Материалдар / Жаратылыстану ҚМЖ 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану ҚМЖ 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 1 сыныпқа арналған. Жаратылыстану пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға сай жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
4962
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тірі табиғат»

Күні:

Сынып: 1 сынып

Мектеп: №68 жалпы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбекқызы Меруерт

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Адам қалай есейеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: адамның жас ерекшеліктерін біледі;

Көптеген оқушылар: жас ерекшеліктеріне байланысты жастың рет-ретімен орналасуын сипаттай алады;

Кейбір оқушылар: қарттық кезеңіне мақал-мәтел айта алады;

Бағалау критерийлері


* Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және

сипаттайды.

* Адам өмірінің жас кезеңдерінің ретін анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Сәби, жасөспірімділік кезең, кемелдену кезеңі, балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік ел №5- Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану, математика, биология

АКТ қолдану дағдылары


Акт қолдану барысында білім алушылар жылжыту, сын тұрғысынан ойлау, жазу, қосу, өшіру дағдысы қалыптасады.

Бастапқы білім

Өзінің жас ерекшеліктерін біледі, оларды салыстыра алады.

Сабақ барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин








Психологиялық ахуал туғызып, «Мозайка» әдісі өткізіледі.

Мақсаты: Осы сөздерге назар аударта отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. Нәтижесі: Өзінің қалай өсіп, дамығаның туралы білетін болады. Адам өмірінің кезеңдерімен танысады.

Топқа бөлу: 1 топ: «Балалық шақ», 2 топ: «Жастық шақ», 3 топ: «Қарттық шақ»


(Ұжымдық жұмыс) Оқу мақсатын ашу, ақпарат жинақтау және өз идеяларын одан әрі жалғастыру мақсатында «Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықталады. Бұл әдісті орындауда оқушының бойында айтылым, тыңдалым, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.


(ҚБ) Басбармақ


қима қағаздар


Сабақтың ортасы

25 мин








Белсенді оқу тәсілі бойынша «Миға шабуыл» әдісі жүргізіледі. Ұжымдық жұмыс.

Мақсаты: оқушыларға бейне ролик көрсетіліп, түсінгені бойынша тапсырманы орындату.

Нәтижесі: Блум токсономиясының білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау дағдысы жүреді.

Тапсырма: адам өмірінің кезеңдерін айтып, сатылап орналастырады, отбасыларының жас ерекшеліктеріне қарай аттарын жазады.

Отбасы: Отбасында қанша адам бар? Олардың жастары нешеде кестеге олардың аттарын жаз.

Сәбилік кезең

Балалық шақ

Жастық шақ

Кемелдену кезеңі

Қарттық шақ














Саралау оқыту әдісі: «Конверт» әдісі бойынша жүргізіледі.

Мақсаты: конверттен шыққан тапсырмалар үш деңгейдегі білім алушыларға беріледі.

Нәтижесі: сын тұрғысынан ойлау, жазылым, айтылым дағдылары қалыптасады.


А-деңгейіне топтық жұмыс:

Берілген суреттерді адам өмірінің жас кезеңдерімен сәйкестендіріп сызады. Адам өмірінің жас кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелейді.


Дескриптор: Білім алушы

- адам өмірінің жас кезеңдерін (сәби, азамат, қарт) атайды;

- суреттерді сәйкес сөздермен сәйкестендіреді;

- адам өмірінің негізгі кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелейді.

В-деңгейіне жеке жұмыс:

Адам өмірінің кезеңдерін өсу ретімен белгілеп (цифрмен) көрсетіңіз.

Кішкентай кезіңізден есіңізде қалған оқиғаны баяндап беріңіз.

- Мен кішкентай кезімде .....


Дескриптор: Білім алушы

- адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;

- өзінің сәбилік кезіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.

С-деңгейіне жұптық жұмыс.

  1. Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға сәйкес келетін заттарды біріктір. Суретті боя. Суреттердің көмегімен өсіп, дамыған кезеңдеріңде саған не қажет болғанын есіңе түсір. Тағы қандай заттарды қосуға болады?

Дескриптор: Білім алушы

-сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға керек заттарды атап, біріктіреді және бояйды;

-суреттерді басқа заттармен сәйкестендіреді;

  1. Суретке мұқият қара. Кімді көріп тұрсың? Жаз және боя. Пішіндерді әртүрлі қарандашпен айландырып сыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • Адамның сұлбасына қарай кім екенін танып айта алады;

  • Адамның қолмен істей аатын әрекетті белгілей алады;


Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірім кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.


Белсенді оқыту әдісі:

Саймон Браунхиллдің «Галереяны шарлау» әдісі арқылы зерттеу жасау. Топтық жұмыс.

Мақсаты: Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.

Нәтижесі: Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.

Зерттейік: Оқушылар жұмысты тобымен ақылдасып орындайды. Зерттеу екі кезеңде өтеді.

1-кезең. Ата,әже, ұл бала,қыз баласының суреттері салынған парақшалар таратылады. Осылардың астына олардың қандай әрекеттер орындай алатынын жазып, жабыстырады.

2-кезең оқушыларға қазақтың «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген мақаланы қалай түсінігін сұрау. Жас үлкен адамдарға құрмет көрсету әдісі қандай сұралады.

(ҚБ) «Бағдаршам» арқылы бағалау

Жас ерекшеліктерін байланысты видео ролик


https://youtu.be/xX0y3VoQPNY -сайты













Қима қағаздар













Адамның жасының суреттері









Дәптермен жұмыс



































Сабақтың соңы

5 мин






«Tarsia» әдісі.

Мақсаты: үшбұрыш фигурасын құрастыру. Үшбұрышты фигурада бір бетінде сұрақ бір жағында жауабын тауып кері байланыс беру.

«БББ» әдісі

«Білемін», «Білдім», «Білгім келеді»


Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?


Сылдырмақ ойыншықты әзірлеңіз: Бос фломастердің артқы қақпағын ашып, ішіне шытыра моншақтарды салып, жауып қойыңыз. Фломастерді әдемі мата қиындысымен орап, баумен екі жағынан кәмпит сияқты байлап қойыңыз.

Бағалау – оқушылардың

материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Бағалау парақшасы

Басбармақ бағалау

Мадақтау қошеметтеу

Дескриптор

Кері байланыс

Бағдаршам

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы



Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері кезінде қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!