400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстанудан ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Автордың аты –жөні: Алипова Газиза Сабитовна

Жобаның атауы: «Масштабты пайдаланып арақашықтықты есептеу»

Бағыты: «Әр түрлі сабақтар , бірақ әр қайсысында шебердің қолы »

Қызметі: География пәнінің мұғалімі.

ББМ мекен –жайы: Ш.Ділдәбеков , Жаңа дала ауылы.

ТЕЛ:76-6-78

Автордың мекен-жайы: Жаңа дала аул.Достық көшесі 32/1

ТЕЛ: 87077190089

e-mail : jana_dala2006@mail.ru.



















2018ж.

Түсінік хат.

ХХІ ғасыр- білімді шәкірттердің ғасыры. Қай қоғам болмасын адамзат баласыныі басты міндеттерінің бірі – ақылды, саналы, еңбексүйгіш тәрбиелеу. Жер бетіндегі барша халық ұрпағының адал , ержүрек , қайырымды , ар-ұятты мол елжанды азамат болғанын қалайды. Оқушылар әлемдік өзгерістер мен құбылыстардың кеңістікте көрініс табуын танып біледі. Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты,әрі өзара тәуелді.Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз,ал бұл планетамызды бөлшектеп танып-білу өте-мөте қиын. Міне,сондықтан «Масштабты пайдаланып арақашықтықты есептеу» деп аталатын сабақ жоспарымда барлығын жан-жақты түсініп көруге болады. Оқушылардың осы сабақ жоспар бойынша масштабқа қатысты ақпараттарды өз бетімен «тауып алуы» үшін оларды арнаулы және жалпы ғылыми жүйелілікке бағыттау.

Мақсаты .

Оқушыларға масштабты пайдаланып арақашықтықты есептеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білімдерін кеңейтуге септігін тигізеді. Картадағы кез-келген географиялық обьектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға болады және оны дәлдәкке үйретіп кағаз бетіне түсіруге көмектеседі.Қабілеттерінің ұшқырлығының арқасында азитут туралы білуге ұмтылып, өз беттерінше азимуттық бағытты анықтауға тырысады.

Міндеті.

-Масштаб түрлерін ажыратып меңгеруі

-Азимуттық бағытын анықтап , сызбасын сыза алуға баулу.

Шартты белгілерді пайдалана отырып, оқушылар өз беттерінше план сызбасын сызуға баулу.

-Ойлау қабілеттерінің дамуына бағытталған түрлеше тапсырмаларды орындап , сыбаларын сызып түсіндіруге ұмтылдыру.









Қысқа мерзімді жоспар.

Күні:

Сынып: 5 А

Мектеп: «Жаңа дала» ЖОМ

Мұғалім: Алипова Газиза Сабитовна.

Қатысқандар саны:-

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Карта бойынша қашықтықтық пен азимутты анықтау.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.5.3.Маштабты пайдаланып арақашықтықты есептеу.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы

Басым бөлігі

Кейбірі

Масштабты түсінеді және ажыратады

Карта бойынша қашықтықты анықтай алады.

Нысандардың бағытын азимут арқылы анықтайды.



Бағалау критерийі

*Масштаб түрленін біледі.

*Картаны пайдаланып есептер шығарады.

*Нысандардың орналасуын азимут арқылы анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқылым-жазылым: Мәтіндерді оқиды керекті жерлерін жазады.

Тыңдалым –жазылым: Бір-бірінің пікірін тыңдап есептер шығарады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: Азимут, бағдарлау, масштаб,

Құндылықтарға баулу

Оқушыларға патриоттық сезімдерін оятып, экологиялық білім мен тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс

Математика- қашықтықты есептейді,азимуттық градусты анықтайды.


Алдыңғы білім

Бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасайды.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерексөздер, ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері «Әлемге саяхат» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне географиялық терминдерді пайдаланып тілектерін айтады.Мыс: Марианна шұңғымасындай терең білім тілеймін .

«Капитан»әдісі бойынша оқушыларды топқа топтастырамын.

І топ. Азимут

ІІ топ Масштаб

ІІІ топ План

( Әр топ өздерінің топ атауының мағынасы туралы айтып өтеді. )

Үй тапсырмасын «Тәтті күлше» әдісі арқылы сұраймын.

*Не себепті шартты белгіні пайдаланады?

*Сызықтық шартты белгілердің қандай түрлері картада кездеседі?

*Аумақтық шартты белгілерде нелер белгіленеді?

*Бір-бірімен тығыз байланыстағы нысандар не үшін біркелкі түспен боялады?

*Масштабтан тыс шартты белгілерді қандай жолдармен түсіндіресіз?





Сабақтың ортасы

1 - тапсырма

«Ойлан-жұптас- бөліс» – әдісі бойынша

оқушылар есептер шығарады.

1 топқа- Сандық масштабты атаулы масштаб түрінде жазады.

2 топқа- Атаулы масштабтан сандық масштаб түрінде жазады.

3 топқа- Масштаб түрлері бойынша мәселесеп шығарады.

М: 1:100000 тең , 4 есе ірі атаулы масштабты табыңыз.

100000:4=25000

1:25000

1см=250м

«Блоб ағашы»әдісімен бағаланады.

Дескриптор

Сандық масштабты есептейді.

Атаулы масштабты есептей алады.

Масштаб түрлері бойынша масел есепті шығарады.


2-тапсырма

«Географиялық ұяшық» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс беріледі.

1-топқа . Мәтінді оқи отырып шартты белгілерді пайдаланып план сызба сызу.

2-топқа. Мәтінді оқи отырып азимуттық бағыттын анықтау.

3-топқа . Картаны пайдаланып берілген нысандардың қашықтығын анықтау.

Мадақтау арқылы бағалау.

Дескриптор

Азимут бағытын анықтай алады.

Азимут бағытын біледі.

План сыза алады.

Қашықтықты есептей алады.

3-тапсырма

«Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы асықтарға реттік сандар жазылып оқушылар асықты таңдап алады, алынған санға байланысты сұрақтар қойылады.

*1*Азимуттың маңыздылығы неде?

*2*М.1:250000, Ертіс өзенінің ұзындығын есепте.

*3* Картада масштабтың түрлерін не себепті пайдаланылады?

*4* 135гр қандай бағыт?

*5* «Тосын сый»

*6*Орман ішіндегі жалғыз үйдің шартты белгісін жазып корсет.


Дескриптор

Маңыздылығын біледі.

Түрлерін анықтай біледі.

Қашықтықты есептей алады.

Шартты белғіне корсете алады.


«Блоб ағашы » әдісімен бағаланады.








































Сабақтың соңы


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады.


Бағалау: «Бағалау ағашы», «Мадақтау»


Үйге тапсырма : Мектептен үйлеріне дейінгі жолдарының сызбасын сыу.



Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз

оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану

Сабақ барысында саралап оқыта отырып, оқушылардың сабаққа деген ынта жігерін және білімді қабылдау деңгейіне негізделген тапсырмалар құрастырдым.

  1. Құштарлығы баяу мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға «Тәтті күлше» әдісі арқылы сұрақтар қойдым.

  2. Орта деңгейлі оқушыларға «Географиялық ұяшық» әдісі арқылы топтық жұмыс орындалуы күрделі емес, мәтіндік апсырма беріледі.

  3. Ақыл – ой деңгейінің даму қарқыны жоғары оқушыларға зерттеу дағдысын дамытуға арналған қарапайымнан күрделіге бағытталған тапсырмалар беріледі

Өзін – өзі бағалау, яғни дайын бағалау парақшалары арқылы түйінді ойларды қорыта алу мүмкіндіктері әділ, нақты бағалануы ескеріледі.

Сабақтың жиынтық бағасы бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша бағаланады.




Оқушыларға жағымды орта қалыптастыру, сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау, техника қауіпсіздігін ескеру.




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болады ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме ?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Арақашықтықты анықтау.

2:Азитуттық бағытты анықтау.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Қабілеттерә баяу оқушыларға жеке тапырма беру.

2: Картадан масштабты анықтауга түрліше тапсырмалар.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Жоспар жақсы құрылып, сабақтың қызық өтуі ұзтаздың шеберлігіне байланысты екен. Ойлау қабілеттері төмен оқушыларға жеңіл түрде жасалған тапсырмалар орындалуы қажет екен.








1-тапсырма «Ойлан –жұптас-бөліс» әдісі бойынша.

1 топқа- Сандық масштабты атаулы масштаб түрінде жазады.

1:5000000 1:350000

1:10000000 1:48000000

1:65000000 1:800000


2 топқа- Атаулы масштабтан сандық масштаб түрінде жазады.

1см-6км 1см-11км

1см-60м 1см-35км

1см-18км 1см-25м


3 топқа- Масштаб түрлері бойынша мәселесеп шығарады.

М: 1:100000 тең , 4 есе ірі атаулы масштабты табыңыз.

100000:4=25000

1:25000

1см=250м

2-тапсырма

«Географиялық ұяшық» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс беріледі.

1-топқа . Мәтінді оқи отырып шартты белгілерді пайдаланып план сызба сызу.

Туристер кесілген орманнан шығып, оңт-шығыстағы тас жолмен 300м жүріп, солт-шығыстан оңт-батысқа қарай ағып жатқан ені 5м өзеннен ағаш көпір арқылы өтіп, өзеннің сол жағындағы шалғындықтыі арасындағы жалғыз аяқ жолмен солт.-ке қарай 2км жүріп, орманшының үйіне тоқтайды.

2-топқа. Мәтінді оқи отырып азимуттық бағыттын анықтау.

Капитан А нүктесінен лагерьге дейін 180º азимут бойынша 5км жүріп, 45ºазимут бойынша 1,5км және 90ºазимут бойынша 3км жүріп өтіп Мадагаскар аралына жктті.

3-топқа . Картаны пайдаланып берілген нысандардың қашықтығын анықтау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі