400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаркое тағамы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі

директорының оқу-өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары

Ж.М.Куршалиев______________



Айы, күні

16.02.2018ж

Топ

22

Сабақтың №


Пән

Оқу өндіріс сабағы

Сабаққа берілетін уақыт

270 минут


Сабақтың тақырыбы: Жаркое

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Жаркое дайындау кезінде іріктеу, жуу, тазалау, турау, қуыру сияқты технологиялық әрекеттерін үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру, кәсіптік икемдерін, талаптарын жетілдіру. Білім қажеттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:  Студенттерді ұқыптылыққа, тәртіптілікке, техника қауіпсіздігіне, санитария және жеке гигиена сақтауға, еңбек сүйгіштікке, шағын топтармен бірлесе жұмыс істеуге, оқу материалдарына ұқыптылықпен қарауға, тұрақтылыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақты материалдық-техникамен қамтамасыз ету: Зертханалық кабинет, технологиялық карта, асханалық пышақтар, турауға арналған тақтайшалар, жұмыс үстелдері, пеш, таңбаланған тақтайшалар, таба, қазан, тәрелке т.б. заттарды пайдаланудағы кауіпсіздік техника ережелері.

Сабақтың түрі: тәжірибелік оқыту

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

I. ҰЙЫМДАСТЫРУ  КЕЗЕҢІ (2 мин)


1. Студенттермен сәлемдесу.

2. Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

3. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.

 II. КІРІСПЕ НҰСҚАУ (43 мин)

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Жұмыс орынындағы санитария және техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.

3.Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, тапсырма беру.



Тапсырма:

  • Жаркое – еттен әзірленген тағам. Оны қуырылған ет десек те болады. Заманауи асханаларда жаркое деп венгерлік гуляшқа ұқсайтын – ет пен картоп және өзге көкөністер қосылып, бұқтырылып пісірілген тағамды айтады. Ол сорпасымен бірге, гарнирсіз ұсынылады.

  • Қажет азық-түліктер тізімі:

- 500 г ет;

- 500 г картоп;

- 300 г сәбіз;

- 3 болгар бұрышы;

- 1 бас пияз;

- томат пастасы;

- аскөк.

  1. Етті жақсылап жуып, тураймыз. 


  1. Суға салып қайнатамыз. 

3. Көкөністерді қабығынан тазартып, жуамыз. 


4. Пиязды тураймыз.


5. Табаға салып қуырамыз. 

6. Болгар бұрышын тураймыз. 

7. Табаға салып қуырамыз. 

8. Сәбізді дөңгелектеп тураймыз. 

9. Оны да табаға салып қуырамыз. Артынша тұз сеуіп, араластырамыз. 

10. Томат пастасын қосамыз. 

11. Барлығын жақсылап араластырып, қуырамыз. 

12. Көкөністер қуырылған соң, қазанда қайнап жатқан еттің үстіне саламыз.

  13. Картопты үлкенірек етіп тураймыз. 

14. Қазанға салып, қақпағын жауып, картобы піскенше қайнатамыз. 

15. Осымен жаркоемыз дайын. 

16. Қалауымызша аскөк қосуымызға болады. 


ІІІ. АҒЫМДЫ НҰСҚАУ (180 мин)


1.Мақсатты аралаулар:

Студенттердің жұмыс барысын бақылау: бақылау кезінде тапсырманың дұрыс орындалуын, техника қауіпсіздігінің орындалуын, жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау. Студенттерге технологиялық нұсқау картасы бойынша тапсырма беріп, студенттердің жұмыс орындарын аралап шығу.

1- ші айналым: Барлық студенттер жұмысқа кіріскен кезде.

2- ші айналым: Жұмыс орынының дұрыс ұйымдастырылуын тексеру; көрсетілген жұмыс әдістері мен тәсілдерінің дұрыс орындалуын қадағалау, өнім мен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануын бақылау, техника қауіпсіздігін сақтау;

3- ші айналым: Жұмыс барысындағы техникалық шарттардың сақталуын қадағалау. Студенттердің жұмысын қабылдау және бағалау. Жұмысты ерте бітірген студенттерге тағыда тапсырма беру.

4-ші айналым: Орындаған жұмыстарын қорғау, дәлелдеп түсіндіру.




IV. ҚОРЫТЫНДЫ НҰСҚАУ(45 мин)

1. Өндірістік оқыту сабағы үшін жұмыс қортындысын шығару.

2.Студенттердің жұмысын өзіндік талдау.

3. Студенттердің өндірістік оқыту шеберімен орындаған жұмыстарын талдау (тапсырманы табысты орындаған оқушыларды бөлу, ерекше кемшіліктерді, үздік атқарылған жұмыстардан табылған қателіктерді талдау).

4. Орындалған жұмыстардың сапасын бағалай отырып, бағалау парағын шығару.

5. Жұмыс орнын ретке келтіру


Үй тапсырмасын беру (2 мин). Жаркоені үй жағдайында дайындау.



Өндірістік оқыту шебері_______________ Қуаныш А.Ж.

Аға шебер _______________Сегізбаев Д.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі