400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаратылыстыну 3 класс "Жер сфералары деген не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «А»

Жер және ғарыш

Мектеп: «№ 13 орта мектебі» КММ

Мұғалім:Акимжановаа С.К

Қатысқандар саны:25

Қатыспаған оқушылар:

Күні: 31.01.2020 ж



Тақырыбы:


Жер сфералары дегеніміз не?

Оқу мақсаты:

3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу;


Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

Жер қабықтары туралы түсінік алады;

Жердің әр қабығы неден құралатынын біледі.

Бағалау критерийі

-жер сфераларының қандай бөліктерден тұратынын айтады;

-жер сфераларының орналасу ретін есте сақтайды;

-жер қабықтарының ерекшеліктерін көрсетеді.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ғaламшaр –планета-pianet

Mұхит-океан-okean

Атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера

Жер қабығы-сфера-scope

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жер қабығы

Жер қабаты

Талқылауға арналған сұрақтар:

Табиғат дегеніміз не?

Жанды табиғат дегеніміз не?

Жансыз табиғат дегеніміз не?

Жанды және жансыз табиғатты қалай ажыратамыз және оларға не жатады?

Қандай өсімдіктерді білесіңдер және олардың түрлерін атай аласың ба?

Құндылықтар

ғаламшарымызды қорғау

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Табиғат ресурстарын, жанды және жансыз табиғат, өсімдіктер туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

Кіріспе тапсырма. «Жедел жауап».

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Жанды табиғат жансыз табиғаттан қалай ерекшеленеді?

  • Қандай өсімдіктерді білесің?

  • Үйіңде қандай жануарлар бар? Ал таныстарыңда ше?

Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін тексеру. Тапсырманың мақсаты: оқушылар табиғат – бізді қоршап жатқан заттар, ағзалар мен құбылыстарды, тірі ағзалардың жансыз табиғатқа қарағанда дем алатынын, қоректенетінін, көбейетінін естеріне түсіру.

Оқушыларды түстер бойынша 4 топқа бөлу.Суреттерде жер қабаттарын бейнелеу. Топ мүшелерінің мақсаты берілген сурет бойынша өз ойларын ортаға салу. Бір-біріне толықтырулар жасау.














Топқа бөлуге арналған суреттер

Сабақтың ортасы






  1. Жер қабықтары.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Оқулықтағы сурет жайлы айта отырып, оқушыларды бұл жердің төрт қабаты екенін түсінуге бағыттау.

Суреттерді басшылыққа ала отырып, сұрақтар қою.

  • Жердің неше қабығы бар?

  • Әр қабыққа қандай нысандар кіреді?

  • Жердің бірінші қабығында не орналасқан?

  • Жердің екінші қабығында нелер бейнеленген?

  • Жердің үшінші қабығы туралы не айта аласыңдар?

  • Жердің төртінші қабығына не жатады?

  • Неге су қабаты ең төменгі қабықта орналасқан деп ойлайсың?

  • Олардың арасында ортақ не бар?

Дескриптор:

-жeр қaбaттарының aтауларын табады.

-жер қабаттарына не жататынын айтады.


Ынталaндырушы бaғалaу: «Үш шапалақ» әдісі

Плакатқа суреттерді орналастыру. Әр сферены өз ретімен орналастыру.

Зертте.



Топтық жұмыс. Әр топқа пазл жиынтығын бөліп беру. Модельдеу жұмыстарын бастамас бұрын оқушыларға Жер қабықтарының атаулары грек сөздерінен шыққанын айтып, термин сөздермен таныстыру. Модельдеу. Бұл жұмыста оқушылардың мақсаты: жер қабықтарына сәйкес нысандарды топтау. Жұмысты орындау үшін оқушыларға жердің қабығы пазл түрінде жазылған атаулар беру. Оқушылар ақпарат көздерінен әр қабықта не орналасқанын біліп, бос пазлдарға жазу немесе суретін салу, сәйкес атауға жабыстыру.


Жүргізуге арналған нұсқаулық

• Пазлдарды Жер қабаттарының грекше атаулары мен оның әрқайсысында орналасқан нысандар сәйкес болатындай етіп жинау.

• Әр топ ортаға шығып, неге нысандарды олай топтағандарын айтып, қорғау.

• Әр топтың жұмыс нәтижелерін салыстыру, толықтырулар енгізу

  • Ерекше және көп нысандар атауын жазған топтарды атап, ауызша бағалау.

Модельдеу жұмысына қойылатын критерийлер:

  • Жер қабығын ретімен орналастыру

  • Жер қабатына нысандарды дұрыс орналастыру

  • Өз шешімдерін дәлелдеу

Дескриптор:

-пазлдарды дұрыс ретпен құрастырады;

-жер сфераларының құрамын атап көрсетеді.

-жер сфераларының орналасу ретін түсіндіреді.


Қалыптастырушы бағалау: смайликтер

Тапсырма:

Әр топқа заттар беріледі. Қар, тас, гүл, су. Осы заттарды балалар өз ойларын айтады.


  1. Ойлан.

Бұл тапсырманы сыныппен орындау. Оқушыларға Жер қабықтарының өзара байланысын және оларды диаграмма түрде қалай бейнелеуге болатынын түсінуге қолайлы жағдай туғызу.

  • Күн қай қабықта орналасқан?

  • Биосфера қабығында нелер бар?

  • Бұл диаграмма неліктен бір-бірімен қиылысады?

  1. Жеке қалыптастырушы бағалау.

Жер қабығының атауын жазу.

.............. – жел, жаңбыр, ауа, қар

............... – өзен, көл, теңіз, айсберг

................ – өсімдік, жәндік, құс,

................ – көмір, қарашірік, құм, шөгінді.

Тексеру.

Атмосфера – жел, жаңбыр, ауа, қар

Гидросфера – өзен, көл, теңіз, айсберг

Биосфера – өсімдік, жәндік, құс,

Литосфера – көмір, қарашірік, құм, шөгінді.

Өзін-өзі бағалау түрін ұйымдастыру.


Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 67-жұмыс парағы. «Жер қабықтары неден тұрады?», 11-б.

68-жұмыс парағы. «Жер қабаттары», 12-б.


Сурет


















суреттер





















пазлдар








































Жеке жұмыс парағы















Рисунок 1









Сабақтың соңы


Рефлексия

«Көз, құлақ, жүрек» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасау.

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды өз ойларын жазады, сабаққа рефлексия жасайды.

Көз құлақ жүрек










Жеке рефлексия жасау парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



«Жер қабықтары» термин сөздермен анықтамалық кітапша жасау

Кіріспе тапсырма бойынша алғашқы білімдерін бағалау.

Топтық зерттеу жұмысын бағалау. Жеке қалыптастырушы бағалау.

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда оқушылардың көңіл-күйіне, тәртіптеріне назар аудару



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі