«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
18.02.19ж.
Тәрбиеші:
Асылбекова
Ж.С.
Білім
беру саласы:
«Таным»
Пән:
Жаратылыстану.
Өтпелі
тақырып:
«Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы:
«Тауық
өзіне қонаққа шақырады»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балаларды
тірі обьектілерді қамқорлыққа алуға
аралартырудыжалғастыру..
Оқыту:Үй
құстары және олардың балапандарының
атауларын атай білу,оларды айыра білуді
жаттықтыру,.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен
қамтамасыз ету:,
тақырыптық суреттер.
Билингвалдық
компонент (ортаңғы тобы):тауық-курица,
балапан-цыпленок,
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Балалар
сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар
ма?
-
Сендер мені мұқият отырып тыңдасаңдар
ғана айтып беремін. .
Олай болса мен сендерге "Екі әтеш"
ертегісін айтып берейін.
("Екі
әтеш" ертегісін айтып береді)
2.Негізгі
бөлім:Балалар
ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің
ішінде қандай кейіпкерлер бар екен?
-
Иә, дұрыс айтасыңдар. Әтеш, балапандар
үй құстарына жатады.
Балалар,
қәнекей бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
-
Тауық, үйрек, қаз, әтеш - бұлардың бәрі
үй құстары деп аталады.
-
Мынау тауық. Шұбар түсті тауық екен.
Міне мынау жұмыртқасы.
-
Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі жасыл
екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.
-
Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау
болады. Ал
мынау қанаттары.
-
Мынау - әтеш. Мына әтештің түсі қара
екен. Әтеш тауыққа қарағанда үлкендеу
болады.
-
Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді.
Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының
пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар
тағам ретінде пайдаланады, жүнінен
жастық, көрпе жасайды. Сол себептен
адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп,
асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем
береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын
тазалайды, балапандарына да қорек беріп,
көмек көрсетеді.
-
Енді балалар осы үй құстарын көрдік,
енді олардың сендер
сияқты кішкентай балапандары болады,
солармен танысайық.
-
Тауық - балапан,
Қаз-
мамыр,
Үйрек-
шүрегей.
-
Балалар үй құстарының дыбысын салу
арқылы тілімізге жаттығу жасайықшы.
-
Тауық қалай дыбыстайды?
-
Үйрек қалай дыбыстайды екен?
-
Қаз қалай дыбыстайды?
-
Әтеш қалай дыбыстайды?
-
Балалар, мен сендерге үй құстарына
байланысты тақпақ айтып беремін, сендер
мені мұқият тыңдаңдар.
-
Тауық туралы.
Ақ
тауық-ау, ақ тауық,
Ақ
тауық неткен қақсауық,
Аяп
жүрсем тауықты.
Бір
жұмыртқа тауыпты.
-
Жарайсыңдар! Енді үйрек туралы тақпақ
айтайықшы.
Үйрек
айтты га-га-га,
Шыға
алмаймын жағаға.
Су
іздесең мұнда кел,
Самал
жел бар мұнда да.
-
Енді қаз
туралы тақпағымызды айтайық.
Қазым,
қазым, қаңқылда,
Көлде
жүзіп салқында,
Жем
шашайын жейсің бе?
Кәмпит
берші дейсің бе?
Жоқ,
жоқ, жоқ
Кәмпит
тәтті, болмайды ас.
Арпа
менен бидай шаш.
.Мен
қазір жем іздеймін, көп жем тапсам
сендерді дауыстап шақырамын. Сол кезде
барлығың келіп, жемді теріп алыңдар.
-
Жарайсыңдар! Сендер ойын ойнағанды
ұнатасыңдар ма? Олай болса мен сендерге
ойын әкелген болатынмын. Ойынымның
шартын түсіндірейін. Мына тақтаға
қараңдаршы, бұлар бағана "Екі әтеш"
ертегісіндегі әтештер ғой. Екеуі жұлысып
үстіндегі мамықтары түсіп қалыпты. Соны
екі топқа бөлініп мамықтарын жабыстырайық.
Жарайсыңдар, өте тамаша, біреуі шұбар,
біреуі ақ әтеш болды. Үстіндегі мамықтарын
сипап көріңдерші. Менің мамықтарым
сияқты жұмсақ, үлпілдек болды. Енді екі
әтеш тату болатын болды.
3.Қорытынды:
"
Балалар, сонымен үй құстарына нелер
жатады?
- Үй құстарының балапандарын
не деп атаймыз?
-
Жарайсыңдар, балалар тілімізге жаттығу
жасау үшін үй құстарының дауысын салдық,
енді есте сақтау қабілеттеріңді тексеру
үшін "Ойлан, тап!" логикалық ойын
ойнаймыз, ойынның шарты дауысын есту
арқылы қандай үй құсы екенін табуымыз
керек.
-
Жарайсыңдар! Есте сақтау қабілеттерің
өте жақсы екен.Бүгін бізге қонаққа не
келді?
-
Иә, ойындары ұнады ма сендерге?