400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Жаратылыстану пәнінен конспект. Тақырыбы: "Өсімдіктер өсіп өнуі үшін не қажет?"

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топқа арналған жаратылыстану пәнінен конспект.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Өсімдіктер өсіп өнуі үшін не қажет

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: балаларға өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп – өнуі тәсілдері

туралы түсінік беру.

3.Оқыту: Байқағыштыққа, өз ойларын анық, сауатты түрде жеткізе білуге үйрету,

ойлау қабілеттерін арттыру.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, суретпен жұсмыс.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа байланысты суреттер,

Сөздік жұмыс: өсімдік, ағаш, тамыр.

Билингвалды компонент:  өсімдік - растение, бөлік - часть, көбею - размножение.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

- Балалар табиғат дегеніміз не?
- дұрыс, табиғаттың бір бөлігі - ол өсімдіктер. Өсімдіктер бізге жақсы көңіл күй, таза ауа береді, азық ретінде қолданамыз және емдік қасиеті де бар.
Жұмбақ жасыру.
Неткен көркем жасыл достар
Жомарт, адал, асыл достар
Ауамызды тазартады
Бөлмемізді жаңартады.

Қарапайым өсімдік,
Бақшамызда өсірдік
Сырқаттансақ шамалы
Бізді емдеп жазады.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

1. Балалар сендер өсімдіктердің нешеге бөленетіндерін білесіңдер ме?
2. Жапырағы күзде сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштарды атаңдаршы?
3. Мәңгі жасыл болып тұратын жапырағы ине тәрізді ағаштар ше?
4. Өсімдіктердің екінші тобына жататын қандай бұталарды білесіңдер?
5. Өсімдіктердің үшінші тобына жататын шөптерді атаңдаршы?
6. Өсімдіктер тірі табиғатқа жата ма?
- Өсімдіктер жақсы өсіп, құлпырып, біздерге өздерінің алуан түрлі әсемдігін сыйлау үшін қандай жағдай керек?
- Дұрыс, күтімі дұрыс болса өсімдіктер жақсы өседі, өнеді, көбейеді.
-«Өсімдік өсу үшін топырақ жылы әрі ылғалды кезде, тұқым ісініп, жарылады, тамыр жаяды, топырақтың бетінде өскін пайда болады. Нәзік, жасыл өскін жарыққа ұмтылады. Бірінен кейін бірі екі жапырақшасы пайда болады. Жас жапырақтар өсімдікке қоректенуге көмектеседі. Гүлдері пайда болады. Оның орнын кейін ішінде тұқымы бар жеміс басады.

2.Сергіту сәті:

Айналсын деп гүлдерге
Тұқым септік бұл жерге
Жерге тамыр тастады
Гүлім өне бастады
Жапырағы жайқалып
Үлкен гүлге айналып
Соғып еді самал жел
Ары бері шайқалып

3.Суреттерді салыстыр.

Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?

4.Зерттейік

Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?



ІІІ. Қорытынды (2 мин)

 Өсімдіктер неден пайда болады?
Өсімдіктердің өсу кезеңдерін атаңдаршы? Яғни бөліктерін?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.04.2019
1594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі