400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Жарқырап атқан алтын күн» тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша қызметкерлеріне арналған көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы













«Жарқырап атқан алтын күн»

тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі







































Тақырыбы: «Жарқырап атқан алтын күн»

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

Көрнекіліктер:           Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  туы,  елтаңбасы.

Әдіс-тәсілдері:    Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді, орнымыздан тұрып әнұранымызды орындайық.

 

Тәрбиеші: Отырыңыздар.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші:  Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жылда Желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мерекесі болып аталып өтіледі. Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында  Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері 29 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері өмірлерін қисада, арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.

Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.

Балалар: Ту. Көк.

Тәрбиеші: Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі.

Ендеше балалар осы туымыздың суретін салайық.

Сурет салу.

Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.

 

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.

 

Дамира:    Егеменді елдің біздер,

                   Ұланымыз жас қанат

                   Апайларға сәлеміміз,

                   Құттықтаудан бастаймыз.

 Асима:      Ызғарлы қыс-тоқсан күн,

                    Желтоқсан деп аталған

                    Желтоқсанда жастарым,

                    Тәңірінен бата алған.

 Нұрай:      Жыр арнадым еліме тебіріне,

Үміт артам елімнің ертеңіне

                   Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,

                   Отаным жылдан жылға көркеюде.

 Қажымұқан: Отан-анаң аяулы,

                   Отан- әкең,ақылшың.

                   Отан-асыл арманның,

                  Аялаған өз елін.

 

Айару:  Қазақтың жері кең байтақ,

                  Бабамның берген еншісі.

                   Желбірей бер көк байрақ

                  Отанымның белгісі.

 

Айзере:Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

 Сергіту жаттығуы.

                     Көк байрақ желбіре,

                            Асқақтап аспанда

                            Жас ұлан ел- бірге

                            Сап түзе,  жасқанба  /2-рет

Ойын: «Ту»

Мақсаты: Елге, Отанға деген ыстық сезімдерін білдіру. туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Шарты: Балалар бір – біріне тілек айту арқылы ойынды жалғастыру.


Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?

 

Абылайхан:  Өз елім- өлең төсегім.



Арайлым: Өзге елде сұлтан болғанша,

                   Өз еліңде ұлтан бол.

 

Данияр:        Отан-оттан да ыстық.

 

Тәрбиеші: Енді, балалар «Тәуелсіздік ел ұраны»  деген әнді айтайық.

1.Қазақстаным Отаным

Шалқыған шаттық ордасы

Тәуелсіздігім- ұраным

Шалқыған жырдың арнасы.

Қайырмасы:

Елімде тыныш

Жерімде тыныш

Бейбіт күн әні шырқалсын.

Бақытты елім,

Жақұтты жерім

Тіл көзден сені сақтасын.

2.Тәуелсіз елдің ұланы

Қырандай көкте самғасын

Көк туым менің желбіреп

Тұғырың мәңгі таймасын.

Қайырмасы:

Елімде тыныш

Жерімде тыныш

Бейбіт күн әні шырқалсын.

Бақытты елім,

Жақұтты жерім

Тіл көзден сені сақтасын.

Тәрбиеші:

Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолына

Менің Қазақстаным!

Би:   «Жаса Қазақстаным»

Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!

 

Би:  «Флешмоб»

 

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі тақырыптық оқу қызметінде Желтоқсан оқиғасы туралы білдік және Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі тақырыптық оқу қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс, жарайсыңдар.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі