Студенттермен кездесу
Тақырыбы: «Жарқын жастық -
баянды болашақ»
1: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары
– студент жастар!
2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман
арқалаған,
Жеттіңдер
ме ауылға сән қаладан.
Түлеп
ұшқан ұяңа қош келіпсіз,
Ыстық
мекен, құтты орын, ордаң
аман!
1-ж:
Студенттер – көкке қанат
сермегендер,
Ауылға
сағынысып келген еңдер.
Студенттер
– кешінде сырласайық,
Болашақтың
бастауы сендер еңдер!
2-ж: Студенттер – өмірдің гүл
күндері,
Қуанышта аз емес бұл
күндері.
Қайғысы да
бір басыңа жетіп жатыр,
Ұйқысыз
өткен кейде бір түндері.
1-ж: Міне,
осындай өмірді кешкен
жандар,
Ертеңгі
елімізге атар таңдар.
Бірі –
дәрігер, бірі – ұстаз, бірі –
әнші,
Маман
болып бір күні
шығарсыңдар.
2-ж:
Студенттік өмір біздің де
есімізде,
Тым ерекше
көрінер өмір көшімізде.
Біз
түлеткен аяулы
студенттер,
Қош
келдіңіз, бүгінгі
кешімізге.
(қошемет)
Студенттер залга
кіреді
2 -
жүргізуші:
Бірінші кілт -
білімге,
Екінші кілт - дұрыс
жол.
Үшінші кілт -
бақытқа,
Жетелейді білсең
сол.
1 -
жүргізуші:
Болса кімнің
талабы,
Өмірден жол
табады.
Еңбегіне
лайық,
Өз бағасын
алады
1 -
жүргізуші:
Көңілге ұнар, шықса ән
сыңғырлаған,
Көңілге шаттық сезім қондырар
ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау
көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған,- дегендей
бүгінгі студенттердің
құрметіне
11 - сынып оқушысы Адал Марат орындауындағы
тамаша әнді қабыл
алыңыздар.
1 -
жүргізуші:
Бүгінгі кешті жалғастыра отырып, кешіміздің
мағыналы да мәнді өтуіне баршамыз да бір кісідей қатысайық дегім
келеді.
2 -
жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі кешіміздің
бағдарламасымен таныстырып
өтейік.
1. Танысу
кезеңі.
2. Мамандыгым мактанышым
пікірсайыс
4. Сергіту
сәті(ойын).
5. Ситуациялык
сурактар
6.
Қорытынды
1 –
жүргізуші:
Біздің кешке
қонақ
болып келіп отырған студент жастармен таныса
отыралық.
2 –
жүргізуші:
Сонымен, мектебімізден түлеп ұшқан
түлектеріміз, қазіргі таңдағы оқу орнының студенттерімен таныстырып
өтсем:
---------------------------------------------
Студенттер оздерін
таныстырып өтсе
1-ж; Енді сергіту сеті
ретінде ойын ойнап
алсак
2 -
жүргізуші:
«Ойын:Әріптерден басталатын
мамандық».
Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол әріптерден
басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу
керек.
А, Д, Ж,
И, С, З, Ш, Т, М, Э.
1-ж: Ән
басталса қалайша жанбас
халық,
Тыңдауға
бар түн бойы таң
жастанып.
Ұйып қалар
табиғат оянбастай,
Кеткен
кезде керемет ән басталып, демекші келесі кезекті әнге
береміз.
Ән: «Кылыгын
балдай»
Орындайтын 11-кластың
әншісі – Адал
МАРАТ
қошеметпен ортаға
шақырайық.
1-ж: Көрермендер әзіл
де бар бойында,
Бір ғажайып қызық
бізде ойын бар.
Шақырамыз ортамызға
келіңіз,
Атсалысып бұған да
ден қойыңыз.
2-ж:Ойын: «Ең нағыз
…» ойыны.
Қазір сіздерге
мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал
сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген
мамандықтарды атауларыңыз
керек.
-
Ең жасыл
мамандық;
-
Ең тәтті
мамандық;
-
Нағыз ақшалы
мамандық;
-
Ең күлкілі
мамандық;
-
Нағыз бала
мамандығы;
-
Нағыз адамдармен көп араласатын
мамандық;
-
Ең ауыр
мамандық;
-
Ең салмақты
мамандық;
-
-
1 жургізуші;
Қабыл етіп қонақтардың
тілегін,
-
Тілегіңді
тұмар етіп жүремін.
-
Түлектерге
ұлағатын қалдырар,
-
Өздеріңдей
болса деймін түлегім.
-
Ортаға
мектебіміздің әзілкеш жігіттерін
шакырамыз.Қарсы
алыңыздар!
-
2-ж:
Өнердің нәр береді
шапағаты,
Әркімнің
өнерге бар махаббаты.
Талпынып
біреулерің шығыңдаршы,
Халайық
қошеметпен қол соғады. – деп, қонақтардан қонақ кәде
сұраймыз.
2-ж:Ұстаздар оқушыға басын
иген,
Кей кезде
тіпті оған кішірейген.
«Сыйға
сый, сыраға -бал» деген
сөздің,
Болмас
ережесін бұза білген.
Өйткен,
ұстаз – ана, ұстаз – дара
–
Мамандық
ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға
береміз.
Ән
«----------------------ан»
2 -
жүргізуші:
Олай болса ендігі кезекті ситуациялық сұраққа
берсек.
1. Сізді кантардын 13
- жұлдызы күні сағат 15—00 де болатын мектептегі студенттермен
кездесу кешіне шақырды. Дәл осы уақытта мектепке кіре бергеніңізде
алдыңыздан оқушы шығып, қолындағы шелектегі суын сіздің үстіңізге
төгіп алды. Сіздің сол кездегі
әрекетіңіз.
1 -
жүргізуші:
2. Сіз бүгін ашық сабақ өткелі тұрсыз. Барлық
сабақ тақырыбын
интерактивті
тақтаға сақтап қойдыңыз. Сабақ басталар
уақытта жарық өшіп қалды.
Ашық
сабағыңызды қатысып отырған оқушылармен ата -
аналарға қалай
түсіндіресіз.
2 -
жүргізуші:
3. Ертең сіз қиналатын пәннен мемлекеттік
емтихан. Бірақта сіздің ең
жақын
досыңыздың туылған күні. Барсаңыз емтиханға
даярлығыңыз төмендейді. Бармасаңыз ең жақын досыңыз өкпелейді.
Сіздің әрекетіңіз.
1 -
жүргізуші:
4. Сіз жатақханада тұрасыз. Ертең демалысқа
қарсы бәрі бөлмелерін
кілттеп,
үйлеріне қайтып кетті. Баратын үйіңіз жоқ.
Сіздің қарныңыз ашып,
мазаңыз
кетті. Бөлмеде шайдан басқа тағам түрлері
жоқ. Сіздің
әрекетіңіз.
2 -
жүргізуші:
5. Сіздің бірінші курста оқитын кезіңіз.
Студенттердің сүйікті мерекесі 17 қараша күні болатын мерекеге
қарсы отырыспа ұйымдастырылған. Соған үйіңіздегілерден 2 сағатқа
сұранып келдіңіз. Бірақ келгеніңізге 2 жарым сағат болды. Сол кезде
сыртқы есік ашылып, үйіңіздегілер айқайлап, сізді алып кетті.
Достарыңыздың алдында қатты ұялдыңыз. Сіздің
әрекетіңіз.
1 -
жүргізуші:
6. Cіз Емтихан тапсыру үстіндесіз. Жақсы баға
алу үшін мұғаліміңіз сізден ақша талап етті. Сіздің қалтаңызда еш
ақша жоқ. Бірақ қасыңыздағылардың бәрі осы әрекетке көшіп, осылайша
емтиханнан оңай құтылуда. Ал емтихан уақыты аяқталуға аз ғана уақыт
қалды. Осы кездегі сіздің
әрекетіңіз.
2-ж: Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі,
Сіздер
үшін осы кеш ашылады,
Сіздер
үшін әншілер ән салады.
Ән:
« ».
Орындайтын 11 класс оқушысы –
Райымбек
Адилбек. Қошеметтеп
отырайық!
Қорытынды:
1-ж:Артта
қалды, әттең-ай, балалық шақтың
белесі,
Өздеріңмен
биік қой елдің еңсесі.
Сүріне
көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал
сынынан,
Күтіп тұр
алда болашақ өмірдің сойқан
күресі!
2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа
беттедің,
Арыңды
сақта жасыңнан адалдық болсын
серігің.
Арманның
шығып шыңына мақсатыңа құлаш
ұр,
Өздеріңе
тапсырдық туған жердің
ертеңін!
1-ж:
«Мемлекеттің «2030» бағдарламасын орындауда, ерінбей экономикалық
талапқа сай еңбек ететін, игілікті іске бар ынтасымен кірісетін,
ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай,
ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып
өсейік».
2-ж:
Осымен студенттермен кездесу кешін аяқтаймыз. Келгендеріңізге
көп-көп рахмет!