400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жаратылыстану: тақырыбы "Жанды және жансыз табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек , технологиялық карта толтыру үшін , өте пайдалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің

технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімдері: Экология

Сабақтың тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

2. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілектер айтқызу.

Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

1. Педагогтің әңгімесі:

-Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар –тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз (өлі) табиғат.

Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды (тірі) табиғат қатарына жатады.Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.


Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арсындағы байланыс түсіндіріледі.

Е.Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру.

Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.


Сергіту сәтін өткізу.


Көлдің беті кілегей,

Жер сап-сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар

Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті,

Күннің көзі көмескі.


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту.

Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.


Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттеп атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.






Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.




















Өлең жолдарын пайдаланып, сергіру жаттығуын орындайды.








Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Жансыз табиғатқа нелер жатады?

2. Жанды табиғатқа нелер жатады?

3. Олардың айырмашылығы неде?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.


Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру.

Білуі тиіс: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.


Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің

технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу іс- әркеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Мен тұратын қала (ауыл)».

Мақсаты: Өз мекенжайы мен тұрғылқты аулының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білуе үйрету. Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: өзінің тұратын ауылы, ондағы мәдени орындары туралы бейнетаспа.

Оқу іс- әрекет түрі

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар топқа марш екіпдегі әнмен жүріп кіреді.

 

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап,

Жүрейінші жараса

Сәлем саған  жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман –есен болайық

Бейбітшілікті қалайық.

 

 

Балалар қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

- Балалар, бүгін мен сендерге туып өскен  жеріміз, ауылымыз жайлы айтамын.

- Балалар, сендер білесіңдер ме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол ауылда  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен мен сендермен өздерің  тұратын ауылымыз туралы әңгімелескім келіп  тұр.

- Ал, балалар сендер қай ауылда тұрасыңдар ?

- Дұрыс айтасыңдар.

Біз Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында  тұрамыз.

- Балалар, Сарыкемер ауылында:

орталық  саябақ, әкімшілік, музей, Астананың он жылдығына  арналған саябақ тағы басқа  бар.

-Балалар білесіңдер ме  Сарыкемер ауылының өзі екіге бөлінеді: Бәйтерек ауылдық округі, Сарыкемер ауылдық округі.

Бәйтерек ауылының әкімі: Қилыбаев Мұхтар. Ал Сарыкемер ауылдық округінің әкімі: Тілеуқұлова  Сәуле  Сейдімханқызы.

Біздің  әкімшілігімізде: Тілеуқұлова Сәуле отырады.

 - Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.

- Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар, көрдіңдер ме біздің ауылымыз көптеген үйлер мен  әдемі ғимараттар  мен көркейді.

Бұның  бәрін бізге кімдер соғып береді?

 

- Балалар сендер саяхат жасағыларың келеме?

- Олай болса біз сол әдемі жерлерге саяхат жасайық балалар.

Сиқырлы таяқшамен саяхат жасайды.

Балалар сиқырлы таяқша істемей тұр ғой.

Сиқырлы таяқша жұмыс істеу үшін сиқырлы сөзді айтуымыз  керек екен балалар.  Көзімізді жұмамыз, ал енді сиқырлы сөз айтамыз

 

До ре ми ұшамыз,

Біз жерге қонамыз.

Ал енді көзімізді ашайық қайда келдік балалар?

Музейге де келіп қалыппыз ғой.

Бұл музейде ата- бабаларымыздан

табиғатының  суретін салдыру.

Жарайсындар балар, сендер өте жақсы салдыңдар.

Ойын: «Біздің ауыл қандай?»

 

 

Балалар педагогті мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Сарыкемер ауылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарыкемер ауылын.

 Музейді

 

 

 

 

 

- Құрлысшылыр.

 

 

 

 

 

- Иә

Рефлексиялы  түзетушілік

Балалардың  жасаған жұмыстарын көріп  мақтайды, мадақтайды. Ауылым   әнімен қорытындылау

Педагог оқу іс- әрекетін қорытындылайды.

 

Ауылым әні.

Біздің ауыл тап- таза бұлағыда

Ән салады майысып құрағыда

Жаз жайлауға барамын  демалыста

Асау тайдың ойнаймын құлағында

         Қ-сы

Біздің ауыл алма бақ,

Өрік жүзім жетеді.

Сағынарым қайда да,

Алатаудың етегі.

 

Балалар өздері салған суретке қызыға қарайды.

 

 

 

 

 

Сабақтағы көңіл күйлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының немесе ауылының атын, ондағы сәулетті, мәдени орындары туралы айта білу.

Игереді: ауылының атын, ондағы сәулетті  мәдени орындарды біледі;

Меңгереді: кез –келген істің адам еңбегі арқылы келеіндігі, ауылдың көркеюіне өздерінің үлесі бар екенін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
5774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі