"Жарқыра жасыл шырша

Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Жарқыра жасыл шырша

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға жаңа жыл мерекесін сезіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Жарқыра, Жасыл шырша!»

Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді..

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балапан» тобында!

(Балалар келіп орындарына отырады).

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме балалар, ата-аналар, қонақтар! «Жарқыра, жасыл шырша» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жаңа бақыт, жаңа жыл!

Жаңа өлең, жаңа жыр,

Балғын бөбек, балалар,

Құтты болсын жаңа жыл!

Жаңа жылдық мерекемізді бастайық. Балалар біздің кешімізге кім келген жоқ?

Балалар: Аяз ата мен ақшақар...

Жүргізуші:Аяз ата мен ақшақарды бәріміз бірге ортаға шақырайық. Қәне қол шапалақтап қарсы алайық.

Ұлу кіріп келеді, бұл жерде не болып жатыр?

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ұлу біз аяз ата мен ақшақарды шақырып едік.

Ұлу: мен аяз ата мен ақшақармен бірге келе жатып , адасып кеттім...

Жүргізуші: балалар, біз ұлуға аяз атаны тауып көмектесейік. Барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата ...

Аяз ата: Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Амансыңдарма балалар, ұстаздар, ата-аналар өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Шырша шамын жағайық, жаңа жыл мерекесін ашайық. Барлығымыз «Шырша жан » деп бірге айтайық.

Барлығы бірге айқайлайды, шырша шамдары жанады.

Аяз ата: бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда.

Жүргізуші: кезекті «Шыршаға бардық» әніне берейік.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың сізге айтар тақпақтары бар...

Еркебұлан:

Көрдіңбе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

Жансая:

Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді.

Жібек:

Бүгін біздің жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді.

Фатима:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Төгілсін жаңа нұр.

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, жаңа жыл.

Нұрмұхан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.

Эльмира:

Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық,

Алып келді алыстан.

Рауан:

Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік.

Ғ.Томирис:

Ортамызда шыршамыз,

Ойнап бірге, күлейік.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз өнерлі балалар, ендеше қыздарымыздың биіне кезек берейік.

«Ұлпақарлар» биі

Жүргізуші:Аяз ата біздің балаларда өздерінің дайындаған би өнерін көрсеткісі келіп тұр. Ортаға ер балаларды шақырамыз.

«Гномик» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша!

Сайқымазақ: балалар сендерге тапсырмам бар.

Шарты: ортаға 4-5 баланы шақырып, ұлпа қарды шелекке жинау.

Жүргізуші: Ұлу жылымызға аман-саулық тілеп шығарып салайық.

Ұлу : балалар ендеше мен сендермен қоштасамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Олай болса бүгінгі кештің басты қонағы жаңа жылымыз Жыланды қарсы алайық. Жылан кіріп келеді.

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын!

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Жүргізуші: Жылан балалардың сізге көрсетер өнері бар..

кезекті балаларымыздың биіне берсек.

«Аяз ата мен Ақшақар» биі

Жүргізуші:Аяз ата сізге балаларымыздың өнерлері ұнадыма?

Аяз ата: жарайсыңдар балалар маған сендердің өнерлерің қатты ұнады!

Жүргізуші: Аяз ата олай болса балалардың аналарыменде бір ойын ойнайық.

«Кім жылдам»

Шарты: Шарды жерге түсірмей киімдерді кию.

Аяз ата: Балалар менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Балалардың сыйлықтарын табыстау. Ендеше балалар мені басқада балалар күтіп қалған болар, келесі жылы кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар «Жарқыра, жасыл шырша!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!



Мұнайлы ауданы

«Әмина» жекеменшік балабақшасы















«Жарқыра, Жасыл шырша»



Әдіскер: Шонаева Қ.Р.

Тәрбиеші: Медетбай С.Е.



2024-2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі