жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жарқын елдің шамшырағы - жас маман
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектеп
Эссе
Тақырыбы: Жарқын елдің шам шырағы – жас маман
Дайындаған: Тұрмағанбетов Нұртуған
2020-2021ж
Жарқын елдің шамшырағы – жас маман.
Мұғалім. Бұл - адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Сәбит Мұқанов
Ұстаз әр уақытта өз бойындағы бар білімі мен бағалы қасиетін, күш – жігерін, өнерін, ізгілігін шәкірттеріне беріп отырады. Оқушының білімі мен тәрбиесіне жақсы ұстаздың әсері мол. «Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де шәкіртіне жақсы мағынада қатты әсер етеді» деген Мәлік Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Өз перзентінен кем көрмейтін ардақты да аяулы жандардан тәрбие алған мен де жасымнан ұстаз болуды армандап, педагог мамандығын таңдадым. Әрине, таңдау барысында мұғалім мамандығының оңай емес екенін жақсы сезіндім. Жоғары оқу орнын өзім қалаған мамандық бойынша бітіріп, өз ұясына қайта оралған қарлығаштай туған аулымның мектебінде ұстаз болғаныма көп жыл өте қойған жоқ.
Ең алғаш алтын ұяма мұғалім болып келгенімде, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршін секілді қобалжыған күйде, ешқандай әдіс-тәсілді білмейтін, тәжірибесі жоқ жас маман едім. Тәжірибелі ұстаздарымның ақыл-кеңесімен және өзімнің ізденуім арқылы, алдыма мақсат қою арқылы өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығымның туын биік ұстаймын деген сенімдемін.
«Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрғандай»,- деп Сократ айтқандай, әрбір білімді де тәрбиелі жанның өсуіне мұғалімнің үлесі зор екендігі ақиқат нәрсе.
Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуды мұрат еткен егемен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, мемлекетіміз білім саласына жаңа талаптар қойып жатқаны баршамызға аян. Жаһандық өзгерістерге сай XXI ғасырдың оқушыларын дайындаудың оңай емес екенін жақсы білемін.
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта білім мазмұнының өзгеруі, жаңа әдіс – тәсілдерді қолданудағы уақыт талабы шығармашылықпен ерінбей, талмай еңбектенуді, әлемдік өзгеріске сай бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуді көздейді.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында», - деп Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың керемет дана сөзі бар. Елдің болашағы білімді де тәрбиелі ұрпақпен тығыз байланысты. Жас маман ретінде жарқын елдің шамшырағын жарық қылу, көздеген арман-мақсаттарыма жетуге бар күш-жігерімді аянбай жұмсауға әзірмін.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай айтқан озық ойлы, білімді де тәрбиелі адамды оқыта білсек, олар қоғамның дамуына өз үлестерін қосатыны айдан – анық.
Сондықтан да жаңашыл жас мұғалім үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Өзіне және шәкірттеріне оқытудың тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Дайындықсыз сабақ қашан да сапасыз нәтиже береді. Әр мұғалім – өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу – оның шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман педагогі баланың ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын дамытып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады. Оқытудың мазмұнын жаңаша жасау үшін, әрбір жас ұстаз бетбұрысты өзінен бастағаны жөн.
«Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай–ақ серттесуге болады»,- деген екен ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаев. Ал, сол мектептің негізі берік болуына бірден-бір ықпал ететін – жаңашыл ұстаз.
Жаңашыл мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, әрі қарай өз бетінше дамыта түсуіне көмектеседі. Бала бойындағы қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуына, шығармашылығын жетілдіруіне мүмкіндік береді. Білімді өз бетінше алуға қолайлы жағдай жасайды. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. Мен қазіргі заман педагогі ретінде шәкірттерімді сыни тұрғыдан ойлауларын дамытуға, өз ойларын еркін білдіруге, бірлесе әрекет жасауға, пікір алмасуға, бірлесе шешім қабылдауға, АКТ-ны тиімді қолдануға, формативті бағалай алуға баулимын. Өйткені мен неміс педагогі А.Дистервегтің «Нашар ұстаз шындықты өзі қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деген сөзін үнемі берік ұстанамын. «Осы мен халқымның алдындағы парызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақты әрбір сабаққа кірер алдында өзіме қойып отырамын. Сонда ғана өз еңбегімнің жемісін келешекте көре алатыныма кәміл сенемін.
Ұстаздың басты сыншысы - оның алдындағы балалары. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сол себепті өз ісіме асқан жауапкершілікпен қараймын. Біздің алдымыздағы жас жеткіншек өсіп келе жатқан жас шыбық сияқты. Жас шыбықтың түзу өсуіне жауап беретін бағбаны - мұғалім. Жаңа мектептегі жаңашыл ұстаз еліміздің үкілеген ертеңгі үміті - жас ұрпақты шың басына апарады.
Мен эссенің соңын орыстың көрнекті педагогі К.Д. Ушинскийдің сөзімен түйіндегім келеді:
«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген