Материалдар / Жарқын елдің шамшырағы -жасмаман!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жарқын елдің шамшырағы -жасмаман!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел - жарқын болашаққа бастар жол. Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған бұл жолда сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, бәсекелестікке қарай белсенді қадам жасауымыз керек. Себебі, жастары белсенді елдің ертеңі жарқын болмақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2022
228
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАРҚЫН ЕЛДІҢ ШАМШЫРАҒЫ ЖАСМАМАН

Тынышқалиева Айнұр Таңатарқызы



Ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік сезімді қажет ететін ұстаздық мамандық өзімнің жүрек қалауыммен таңдаған жай ғана мамандық емес, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол осы жолда тыңбай еңбек етіп, шыңға жету жолында өмір бойы білім алуды» талап ететін мамандық.

Мен - еңбек жолын жаңа бастаған жас маманмын әрі тәрбиешімін. Қиыны мен қызығы, қуанышқа толы мамандық. Ұстаздық мақсатым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларға жетелеу. Қазіргі білім саласында болып жатқан өзгерістер, қағазбастылық және қазіргі заман балаларының психологиясы маған көп қиындықтар келтірді және осы жылдар ішінде көңілге түйгенім, жақсы педагог болу балалармен қарым-қатынаста кішіпейілділік пен мәдениеттілік, шын жүректілік пен ізгі ниеттілік, балаға деген мейірімділік, жалпы айтқанда адамгершілік қасиеттер бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Егер де өз мамандығынды шын жүрекпен таңдасаң, балалармен қарым - қатынастағы, білім берудегі қиындық та еш кедергі болмайды. Себебі, педагог деген адам бағдарына жол сілтеуші, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің қыр-сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады», - деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе отырып, жарқын елдің шамшырағын жағар маман болары сөзсіз.

"Жарқын елдің шамшырағы ..." Осы бір атаулы тіркестегі әрбір сөздің мағынасына тоқталып өтсем. "Жарқын ел" деген қандай ел? "Шамшырақ" деген не?

Шамшырақ (маяк) - кеменің жағалауды бағдарлауына әрі өз орнын анықтауын және оны әр түрлі навигациялық қауіптерден сақтандыруға арналған мұнаралық құрылыс. Кейбір сөздіктерде шамшырақ - жарық беруші, жарық, шырақ мағынасында кездеседі. Мысалы, "мың күн жанған шамшырақ бір күн сөнер", "ғылымның шамшырағы", "Ыбырай жаққан шамшырақ".

Мәңгілік ел - жарқын болашаққа бастар жол. Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған бұл жолда сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, бәсекелестікке қарай белсенді қадам жасауымыз керек. Себебі, жастары белсенді елдің ертеңі жарқын болмақ. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар жарқын елдің шамшырақтары - жас мамандар қазіргі таңда ауадай қажет.

Білім кемесінің жарқын жағалауын бағдарлайтын әрі өз орнын анықтайтын, жан-жағына жылу мен жарық сыйлар, бір күн емес, мәңгі сөнбес, ғылым мен білімнің шырағы, Ыбырайдай атамыз жаққан шамшыраққа айналу - менің басты арманым. "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең" дегендей, мендей арманшыл жас маман, бұйырса бір елдің келешегіне білім сәулесінен мәңгі өшпес жарығын шашар шамшырағына айналатыныма сенемін.

Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , кетігін тап та бар қалан!”- деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын, шырағымыз мәңгі сөнбес жас маман деген деңгейден өз кәсібінің шебері, білікті де тәжірибелі маман деген атқа ие болайық.

Менің де алғаш еңбек жолымды бастаған орта - өте керемет, адами қасиеттерге толы білім ордасы және осы білім ордасының ұстаздарындай өз кәсібінің шеберлері, ерекше талант иелері, шәкірт жүрегінен орын алған тұлғалардан мұғалімдік мамандықтың қыр - сырын енді ғана түсініп келе жатқандаймын және сол кісілердей білім жолында аянбай қызмет еткім келеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Осы арқылы болашаққа нық сеніммен қарайтын болдық. Қарап тұрсаң, өзгеріп жатқан дүние көп. Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп, артта «шаң қуып қалмаудың» амалын істеп бағу керек. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз деп ойлаймын.

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғын келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» деген халық даналығы санамда өшпестей із қалдырған. Осы бір халық даналығынан рухани тәлім алып, болашақ буын өкілдерін білім нәрімен сусындатып, өркендете бергім келеді.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!