Жарқын елдің шамшырағы-жас
маман.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді
ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібіне тұрған келемі мәселе –білім
беру,ғылымды дамыту .Өркениет біткеннің өзегі білім ғылым
тәрбие.Білім ордасы мектеп,ал мектептің жаны
мұғалім.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан да сол деңгейде
болады.Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет ауыр-деген.Ендеше өз
ісіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ,ұлттық
қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр
қоятын ұстаздар ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге
болады.Әлемнің ой алыптары ,кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен
,олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борышты екенін болашақ ұрпаққа
өсиет етіп қалдырған.
Қазіргі біздің заманымыздың,21
ғасыр мұғалімі :кәсіпқой ,хабардар ,зиялы,сергек,жаны әдемі
,мейірбан әрине ең бастысы өз ісінің шебері болу
керек.
Ұстаз-әр баланың оқудағы
білімі мен тәрбие жағдайына көмектесіп,жақсы жетістіктерге жетуге
иетермелейді.Жеке адам болып қалытасуына ықпал жасайды.Алған
біліміңді шәкірт жүрегіне жеткізе білу,алға қойған мақсатына жете
білу,өзіне қойылған талаптарды уақытында орындай білу,білмегеніңді
білуге талаптану ол тек ізденімпаз,шығармашыл ,өз уақытын өзгенің
бақыты үшін білуге үйретуге құштар ұстаз бойындағы асыл
қасиеттер.Тек қана ізденуге алға қадам баса отырып,заман талабынан
қалмай,қазіргі білім мен технология,ақпараттардың шарықтап даму
замандағы ізденімпаз ұстаз болу қажырлықта талап етеді.Әр үйдің бір
шамшырағын алдындағы шәкіттің білуге талпыныпотырған талабына қанат
бітіру арманына жетелеу ұстаз үшін үлкен жауапкершілік және зор
мәртебе.Шамырықтың жанып қана қоймай одан әрі өзгеге жылу бере
отырып, мәңгілік соның жүрген есінде сақталып қалатындай ,осы
құрмет ілтипатпен қадір тұтатын маман болу сан жылдардағы еңбегің
төзімділігін,ізденімпаздылығын сайын келгенде-білімділігінің жемісі
деп білемін.Жас маманға ерекше жауапкершілік:ол ең алдымен өзі
қалаған мамандығын шексіз жақсы көру,сол жолда аянбай
іздену,оқушымен тіл табыса білу.Оқыған біліміңді өмірде яғни
сабақта қолдана білу,оны түрлендіріп жеткізу ол ізденімпаздылықты
талап етеді.Әр жас маман жүрегіне жол табу үшін ең
алдымен-мейірбандылықтың, жігерлілік, шыдамдылық сияқты қасиеттер
бойынан табылу қажет. Қазіргі білім мен технологияның қарқынды даму
заманында жас маманның шығармашығын дамыту кезеңінің шарықтайтын
кезі деп едім.Ең алдымен менің ойымша жас маман нені білу
керек:
1:Өзі таңдаған мамандығын ,
яғни ұстаз болудың қиыны мен қызығы қатар жүретін,жауапкершілігі
мол маман иесі екенін естен шығармау.
2:Білім мен қоса
ізденушілікті,қажырлықты талап ететін,өрінің уақытын аямай,өзгенің
бақытын аямайтын асыл тұлға екенін толықтвн сезіне
білуі.
3:Үнемі ізденісте
болуы,үйренуге талпыну,үйренуден жалықпай еңбектене
білу.
4:Заман талабына сай АКТ-ны
терең меңгере білумен қатар оны тәжірибеде тиімді
қолдану.
5:Ең бастысы- баланы шексіз
сүйе білу, оның үнемі жанынан табылу.Ұстаз мектептің жүрегі деген
қағиданы естен шығармау.