«Жарқын жастық- баянды болашақ!» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жарқын жастық- баянды болашақ!» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Суындық» жалпы орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесі













«Жарқын жастық- баянды болашақ»

студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы






















«Жарқын жастық- баянды болашақ!» тақырыбындағы студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы


Мақсаты :

Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауға жүйелі көзқарасын қалыптастыру. Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу, маман иелерінің атқаратын қызметін білу, оқушы шығармашылығын терең ойын дамыту.

Міндеті:

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби – шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту.

Болашақ мамандығын таңдай білуге бағыт – бағдар беру.

Күтілетін нәтиже;

Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар , студент жастар және мектеп оқушылары! Бүгінгі студенттермен өткізілгелі отырған Жарқын – жастық, баянды болашақ! атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.

Біздің кешке қонақ болып отырған студент жастарымыз, мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз, қазіргі таңдағы жоғары оқу орнының студенттерімен таныстырып өтейін.


Оралбек Ақерке

Анарбай Алтынбек

Айтуған Асқар

Амангелді Азада

Маратұлы Арнұр

Абдраман Шарапат


Жүргізуші:

Көңілге ұнар ән сыңғырлаған,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырап шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған – дегендей бүгінгі студенттердің құрметіне 10- сынып оқушысы Бектас Мәдидің орындауындағы «_______________» әнді қабыл алыңыздар.


Жүргізуші :

Енді келесі сөз кезегін осы студент жастарға деген өз пікірін, ойын айту үшін мектебіміздің директоры Мұсаев Нұрлан ағайға береміз.

Жүргізуші :

Студент ертеңіңе жол ашады,

Асқақта нұрлы болар болашағы.

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады- деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.


Жүргізуші :

Қане достар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық.

Сан- салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық.

Олай болса келесі кезекті оқушылар сауалына береміз.


Сұрақтар қойылады.

  1. Осы мамандығыңызға өз қалауыңызбен бардыңыз ба ?

  2. Әттеген ай осы мамандықты бекер таңдадым деген уақытыңыз болды ма ?

  3. Мектепте алған тәрбиенің, атқарған қоғамдық жұмыстардың студенттік кезде пайдасы бар ма?

  4. ЖОО түскен кезде қандай сезімде болдыңыздар?


Келесі кезекті көркемсөге берсек оқитындар Темірғали Балжан, Тахан Аида, Ғафур Мұхлиса


Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен жақсы күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді дегендей ендігі кезекті 8 - сынып оқушысы Тұрсынәлі Дильназдың орындауындағы әсем әнге берсек


Қорытынды:

Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұхсат етіңіздер:

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін

Абыройлы ақ ниет – адамдыққа сенемін! – дегендей ел сеніміне кіретін құрметті азамат боламын десеңіздер, бүгінгі кезесуде айтылған кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға күш жігерлеріңізді салып егеменді еліміздің ертеңі- болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2018
873
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі