жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жарты жылдык есеп
2020-2021 оқу жылындағы жарты жылдық есеп.
«Көгершін» ересек тобы 2020-2021 оқуының жарты жылында үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс атқарды. Балалармен жұмыс мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының балабақшаға арналған 5 білім саласымен жүргізілді. Олар «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық» білім саласы негізгі ертеңгілік жаттуғулар, дене шынықтыру сабағы, қимыл қозғалыс ойындар, күнделікті гигеналық тазалықтар бойынша жұмыстар атқарылып отырылады. 2020-2021 оқу жылының басында «Көгершін» тобында 15 бала , оның ішінде қыз, 10ұл тәрбиеленуде.
«Денсаулық» , «Коммуникация» , «Таным» , «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына ұйымдастырылған оқу қызметтері мемлекеттік стандартқа сәйкес қамтылды . Әр сала бойынша баланың қызығушылығын арттыру үшін сәйкес дидактикалық ойындар , қимылды ойындар жасалынды . Мекемедегі ойын-сауық мерекелер балабақшаның жылдың жоспарына сай жүргізілді . Білім беру стандарты бойынша оқу қызметінің жалпы көлемі ортаңғы тобында 12 сағат ұйымдастырылған. Оқу қызметінің ұзақтығы 15-20 минут.
Білім беру саласының бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүргізілді. 1 жарты жылдың соңында білім беру салалары бойынша білім саласын анықтау үшін мониторинг жүргізілді.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны бойынша дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметі жүзеге асырылды. Дене шынықтыру міндеттері қимыл жаттығуларына қызуғушылықтарын қалыптастыру. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене сапаларын –ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық,қалыптастыру. Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдылар орындауды қалыптастыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру. Салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша қыркүйек айындағы бастапқы мониторинг қорытындысы нәтижесінде жалпы балалардың білім деңгейі
71 % көрсеткішті көрсеткен болатын, қаңтар айындағы жүргізілген Аралық мониторинг қорытындысы бойынша 81%-ға өскендігін көрсетті.
«Комуникация» білім беру саласының базалық мазмұны бойынша сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет , орыс тілі, қазақ тілінде оқылатын топтарда ұйымдастырылған оқу қызметтері жүзеге асырылды. Әдеби тілде балалардың іс-әрекетінде түрлі нысандары мен түрлеріне ауызекі сөйлеуін дамыту.Дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздер қорын байыту. Жыл басында сөйлеуді дамыту оқу қызметінде , тіл кемшілігі бар балармен жекеше жұмыстар жүргізіліп отырды . Атап айтқанда Нұрманов Абдусамат, Бейбітқұл Аяулым, Қалибек Бауыржан, Қатынас білім беру саласы бойынша қыркүйек айындағы бастапқы мониторинг қортындысы нәтижесінде жалпы балалардың білім деңгейі 70%-ды көрсеткішпен құрады. Қаңтар айындағы жүргізілген Аралық мониторинг қорытындысы бойынша 80%-ға өскендігін көрсетті.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны бойынша «Математика негіздері», құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Сан «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреу жоқ» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Біртекті заттарды ажырату және олардың санын анықтау. Ал жаратылыстану оқу қызметіне өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейтіп ,жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруға өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға жануарларға тән олардың төлдері туралы білімдерін қалыптастыру. «Таным» білім беру саласы бойынша қыркүйек айындағы бастапқы мониторинг қортындысы нәтижесінде жалпы балалардың білім деңгейін -69%-ды көрсеткішпен 2 деңгейді құрады. қаңтар айындағы жүргізілген Аралық мониторинг қорытындысы бойынша 78%-ға өскендігін көрсетті.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылды. Сурет салу оқу қызметі бойынша балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру. Бірнеше көлденең және тік сызықтардан заттар салуды салынған пішіндерді бөлуді, дәстүрден тыс сурет салу ( саусақтармен және алақандармен , түрлі –түсті бояулармен )дағдыларын қалыптастырды.
Cазбалшық , қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу,дөңгелектеу ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып , көкөністер мен жемістерді , кейбір заттарды, азық – түлік тағамддарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру үшін жоспарлы жұмыстар жасалды. Оқу қызмет барысында балаларға ермексаз кесектерінен сопақша пішінді мүсіндетіп толық орындалды.Балалар оқу қызметіне белсенді қатыса білді.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша бастапқы мониторинг қортындысы нәтижесінде жалпы балалардың білім деңгейі 69% -дық көрсеткішпен 2 деңгей құрады. қаңтар айындағы жүргізілген Аралық мониторинг қорытындысы бойынша 78%-ға өскендігін көрсетті.
«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны «Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылды. Балаларды қоршаған ортаға заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарын ажыратуға үйрету.Отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. Балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар , өздері тұратын қала мен ауыл туралы , Қазақстан Республикасының астанасы мемлекеттік рәміздер туралы балалардың бастапқы түсініктерін қалыптастыру үшін жоспарлы жұмыстар жасалды.
«Әлеумет» білім беру саласы бойынша бастапқы мониторинг қортындысы нәтижесінде жалпы балалардың білім деңгейі 69% -дық көрсеткішпен 2 деңгей құрады. қаңтар айындағы жүргізілген Аралық мониторинг қорытындысы бойынша 80%-ға өскендігін көрсетті.
Осы жұмыстар нәтижесінде 29.11.2019 Тұңғыш президент күніне және13.12.2018ж Тәуелсіздік күніне және тәрбие сағаттары өткізілді.
25.12.2019ж топқа «Қош келдің , Жаңа жыл !» тақырыбына тәрбиеші Маулен Таңшолпан мерекелік ертеңгілік ұйымдастырды.
Ата-аналар жұмысы.
1-жарты жылдықта ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрды. Ата-аналар бұрышына арнап «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Баланың денсаулығын нығайту жолдары», «Дені сау бала тәрбиелеудің басты міндеті» деген тақырыпта кеңестер өткізілді.
Қорытынды :
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту жұмыстарын жалғастыру.
Отбасымен тығыз байланыста жұмыс жасау керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген