Алдаберген Бисенов
атындағы №38 орта мектеп
ЭССЕ
Тақырыбы: Жарқын елдің шамшырағы –
жас маман
Орындаған: Жүніс
М.С
Жарқын елдің шамшырағы -
жас маман
Бүгінгі таңда қоғамның
бірден-бір үміт күтері - бойында арындаған ерік-жігері, жалындаған
рухы бар, «елім, жерім, Отаным» деген елжанды жастар екендігі
ақиқат. Жаһанданудың жағасына жармасып, «қандай тың жаңалық бар?»,
«мен қоғамда қалай ойып орын аламын?» немесе «әрекет түбі-берекет»
деп жүрген еңбекқор жастар бақытты болашақтарына нық қадам жасап
жатқандары сөзсіз.
Қазір көптеген жастар ішімдік,
арақ-шарап сынды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстап, иманды
жандарына серік еткен, отбасы мен қызметіне адал да, парасатты
тұлғалар дер едім. Өзімнің қатарластарымды әңгімеге тартсам,
сөздерінен жақсы тұрмысты мақсат еткен, алдарына қойған бірталай
міндеттері бар жандарды көремін және мен оларға кәміл сенемін.
Жауапкершілік жүгін арқалау екінің бірінің қолынан келе бермейтін
дүние. Ерік-жігер – үнемі қайрап отыруға тиіс құндылығымыз.
Ерік-жігеріміз сыр берсе, мақсатымыздан оңай-ақ бас тартып, жарты
жолда қаламыз деген сөз. Осындай жауаптылық, жігерлілік, табандылық
пен ыждағаттылық сынды игі қасиеттер менің әрбір замандасымның
бойынан табылғанын қалар едім.
Жігерімді жанып, мақсатымды
танып, арманымды серік етіп, келешек деген керемет өлкеге жол
тартқан жолаушы - мен де жас маманмын! Жұмыс жасағаныма бір жылға
жуық уақыт өтсе де, ақылшы ұстаздарымнан ақыл-кеңес алып, ұйымшыл
ұжымның арқасында педагогикалық өмірге нық қадам басып келемін.
Алдымда отырған әрбір бүлдіршін мен жас өркенге саналы тәрбие мен
сапалы білім беру – менің қасиетті борышым!
Оқушыларымды орыс тілін жетік
білуге үйрету , орыс әдебиетінің тамаша туындыларымен танысуына
баулу, жаңа тіл арқылы жаңа әлемді тануына жағдай жасау –
мұғалімдік қағидаларым мен міндеттерім! «Ұстаз» деген ұлы ұғым, ал
мен өзімді әзірге ұстаздықтың ұлы жолына бағыт алған жалынды жас
маман, мұғаліммін деп есептеймін. Бұл күні жастарға қоғам сенім
артады, мемлекеттің қолдауы мен берер мүмкіндігі шексіз. Тек бар
ынта-шынтаңмен жұмыс жасап, қызметің адал болса, алынбайтын қамал,
асып түспес белес жоқ! Жас мамандар «Дипломмен ауылға», «Жастар
практикасы» сынды мемлекеттік бағдарламалардың жемісін жеп,
бағдарлама аясында жұмысқа орналасып, баспаналы болып, бақытқа
бөленуде. Уақытылы, әрі кесімді жалақы алып, екінші жоғары білім
алуға талпынып, магистратура, докторантурада білімдерін жетілдіріп,
ІТ - технологияларды еркін меңгеріп, жарықтың жылдамдығындай
қарыштап, қанаттанып келеді. Жас мамандарға мемлекет тарапынан
қолдау мен көмек болмаса, бұның бәрі бізге жай арман боп қалар еді.
Алайда, «Бар жақсы – жастарға» деп Елбасымыз әр сөзіне жастарды
тиек етсе, Президентіміздің әрбір Жолдауынан жастарға деген мол
сенімнің ұшқыны сезіледі.
Осындай кереметтей
мүмкіндіктердің барында, неге жалындап жұмыс жасамасқа?! Бұғып
келіп, бұғып кетіп, тек жан тыныштыққа жүрсем деген жас мамандардан
келер күн мықты маман, беделді, тәжірибелі жан шығатындарына
күмәнмен қараймын. Өзімнің достарымды, жас маман әріптестерімді
өмірдің сын-соқпағында қалтырауға емес, қараңғы тас түнекті жарып
шығып, сәуледей жарқырауға шақырамын! Себебі, біз , жас мамандар –
жарқын елдің шамшырағы емеспіз бе?!
Жас маманмын – жігерім бар
қуатты,
Алдан күтем келешекті
шуақты!
Жеңістерге жетемін мен,
орындап -
Ойыма алған мақсат пенен
мұратты!
Жас маманмын – шамшырағы
елімнің,
Білем, сезем, маған артқан
сенім мың!
Дамуына үлес қосқым келеді
-
Туған өлкем, қасиетті
жерімнің!
Жас маманмын, қиындықтан
қашпаймын,
Замандасқа үндеуімді
тастаймын!
Адал қызмет етіп дүйім
жұртыма,
Мен бақытты болашаққа
бастаймын!