400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаратылыстанудан сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған,жаратылыстанудан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жанды табиғат. Адам»

1-сабақ

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Адам


Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:


Тақырыбы:

Ас не үшін қажет?

Оқу мақсаты:

3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Адам тіршілігіне қажет энергияны тамақ ішу арқылы алатынын түсінеді; Тамақтың құрамында түрлі қоректік заттар болатынын түсінеді.

Бағалау критерийі

Адам ағзасына қоректік заттардың қажетін түсінеді.

Тамақтану арқылы алынатын қоректік заттарды атайды.

Тілдік мақсат

Тамақтанудың қажеттігін термин сөздер қолданып айтып береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Нәруыздар, майлар, көмірсулар, калория.

Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. Тамақтану мен өз денсаулығын күтуге дұрыс көзқарас қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-2 сыныптан адамның өсу және даму қажеттіліктерін біледі, тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын түсінеді.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут











3 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушы өз көңіл күйлеріне сәйкес смайликті таңдайды. Кейбір оқушылар өз қалауымен таңдауын түсіндіреді.

Сұрақтар

-Таңғы асқа не іштің?

-Таңғы ас пен сенің көңіл күй байланысты болуы мүмкін бе, қалай ойлайсың?

Жедел жауап. «Сұрақ шеңбері» ойыны арқылы төменгі сыныпта өткен материалдарды еске түсіру, тақырып бойынша бастапқы білімін анықтау.

Сұрақтар:

  1. Адам күніне неше рет тамақтануы керек?

  2. Таңғы асты сағат нешеде ішесің?

  3. Таңғы асқа қандай тамақ жейсің?

  4. Кешкі асты қай уақытта ішу керек?

  5. Жемістердің қандай пайдасыбар?

  6. Қатты көгөніс, құрт жеудің тіске қалай әсер етеді?

  7. Қандай тамақты жеген пайдалы деп ойлайсың?

  8. Тәттілерді жеу пайдалы ма, зиянды ма?

  9. Тамақты шамадан артық ішкен адам өзін қалай сезінеді?

  10. Тамақты уақытында ішпеу адамға қалай әсер етуі мүмкін?











Смайликтер

«Сұрақ шеңбері» ойынын өткізу үшін ресурстар: қағазға жазылған сұрақтар, пластик бөтелке немесе зырылдауық



ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы







Сабақтың ортасы




15 минут































6 минут










6 минут















6 минут









Зерттеу жұмысы

Мақсаты: азық-түліктің құрамында нәруыз, май, көмірсулар және т.б. бола­тынын түсінеді, олардың энергетикалық құндылығын анықтауды үйренеді.

Оқушыларды тамақ суреттеріне байланысты топқа біріктіру.

1-сурет: жұмыртқа, ет, саңырауқұлақ;

2-сурет: сарымай, өсімдік майы, қаймақ;

3-сурет: қант, картоп, көгөніс, жеміс және т.б.

Ресурс таратып беру: азық-түлік өнімдерінің ора­ма қағаздары мен жапсырма қаптамалары (шырын, шоколад, айран, йогурт, печенье), маркерлер, парақ.

Зерттеу барысы

• Қаптамаларды зерделеу, азық-түлік құрамын табу.

• Азық-түлік құрамын жазып алу.

• Ұғымдармен жұмыс: көмірсу, май және нәруыздар, калория (Энциклопедиямен, таратпа материалмен немесе оқулықпен жұмыс)

• Мәліметтерді талдау, салыстыру. Азық-түліктерді құрамындағы көмірсу, май және нәруыздардың көлеміне қарай топтарға бөлу; оларды төмен калориялы және жоғары калориялы деп ажырату.

• Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады.

• Зерттеу жұмысын қорытындылау: Тамақтың кейбірінде нәруыздар (майлар, көмірсулар) көбірек болады. Олардың ішінде калориясы төмен, калориясы жоғары болады.

• «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Пайдалы таңғы ас. Оқушылар жұпта таңғы ас мәзірін дайындайды. Ол тағамдарды неліктен таңдағандарын талқылайды.

Талқыланатын сұрақтар:

- Тәуліктің қай бөлігінде ботқа жеген дұрыс? Неліктен?

- Таңғы асқа тағы не ішуге болады?

- Күнбағыс майы мен сарымайдың құрамында не бар?

ҚБ Өзара бағалау: «Кімнің ас мәзірі ұнады?»

Суретпен жұмыс. Суреттен пайдасы аз тағамдарды көрсетіп, жауапты талқылау.

Дәмді әрі пайдалы. Оқушылар дұрыс өсу мен даму үшін қандай тамақты тұтыну керектігін анықтайды және талдайды.

Сергіту сәті. Дене жаттығуларын орындау, билеу

- Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар?

- Дене жаттығуын жасағанда біз не жұмсаймыз?

Суретпен жұмыс. Энергияны жұмсау және орнын толтыру. Сурет салып отырған оқушылар мен спортпен шұғылданып жатқан оқушылардың суретін көрсету.

- Олардың қайсысы түскі аста көбірек тамақ ішеді?

-Неліктен?

-Жұмсалған энергияны қалай толықтырамыз?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

30-жұмыс парағы. «Тағамның құрамы», 32-б.

Тағам неден тұрады? Балалар кестені толтыра­ды. Зерттеу кезінде қолданылмаған тамақ түрлерін де толықтырып жазуға болады. Содан кейін сұрақтарға жауап береді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-берілген ақпаратты оқып, түсініп, кестені толтырады;

-ақпарат бойынша қорытынды жасайды: ең майлы, ең жоғары калориялы, ең төмен калориялы, нәруызы көп, көмірсулары көп тамақты атайды.

31-жұмыс парағы. «Сен қандай ас ішесің?», 33-б.

Сүйікті ас. Оқушылар кестеге сүйікті тағамдары­ның құрамын, тағамдық құндылығын жазады. Содан кейін сұрақтарға жауап береді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-сүйікті тамағын атай алады;

-қаптамадан тамақ туралы ақпаратты тауып, кестені толтырады;

-тамақты құндылығына қарай бағалайды;

-тамақты пайдалылығына қарай бағалайды.

ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы

Тамақ түрлері бейнеленген суреттер


шырын, шоколад, айран, йогурт, печенье, нан-тоқаш өнімдерінің ора­ма қағаздары мен жапсырма қаптамалары





Энциклопедия, таратпа материал немесе оқулықпен жұмыс


Слайд №5



















Слайд №6






https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX



Слайд №7




















Дәптермен жұмыс

Кері байланыс «Білім теңізі».

Оқушылар теңіз бейнеленген суретке қайық суретін жапсырады.

«Тақырыпты жақсы меңгердім» - қайықты судың бетіне орналастыру;

«Әлі де сұрағым бар» - қайықты жағалауға орналастыру

Теңіз суреті, қайық

Слайд №8

Сабақтың соңы

2 минут



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Топтау бойынша саралау:

-Ынтасы жоғары оқушыларға төмен калориялы мәзір жасауды ұсыну.

-Ынтасы жоғары оқушылар тобы (жұбы немесе жеке оқушы) алынған мәліметті диаграммаға орналастыра алады

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

-өзара бағалау: «Кімнің ас мәзірі ұнады?»

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«Білім теңізі»

-Сергіту жаттығуын орындау

- әрекеттерді жиі ауыстыру

- қауіпсіздік ережелерін сақтау






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі