Білім
беру саласы: Таным
Пән:
Жаратылыстану
Тақырыбы:
Наурызгүлдер
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Туған
өлке табиғатына деген сүйіспеншілік
сезімін тəрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Көктемнің
алғашқы гүлдері –наурызгүлдер туралы
түсініктерін
дамыту.
3.Оқыту:
көктемдегі маусымдық өзгерістермен
таныстыру.
Педагогикалық
технологиялар: әңгімелеу,
суретпен жұсмыс.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: тақырыпқа
байланысты суреттер,
Сөздік
жұмыс: наурызгүлдер,
бəйшешек, қары еріп, ашылған ойдым жер.
Билингвалды
компонент: наурызгүл
– первоцвет
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі (2 мин)
Қазір
жылдық қай мезгілі?
Сұрақтарға
жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне
мақсатын болжамдап тапқызу.
Көктемнің
тағы белгісі: қыс бойы қар астында жатқан
шөптердің шығуы.
ІІ.
Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Жақында
ғана жер бетінің бəрі аппақ қар еді.
Жылы киініп, балалар сырғанақ теуіп
жүрген. Енді, міне, қар ери бастады. Енді
сырғанай алмаймыз. Күн де жылына бастады.
Бұрынғыдай қалың киіне алмаймыз. Жеңіл
киінеміз. Қар еріп, жылғалардан су ақты.
Қары еріп, ашылған
ойдым
жерлерден өсімдіктер шыға бастады.
Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады.
Көктемде
алғаш шығатын гүлдер туралы не білесіндер?
Бəйшешек,
алғашқы гүлдер (егер балалар жауап
беруге қиналса, онда тәрбиеші көмекке
келеді).
Бəйшешектен
білеміз
Көктем
келіп қалғанын.
Мəз
боламыз, күлеміз,
Көрсек
бүршік жарғанын.
Суреттегі
гүлдерді көрсетіп, олардың қалай
аталатынын айту. Гүлдердің бөліктерін
көрсету. Түсі мен көлемдерін, түрін
анықтау. Көктемде алғаш шығатын гүлдерді
наурызгүлдер
деп
атайды.
Наурызгүлдер
əртүрлі болады жəне олардың жеке аттары
бар. Мысалы: бəйшешек, айылқияқ,
қызғалдақ.
Əр гүлдің өзінің түсі, түрі жəне иісі
болады. Олардың бəрі əдемі жəне ерекше.
Қыс
кезінде
тамыры топырақ астында жатады, көктемде
– күн жылынғанда қар астынан қылтиып
шығады.
Наурызгүлдер
туралы ақпараттармен
танысады:
Бəйшешек.
Оның күлгін, көк гүлдері қар
бетінде
шашылған жұлдызға ұқсайды.
Бəйшешектер
өте нəзік жəне хош иісті.
Қыс мезгілі бəйшешектерден «қорқып»,
«қашып кеткен» тəрізді. .
Кейінірек
айдаршөп (хохлатка) гүлдері шығады. Олар
жердің бетін алып кетеді.
Күлгін
түсті айдаршөптердің арасынан кейде
ашық қызыл түстілерін де байқауға
болады.
2.Сергіту
сәті:
Көктем,
көктем! Келі көктем!
Қолдарын
шапалақтайды.
Құстар
қанаттарымен жылу алып келді.
Құстар
сияқты «ұшады».
Күн
жарқырап шықты.
Жүреді.
Айнала
жап-жасыл болды.
Екі
қолдарын екі жаққа созады, отырады.
Бəйшешек
қылтиып шықты.
Екі
қолдарын жоғары созып тұрады.
Хош
иісін жан-жаққа төкті.
Қолдарын
мұрындарына əкеледі, сонан
соң
жан-жаққа созады.
Басқа
гүлдер қылтиып шықты.
Секіреді.
Көктемнің
алғашқы белгілері.
Оңға,
солға иіледі.
Суықтан
қорықпайтын «батыр» гүлдер.
Алғашқы
гүлдер – наурызгүлдер.
3.
Қимыл-қозғалыс
ойыны:«Өз
түсіңді тап»
Еденде
негізгі төрт түсті құрсаулар жатады.
Ал үстел үстінде қағаздан қиылған
гүлдер аударылып қойылады. Балалар кез
келген гүлдің біреуін алып, оның түсін
атайды. Мысалы, қызыл. Музыка əуенімен
топ ішінде жүреді, музыка тоқтаған кезде
өзінің қолындағы
гүлдің
түсіндей құрсау ішіне кіріп тұрады.
Педагогтің
ақпараты:
Наурызгүлдер
қорғауға алынған. Олардың тізімі Қызыл
кітапқа енгізілген. Өйткені адамдар
оларды
жұлып, аяқтарымен таптап, санын сиретіп
жатыр. Қызыл кітапта осы гүлдер туралы
былай
жазылған: «Жұлма, аяғыңмен таптама!»
Бұл сөздерді былай түсінуге болады:
«Гүлдерді
қорғап,
олардың өсуіне мүмкіндік бер. Сонда
сенің өлкеңнің табиғаты тамаша, ауасы
таза
болады».
ІІІ.
Қорытынды (2 мин)
Балалардың
бəрін мадақтап, келесі жолы бұдан жақсы
қатысуларын сұрау.