Материалдар / «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тренингі

«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
психолгтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
1483
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тренингіМақсаты: Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түснуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту. Міндеті:
  • Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
  • Психологиялық қолдау көрсету.
  • Шығармашылыққа бағыт беру.
Қатысушылар: жас мұғалімдер Жұмыс түрі: ТоптықҚажетті материалдар: А4 қағаз, қалам, маркер, флипчарт Күтілетін нәтиже: Жоспар:
  • Тыныштық сәті. «Менің болашағым»
  • «Танысу» жаттығуы
  • Ойға шабуыл «Ғажайып»
  • Жас мамандарға арналған сауалнама
  • Арттерапия
  • «Жаңбыр» сергіту жаттығуы
  • Ситуациялық сұрақтар
  • Жас мамандарға психологиялық кеңес
Тренинг барысы: Кіріспе сөзПсихолог: Құрметті жас маман ұстаздар! Бүгінгі «Жас мұғалімдердің педагогикалық тұлғалық орнын қалыптастыру» атты тренингімізге қош келдіңіздер. Қазіргі таңда еліміздің мектептерінің алдында тұрған міндет Қазақстанды 2030 жылға қарай Орталық Азияның «Барысына» айналдыратын ұрпақ дайындау, яғни тиянақты оқыту мен тәрбиелеуді жан – жақты жетілдіруді қажет етеді. Ал, ол ең алдымен мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне және жеке басының жақсы қасиеттеріне, білімі мен жүрегінің кеңдігіне, ойлау қабілетінің жоғарылығына байланысты. Нағыз мұғалім болып қалыптасу жолы ұзақ та күрделі. Жас ұстаз мектептің болашағы. Ал, болашақәркез бүгіннен басталатыны сөзсіз. Олай болса, ұжымның шығармашылықөсуі оқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде. Ал, нәтиже оқытып тәрбиелеп отырған балалардың тәрбиелілігі мен білімділігінде.
  • Тыныштық сәті: әуенді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады.
«Менің болашағым»Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілдік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстақ болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйгек ендіңіз. Талдау:Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз?
  • Психолог: Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.
  • Психолог: біздің көбіміз, яғни барлығымыз биікте, ғажайып болғымыз келеді. Ал «ғажайып» дегеніміз не? Енді барлығымыз «ңажайып» сөзіне ұқсас бір – бір сөзден айтып көзрейік. Қатысушылар енлесі сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзік, бір бағыттағы, өте жақсы.
Сөздіктерде «ғажайып» сөзіне мынадай анықтама береді – бұл «барлық жақсы қасиеттер қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет»
  • Жас мамандарға арналған сауалнама
  • Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?
  • Сіз өз пәніңізді ұнатасызба?
  • Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз?
  • Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба?
  • Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай?
  • Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра аласыз?)
  • Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз?
  • Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?
  • Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?
  • Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз болса)
Соңынан талқылау жүргізіледі
  • Арт – терапия
Психолог: енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суреттеріңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады.
  • «Жаңбыр» сергіту жаттығуы.
Нұсқау. Барлыққатысушылар шеңбер құрып тұрады. Тренер шеңберде тұрғандарға жаттығу береді, қатысушылар қимылды кезекпен қайталау керек. 1 шеңбер – алақанды бір – біріне жеңіл ысқылайды (ұсақ жаңбыр)2 шеңбер – саусақпен алақанды шерту (өткір жаңбыр соққысы)3 шеңбер – алақанмен тізені шапалақтау (жеңіл отыра)4 шеңбер – тізені алақанмен ұрғылау және жерді алақанмен тарсылдату (жаңбырдыңөте қатты дыбысы) 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ