«Жарқын жастық –
баянды болашақ»
атты студенттермен
кездесу кеші.
Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты
нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін
тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар
беру.
Барысы:
І. Кешті ашу.
ІІ. Таныстыру.
ІІІ. Ойын
ІҮ.Сыр — сұхбат
Ү. Ойын
ҮІ. Тілектер шоғы.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты
ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент
жастар!
2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман
арқалаған,
Жеттіңдер ме ауылға сән
қаладан.
Түлеп ұшқан ұяңа қош
келіпсіз,
Ыстық мекен, құтты орын, ордаң
аман!
1-ж: Студенттер – көкке қанат
сермегендер,
Ауылға сағынысып келген
еңдер.
Студенттер – кешінде
сырласайық,
Болашақтың бастауы сендер
еңдер!
2-ж: Студенттер – өмірдің гүл
күндері,
Қуанышта аз емес бұл
күндері.
Қайғысы да бір басыңа жетіп
жатыр,
Ұйқысыз өткен кейде бір
түндері.
1-ж: Міне, осындай өмірді кешкен
жандар,
Ертеңгі елімізге атар
таңдар.
Бірі – дәрігер, бірі – ұстаз, бірі –
әнші,
Маман болып бір күні
шығарсыңдар.
2-ж: Студенттік өмір біздің де
есімізде,
Тым ерекше көрінер өмір
көшімізде.
Біз түлеткен аяулы
студенттер,
Қош келдіңіз, бүгінгі
кешімізге.
(қошемет)
1-ж: Армысыздар, мектебіміздің
түлектері,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Ән шашу, әсем әуен түрлі
өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
2-ж: Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі,
Сіздер үшін осы кеш
ашылады,
Сіздер үшін әншілер ән
салады.
Ән: «Қос жүрек». Орындайтын 9класс
оқушысы – Рахат Қабденов Қошеметтеп отырайық!
1-ж: Ұстаздардың ұлағатты
сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр
аламыз.
Ұстаздардың мейірімді
көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз, — дей
отырып, мектеп директоры Шынар
Халыққызы апайға сөз кезегін
береміз.
1-ж: Балалық, шаттық өмір, думанды
кеш,
Түседі естеріңе қызықты
кез.
Сағыныш бойды билеп
келгендерге,
Мектептің есіктері ашық әр
кез.
2-ж: Сол бір кез сәті түскен бүгінгі
күн,
Қосыңыз әрқайсыңыз жақсы бір
үн.
Сырласып отырайық, ән
салайық.
Мауқымыз басылғанша осы бір күн. Келесі
кезекті ойынға берейік.
Ойын: «Әріптерден басталатын
мамандық».
Шарты: студенттерге әріптер беріледі. Сол
әріптерден басталатын мамандықтардың атауларын барынша көбірек жазу
керек.
А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М,
Э.
1-ж: Ұрпағы ұландары текті
жердің,
Қашанда болмысыңа
сүйсінемін.
Келешек ғалымдар да, даналар
да,
Шығады өздеріңнен деп
білемін.
2-ж: Бұл кездесу
көкейлеріңе,
Жыры мен сырын
тұндырсын.
Жаныңнан кетпей әсері
ән,
Жадыңда қалсын осы күн! – дей отырып, әнге
кезек берейік.
Ән «Ауырмайды жүрек». Орындайтын
мектебіміздің жезтаңдай әншілерін қарсы
алайық.
1-ж: Біліммен көркейтіп
елімізді,
Танытып азаматтық
тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз,
мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық
лебіңізді.
«Сыр сұхбат»
бөлімі.
2-ж: Қабыл етіп қонақтардың
тілегін,
Тілегіңді тұмар етіп
жүремін.
Түлектерге ұлағатын
қалдырар,
Өздеріңдей болса деймін
түлегім.
Ортаға мектебіміздің «Өзіміздің жігіттер»
КВН командасын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
1-ж: Көрермендер әзіл де бар
бойында,
Бір ғажайып қызық бізде ойын
бар.
Шақырамыз ортамызға
келіңіз,
Атсалысып бұған да ден
қойыңыз.
2-ж:Ойын: «Ең нағыз …»
ойыны.
Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше
мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге
барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз
керек.
1-ж: Ән басталса қалайша жанбас
халық,
Тыңдауға бар түн бойы таң
жастанып.
Ұйып қалар табиғат
оянбастай,
Кеткен кезде керемет ән басталып, демекші
келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Ұмытар емеспін».
Орындайтын 7-кластың әншісі –
Қазезов Айбек, қошеметпен ортаға
шақырайық.
2-ж: Өнердің нәр береді
шапағаты,
Әркімнің өнерге бар
махаббаты.
Талпынып біреулерің
шығыңдаршы,
Халайық қошеметпен қол соғады. – деп,
қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.
Ән: «Жібектің әні»
Орындайтын Бағрам Орынбасар
Даусың қандай сырлы
еді,
Табиғатты
тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы
еді,
Таңшолпанмен астасқан – деп, тамаша ән
сыйлаған Айгерімге тағы да қошемет көрсетіп
қояйық.
КВН .
2-ж: Мұңға батқан жүректі ән
оятар,
Тәтті үннің әсерін жан
оятар.
Жаңға қуат, жүрекке шаттық
сыйлап,
Жас балаша көңілді жадыратар,-деп әнге
кезек береміз.
Ән:
«Арман» Орындайтын 9-класс оқушысы
Секебай
Дамир
Ортаға сері
жігіттермізден құралған КВН командасын шақырамыз. Қошеметпен қарсы
алайық.
1-ж:Жастық осы гүлдей болып
көрінген,
Өлең жыр боп сірә кетпес
көңілден.
Естелік боп қалсын осы күнде
бір,
Студенттік қызығы мол
өмірден
«Тілектер
шоғы».
2-ж:Ұстаздар оқушыға басын
иген,
Кей кезде тіпті оған
кішірейген.
«Сыйға сый, сыраға -бал» деген
сөздің,
Болмас ережесін бұза
білген.
Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара
–
Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз
кезегін ұстаздарға береміз.
Ән: «Сағынсаң қалай шыдаймын». Орындайтын
биылғы мектеп түлегі – Сейпи
Ермахан
Қорытынды:
1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың
белесі,
Өздеріңмен биік қой елдің
еңсесі.
Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал
сынынан,
Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан
күресі!
2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа
беттедің,
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын
серігің.
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш
ұр,
Өздеріңе тапсырдық туған жердің
ертеңін!
1-ж: «Мемлекеттің «2030» бағдарламасын
орындауда, ерінбей экономикалық талапқа сай еңбек ететін, игілікті
іске бар ынтасымен кірісетін, ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін,
рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар
болып өсейік».
2-ж: Осымен студенттермен кездесу кешін
ақтаймыз. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!