедi.

Кейде жаңғақ кемiрiп,

Жоғары өрлеп кетедi. (Тиiн)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар.

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Күзден кейін қай жыл мезгілі келеді? Қалай ойлайсыңдар, жан-жануарлар қысқа дайындала ма?Олар қалай дайындалады? Неістейді? Тиін қыста не жейді? Тиін қайда тұрады? Ол өзі жинаған азығын қайда сақтайды? Тиін тонын ауыстыра ма? Ол не үшін

тонын ауыстырады? Ормандағы қай жануар тиін секілді тонынауыстырады? Қоян тонын не үшін ауыстырады? Қоянның түсі қыста қандай болады? Қоян неден қорқады? Неден жасырынады? Қоянның жылдам жүгіруіне не көмектеседі? Қоян қыста немен қоректенеді? Қоянның іні бар ма? Қоянның басты жауы қай аң? Түлкі қыста тоңа ма? Неліктен? Түлкі қайда тұрады? Түлкі қыста немен қоректенеді? Кірпі не үшін дөңгеленіп, жинала қалады? Ал

кірпі қыста не істейді? Ол қыста қайда ұйықтайды? Орман тұрғындарының ішінде тағы қай

жануар қыста ұйқыға кетеді? Аю қыста қайда ұйықтайды? Аю күз бен қыста немен қоректенеді? Ал қасқыр қысқа қалай дайындалады? Қасқырға жылы жəне қалың жүн не үшін керек? Қасқыр қыста қайда ұйықтайды?

Өзекті сұрақ: Жабайы аңдар қысқа дайындалмаса, не болар еді?

2.Сергіту сәті:

Үш аю

Ағашы көп орманда(Ағаш бұтақтары секілді қолдарын екі жаққа жазып, теңселеді),

Үш аю бірге келеді. (Аю сияқты қорбаңдап қозғалады).

Бір аю үлкен, дəу екен,(Қолдарымен көрсетеді),

Əке аю себебі.

Екінші аю – шешесі,

Жаңғақтарды тереді,

Баласына береді. (Көрсетеді).

Үшіншісі – қожығы,

Ол кішкентай болады, (Жүресінен отырады).

Шылдырмақпен ойнайды,

Шылдыр-шылдыр соғады (орындарынан тұрып, шылдырмақ соққандай қимыл жасайды).

3. Тәжірибие:Неліктен қоянның түсі қыста ақ болады?

Қоян сұлбасын ақ жəне жасыл қағаз фонында қарастырады. Қасқыр мен түлкі ақ қоянды ақ қарда көрмей қалады деген пікірлерін білдіреді. Егер оның тоны сұр болса, бірден көзге түсер еді, ал ақ тоны оны қорғайды.

Зерттеу əрекетіне ынталандыру: Қандай тон жылы? Суық ауа райында балалар серуенге екі жұп қолғап алады. Сыртта жүргенде алдымен күзгі маусымға арналған жұқа қолғапты, содан соң қысқы мерзімге арналған жылы қолғапты киеді. Олардың қайсысы жылы? Жануарларға да қыс мезгілінде жылы тон қажет екені түсіндіріледі. Бірақ оларда қолғап, бас киім, пальто жоқ. Сонда олар қысқы тонды қайдан алады? Күзде аңдар түлеп, тондарын ауыстырады, қыста олардың тоны қалың əрі жылы болады екен.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Жылдың қай мезгілі туралы айттық?

Қыста тоңдау үшін аңдар қалай дайындалады?

Аңдардың қайсысы қыс маусымында ұйқыға кетеді?

Қыс мезгіліне қай аң азық жинайды?

Бəрінен де қай нəрсе естеріңде қалды?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі