400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жарнама постерлерін жасаймыз 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту

Тақырыбы:Теңсіздіктің шешімі.

Мектеп: «Мұрагер»













































































































7


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баимбетова Гулбаршын


Сынып: 3 «О»

Қатысқандар саны: 30

Қатыспаған оқушылар: 0


Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.1 – бір /екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру,

жазу және оқу.


Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: сандық сәулені пайдаланып, теңсіздіктердің

шешімдерінің жиынын табады.


Оқушылардың көпшілігі: сандық сәулеге сүйеніп, онда қай теңсіздіктің шешімі бейнеленгенін табады.


Оқушылардың кейбіреулері: теңсіздіктердің шешімдерінің жиындарының

көмегімен осы теңсіздіктерді табады.


Ғылыми тіл

Оқушылар сандық сәулені пайдаланып, теңсіздіктердің шешімдері-

нің жиынын қалай тапқанын түсіндіре алады.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Қай сан теңсіздіктің шешімі болады?

Шешімдер жиынының қай элементі ең кішісі болып табылады?

Қайсысы ең үлкені?

Шешімдер жиынын сандық сәуледе қалайша белгілеуге болады?

Айнымалының қандай мәнінде теңсіздіктер тура болады


Құндылықтар

Жауапкершілік, өмір бойына білім алу


Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта


Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу және азайту амалдарын орындай алады, компаненттерін атайды.


Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар



Сабақтың басы

5 мин

Кіріспе тапсырма. «Сен сенесің бе?» ойыны

(Т.Ж.) Сұрақтарды «Сен сенесің бе, егер де …» деген сөздерден бастап оқу. Топта талдауға уақыт беру. Оқушылар талқылап болған соң, егер сенсе кестеге «+», ал сенбесе «–» белгісін қояды. Сұрақтар:

Сен сенесің бе, егер де теңсіздіктің шешімі жиын түрінде берілетін болса? (Иә)

Сен сенесің бе 0, 1, 2, 3 сандары х < 3 теңсіздігінің шешімі болып табылса? (Жоқ. 3 = 3)

Сен сенесің бе х + 3 < х – 3 теңсіздігінің шешімі болмаса? (Иә)

Оқушыларға әрбір топтан тағы да бір-бір сұрақтан құрастырып айтуды ұсыну.

Оқушыларға бүгінгі сабақта су асты әлемінің мекендеушілермен танысатынын хабарлау.

«Басбармақ» арқылы бағалау


  • кеспеқағаздар;


  • стикерлер;


  • интернет – ресурстар.




Сабақтың ортасы


30 мин




Медузалар.

(Т.Ж.) Өрнектерді топқа бөліп, тапсырманы топта орындауды ұсыну. Оқушылар бірінші теңдікті, сосын теңсіздікті атайды. Жауаптарын тексеру үшін эталонды тақтаға іліп, сол бойынша ұйымдатыруға болады немесе оқушылардан алған жауаптарын түсіндіруді сұрау. Қандай өрнектің теңдік деп аталатынын, ал қандайдың – теңсіздік екенін сұрау.

Ауызша бағалау «жақсы», «өте жақсы», «қанағаттанарлық»

Сегізаяқ.

(Т.Ж.) Дәлелдеулерін тыңдау. Теңсіздік дұрыс болатындай, айнымалының мәндерінің жиыны теңсіздіктің шешімі бола ма екенін сұрау.

Саралау.Қолдау қажет оқушыны анықтап, көмек көрсету.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Теңіз жұлдыздары.

(Д.Ж.)Тапсырманы оқушылар жеке орындайды

Саралау

1.Тапсырманы орындауда қиындыққа кездескен оқушыларға қолдау көрсету.

2.Кім де кім тапсырманы тез орындаса, оларға тағы бір теңсіздік құрастыруды ұсыну.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Шығарып көр.

(Д.Ж.)Оқушылар есептің шарты бойынша айнымалысы бар өрнектер құрастырады.

Саралау.

1.Тапсырманы орындауда қиындық көрген оқушыларға көмектесіңіз.

2.Кім тез шығарса, оған есепке енді бірсұрақ ойлауды ұсыну.

«Смайлик» арқылы бағалау

Ойлан. «Қазыналы сандық» ойыны

(Ұ.Ж.)Оқушыларға мұхит түбінде қазына болуы мүмкін екенін хабарлау. Қазынасы бар сандықтың массасын талдап табуды және х айнымалысының мәнін табуды ұсыну. Оқушылар таразы табақтарының тепе-теңдікте тұрғанын анықтайды, олай болса екі табақтағы жүктердің массалары бірдей екенін табады.

1-табақта: х + х + 2 (кг);

2-табақта: х + 4 (кг); х + х + 2 = х + 4; х = 2 (кг).

Ауызша бағалау «жақсы», «өте жақсы», «қанағаттанарлық»



















Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс

Мен бүгінгі сабақтан .... үйренім

«Бағдаршам» арқылы бағалау




Қосымша ақпарат


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы




Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау


Өмір қауіпсіздігінің ережелері.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі