Пән:
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып: Ғажайып
әлем
Тақырыбы:
Судың
қасииеттері
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Табиғатқа
деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын
арттыра отырып, табиғаттың әдемі
сұлулығын көре білуге және оған қамқор
болуға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Су
қасиеттері туралы білімдерін дамыту.
3.Оқыту:
Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау
арқылы судың қасиеттерімен таныстыру.
Педагогикалық
технологиялар: ойын
технологиясы,
әңгімелеу;бақылау,тәжірибие.
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
тақырып бойынша суреттер,су,глобус.
Сөзді
жұмыс: глобус,
тәжірбие
Көптілділік: су
– вода – water;
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі (2 мин)
Жұмбақ
жасыру.
Кессем
кесілмейді,
Бөлсем
бөлінбейді. Ол не?
Балалар
бүгін біз оқу қызметімізде судың
қасиеттерімен танысамыз.
ІІ.
Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Балалар,
мынау глобус. Ғарыштан біздің жер шарымыз
осылай көрінеді.
-
Глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Иә,
бұл су. Жер шарының ¾ бөлігін су алып
жатыр. Су жер шарының тіршілік көзі
болып саналады. Су кімге және не үшін
қажет?
Бір
стақан су алып қарап шығу. Су
туралы не айта аласыңдар. Су қандай? Су-
бұл сұйықтық.
Тәжірбие
1. Судың дәмі қандай?
Үстел
үстінде тұрған стақандағы судың дәмін
тату. Яғни судың дәмі жоқ.
Тәжірбие
2. Судың пішіні қандай?
Үстел
үстінде кубик пен шар жатыр. Мына
заттардың пішін қандай? (балалар жауабы).
Судың пішіні бар ма? Жіңішке құтыны алып
су толтырамыз. Ол суды жалпақ ыдысқа
құямыз. Суды қандай ыдысқа құйсақ су
сол ыдыстың пішінін алады.
Қортынды:
Суды қандай ыдысқа құйсақ су сол ыдыстың
пішінін алады. Су – сұйықтық. Судың
пішіні жоқ.
Тәжірбие
3. Судың түсі қандай?
-
Екі стақан алайық бірінде су екіншісінде
сүт. Қайсы ыдыста қасық сендерге көрініп
тұр. Нені байқадыңдар?
Қортынды: су
құйылған стақан ішіндегі қасықты көруге
болады, ал сүт құйылған стақан ішіндегі
қасықты көре алмаймыз. Яғни су мөлдір
сұйықтық.
Тәжірбие
4. Су – еріткіш.
Судың
дәмі бар ма? Бір балаға тұзы екінші
балаға қантты суға салып езіп көруді
сұраймын. Енді судың дәмін көріңдер. Не
өзгерді? Судың дәмі бар ма? Бір балаға
тұзы екінші балаға қантты суға салып
езіп көруді сұраймын. Енді судың дәмін
көріңдер. Не өзгерді?
Қортынды: Судың
өз дәмі жоқ. Суға салған нәрселерімізге
не болды? (балалар жауабы).
2.Сергіту
сәті:
Мөлдір
су, мөлдір су,
Мөлдір
суға бетінді жу.
Егер
жусен әрдайым,
Таза
бетін,маңдайын.
Ғажайып
сәт: «Мұз ханшайымының сыйлығы»
Тәжірбие
5. Су – мұз.
Ғажайып
сәт «Қар ханшайымы» сыйлығы (есікті
қағып мұзды ұсынады)
Балалар
мынау не нәрсе? Иә, бұл мұз. Мұз қайдан
пайда болады? Мұз қандай?
Қортынды: Су
табиғатты қатты күйінде де кездеседі.
Тәжірбие
6. Су –бу.
Мынау
не? (балалар жауабы) Шәугіммен не істейміз?
Суды қатты қайната беретін болсақ не
болады? Дұрыс айтасыңдар су буға айналады.
Егерде ыстық судың бетін жабатын болсақ
қақпақтың бетінде тамшылар пайда болады.
Балалар,
суретке қараңдаршы, суды жердің бетін
қатты қыздырғанда ондағы су буға айналып
көтеріледі. Жоғарыда ол суып бұлтқа
айналады да жел арқылы ауада қозғалады.
Одан кейін ол жерге жазда-жауын ретінде
ал қыста-қар ретінде түседі.
Балаларға
мына шартты белгіге қарап судың қасиетін
атап шығайық.
ІІІ.
Қорытынды (2 мин)
Балалар
бүгін бізнеге тәжірбие жасадық?Балаларды
мадақтап, сабақты аяқтаймын.
Сұрақтарға
жауап береді, дәлелдейді.