жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жарқыра шырша" ертеңгілігі
Тақырыбы: «Жарқыра шырша!»
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Кейіпкерлер:
Ұлпақар,Ақ қоян,Аққала, Қыс, Ақшақар,Аяз ата
Барысы:
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әдемі әуенмен балалар залға кіріп, орындарына отырады.
Ұлпақар: Құрметті ата-аналар, қонақтар және кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз! Кіші «Балапан» тобының жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Ұлпақар: Қане, қане балалар
Бәрің бермен қараңдар
Шырша қандай әдемі
Сәлеметсіңбе жасыл шырша
Ұлпақар: балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты құлақ түрелік кім екен.
Әуен ырғағымен қыс келеді
Қыс: Ау, жарандар, ал жарандар
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Сәлеметсіздерме балалар?
Балалар : Сәлеметсізбе қыс мезгілі
Қыс: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Ұлпақар: Қош келдің қыс мезгілі. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.
Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.
Ұлпақар: Қыс мезгілі біздің балаларымыздың шыршаға арналған «Шырша жыры» әнін бірге айтуға шақырамын.
ӘН: «Шыршаға бардық»
Қыс: Жарайсыңдар балалар, әнді жақсы айтады екенсіңдер. Балалар мен сіздерге «Қыс қызығы» ойынын ала келдім.
«Қыс қызығы» ойыны
Ойын шарты: «Қар жауды»- балалар алақандарын соғады, боран соқты- балалар үрлейді.(3 рет қайталанады)
Қыс: Көп- көп рахмет балалар.
Ұлпақар: Бұл не шыршамызға не болды? Неге шырша шамдары сөнді екен. Балалар сиқырлы сөздерді айтып көрейік.
Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген
Шырша шамы жан, жан 2 рет қайталау.
Ұлпақар:Енді шырша шамдарын жағу үшін кімді көмекке шақырсақ екен балалар?
Балалар: Ақ-ша-қар, Ақ-ша-қар.
Залға әуен ырғағымен Ақшақар кіреді.
Ақшақар:
Уа, халайық жарандар
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шап болып
Шаттық күліп тараңдар.
-Сәлематсыздарма балалар мені шақырдыңыздарма?
Ұлпақар: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Ия біз сені шырша шамын жағуға көмекке шақырдық.
Ақшақар: Жарайды. Балалар маған Аяз атам сиқырлы орамал берген болатын. Аяз атам айтты егерде орамалды сермесең бүкіл сиқыр ашылады деп. Ал онда көрейік. Бір, екі, үш шырша шамы жан, жан. (шырша шамы жанады)
Ұлпақар: Рахмет саған Ақшақар шырша шамы жанды,
Ұлпақар: Ендеше балалар бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
А-яз а- ата ( 3 рет )
(залға Аяз ата кіреді)
Аяз ата:Амансыңдарма ұлдарым,
Амансыңдарма қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем мереке
Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.
Ақшақар:Сәлеметсіз бе Аяз ата.
Ұлпақар: Қош келдіңіз Аяз ата төрлетіңіз, біздің балаларымыздың әдемі әндерін, билерін қабыл алыңыз. Біздің қыздармыз өте тамаша билейді, қошемет көрсетейік балалар.
Би: «Ұлпақарлар»
Ұлпақар: Балалар қараңдаршы бізге алыстан тағы қонақ келе жатыр екен.
(осы кезде залға әуен ырғағымен аққала шанасын сүйрете келеді)
Аққала: Сәлеметсіздер ме балалар және қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Мені таныдыңдарма мен аққаламын.
Ұлпақар: Сәлеметсізбе аққала , келіңіз бізбен бірге жаңа жылдық мерекені тойлаңыз.
Аққала: Балалар сендерге келе жатып, шыршаның жанынан өткен кезде жинап алған қар түйіршіктерін шашып алдым, маған көмектесіңдерші.
Ойын «Қар түйіршіктерін жинау»
Ойын шарты:Балалар шыршаның жанындағы қар түйіршіктерін жинап, Аққаланың шанасына салып береді.
Аққала: Балалар өздерің жылдам, шымыр екенсіңдер, жарайсыңдар. Осында менің кішкентай аққалаларым бар екен. Келіңдер ортаға билейік.
Би: «Аққала»
Ақшақар: Тамаша, тамаша саған рахмет аққала мерекеміздің сәнін келтірдің.
Ән «Кішкентай шырша»(шыршаны айнала)
Аяз ата: Бәрекелді балалар өнерлерің өрге жүзсін, қуантып тастадыңдар.
Ұлпақар: Аяз ата біздің балаларымыз тек ән емес сонымен қатар биді де дөңгелетіп билей алады. Олай болса біздің ұлдармыздың «Кішкентай құртақандар» биін тамашалаңыз.
БИ: «Кішкентай құртақандар»
Аяз ата: Тамаша ,тамаша. Керемет қандай өнерлі балалар. Балалар менімен бірге ойнайсыңдарма?
«Тондырамын» ойыны
Балалармен бірге ойнап,
Іздеймін мұрындарын
Тауып алсам
Оларды тондырамын. (шеңбердің ішінде жүріп, балалардың мұрындарын тондыруға тырысады. Балалар мұрындарын, қолдарын, құлақтарын қолдарымен жабады)
Ақшақар:Балалар, сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Осы кезде шыршаны айнала ақ қоян келеді.
Ақ қоян:
Қарша қызға бір сәлем
Аяз атаға мың сәлем
Баршаңызға жаңа жыл құт береке әкелсін.
Ұлпақар: Қоян жан сен мереке басталмас бұрын кетіп едің қайда жүрсің?
Ақ қоян: Ия мен мерекеге кешіге жаздадым. Көжектеріме сәбіз іздеп кетіп едім, міне себетім сәбізбен толы келдім. Енді менің көжектерімнің биін тамашалаңыздар.
БИ: «Кішкентай көжектер»
Аяз ата, Ақшақар: Ой, Бәрекелді балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!Ата – аналарыңмен ата - әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Міне менің сендерге орманнан алып келген сыйлықтарым, Ақшақарым балаларға таратып берші.
(әуен ырғағымен Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді).
Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық, сау болыңдар!
Ұлпақар: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!Жаңа жыл құтты болсын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген