Білім
беру саласы: Таным
Пән:
Жаратылыстану
Өтпелі
тақырып: Қыстың
керемет шағы.
Тақырыбы:
Түрлі
түсті мұздар.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Табиғатты қорғап аялай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Тәжірбие жасау арқылы түрлі- түсті мұзға
қалай
айналатындығын
көрсету.
3.Оқыту:
Судың сұйық және қатты болатынын
түсіндіру. Жансыз табиғат
туралы
ұғымдарын қалыптастыру.
Педагогикалық
технологиялар: әңгімелеу,
түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын,тәжірбие;
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
Мұз туралы суреттер, «әр түрлі түске
боялған мұз бөліктері, тәжірибе жасауға:
мұз, су
;
Билингвалдық
компонент: су-вода,
мұз-лед.
Сөздік
жұмыс: Мұз
сүңгілері, түссіз, мөлдір
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі (2 мин)
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс
мезгілінің ерекшелігін кім айтады?
-Балалар,
ал сендер білесіңдер ме, мұз неден пайда
болады?
Балалар
мұз демек судан пайда болады.
-Мұздың
түсі қандай? (Түссіз)
-Мұз
қай жерлереде кездеседі? (өзедерде,
көлдерде)
Мұзды
жаз мезгілінде қайдан көруге болады?
(тоңазытқыштан)
ІІ.
Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Осы
кезде есік қағылып Қар ханшайымы
келеді.
Қар
ханшайымы:- Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Балалар
мен сендерге сонау Мұз патшалығынан
келдім. Мұз патшалығында тек мұздан
ғана жасалған үйлерде тұрамыз. Мен
сендерге жай келмей өз елімнен мұз
бөліктерін ала келдім
Балалар
менің елімде тек қыс мезгілі ғана
болады.Мен сендерге қыс мезгілінің
белгілері жайлы жұмбақ жасырамын,шешуін
тауып көріңдерші.
1.Қолы
жоқ сурет салады
Тісі
жоқ тістеп алады?
(аяз)
2.Қыста
ғана болады, ұстасаң қолың тоңады?
(қар)
3.Өзі
судан жаралаған, бірақ судан
қорқады.(Мұз)
-Өте
жақсы дұрыс таптыңдар.
-Балалар
сендер мұз жайлы көп нәрсе білесіңдер
ме?
-Қар
ханшайымы сіз біздің бүгінгі оқу
іс-әрекетімізге дәл келіпсіз. Біз мұнда
мұз жайлы көп білім алып зерттеу жұмысын
жасағалы тұрмыз
Бірақ
зерттеу орталығына бармас бұрын денемізді
шынықтырып, бойымызды сергітіп алсақ
қайтеді
2.Сергіту
жаттығуы.
Тоңса
біздің қолымыз,
Қолғап
киіп аламыз.
Сарт
– сарт – сарт,
Шапалақ
соғамыз.
Тоңса
біздің аяғымыз,
Етік
киіп аламыз.
Топ
– топ – топ,
Топылдатып
билейміз.
Тоңса
біздің денеміз,
Тоңды
киіп аламыз.
Зу
– зу – зу,
Шанаменен
зулаймыз.
3.Зерттеу
жұмысы:
-Балалар
қане бәріміз бірге зерттеу орталығына
барайық. Біз қазір мұзға бірнеше зертеу
жұмыстарын жасаймыз
(Балалар
Қар ханшайымымен бірге зерттеу орталығына
барады)
-Қар
хашайымының мұз бөліктеріне назар
аударайықшы.
Мұнда
үш түрлі мұздар тұр.
-Түстерін
кім маған атап береді? (қызыл,сары,
көк)
Мұздардың
пішіні бірдей ме?(жоқ, әр түрлі)
-Демек,
мұздар әр түрлі пішінде болады екен,және
суға айналған күйінде әр түрлі түске
бояп қатыруға да болады екен.
1-дәлел
-Алдымызда
тұрған мұзды ұстап көрейік
Мұздың
түсі қандай? (Түссіз)
Мұзды
ұстағанда алақанымызда не пайда болды?
(су пайда болды)
Қорытынды
шығарайық, демек мұз жылы жерде суға
айналады
2-дәлел
Енді
балалар мұзға қарайықшы: қарандашпен
үстінен басып көріңдер,мұз сынып
қалды
Демек
,мұз сынғыш
3-дәлел
Алдарындағы
суға мұзды салыңдар?
-Мұз
батпай бетінде қалықтап жүзіп жүр.
Сондықтан мұз судан жеңіл.
Қорытынды
: мұз судан пайда болған. Мұз қатты
түрдегі су. Ауа райы салқын болғанда су
мұз болып қатып қалады. Ал ең кішкентай
мұздар жоғарыда аспанда бізге қар болып
жауады.
Қар
ханшайым: Балалар мен сендерге ризамын.
4.Дидактикалық
ойын.«Жақсы жаман» (Венн диаграмасы
арқылы)
Ойын
шарты: Мұздың пайдасы мен зиянын айтып
суреттерін тақтаға ілу
Ал
мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге
пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ
жасайды,су астындағы мекендеушілерге
аяз қорқынышты емес екен)
Неге
зиянды? (жеуге болмайды,құласаң
ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде
мұздың бетінен жүруге болмайды)
ІІІ.
Қорытынды (2 мин)
Қар
ханшайымы: балалар менің енді кететін
уақыт болды. Сендер өте білімді, тапқыр
екенсіңдер. Балалармен қоштасады.
Балалар
біз бүгін не жайлы айттық?
Мұз
қандай? (Мұз-мөлдір,түссіз.Ол судан
жаратылған)
Сабаққа
жақсы қатысқан балаларды мадақтау