жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жарқын күз"
«9 Мамыр – Жеңіс күні»
(Әуенмен мерекеге сай безендірілген залға,
қолдарына жалаушаларын ұстап балалар кіреді)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті балалар, апайлар,қонақтар!
Сіздерді «9 Мамыр – Жеңіс күні» мерекесімен құттықтаймыз,
дендерің сау,отбасыларыңыз аман,еліміз тыныш болсын!
Бейбітшілік нұрына дүние жүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіріп,бейбітшілік жеңеді!
Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар
Бүлікшіл соғысты көрмесін.
Ән: «Әнұран»
1941жылы 11маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Ол соғысты Фашистік Германия бастап, бүкіл дүниежүзін басып алуды көздеген. Ұлы Отан соғысына миллиондаған Қазақстандықтар қан майданға аттанып ерлікпен шайқасты.
Ал 1945 жылы 9 мамырда сүйінші хабар келіп,осы соғыс жеңіспен аяқталып, Жеңіс туын немістің жеріне де қазақ атамыз тіккен болатын.
Бүгінгі «9 Мамыр – Жеңіс күні» адамзаттың аңсап күткен қастерлі күні.
Бұл күн оңайлықпен келген жоқ. Олай болса,сол соғыста қаза болған
ата-әжелерімізді еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.
Жүргізуші: Балалар,бүгін қандай мереке?
Балалар: «9 Мамыр – Жеңіс күні»
Жүргізуші: Олай болса балалардың тақпақтарын қабыл алыңыз:
Амин Нұртас: Айсултан:
Тыныштық болсын әлемде Жеңіс келді далама
Тартпасын халық қайғы – шер! Жеңіс келді қалама
Тіршілік болсын жерімде, Жеңіс келді әке боп
Көрмесін енді жамандық. Елдегі бар балаға.
Амин Кәусар: Сабыржан:
Жеңіс күні салтанат тойланады, Жеңіс келді ән болып
Анамызғой жұмыр жер толғанады. Келді ауылға сән көрік.
Жеңіс туы мәңгілік желбіреген, Жеңіс келді алақай,
Ерлік дәстүр жаңғыртқан кең даланы. Тоя жейтін нан болып.
Дария: Сағындық:
Жауға басын имеген Жеңіс күні құтты болсын,
Жауыздықты сүймеген. Құтты болсын аталар.
Ісіңе аға еліктеп, Ұмытпайды ешқашан,
Ерлігіңді үйренем. Жауынгерді балалар.
Мейіржан: Сабина:
Бақытты болсын балалар, Асқар таудай тірек болған.
Соғысты сүймес балалар. Құттықтаймыз ерлерді.
Өркендей берсін қалалар, Тілек көп қой жүрек толған,
Гүлдене берсін далалар. Ардақтаймыз ерлерді.
Аяжан:
Күткен жеңіс жарқ етіп сәуле шашып,
Жеңіс келді- құандық көңіл тасып.
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен құанышты құшақ ашып.
Би: «Солдат биі»
Жүргізуші: Сол, Ұлы Отан соғыста,біздің ата-әжелеріміз аянбай ерлік көрсеткен.
Сендер елін, жерін жаудан қорғаған батырларымызды білесіңдер ме?
Балалар: Ия,білеміз.Әлия Молдагулова, Маншук Мамедова,
Бауыржан Момышұлы.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, Әлия Молдагулова асқан мерген болса,Маншук
Мамедова – пулеметші, ал Бауыржан аталарың қолбасшы командир
болған. Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те.
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста,құрметте! -дей отырып,
батыр ата-әжелерімізге арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыз:
Оралбай Кәсар: Алия:
Әлияны бұл күнде Жер мен көктің арасын
Барлық бала біледі. Шарпығанда қалын өрт
Әлия аты көңілде Әлия орыс қаласын
Әпкеміз деп жүреді. Азат етіп болды мерт.
Назерке: Нурикамал:
Мәншүк апа – батыр қыз Даламыздың даңқысын
Ардақтаймыз атын біз. Балауса гүл – балғын қыз.
Ұқсап Мәншүк апайға Жанын қиып халқы үшін,
Өсіп келе жатырмыз. Жанып түскен ақ жұлдыз.
Әли: Інжу:
Бауыржан ата ардақты Мектебіне, бақшасына,бүлдіршін.
Алды биік атақты. Барсын,күлсін, анасымен бір жүрсін.
Жетелеп алға қазақты Бейбітшілік күні жанса төбеде,
Жеңіске жолды бастапты. Әлия, Маншүк біреу емес, мың гүлсін!
Жүргізуші: Біз бақытты ұрпақпыз, өйткені біз соғысты көрген жоқпыз.
Бізге бақытты, бейбіт өмір сыйлаған батыр ата-әжелерімізді
ешқашан естен шығармауымыз керек.
Қолдарындағы гүл шоқтарды ескерткішке апарып қояды.
Ойын: «Біз болашақ сарбазбыз»
Мақсаты: Ер балалар ортаға шығып денелерін шынықтыратын жаттығуларды
орындайды.
Жүргізуші: Балалар, ерлік,батырлық туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?
-Батыр туса-ел ырысы,жаңбыр жауса-жер ырысы.
-Батыр қол бастайды,шешен сөз бастайды.
-Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Кезекті тақпақтарға берейік:
Аян: Дина:
Гүлдей жайнап,күндей жайнап Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Мен ер жетіп толамын. Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Әжем айтқан дәу жігіт боп, Сонау жылы Тоғызыншы май күні,
Ағалардай боламын. Алмастырған құанышқа қайғыны.
Ырыскелді: Даулет:
Мен көрген жоқ соғысты,атам-көрген. Арылтып жаудан жерімізді,
Көргендерін біздерге айтып берген. Табанға шаншып өлімді
Сұм фашистер көп елді өрттей жалмап, Жеңіспен жеңіп өмірді,
Құртпақ болды бізді де,тантып келген. Оралды ерлер көңілді .
Бекжан: .
Атыңды аңыз ән қылып,
Жырлайды алыс-жақының.
Ұмытпайды мәңгілік,
Халық нағыз батырын.
Жүргізуші: Ер жүрек батыр ата-апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар,
бейбіт күндер үшін – сол кісілердің алдында біз әрқашан бас иеміз.
Мәнерлеп оқу: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» (Қалабай Назерке)
Жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!
Жас ұландар биік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Ән: «Жас ұландар»
Жүргізуші:Қазір біз бақытты,бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
«Атамекен жер үшін,
қасиетті ел үшін,
болмай қалар кім батыр?!»
-деп Бауыржан момышұлы айтқандай еліміздің тыныштығын сақтау – әрбір адамзаттың қасиетті борышы болмақ.Еліміз тыныш, күніміз шуақты болсын.Мереке құтты болсын!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген