Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жарқыра, жайна жаңа жыл! Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарқыра жайна жаңа жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

230 орта мектеп







Тақырыбы: «Жарқыра, жайна жаңа жыл!»







Сыныбы:5-8

Сынып жетекшілер:Сәтекеева Г

Қарасаев Ж

Калауова Ф

Аманжолова Г







2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы: «Жарқыра, жайна жаңа жыл!»



1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, ұстаздар, Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1 Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қиынбаев Алматбек ағайымызға және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева Зейнегүл апайымызға беріледі.
2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!Ән 7 сынып оқушысы Қадірқызы Айзеренің орындауында.
1 Жүргізуші:
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған ұлу жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдің делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай құрметпенен
Қарсы алыңдар ұлу жылын.
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне 5 сыныбының орындауында биі. Қарсы алыңыздар.
(Би биленеді)


1 Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық. Ән 6 сынып ұлдар.
2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл кел, кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)
1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен айдаһар жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылан жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп деймін.
1 Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.Ортада керемет бимен 6 сынып қыздарын қарсы алайық!

2-Жүргізуші:Алдарыңызда 5 сынып оқушыларының тақпақтарын қабыл алыңыздар..
Ұлу жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар аманат! (Ескі жыл кетеді)
Жылан жылы:
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Би билендер, жырдан шұмақ шашыңдар Ал канекей өнер сүйер қайсың бар?
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

1-Жүргізуші:8 сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар!
2 Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Би шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!
Ортада 7 сынып оқушыларының орындауында би.Флешмоб.
1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сіздерді асыға күтеміз.(Аяз ата, ақша қар кетеді. )
1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!Кешіміздің соңын 8 сынып оқушысы орындауында әсем әнмен аяқтайық!











Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11